Программалық қамтамасыз ету

Главная » Рефераттар » Программалық қамтамасыз ету

Программалық және аппараттық қамтамасыз ету компьютерде тығыз байланыста және үздіксіз карым-қатынаста болады. Дегенмен де біз бұл дәрежелерді екі түрлі қарастырамыз. Бұл екеуінің арасында диалектакалық байланыс бар екенін ұмытуға болмайды. Және де бұларды екі бөліп қарастыруымыз шартты.

Программалык қамтаманың сандық құралын — программалық нұсқа деп атайды. Программалар арасында, физикалық және блоктардың арасындағыдай қарым-қатынас болады. Сонымен қатар басқа да төменгі қатардағы бағдарламалармен жұмыс істейді. Ол дегеніміз, программалық интерфейс жайында. Бұндай интерфейстердің бар мүмкіндігі техникалық шарттардың және қарым-қатынастарының хаттамасы бар екендігіне негізделген. Ал тәжрибеде ол бағдарламалық камтаманың бірнеше қарым-қатынастарға дәрежелерінің өзара бөлінуімен қамтамасыз етіледі. Бағдарламалық (программалық) қамтамасыз ету дәрежелері өздігінен пирамидалық кұрылымды керсетеді.

Базалық дәреже

.
.

Базалық программалык қамтама — ең төмен дәрежедегі программалық қамтама болып табылады. Ол базалық аппараттық құралдардың қарым-қатынасына жауап береді. Базалық программалық құрал өздігінен базалық құрал-жабдықтардың құрамына кіреді. Және арнайы микросызбаларда сақталады. Олар тұрақты есте сақтау құрылғысы деп аталады (ТЕҚ — ПЗУ –Read    Оnly   Memory,    RОМ).    Программалар    және    берілген   ТЕҚ-ның микросызбасында жазылады. Өндіріс кезенінде бұларды пайдалана отырьш өзгертулер енгізуге болмайды.

Базалық программалық құралдарды пайдалану кезінде езгеруі техникалық жағынан орынды. ТЕҚ (Тұрақты естесақтау құрылғысы) микросызба орнына жаңа программалық әрқашан естесақтау құрылғысын (ЖПТЕҚ ЕРRОМ) қолданылады. Бұл жағдайда ТЕҚ мазмұнының өзгеруін сандық жүйенің құрамында орындауға болады. (Бұл өндірісте — Флеш-өндіріс дел аталады). Одан басқа жүйелерде де арнайы құрылғыларда да, программаларда да солай аталады.

Жүйелік дәреже

Жүйелік дәреже — өтпелі кезең болып табылады. Бұл жүйеде жұмыс атқаратын программалар компьютер жұйесіндегі программалардан басқа, яғни базалық дәрежедегі программалармен байланысып аппараттық қамтамасыз ету арқылы анықтайды. Бұл дегеніміз ол «делдалдық» қызмет функциясын орындайды дегенді білдіреді.

Бұл дәрежедегі программалық қамтама, сандық жүйенің пайдаланушылық көрсеткішінің белгісі болады. Осылайша, мысалы, сандық жүйеге жаңа құралдар көмегімен қосылу кезінде жүйелік дәрежеде программа құруға болады. Ол программа осы құралмен басқа да программалардың байланысып отыруын қамтамасыз етеді. Нақты программалар нақты құрылғылармен қарым-қатынаста жауап береді. Құрылғы драйвер деп аталады. Олар жүйелік дәрежедегі программалық қамтаманың құрамына кіреді. Басқа дәрежелік жүйенің программалық кластары (топтары) оның қолданылуы мен қарым-қатынасын анықтайды. Осылардың көмегімен ол берілген мәліметтерді санақтық жүйеге енгізу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қоса оның жұмысын басқару және өзіне қолайлы формада нәтиже алады. Бұл программаның құралдары қолданушылар интерфейсін қамтамасыз ету болып табылады. Компьютердегі жұмыс қолайлылығы және жұмыс орнындағы еңбек өнімділігі осы программаларға байланысты болады.

Қызметтік программа құралдарының сұрыпталуы. Оларға жататындар:

  • Файл диспетчерлері;
  • Мәлімет жинау амалдары;
  • Көру және есту амалдары;
  • Диагностикалық амал;
  • Бақылау амалы;
  • Орнату мониторлары;
  • Қатынас амалдары;
  • Компьютер қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдары. Файл диспетчерлері (файлдық менеджерлер). Мұндай кластағы программалар көмегімен көптеген операциялар, файл   құрылыстарымен қызмет жасауға байланысты файлдарды: көшіру, орналастыру және атын өзгерту, каталог құру (папка) файлдарды және каталогтарды өшіру, файл құрылысының ашылуы және файлдарды іздеу сияқтылар жатады. Базалық программалық амалдар, бұл бағытқа арналған әдеттегі жүйелік дәрежедегі программалар құрамына кіреді. Және операциялық жүйемен бірге орнатылады. Компьютермен жұмыс істеу қолайлылығын жоғарылату үшін көптеген тұтынушылар қосымша қызметтік программалар орнатып алады.

Мәлімет жинау амалдары (архиваторлар).

Архив кұруға арналған. Архивтелген мәліметтер, олардың сақталуын, бір архивтік файлға көптеген каталогтар және файлдар топтарын енгізу арқылы байланыстыру. Архиваторларды бағалы мәліметтер қорын құру негізінде көптеп қолданады.

Көру және есту амалы. Әдетте файлдармен жұмыс істеу кезінде, «тудырушы» қолданбалы жүйесіне енгізу керек. Олар осының көмегімен пайда болады. Ол құжаттарды көруге өзгерістер енгізуге мумкіндік береді.

Диагностикалық амал. Диагностикалық процестерді автоматтандыруға және аппараттық қамтамасыз етуге арналған. Олар керекті тексерулер жүргізіп және жиналған ақпаратты қолайлы түрде береді. Оларды тек бұзылудан сақтау үшін емес, сонымен қоса компьютер жұмысын жеңілдету үшін колданады.

.

Басқару амалдары (мониторингтік).

Программалық басқару амалдарын кейде — мониторлар деп атайды. Олар компьютер жүйесіндегі процесті бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайдың екі түрлі жолы қарастырылған: шынайы тәртіпте уақытпен бақылау немесе арнайы файлдық хаттамадағы жазбалар қорытындысына бақылау жасау. Бірінші жолы — санау жүйесінің жұмысын жеңілдету жолдарын іздеу мақсатында және оның жұмысын жақсарту мақсатында қолданады. Екінші жолында тек мониторинг автоматты түрде қашықтан басқарылған кезде қолданамыз. Соңғы жағдайда мониторингтің қорытындысын техникалық қолдау қызметтігіне беруге болады.

Мониторинг амалдары, шынайы уақыт тәртібінде жұмыс істейді. Әсіресе компьютер жұмыс істеген кезде тәжірибелік жолмен істелінеді. Өйткені кейбір процесстер қолданушылардың көзіне көрінбеуі мүмкін. Бұл жағдай сол процестерге арналған. Орнату мониторлары. Бұл категорияның программалары тек программалық қамтамаларды бақылау үшін қолданылады. Берілген программалық қамтаманың керектігі ол дер кезінде әр түрлі категориядағы программалар арасында байланыс орнайды. Орнату мониторлары программалардың өзгеру жағдайын, оған әсер етушілерді бақылайды. Сонымен қатар тіптен бұрын орнатылған кейіннен жойылып кеткен программаларды қайта қарауға мүмкіндік береді. Қондырғыны басқарудың ең оңай амалы және программаны жою, әдетте операциялық жүйенің құрамына кіреді және программалар қамтамасының жүйелік дәрежесінде орналасады. Бірақ олар   кей жағдайда жеткіліксіз болады. Сондықтан санау жүйесін олар жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қажет етеді, қосымша қызметтік программаны пайдаланады. Қатынас амалдары (коммунационные программы). Электрондық байланыстың пайда болуымен және компьютер желілерінің пайда болуына байланысты бұл бағдарламалардың маңыздылығы арта бастады. Олар алыс қашықтықтағы компьютерлермен байланыс құруға мүмкіншілік тудырады. Электрондық пошталардың хат алмасуына қызмет етеді. Телеконференциялық жұмыстарды атқарады. Сол сияқты басқа да компьютер желісіндегі опералияларға қатысады. Компьютер қауіпсіздігін қамтамасыз ету амалдары. Бұл категорияға көп таралған активті және пассивті амалдар жатады. Олар компьютерді бұзылудан сақтайды. Пассивті қорғаудың амалы ретінде қызметтік программалар қолданылады. Олар көп жағдайда базалық қызметтерге ие. Активті қорғаудың амалы ретінде антивирустік программалар қамтамасы жатады. Информациялық және математикалық қамтама санау жүйесі жайында түсінік. Аппараттық және программалық қамтамамен санау техникасының амалдарын кей жағдайларда информациялық қамтама ретінде қарастыру керек, Бұл берілген программалар жұмысықа қажет болып табылады. Арнайы компьютер жүйелерінде (ракеталар,самолеттер,космостық ұшу аппараттың және т.б.) программалық — ақпараттық қамтаманы математикалық қамтама деп атайды.Әдетте, ол «қатты» микросызбаларда жазылады, яғни ПЗУ және тек ПЗУ-да өзгерту арқылы өзгертіледі немесе арнайы жабдықпен қайта программалау арқылы өзгерте аламыз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.