ҚР-да халықаралық туристік қызметті құқықтық қамтамасыз ету

Главная » Рефераттар » ҚР-да халықаралық туристік қызметті құқықтық қамтамасыз ету

ҚР-да халықаралық туризмнің дамуы кәсіпкерліктің осы түрі үшін сәйкес нормативтік-құқықтық база құруды қажет етті. Соңғы жылдары заңнаманың түбегейлі жаңару үрдісі жүріп жатыр. Шаруашылық қызметтің жаңа құқықтық базасы қалыптастырылуда, заңды күші бар актілер ретінде зандардың рөлі күшейе түсуде.
Қазақстандық нарықтың экономика саласындағы қатынастарды реттеуші негізгі заң — Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі болып табылады. Азаматтық кодекс (ҚР АК) осыған дейін қолданыста болған заңнамадағы қайшылықтарды жояды. Азаматтық кодекс тікелей әрекет ету заңы болып табылады, оны заңды және жеке тұлғалар күнделікті қолданады. Азаматтық кодекс — Қазақстан заңнамасының жаңаруы мен дамуының негізі. Ол ең алдыңғы кезекте кәсіпкерлік, нарықтық қатынастар саласындағы, оның ішінде кэсіпкерлік қатынастар мен туризм саласындағы құқықтық қызмет аясындағы заңнаманың дамуына септігін тигізді.
Туристік қызмет құқықтық нормалардан тыс немесе оған қайшы іске асырылмайды. Қазіргі уақытта туристік қызметті заңцы күші бар құқықтық акт — заң реттейді. Оның кіріспесінде осы заң Қазақстан Республикасындағы бірегей туристік нарықтың қүқықтық негіздерін бекітуге бағытталған мемлекеттік саясат қағидаларын анықтайды. Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ тұлғалардың демалуға, жылжу еркікдігіне құқықтарын жүзеге асыру барысында туындайтын қатынастарды реттейді, сонымен бірге Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын рационалды қолдану ре-тін анықтайды деп жазылған.
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы 2001 жылдың 13 сәуіріңен бастап өз күшіне енді. Ол Қазақстанда ұлттық экономиканы дамытуға жэне элемдік деңгейге сэйкес келетін туризм инфрақүрылымын құруға үлкен үлес қоса алатын, өркениетті және бәсекеге қабілетті туристік нарықты қүруға және күшейтуге бағытталған.
Атап өту керек, заң туризм саласының негізгі дефиницияла-рын нақты анықтайды: мысалы, «туризм», «турист», «туристік қызмет», «туристік индустрия», «туристік өнім», «туроператорлық қызмет», «турагенттік қызмет», «туристік жолдама», «туристік ваучер», бүл туристік нарық кәсіпорындарының жүмысында экономикалық нормативтерді нақты бекітуге жэне қолдануға мүмкіндік береді. Берілген анықтамалар Бүкіләлемдік туристік үйымның (ЮНВТО) жэне халықаралық тәжірибеде қабылданған үстанымдарға сэйкес келеді.
Заңда туристік қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі қағи-далары, мақсаттары, басым бағыттары жэне әдістері көрсетілген. Онда ішкі, кірмелі, әлеуметтік және өзіндік туризмді қолдау мен дамытудың маңыздылығы басты бағыт екендігі айтылған.
Заңда туристің қүқықтары мен міндеттерінің толық сипаты, ту-ристердің кейбір санаттарына жеңілдіктер берудің реті көрсетілген:
— туристің турфирмадан оған турға кіретін, оларды кім көрсетуі тиіс екендігіне қарамастан, барлық қызметтерді көрсетуін талап етуіне қүқығы бар;
— келісімшартты тоқтату барысында орын алған зиянды өтеу қатысушы тараптардың нақты шығындарына сәйкес, бірақ турөнім қүнының екі еселенген сомасынан артық емес көлемде іске асырылады;
— турист сапарға келу елінің заңнамасын қадағалауға, оның салттары мен дәстүрлерін қүрметтеуге, қоршаған ортаға жэне мәдени-тарихи мүра ескерткіштеріне зиян келтірмеуге міндетті. Заң турфирмалардың қызметі қағидаларына баса назар аударады. Заңнамалық түрде туристік индустриядағы сертификаттау, стандарттау, лицензиялау реті анықталады.
Халықаралық тэжірибеге сәйкес, Заңда туристік өнімді қалыптастыру, жылжыту және өткізу реті, турагенттердің, туро-ператорлардың, туристердің бірлестіктерін құрудың реті көр-сетілген. Турөнімді өткізу жазбаша түрде бекітілетін және қазақстандық заңнама талаптарына сай келетін келісімшарт негізінде жүзеге асырылады. Сатып алу-сату келісімшарты тек жолдаманы сататын турфирма туралы (лицензия номері, занды мекен-жайы, банктік реквизиттері) ғана емес, сонымен бірге, бүкіл сапарды ұйымдастыратын туроператор туралы ақпараттан тұруы тиіс.
Заң туристердің қауіпсіздігі түсінігіне анықтама береді, олар-ды қамтамасыз етудің мүмкін жолдарын, оның ішінде қазақстан-дық туристердің шет елдегі мүдделерін қорғау бойынша эдістерді көрсетеді. Туристердің қауіпсіздігін сақтау мақсаттарында тур-фирма туристерге саяхаттың ерекшеліктері мен болуы мүмкін қатерлер туралы ақпарат беруі тиіс және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын іске асыруы міндетті. Аяқ астынан науқастанған немесе қайғылы оқиғаға тап болған жағдайда туристерге медициналық көмек көрсету мақсатында турфирмалар сэйкес сақтандыру компанияларымен келісімшарттар бекітуі тиіс және туристерге қазақ, орыс және уақытша болатын елдің тілінде сақтандыру полистерін беруі керек.
Заңца қазақстандық туристердің төтенше оқиғаларға тап болған жағдайдағы мүдделерін қорғауға аса көңіл бөледі, оны мемлекет қамтамасыз етеді, ол уақытша болатын елден эвакуациялауды қоса алғанда, басқа да қажетті шараларды жүзеге асырады.
Заңда міндетті және ерікті сақтандырудың реті, сонымен бірге сақтандыру оқиғалары орын алған кездегі шығындарды өтеу ережелері көрсетілген. Оған қоса, туризм саласындағы халықаралық серіктестік формалары туралы сүрақтар, оның ішінде Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі туризм бойынша мемлекеттік органдардың өкілдері арқылы қызмет ету ерекшеліктері қарастырылады. «Қазақстан Республикасыңцағы туристік қызмет туралы» ҚР Заңы туризм саласының құқықтық жүйесінің негізін құрайды. Ол халықаралық конвенцияларға, ЮНВТО ұсыныстарына және халықаралық құқыққа сәйкес келеді. Заңды білу, оның баптарын азаматтық, әкімшілік, экологиялық жэне құқықтың басқа да саласының нормаларымен қатысын қалыптастыру туристік ұйым жұмысшыларына құқықтық сауатсыздық әсерінен қателер жасаудан және материалдық шығындарға үшыраудан сақтайды, ал туристік қызметтерді пайдаланатын азаматтарға өздерінің қүқықтары мен міндеттерін толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
ҚР-дың туризм саласындағы халықаралық келісімшарттары — халықаралық серіктестіктің құқықтық негізін анықтайтын келісімшарттар.
Халықаралық тәжірибеде контрагенттердің турагенттер-мен жэне туроператорлармен өзара қарым-қатынасын реттейтін келісімдер мен өзара шарттардың қатары танымал және олар соңғы кезде кеңінен қолданылуда.
1963 жылы Халықаралық қонақүй ассоциациясы (ХҚА) жэне Туристік агенттіктер ассоциацияларының бүкіләлемдік феде-рациясы (ТААБФ) қонақүй иелері мен турагенттер арасындағы қатынастарды анықтайтын конвенцияны эзірлеуге шешім қабылдады. Нәтижесінде, бүл келісім 1970 жылы Қонақүй конвенциясы ретінде танымал болды. Конвенция келісімге келуші тараптардың міндеттемелерін, конвенцияны қолдану салаларын, сонымен қатар қонақүй келісімшарттары типтерін, оларды жасаудың жалпы жэне ерекше ережелерін, сыйақы мөлшері мен төлеу ретін, сондай-ақ келісімшарттарды жою шарттарын анықтайды.
1979 жылы Қонақүй конвенциясына бірқатар өзгертулер енгізілді және ол Халықаралық қонақүй конвенциясы атауына ие болды, ол 1993 жылы Қонақүйлер мен турагенттіктер арасындағы қатынастар кодексі болып қабылданды және қонақүй өзара шарттарын бекіту барысында қолданылатын болды. Конвенция қонақүй өзара шартын «қонақүй иесіне турагент алдында турагент клиенті болып табылатын саяхатшыға (туристке) қонақүй қызметін (орналастыру қызметін) көрсетуге міндеттілігін білдіретін өзара шарт» ретінде анықтайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.