Рахит ауруы

Главная » Рефераттар » Рахит ауруы

Рахит (мешел) ертеденақ англиялық ауру деп аталып келеді. Өйткені Англияда бес жасқа дейін балалардың 90 проценті рахитпен ауыратын-ды. Сол себепті ертеде, тіпті біздің заманымыздағы әдебиеттерде де рахитты кейде «англиялық ауру» деп келді. Бұл ауруда баланың сүйегінің майысып, бұлшық еттері болбырап, беті домбығып, маңдай сүйегі шодырайып кетуін дәрігерлер аңғара тұрса да аурудың себебін аша алмады. Сондықтан емдеудің тәсілі де көпке дейін табылмады. Рахитты әркім өзінше емдеді. Осы қалай деген дәрі-дәрмектерді сынай келгенде ғалымдар балық майына тоқтады. Балық майын ішкен аурулардың жазыла бастағаны ғалымдарды сүйсіндіре түсті.

Дәрігерлер түрлі тәжірибелер нәтижесіне қарай отырып құнарсыз тамақ ішкеннен «рахит болады» деген қорытындыға келді. Мамандар бұл ауру тапшылық көрген кедейлер арасында жиірек кездеседі дегенге келді. Сонымен қатар «маймақ аяқтар» Англияның бай семьяларында да болатыны байқалды. Бай семьялар ас жағынан тарықпайды ғой, бұл қалай? Олар неге ауырады? деген сұраққа ғалымдар тағы да жауап іздей бастады.

Бұл сұраққа өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдарында жауап табыла бастады. Осы ғасыр ғылымға ірі жаңалық енгізді. Адам өмірі үшін өте құнды заттар — витаминдер табылды. Балық майының қасиеті құрамындағы Д витаминінде екені анықталды. Ауру осы витаминнің кемдігіне немесе жоқтығына байланысты болып шықты. Сөйтсе де рахит проблемасын толық шешудің әлде де күңгірт жақтары болды. Айталық, тағамының құрамында Д витамин бір мөлшерде болып, сапасында көп айырмашылық болмаса да, Англия, Норвегия секілді солтүстіктегі елдер арасында рахит ауруы жиі кездеседі, ал оңтүстіктегі Италияда рахит ауруы жоқ деуге болады. Бұл қалай?

.

Ғалымдар тағы мынаны аңғарды. Кәдімгі сүт, зығыр майы, т. б. табиғи қоректік заттарда рахитқа қарсы тұратын қасиет болмайды екен. Ал осы секілді азық-түлікті пайдаланар алдында күн сәулесінің құрамындағы ультракүлгін сәулеге қыздырсақ, бұлар бойына күшті, емдік қасиет жияды да, рахитты жазатын шипалы емге айналады екен. Бұл қасиет тағамға қайдан, қалай келді? Енді ғалымдар осы мәселені зерттеді. Ультракүлгін сәуле түскеннен кейін әлгі азықтарда Д витамин пайда болатыны ашылды. Міне, бар құпия-сыр осында еді. Күн спектрының құрамындағы ультракүлгін сәуле адам денесіне мол түскенде организмде болатын химиялық реакциямен Д витамин жасалатыны анықталды. Күн сәулесі аз түсетін, солтүстікті мекендеушілер (англиялық, норвегиялықтар) және таза ауасы кем, күңгірт пәтерде тұрушылар арасында рахиттың көптігі, ал күн сәулесі мол онтүстіктегі италиялықтар арасында сирек кездесетіні енді мәлім болды. Сөйтіп ұзақ жылдар жұмбақ болып келген рахиттың себебі Д витаминнің кемістігі екені айқын ашылған. Күнделікті ішіп-жейтін тағамымызда Д витамин жетімсіз болса, организмдегі әк (известь) пен фосфордың бойға сіңуі нашарлайды, қайта сүйек құрамындағы табиғи элементтердің өзі денеден көптеп бөлініп шығады. Соның салдарынан нерв жүйесінің қызметі нашарлайды, сүйектің құрылысы бұзылып, өсуі тежеледі. Осы айтылғандардан рахит жалғыз сүйек қана емес, жалпы организмнің ауруы екені байқалады. Елімізде Ұлы Октябрь революциясынан кейін ірі өзгерістер болды. Халықтың әл-ауқаты көтеріліп, тұрмысы жақсарды, мәдениеті өсті, соның нәтижесінде бірқатар жұқпалы аурулар құрыды, халқымыз аурулардан сақтану әдістерін ұға бастады. Тіпті шалғай жерлерде тұратын аналардың өздері де жас бала үшін таза ауаның, күн нұрының пайдалылығын түсінетін дәрежеге жетті. Олар қыс айларында дәрігердің кеңесін тыңдап, Д витаминді балық майын балаларға беріп тұратын болды. Солтүстік аудандарда, әсіресе қыс айларында, балаларға жасанды ультракүлгін сәуле түсіретін (кварцование) тәсіл қолданылып келеді. Сондықтан рахиттың әсерінен аяқтары қисық, денелері қыңырайған балалар енді сирек кездеседі. Сөйтсе де рахит ел арасында әлі де кездесіп келеді. Ауру балалардың аяқтарын қисайтады, белдерін бүкірейтеді, қарындары қабақтай, бұттарын шидей етіп, денсаулығын бұзады, дұрыс өсуіне кедергі жасайды, организмнің қорғаныш күшін кемітеді. Сондықтан әрбір атаана рахиттың қандай ауру екенін білсе, балалардың денсаулығын дұрыс қорғай біледі, сөйтіп олардың дұрыс өсіп жетілуіне көмектеседі.

Аурудың алғашқы белгілері. Рахит негізінде балалар ауруы. Олардың жайнап өсетін кезеңдерінде рахит үйір келеді. Айталық, ана құрсағына біткен бала бір айда бірнеше миллиметрдей өседі десек, туатын кезеңде оның бойы 50 см-ге дейін, салмағы 1600 гр-ға өседі. Баланың бойы алғашқы жылы 20 см өссе, салмағы үш рет артады. Екінші жылы бойы 10 см.үшінші-төртінші жылдары — 8 см өседі. Ал бес жастағы баланың бойы 100 смге жетеді, яғни туғандағыдан екі есе өседі. Мінеки, рахит осындай бес жасқа дейінгі балаларға үйір келеді. Кесел кейде бала туғаннан кейін көп ұзамайақ басталуы мүмкін. Бірақ алғашқы белгілері бадырайып көрініп тұрмаған соқ атаананың бұл ауруды сезбей қалуы да ғажап емес.

Баланың кеңілсіздігі, мінез-құлқының өзгеруі рахиттың алғашқы белгілеріне жатады. Өткен ғасырдың атақты дәрігері Степан Хотовицкий «Рахиттан баланың сүйегі өзгергенге дейін оның мінезі, көңілкүйі бұзылады, ашушаң, жылауық келеді» деп дұрыс айтқан. Дұрысында жас балалар өзіне тән ойынкүлкіден қалады, жылауық келеді, ұйқысы қашады, түнде шоши береді. Кейінірек, ауру ұзаққа созылған сайын қан тарау жүйесі бұзылғанын дәлелдейтін белгілер де білінеді. Баланың өңі қашады, терісі сұпсұр болады. Бала тамақ үстінде, яки ұйықтағанда терлегіш келеді. Көбінесе баланың басы терлеп, жастығы су болып қалады. Терден кейін дене қыши береді, қасыған жерлері тіпті қызарып, ашиды. Бала басын жастыққа үйкелей бергендіктен желке шашы ұйысып қалады, кейде ол түсіп, желкесі тақырланады, Рахиттың алғашқы белгісіне басжелке сүйегінің жұмсаруы да жатады. Қабырғалар шетінің жуандауы да рахиттың алғашқы белгілері болыц табылады.

Осы көрсетілген белгілерге кезінде көңіл бөлінбесе, бала емделмесе, ауру өршіп, баланы меңдетеді. Денеде минералдық тұздар алмасуы бұзылғандықтан сүйек жұмсайды, майысқақ келеді. Сондыктан бала қаз тұрып, аяқ басып жүре бастағанда жіліншіктері доғадай иіліп, табандары жалпаяды. Кейде жанбас сүйектері де зақымданады. Мұның өзі, әсіресе қыз балалардың болащағы үшін қауіпті. Өйткені жанбас қуысы тарылады, болашақта бала көтеруге, ал бала бола қалғанның өзінде толғақ үстінде түрлі қиыншылықтарға соқтырады.

.

Рахит кейде жақ сүйектерін зақымдайды. Сондьтқтанбаланың тістері сирейді, қисаяды, екі жақ сүйек жымдасып жабылмайды. Бірқатар ғалымдар тістің опырылып, бұзылуын да (кариес) Д витаминнің кемдігінен дейді.

Н. П. Павловтың шәкірті Н. И. Красногорский рахитпен ауырған балалардың орталық нерв жүйесін әдейі зерттеді. Ғалымның қорытындысына қарағанда мұндай баланың ми клеткалары төзімсіз келеді, яғни тез шаршайды екеи. Сөйтіп мидың өзіне тән әкімдік, билегіштік міндетін нашар атқаратындығы байқалды. Рахитпен ауырған балалардың тілі де кеш шығады, ұғымы да нашар боладьк Ауру балалардың көңілсіздігі, босаңдығы, балалар коллективіне қосылғысы келмейтіні де осы ми әрекетінің нашарлауына байланысты. Бірақ рахитты кезінде қолға алып емдесе, орталық нерв жүйесінде дақ қалмай жазылып кетеді.

Бала бойшаң, өскелең болса, организмнің Д витаминге мұқтаждығы да артады. Мінеки, баланың тез өсуінен барып организм Д витаминге мұқтаж болады да, рахитпен бір жасқа дейінгі балалардың ауыратыны сондықтан. Бірақ рахит ересек балаларда да кездеседі. Өйткені жас кездегі рахиттың қалдықтары есейгенде ауырған әр түрлі жұқпалы аурулардан және тұрмыстың нашарлығынан да білініп отырады.

.

Рахиттан сақтану. Жаңа басталған рахит сәбилерді онша қинамайды. Сондықтан олардың атааналары да оған көңіл бөлмейді. Бірақ рахит бала денесінің қорғаныш қуатын әлсіретеді, басқа ауруларға шалдықтыра береді. Мұндай кезде кездескен ауру баланы бірден жығады, организмін қажытады. Мәселен, рахитпен ауыратын балалар арасында дизентерия ауруы жиі кездёседі. Өйткені рахитта асқазанның бөліп шығаратын ас қорытқыш, ферменттері сансапа жағынан кеміп, яғни уыттағыш қасиетін темендетеді. Мұның езі жүқпалы микробтардың асқазан жүйесінде емінеркін өсіпенуіне қолайлы жағдай туғызады. Рахит ауруында қанмен тараған микробтар уын зарарсыздандыратын бауыр қызметі де нашарлайды. Соның нәтижесінде дизентерия қатты басталады: құстырады, тәбетін жояды, балаларға өкпе қабынуы да (пневмония) үйір келеді. Ал бұл кеселдің өзі де сәбилер үшін өте қауіпті, ол енді рахитпен қосылған соң сәбилерді аяусыз күйретеді, тіпті өміріне қауіп туғызады. Өйткені рахитта организмдегі газ (оттегі) алмасу процесі бұзылады, сәбидің тынысы тарылады. Кейде сәбиге жаңа жұққан басқа аурулар оның ескі рахитын қоздыруы да мүмкін. Сондықтан рахиттан балаларды алдын ала сақтаудың, егер ауыра қалса, мезгілінде жете емдетудің маңызы өте зор. Балаларды рахиттан қалай сақтауға болады? Рахиттан сактану шаралары аурудың алғашкы белгісін күтпей-ақ, тіпті бала жарық дүниеге келмей, ана кұрсағындағы кезінде басталуы керек. Болашақ баланын денсаулығы үшін екіқабат.кезінде ана балық майын немесе дәрігерлер кеңесімен Д витаминін қабылдауына болады. Бұл кеңес, әсіресе қыстың екінші жартысында екіқабат болған әйелдер үшін ете пайдалы. Одан соң болашақ ана баланы емшек сүтімен асырауға дайындалсын. Өйткені қолдан берген тамақ емшек сүтіндей бойға сіңімді келмейді. Оның үстіне ана сүтінде бала сүйегінің өсіп қатаюына қажет кальций, фосфор секілді микроэлементтер ү.немі бір мөлшерде болады және организмі витаминге онша ашықпайды. Ана сүтінсіз, тамақпен асыраған балалар рахитқа шалдыққыш, олардың іші бұзылғыш келеді, соның салдарынан Д витамин бойға толық сіңбейді.

Жаңа туған баланың организмінде алғашқы кезде анадан ауысқан Д витаминнің коры болады, бірақ ол қор туғаннан кейін ұсталып, тез сарқылады. Сондықтан баланың күнделікті тамағына Д витаминді дәрігердің көрсеткеніндей қосып отыру керек. Алты айдан бастап балаға күніге жарты шай қасық, жұмыртқа сарысы берілсе, оны біртебірте өсіріп, бір жұмыртқаның сарысын тұтастай беруге болады. Алтыжеті айдан бастап бала тамағына жақсы үгілген бауырдан (құстікі немесе бұзаудікі жаксы) жұмасыиа бірекі рет бір шай қасықтан қосып беруге болады. Ана сүтіне қосымша тамақ жалғыз ботка ғана болып қоймасын. Овощ, сорпа, үгілген овощтар мен жемістер де аралас берілуі қажет. Өйткені өсімдік тағамдарда кальций, фосфор көп. Дәрігердің кеңесімен балык майын ішкізу де рахиттан сақтайды.

Әрине, тағамға қосып берген Д витамин организм мұқтажын толық өтемеуі мүмкін. Сондықтан бала организміндегі табиғи витаминнің іске кірісуіне жағдай туғызу керек. Оның үшін бір ғана шарт керек, Ол — күн сәулесі. Күн спектірінің толқын ұзындығы әр түрлі сәулелері бар. Айталық, олардың бірқатары бөлменің терезе әйнегінен өте алмайды. Мұндай үйге жарық мол түссе де, ондағы бала рахитпен ауруы мүмкін. Сондықтан сәби туған соң бір жұмадан кейін оны таза ауада мезгілмезгіл қадыртқан пайдалы. Тіпті күн сәулесі нашар түсетін қысты күндері де баланы жылы орап, бетін бүркемей қыдырту рахиттан сақтайды. Қысқасы, рахиттан сақтайтын шаралар қиын емес, ниет болса, бәрі де қолдан келеді. Саналы ата-ана осы кеңестерді ұқыппен орындаса, балаларын рахит секілді аурудан аман өсіретініне күмән жоқ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.