Психологиялық жас туралы ілім

Главная » Рефераттар » Психологиялық жас туралы ілім

Психологиялық жас – даму талдауының «бірлігі» болып табылады. Психологиялық жас құрылымымен жəне динамикасымен сипатталады. Жастың құрылымы дамудың əлеуметтік жағдаятын жəне жас ерекшелік психологиялық жаңа құрылымдарды қамтиды. Л. С. Выготский «дамудың əлеуметтік жағдаяты» ұғымын психологиялық жастың құрылымы мен динамикасы туралы ілімге енгізеді. Ғалымның ойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен оның айналасындағы ақиқаттың, əсіресе əлеуметтік ортаның арасындағы бірегей, жалғыз əрі қайталанбас, ол жас шамасына оғаш, ерекше қатынас болып табылады. Дамудың əлеуметтік жағдаятының талдауы баланың қоғамға «жақын» жəне «алыс» қатынастарын бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Қатынастардың бірінші жоспары – бұл «бала – қоғамдық ересек» қатынастары. Ондағы ересек адам іс-əрекеттің нормалары мен қоғамдық мəндерінің, əлеуметік талаптарының өкілі ретінде анықталады. Екінші – «бала – жақын ересек жəне құрдасы» жоспары жеке дара-тұлғалық қатынастарды жүзеге асырады. «Жас ерекшелік жаңа құрылымдарын» Л. С. Выготский аталмыш жас ерекшелік кезеңде алғаш рет туындайтын жəне баланың санасын, қоршаған ортаға қатынасын, ішкі жəне сыртқы өмірін, сол жас шамасындағы дамуының барысын анықтайтын тұлға құрылымының жəне оның іс-əрекетінің жаңа түрі ретінде арастырған. Л. С. Выготский бала дамуының эмпирикалық зерттелуі жас ерекшелік өзгерістерінің екі түрін анықтауға мүмкіндік беретінін көрсеткен. Біріншісі– баяу, бірізді, көпжағдайдасандықөзгерістер, яғни дамудың эволюциялық түрі болса, екіншісі – бала тұлғасының барлық қырларын қамтитын жаңа құрылымдарының ауқымы мен тереңдігі бойынша негізді, жылдам түрі, яғни революциялық типтегі даму. Эволюциялық типтегі даму тұрақты жас шамаларына тəн, ал революциялық типтегі даму дағдарыстарға тəн. Жас ерекшелік дамудың динамикасы тұрақты жас шамалардың жəне дағдарыстардың заңдытаылрмуаысы. Л. С. Выготский дамудың жас ерекшелік дағдарыстарының психологиялық мəні мен механизмдерін түсіндірудің жаңа эвристикалық моделін ұсынады. Дəстүрлі психологияда дағдарыстарды өсудің аурулары деп есептеп, жағымсыз бағалаған болатын. Ғалым дағдарыстардың мүлде жаңа түсінігін ұсынады. Оның тұжырымдамасында дағдарыс – дамудағы заңды əрі қажет үзбелі болып табылады. Дағдарыстың қызметі – баланың психикалық дамуының барысында туындаған қарама-қайшылықтарды шешуде. Қарама — қайшылықтардың мəні – дамуының ескі əлеуметтік жағдаятының жəне бала жетістіктері деңгейінің сəйкессіздігі. Л. С. Выготский бойынша дамудың əлеуметтік жағдаяты бала өмірінің бүкіл бейнесін, оның əлеуметтік болмысын, санасының ерекшеліктерін анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты жас шамасының барлық динамикалық қайта өңдеулердің бастапқы мезетін анықтайды. Дамудың əлеуметтік жағдаяты бала мен əлеуметтік ақиқаттың арасындағы қатынастардың жүйесі ретінде бала дамыған сайын түрленіп, баланың жаңа жетістіктерін сипаттап, дамудың жаңа əлеуметтік жағдаятының негізгі бітістерін даярлап, ыдырайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.