Психопатия түрлері және емдеу жолдары

Главная » Рефераттар » Психопатия түрлері және емдеу жолдары

Органикалық психопатия. Ми қабықшалары мен ми жүйелеріне байланысты органикалық кемшілікпен шарттас психопатияда бала шын мәнісінде жан-жақты дамымағандықтан сипатталады. Мұндай бала, ең алдымен, өзі істеген теріс ісіне, орындаған жұмысына дұрыс баға бере алмайды, болмашы тұрпайы нэрсеге жиі алданады. Сөйтіп, оның эмоциялық өрісі өздігінше дамиды. Мәселен, аз ғана эмоциялық белгілер сақталып қалғанның өзінде оларда күрделі эмоциялық білім дамиды, яғни төңірегіндегілерге айыра, анықтап қарау, терең түсіну болмайды; сондықтан олардың эмоциясы түрақсыз әрі үстірт болады. Оның үстіне мұндай психопаттарда қатты қайғыру, әсерлену болмайды. Сол себепті оларда намыс, өкпе-реніш те, жаны күйзелу де кездеспейді.
Психопат бала еркінің дамып-жетілмеуі оның өз іс-әрекетін, мінез-құлқын бақылап, басқарып отыруға кедергі болады, яғни өзінің іс-әрекетіне қойылатын талап пен мінез-құлқын үйлестіре ал-майды. Психопат баланың дамуындағы ерекшеліктер өте жас кезден байқалады және оның дегбірсіз қимылы, орынсыз айқайы арқылы, үйқысының нашарлығымен сипатталады. Ал мектеп жасына дейінгі кезеңде мүндай бала төбелескіш, басқа құрбыларымен тату ойнай алмайды, өркөкірек болады. Мектепке баратын мезгілінде өрескел эуестік, қыңырлық жэне қияли өзгеріске бейімділік байқала бастай-ды. Сөз интеллекті және басқалардың дамуы, эдетте бірқалыпты өтеді.
Егер осы ерекшеліктерге байланысты бала мектепке барғанға дейін шара қолданбаса, онда баланың мінез-қүлқындағы кемшіліктер көбейіп қана қоймай, мектепке дайындықсыз келумен қатар, оқу үлгеріміне де зиянын тигізеді. Өйткені ондай балалар мектеп-те қойылатын талапқа бағына бермейді, үйге берілген тапсырма-ны орындамайды, жолдастарымен жанжалдаса бермейді. Тэртіп бүзып, мүғалімдерді тыңдамайды, кейде мектептен немесе үйден де қашып, кетіп қалатын кездері болады. Ал қолайсыз жағдайлар туғанда бүл балалардың өзі істеген ісіне жауапсыз қарайтындығын, тиянақсыздығын, өрескелдігін, ішіп-жеуге, т.б. эуестігін пайдалана-тын құқық тэртібін бұзушылардың ықпалына түсіп қалатындығын байқауға болады.
Алайда бала уақытын ойынға көбірек жүмсайтын кезеңнен бас-тап, мектепке келгенге дейін барлық тұрғыдан алғанда да оның да-митын мезгілі екені анық. Сондықтан ол, ең алдымен, ойын арқылы қалыптасады. Ойынның оқушы баланың дамуына да зор ықпалы бар. Демек, ең алдымен мектепте оқушы балалармен қарым-қатынасты жолға қою керек. Ойын мінез-құлықтың ерік механизмдерінің дамуына жағдай жасайды, эмоциялық тэжірибені байқатады, саналылықты арттырады, белгілі бір дэрежеге багынуды үйретеді. Ал мектеп жа-сына дейінгі психопат баланың ойыннан шығып қалуы, оның жеке басы кемшіліктерінің дамуына экеліп соқтырады. Мұндай құбылыс ол, эсіресе мектепке оқуға келгенде бірінші байқалады. Мұндай балаларға ересек адамдар да, оқушылар да бэрі бірдей. Өйткені олар балалар ұжымында дұрыс бағыт ұстай білмейді, істеген іс-эрекетке де жеткілікті түрде мэн бермейді.
Органикалық психопат балалардың интеллекті бүзылмаған: ойлауы, есіне сақтауы, көргенін жэне кеңістікті қабылдап, түсінуі, сөз сөйлеуі жеткілікті дамыған болады. Бірақ оқуды үлгеруі орта-ша болады, себебі бүл балалар тапсырманы алдын ала ойламай, дайындықсыз жасайды. Бірдеңеге ой тоқтатып, көңілін аудара ал-майды, тапсырманың да кейбірін есіне сақтамайды, қиындықтарды да жеңу қолынан келмейді… Сөйтіп, дефектінің біліну дэрежесі эр алуан болғанымен, оның күрылымы қашанда бірыңғай қалпында қалады.
Мүндай балалармен жүмыс істегенде, эсіресе олар жаңадан оқи бастағанда оқу процесін дүрыс үйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек. Олар оқуда, жазуда жэне есептеуде қинала қоймағанымен, жүмыс істеуге нашар тартылады, бастаған ісін аяғына дейін жеткізіп, бітірмейді. Орындаған жағдайда оны үқыпсыз, салақ жа-сайды. Сондықтан органикалық психопат балаларды оқытқанда оларды үйге берілген тапсырмаларды үқыпты түрде орындауға үйрету қажет. Ол үшін алғаш жеңіл тапсырмалардан бастап, қиын, күрделісіне қарай бірте-бірте орындатқан дүрыс.
Білім алудағы олқылықтың болуына жол бермеу, оның алдын алу — аса маңызды мэселе. Өйткені педагогтар тарапынан жіберілген кемшіліктерге жол берілсе, ондай балалармен бүдан былайғы жер-де жүмыс жүргізуді мүлде қиындатып жібереді. Сонымен бірге олардың интеллектуалдық мүддесін тэрбиелеудің де зор маңызы бар. Бүл оқу ісінің тиімділігін арттырады, оқушы бала бойындағы орескел эрекеттің тежелуіне жағдай жасайды.
Бүл топтағы психопат балаларға қатысты тэрбиелік шара-лар олардың өзі істеген іс-эрекеттеріне талдау жасап, дұрыс баға бере алатындай бағыттағы жүмыс түрлері болуы тиіс. Мүндай балалардың өз мінез-қүлқын жеткілікті түрде игере алмайтынды-ғын, түрақсыздыгын ескере отырып, педагог оған үдайы қатаң ре-жим үсынып, оны көзінен таса қалдырмауы керек.
Органикалық психопат балалармен жүмыс жүргізгенде үс-тамдылық сақтап, байсалды болған дұрыс. Өйткені олар тым сезімтал болады, болмашы нэрсенің өзіне де булығып, ашуланып шыға келеді. Мүндай жағдайда педагог баланы алдаусыратпай жэне жазаламай-ақ баска бір іс-эрекетке жүмсаған тиімді екенін үмытпағаны жөн. Ал жазалау дегеннің баланы бүрынғыдан да есіртіп, өршітіп жіберуі мүмкін екенін есте үстаған жөн.
Балалардың арасында жүмыс жүргізгенде аса елеусіз деген қол еңбегінен бастап, шеберханаға, мектеп жанындағы учаскедегі, үйдегі жүмысқа дейінгі еңбектің барлық түріне ондай балаларды үйретудің тэрбиелік зор маңызы бар. Себебі психопат балалардың бүл түрін жүмысқа тартқанда, сабақ үстінде олардың бүкіл іс-эрекетін, бар ықыласын еңбекке жүмылдыру, нүсқауға бағына білуін қалыптастыру, бастаған ісін ақырына дейін жеткізіп істеу, үжымда жүмыс жасау жеңіл болады.
Психопат балалармен жүмыс жүргізген кезде олардың ата-ана-лары педагогқа үлкен көмек көрсетуі керек. Тек сонда ғана бірдей қарым-қатынас, бірдей көзқарас қалыптасуы мүмкін. Мүндай көмек педагогтармен, дефектологтармен кеңесе, ақылдаса отырып жүмыс істеумен қатар, нүсқаудағы ережелерді бүзбауға да тығыз байланы-сты. Бүған қосымша психиатр-невропатолог дэрігерлермен де үдайы тығыз қатынаста болудың маңызы ерекше. Өйткені бүлар да емдеу шаралары мақсатында қажет болып қалады.
Эпилепсиялыц психопатия. Органикалық психопат балалар то-бымен қатар, конституциялық психопат балалар да бар. Психопаттың мүндай күйінің этиологиялық (ауру тудыратын себебі) факто-ры эпилепсия (қояншық) болып саналады. Психопат адамдардың кейбіреуінің мінез-қүлқы эпилептоидты болып кездеседі. Олардың негізгі ерекшеліктері — эмоциялық белгілерінің тым элсіздігінде, әрекетсіздігінде. Сондықтан да эпилептоидты қайғырып-күйінгенде оларды басқа бірдеңемен алаңдату қиын болады. Күдікшілдік, қанағаттанбау сезімі, алай-түлей ашу шақыру, мезгіл-мезгіл кек алу, ыза кернеу, сараңдық, ашқарақтық сипат алады. Бірақ мұндай кемістіктердің барлығы бірдей жалғыз адамда кездесе бермейді, олардың біліну дэрежесі эртүрлі жағдайда түрліше болады.
Эпилепсиялық психопаттың да өз заңдылығы бар. Оларда өте жас кезінен-ақ ашушаңдық пайда болады. Бүл вегетативтік жэне қан гамырлар жүйесі жұмыстарының нашарлығынан да болуы мүмкін. Өйткені олардың жалпы соматикалық күйінде ешқандай ауытқушы-лық болмайды. Соның ішінде оған тэн қасиет ашушаңдық үзаққа созылады жэне басқа көңіл күймен оңайлықпен алмаса қоймайды. Мектеп жасына дейін оның мазасыздығы мен ашушаңдығы аффекті-лік мінез — көңіл күйдің қиялилануы қосылады. Мектеп жасында осы жоғарыда айтылған ерекшеліктердің қосылуынан, мінез-қүлыққа тэн бірқатар белгілер: жағымды жэне жағымсыз ерекшеліктер қалыптасады. Мүнда, бір жағынан, ондай балалар қиындықтарды жеңе алады, алдына қойған мақсаты, көздеген мүддесі болады; тап-сырманы орындауға тиянақты эрі үқыпты, жүмысты өнімді де тын-дырымды істейтін болады.
Мінезінде шизоидті белгілер бар балалар, көбінесе психика-лық аурулар түрінде ауыртпалық түскен жанүяда жиі байқалады. Алайда баладағы шизоидті белгілер сол қалпында шизофрения тәрізді психикалық ауру емес екендігін қашан да есте сақтау керек.
Шизоидті психопат балалардың өзіндік дамуы мектеп жасына дейінгі кезеңде болады. Олардың бірі өте әсерленгіш, жаңа нэрсенің барлығынан қорқатын болса, енді біреулері мазасыз, тыпырши береді, ал үшіншілері өте сылбыр, баяу болады. Бірақ олардың барлығы да өз қүрбыларынан қашқақтап жүреді, араласпайды. Мүның есесіне ересектермен сөйлесіп, араласқанды дүрыс санайды.
Мектеп жасында дамудың үйлесімділігі байқалады. Мэселен, шизоидті белгілері бар балалардың ақыл-ойы тез дамығанымен мо-торикасы дамымайды. Олар икемсіз, қолапайсыз қимылдайды, тамақ ішуі дөрекі болады. Эмоциялық ерік өрісі өзінше дамиды. Олардың бірі эмоциялық жағынан салқын болса, екінші біреуі адамға өте үйірсек келеді. Бүлардың барлығына да тэн нэрсе — күдікшілдік, өз күшіне сенбеу. Мұндай балалар өздерінің сэтсіздігіне қатты қапаланады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.