Пуантилизм туралы ашық сабақ

Home » Мұғалімдерге » Пуантилизм туралы ашық сабақ
Мұғалімдерге Комментариев нет

Сабақтың тақырыбы: Түрлі техникалардағы акварель кескіндемесі «Пуантилизм» техникасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: түстерді көзбен көру арқылы алмастыруды, нүкте арқылы сурет салуды үйрету.

Дамытушылық: Кескіндеме өнерінің пуантилизм техникасы туралы білімдерін тереңдету, оқушылардың шығармашылық қабілетін, түс үйлесімін дұрыс таңдауды дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды өнер танушылыққа, сабақта алға білімдерін өмірде пайдалануға әрі жалғастыруға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың көрнекіліктері: әр түрлі суреттер, сөзжұмбақ, карточка.

Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Сабақтың жоспары:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, қажетті құрал- жабдықтарын толықтыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын қайталау

Мағынаны тану

Жаңа сабақты түсіндіру

Сергіту сәті

Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма беру

Оқушыларды бағалау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу, оқушыларды түгендеу, қажетті құрал- жабдықтарын толықтыру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Үй тапсырмасын қайталау

Мағынаны тану

Пуантилизм «фр. Pointel – нүктелі хат» кескіндемедегі шығармашылық тәсіл, өзімен бірге бөлінген жеке нүктелер анықталған мазоктарды ұсақ нүктелі және төртбұрышты түрде таныстырған. Түстерді табуы, араласуы және көп түсті ғажайыптың пайда болуы палитрада емес, кенепте емес ол көрерменнің көзінде және қабылдау сезімінде болады. Осы үшін арнайы жазу техникасы – пуантилизм ойлап табылды. Нүктелі жағыстар кенеттен таза түстерді физикалық және математикалық заңдылықтарының өзара қатынастарының орналасуының сәйкесітігін кенепте көрсетті. Пуантилизм ретсіз импрессионистік ұйымдастыру манераларын нақты және жүйелілік картинаға белгілі бір тақырыптағы тұрақтылық берді. Жазудың жаңа техникасы өте қиын, суретшілердің көп уақытын және көп еңбектеуді, адамның күшін, еркіндік эмоцияларын қажет етеді. Дегенмен де шығармашылық тәсіл ретінде қазір кескіндемедегі ерекше техника болып қалды.

Пуантилизм – Францияда 1885 жылдары пайда болған сурет өнерінің неоимпрессионизм бағыты. Бұл бағытта сурет салғандар Поль Синьяк, Анри Кросс, Люсьен Писсарро, Камиль Писсарро. Ал оның пайда болуына ықпал еткен Жорж Сера. Оның осы бағытта салынған ең атақты еңбегі «Гранд-Жатт аралындағы жексенбі күні» атты туындысы.

Жаңа сабақ (Шығармамен жұмыс жасау)

А4 форматқа салатын суретті жобалап сызып алу, содан кейін гуашь бояуын араластырып, жұмысты бастау. Түстерін келтіру, үйлестіру. Жұмыстарын толықтай аяқтау.

Сергіту сәті

Салдық-салдық өзіміз,

Талды әбден көзіміз.

Талды әбден қолымыз,

Әуенімен әндердің

Әдемі қимыл жасаймыз.

Сабақты қорыту:

Пуатилизм туралы айтып өту. Салған суреттерін көрме ретінде қою, оқушылардың салған суреттерін талқылау.

Үйге тапсырма беру

Пуантилизм техникасында сурет салып келу

Мадақтау.

Бағалау

 

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.