Психологиялық-педагогикалық даму басымдылығы

Главная » Рефераттар » Психологиялық-педагогикалық даму басымдылығы

Сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуы. Бала сөйлеу арқылы ойлау қабілетімен қатар өзінің психикасын да дамытады. Сөз бен ой қатар жүреді. Екеуі бір-бірімен байланысты. Дегенмен, екеуінің арасында алшақтық та болуы мүмкін. Кейбір ұстаздарда «жөнді сөйлей алмаған баланың ақыл-ойы дұрыс дамымаған» деген қате пікір бар. Ол дүрыс емес. Жөнді сөйлей алмаған бала күндердің күнінде сөйлеп кетуі де мүмкін, немесе керісінше, жақсы сөйлеп жүрген баланың бір нәрсенің әсерінен нашар сөйлеуі немесе тілі байлануы мүмкін. Егер де баланың тіл мен ойлау қабілеті төмен болса, ондай балалар психикалық тұрғыда нашар дамиды. Осыдан барып ақыл-ойы нашар дамиды.

Ақыл-ойы кем баланың ми құрылысы заңымданған. Мұндай балаларды да білуге болады. Ол аздаған ақыл-ой кемдігінен бастап есуастыққа дейінгі аралың. Баланың мұндай болуы көп жағдайға байланысты. Мәселен, нәсілдік жолмен келуі, анасының құрсағынан пайда болған кемістік немесе дүниеге келгенде қиналып босанудан, болмаса түрлі жарақаттан, аурудан пайда болуы. Бірақ туа біткен ақыл-ой кемістігінен туғаннан кейінгі ақыл-ой кемістігінің ерекшелігі — туғаннан кейінгі кемістікті жойьш, ақыл-ойды жетілдіруге болады. Осындай балаларға арналған арнайы мектептер бар. Сол ортада мұндай балалар өзін еркін ұстай алады, дамиды. Зейін мен естің дамуы. Мектепке дейінгі жастағы балалардың зейіні, еске алуы, есіне сақтауы еріксізден еріктіге, көрнектіден мазмүнды ойға, сөзге қарай дамиды. Әсіресе, түрлі-түсті заттар, есте сақтауға болатын қимылқозғалыс немесе есте ңалатындай сөздер, яғни көрген нәрсені сөйлеу арқылы бекіту. Ұстаздардың, ата-аналардың кемшілігі — баланың ес, зейін, сөйлеу, жеке ойлау ңабілеттеріне мән бере бермейді. Ересектер баланың сөзін қызықтай отырып әрі дамытпайды. Керісінше, кішкентай баланың сөзін ңызықтай отырып, баланың сөзін ңайталаумен, кекетумен шектеледі. Ересектер кішкентай баланың сөздік ңорын байытып, ойлау қабілетін тереңдетуге тиіс. Сонда ғана зейін мен ес қалыпты дамиды.

Еріктің дамуының бірнеше жолдары бар. Олар:
— ересектердің талабын орындау;
— өздерінің іс-әрекетін ересектердің іс-әрекеттерінен бөліп қарау;
— ересектердің іс-әрекетін үлгі ретінде қабылдау;
— ересектерге еліктеу;
— өз іс-әрекетіне баға бере алу, жақсы мен жаманды ажырата білу;
— қоршаған әлеуметтік ортамен қарым-қатынас жасай алу.

Бала кездесетін кедергілерді жеңуге талпынса, жеңе білсе, онда баланың ңалыптасуы дүрыс дамып келеді деуге болады. Ал ол кедергіні жеңуден қашқақтаса, онда жалтаң, «ауырдың үстімен» жүретін адам болып өседі. Жігерсіз немесе ерке болып өскен баланың болашағы бұлыңғыр. Ондай балаларда ерік дүрыс дамымайды. Қиқарлың ерікке жатпайды. Қиқарлық пен жігерлілік бір түсінік емес. Бұл жастағы балаларды артың мақтаудың да, жазалаудың да керегі жоқ. Артың маңтасаң бала дандайсып кетеді де, жеңіл мінезді болып, ал артық жазаласаң жасқаншақ, тұйық болып өседі. Бұл екі жағдайда да эгоист, өзімшіл, ортамен есептеспейтін адам болып өседі. Мұндайдан аулақ болу үшін ересектер мақтауды да, жазалауды да өз уақтысында, өз орнында қолданғаны дұрыс. Әр нәрсенің өзінің орны бар. Біраң ауру бала мен сау баланы шатастырмау керек. Жүйкесі ауру баланың дөрекілігіне кешірімді болып барып, тәрбиелеу керек болса, сау балаға тікелей төрбиенің керекті әдістерін қолдану ңажет. Осы әдісті қолдануда өр баланың жеке ерекшелігін ескерген жөн.

Іс-әрекет, қылығына өзінің баға беру кезеңдері:
— Сәбидің өзінің іс-әрекет, қылықтарына берген ересектердің бағасын түсінбеуі, жақсы-жаманды ажырата алмауы; — Өсе келе біртіндеп сондай іс-әрекет, қылықтарға ересектердің берген бағасын түсіне бастауы; — Жаман мен жаңсыны ажырата білу; — Енді іс-әрекет, қылық түгіл, жалпы өзінің кей жағдайда көрсеткен мінезін бағалауға көтерілуі; — Өзінің ішкі жан дүниесін бағалау.

Баланың өзінің жан дүниесін, іс-әрекет, қылығын бірдей бағалай білмей өсуі оны жаңсы жолға апармайды. Ол оны жарға соқтырады. Ал өзін-өзі дүрыс бағалай білмейтін, өзін басңадан кем санайтын бала ынжың, әпербақанның жемі, көрінгеннің жетегінде жүретін адам болып өседі. Бұл да жақсы қасиет емес. Сонымен мектепке дейінгі жастағы балаларды өздерінің іс-әрекет, қылығына баға беруі бойынша екіге бөлуге болады. Бірінші, өз іс-әрекет, қылығын артың бағалау. Бұл эгоистікке, өзімшілдікке, еркелікке, менмендікке соқтырады. Екінші, өз іс-әрекет, қылығын кем бағалау. Бұл ынжық, өз ойын айта алмайтын бос кеуде етіп өсіреді. Осының екеуі де дүрыс емес. Сондықтан ересектер баланың жас кезінен бастап, оның дамуын, ңалыптасуын қадағалап, баланың өз іс-әрекет, қылық, оқыс мінезіне өзінше әділ баға бере алатындай етіп тәрбиелеуі қажет. Мақсат — баланың өзін жаман демей, оның істеген қылығына түсінетіндей баға беру.

Баланың алғашқы адамгершілік туралы түсінігін қалыптастыру — жаман мен жақсы, әсемдік пен көріксіздік, сыпайылық пен дөрекілік сияқты т.б. қарама-қарсы-лықтағы түсініктер мен іс-әрекет, қарым-қатынасты ажы-рата алудан басталады. Мұндай түсініктер: — ересектердің баға беруі арқылы; — нақты бір іс-әрекет, қылық, мінез көрсету кезінде; — немесе баланың өз ісіне немесе жолдастарының ісіне баға беруі арқылы қалыптасады. Жас балалардың наңты бір жақсы мен жаманды, кө-ріктілік пен көріксіздікті ажыратуы көп жағдайда нақты үлгі арқылы жүреді. Мәселен, «аяу», «біреуге жақ болу», «біреумен бөлісу», «біреудің айтңанына көну», «біреуді жаңсы көріп, бір затын сыйлау», т.б.

Балалардың адамгершілік түсінігі тәртіптіліктен, мәдени қатынас, сыпайылық, жүрек жылуынан басталып қалыптасады. Ол үшін баланы соған үйрету керек. Ойыншықтың өзін тірі жандай көрсетіп, оған дөрекілік жасамауды әр уақытта баланың есіне салып отыру керек. Осыдан барып оның мәдени қатынасы қалыптасады да, осы ңатынасты өзімен ойнап жүрген балаға да қолданады. Сонымен бірінші параграфңа қорытынды: 6-7 жасқа дейінгі балаға адамгершілік ңасиетті сөзбен ңалыптастырмайды. Оны іс-әрекет, үлгі, соны қайталау, бекіту арңылы қалыптастырады. Осындай жолмен баланы мектепке дайындауға болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.