Рак ауруы

Главная » Рефераттар » Рак ауруы

1334657649_rak3Рак ауруы дүние жүзі халықтары арасында соңғы кезде жиі кездесіп отыр. Америкада 1900 жылы әрбір жүз мың адамның 64-і рактан өлсе, соңғы жарты ғасырда ол 150-ге жетіп отыр. Москвадағы Онкологиялық институттың мәліметіне қарағанда Совет Одағында ракпен ауырғандардың саны кемігенін көреміз. Халықтың хал-ақуалының жақсарып, мәдениетінің өрлеуі, онсын елімізде рак ауруына қарсы күрес жалпы мемлекеттік іске айналғаны ракпен ауруды кемітіп отыр. Рактан алдын ала сақтану шаралары кең жүргізілді, ондай аурулы адамдарды ауруханаларда емдеу ісі күшейтілді. Дегенмен, рак ауруының салмағы басқа аурулармен салыстырғанда әлі де болса басым.

Рак — қауіпті ауру, өйткені рак жабысқан клетка өте тез «көктейді» де, айналасындағы тканьдарға, ағзаларға жайылып кетеді, қысқа мерзімде қан тамырлары арқылы да тұқымын мүше-мүшеге таратып, ұялайды, денені уландырып, оның арқауын ыдыратады. Науқастың дәрігерге ауруы абден асқынған кезде келетіні — рактың тез жайылуын аңғармай қалғандығы. Асқынған рактан емдеп жазу өте қиын. Тегінде ракты емдеп жазудан гөрі одан алдын ала сақтану оңай.

Рактан сақтану жөнінде соңғы кезде ғылым көрнекті табысқа жетті. Ғасырлар бойы жан-жақты зерттеліп жииалған қорытындыға қарағанда, рак сау ағзада өспейді. Адам денесінде ертеден келе жатқан созылмалы, кезінде емделіп жазылмаған түрліше жара-жарақаттар ракқа негіз болады. Ағзалардағы осы ақауларды «Рак алды — хал» деп атайды. Сондықтан ракқа қарсы күрес-тің ең күшті шараларының бірі — халықты жаппай ме-дициналық тексеруден өткізіп, рак қауіпін туғызатын ақаулар табыла қалса, оларды алдын ала емдеу. Рак секілді етек алып, көбірек жайылған қауіпті аурудан сақтануда әрбір азаматтың нақты жәрдемі тимесе, ме-дицина қызметкерлері тиісті шараларды өздігінен жүргізуі қиын. Олай болса, біз осы кеңесімізде адам ағзасында жиі кездесетін, түбі ракқа ұшыратады деген, кейбір күдікті созылмалы жара-жарақаттар жайлы айта кетейік.

.
.

Басқа ағзаларға карағанда рак теріде жиі кездеседі. Оның өзі адамның тұрған жерінің, ауа райы мен халықтың әдет-ғұрпына байланысты. Мысалы, Американың Оңтүстік штаттарындағы халықтар арасында, тері рагі жиірек кездеседі. Мұнда ыстық күн сәулесі мен ыстық аңызақ жел теріге зиянды әсер етеді, Сондықтан да бұл елдерде тері рагінен жылына 3 мыңнан аса адам өледі.

Ал Үндістанның Кашмирдегі халықтары арасында рак іш және сан терілеріне үйір келеді, себебі ондағы адамдар оттың шоғын құмыраға салып, іштеріне жәнесанда-рына басып жылынады, сонда кейде тері күйіп қалып, жазылмайтын созылмалы жараға айналып, ракқа қолай-лы жағдай туады. Түсі, көлемі тез өзгерген түрліше сүйелдер мен қалдарды немесе жазылмай ұзақ жүрген жаралар да қауіпті. Денедегі ондай жараларды салақ-сынбай, кезінде емдеп жазу қажет.

Орта Азия халықтарының насыбай ататын әдеті бар. Сондықтан да оларда рак еріннен басталады. Африка негрлерінде бауыр рагі көп. Әдетте негрлер тамаққа сүт пен майды пайдаланбайды, ұлттық тамақтары бауырға жағымсыз болғандықтан, оған зақым келтіреді. Содан рак ауруының басталуына тікелей жағдай туады.

Жерлері салқын Якутия мен Қарсл-Фин АССР-і халықтары арасьінда рак өңеште жиі кездеседі, оны қазақ-ша «қылтамақ» деп атайды. Халық суықта тоңып, бой жылыту үшін тамақты өте ыстықтай ішеді. Қазақ хал-қында да қылтамақ жиі кездесіп жүр. Оның өзі ыстық шайды өңешті күйдіре ішкеннен болуға тиіс. Оның үсті-не табақтас болғанда туралған етті шала шайнап, түйіле жұтатындар да аз емес. Мұндай жағдай өмірде жиі кез-десе беретіндіктен күйген өңешті зақымдағыш келеді. Оның ақыры жараланып, қылтамаққа шабуы ғажап емес. Егде кісілердің көбінесе тістері бүтін болмайды. Олар таба нан, бауырсақ, ет, құрт, ірімшік секілді қат-қыл тағамдарды жұтқанда жараланған өңешті зақымдай беруі мүмкін. Қейбіреулерде жасанды тіс бар, қолайсыз орнатылған жасанды тістер де тамақ шайнағанда тілді, ұртты қажап, жарақаттай береді. Егер сол жарақаттар кезінде емделмей, созыла берсе-, түбі ракқа шаптыратын ойылған жараға (язваға) айналады.

Темекі шегушілер мен етікшілерде рак ерінге көбірек үйір болады. Өйткені өнебойы қыздырған шылым еріннің жұқа астарын күйдіріп, жазылмайтын жараға айналды-рады. Етікшілердің де шегені тістегендіктен еріндері қажалып, жараланады. Сондықтан ауыздың жараларын уақтылы емдеткен жөн және жаралайтын әлгіндей зиянды әдеттерден қашу керек. Шықшыт, иек және мойын қапталдарындағы кейбір домбыққан, іскен бездерді де емдетпей соза беруге болмайды. Тамақтың қарлығуы және құрғақ жөтел уақытылы кетпесе, оларды жете тексерту керек.

Қарын рагі әйелдерге қарағанда еркектерде жиі кездеседі. Өйткені еркектер ішімдікке уйір келеді. Арақ асқазанньің астарлық ішкі қабығын қуырып жұқартады (катар), кейде ісіндіреді (полип). Сол қабыну мен ісінуді мезгілінде емдетпесе, түбінде ракқа айналады. Мұндай адамдарға арақты тастау таптырмайтын ем.

Қарын рагі жасы ұлғайған адамдарда жиі кездесетіндіктен қарт адамдар оны «ыңқыл-сыңқыл» ғой деп аурудың емдеу мерзімін өткізіп алады. Адамның себебсіз арықтап жүдеуі, іші шаншып ауруы (ауру адамдардың 85 процентінде) жүрек айнып кұсу, тамаққа тәбеті тарт-пауы, жұтқыншақтан астың түйіле өтуі сияқтылар қарып рагі, не қылтамақ-емес пе деген ой туғызуы тиіс.

Қарын және өңеш рагі тамақты, әсіресе шай мен сорпаны тым ыстық ішетін кісілерде, араққорларда жиі кез-деседі. Мұндай адамның қарнының ішкі қыртысы, өңеш қабығы күйіп, жараға айналады, ақыры емделмесе ракқа соғады. Соидықтан асқазанда немесе өңеште білінген ауруды алдын ала, тез емдеткен жөн. Бәрінен бұрын тамақты белгілі тәртіппен, асықпай, әбден шайнап жұту керек. Ішкілікті қойған жөн.

Өндірістен шығарылатын азық-түліктерді көркемдёу үшін оларға қосылған түрліше бояулардың ішінде рактың өнуіне себепкері де болады. Америкада сондай 19 түрлі бояудың рак туғызатыны анықталған. Бояу затта-ры, әсіресе кондитерлік өндіріс орындарында көп пайда-ланылады. Жуырда Қанада үкіметі Флоридадан (Америка) әкелінген апельсинді сатуға тыйым салды, өйткені ол рак ауруына ұшырататын сары түсті затпен боялған болып шықты.

Америкада халыққа өте керекті, өтімді дәрі-дәрмектерді әдемілеп бояйды екен. Бояуларды зерттегенде көпшілігі организмге зиянды, тіпті рак ауруына ұшырататыны анықталып шықты. Адам өміріне аса қауіпті рактың түрі— өкпе рагі. Соңғы жылдардың мәліметіне қарағанда Америка меи Англияның өнеркәсіпті ірі қалаларында өкпе ауруы өріс алған көрінеді. Әдетте ірі қалалардың фабрикалары мен заводтарының тұтіндері ауаны ластайды. Ауаға араласқан әлгі түтін, шаң және машина газы қала халқының өкпе рагімен ауруына басты себеп болады. Нью-йорк сияқты үлкен қаланың әрбір шаршы метріне сағат сайын 18 грамдай түтін, күйе, газ, шаң-тозаңы конады, олар-ды тексергенде ішінде рактың шығуына әсер ететін канцероген және бензпирин секілді зәрлі заттар бары ашылды.

Өкпе рагі 30 жасқа дейінгі адамдарда өте сирек (жүз мың адамға үш адам) кездессе, ал 60—65 жастағы адамдарда өте жиі (жүз мың адамға бір жүз он адам) кездеседі. Оның себептерін зерттегенде темекі тартқан-дардың ондай әдеті жоқтардан өкпе рагімсн 52 есе артық ауьіратыны байқалды. Ал темекіні 25 жылдың ішінде күніне І0 данадан тартқандарда рак темекі тартпайтын-дардан 11 есе жиі кездеседі. 50 жасқа толған 200 темекі тартпайтын адамның өкпе рагімен тек біреуі ғана ауырса, ал осы жастағы темекі құмарлардың 8-нен біреуі, яғни 25 есе артық ауыратыны анықталды.

Ғылымның арнаулы тексеруіне қарағанда сигарет, па-пирос тартқанда олардың түтігі ұшындағы қызуы 650— 750 градусқа, ал мүштек ішінде 500 градусқа дейін же-тетіні анықталды. Сигареттің мүштектегі қарамайында ракқа ұшырататын бензпирин, фенол және басқа да зияндьі химиялық заттар болатыны дәлелденілді. Темекі түтіні адамның бронхы түтіктеріне аз-аздап жиналады, көбейген сайын олардың ішкі сілекейлік астарын қабындырып (метанлазия) ісіреді.

Жылма-жыл қайталай берген тұмау-сүзек ауруы да ракқа негіз салады. «Әй, тәйір-ай тұмау ғой, жазы-лар» — дей салу қате. Сәл түшкіріп басталғанмен мезгі-лінде емделмесе, тұмау да асқынып, өкпеге шабады. Сөйтіп өкпе тканьдарында, кеңірдек бұтактарында ракқа соқтыратын ірі өзгерістер туғызуы ғажап емес. Сондықтан тұмау-сүзектен сақтану үшін денені шынықтыра берген жөн. Ауыра қалған күнде дереу дәрігерге көріну керек. Сонда ғана тұмау-сүзекті асқындырмауға болады.

Әйелдерде рак көбінесе емшекте болады. Әуелі ол емшек ішінде ауырмайтын түйін түрінде белгі береді. Түйін жанға батпаған соң, әйел оған көңіл бөлмейді. Дұрысында 18—20 жастан бастап әрбір әйел айына бір рет емшегін ұстап байқауға тиіс. Емшектің ішінен қатқыл түйін білінсе де, немесе сыққанда емшек ұшынан қан тәрізді сұйық нәрсе тамса да тез дәрігерге бару қажет.

Әрбір адам медициналық ережелерді бұлжытпай орындауға, әр тұрлі жаракаттардан сақтануға, жара-қаттар пайда болса, дереу дәрігерге барып емделуге тиіс. Біздің елімізде рак ауруына қарсы күресу бүкіл халықтық іске айналып отыр. Үлкен қалаларда, өндіріс орындарында санитарлық тәртіп пен ауа тазалығын мұқият сақтау мәселелеріне үкімет пен партия ерекше көңіл беліп келеді. Соның нәтижесінде жұмысшылар мен қала халқы арасында рак ауруы жыл сайын кеміп барады.

Рак дене мүшелерінің бәріне де үйір. Бірақ ол жоғарыда аталған органдарда жиірек (80 проценті) кездеседі. Сондықтан әрбір азамат рактың пайда болатын жолдарын жете түеінсе, өздерінің күнделікті жұмыстарында ракқа жол беретін ұнамсыз жағдайларды болдырмауға тырысса, ауыратын адамдар саны шұғыл кемиді.

Ракты емдеу — қазір ғылымдағы қиын проблема-лардың бірі, өйткеиі қатерлі ісіктердің пайда болу себебі әлі белгісіз. Екіншіден, рак ісіктері басында адамның өзіне де білдірмей өсіп, бойға тез жайылып кетеді. Дегенмен ерте танылған ракты үш түрлі әдіспен: химиялық препараттармен, хирургиялық әдіспен және сәуле күшімен емдеуге болады.

Рактан науқасты дәрі-дәрмекпен емдеу соңғы кезге дейін үмітсіз болып келіп еді. Соңғы кезде кейбір органдарда өскен рак түрлерінің бірсыпыра дәрілерге төтеп бере алмайтыны аныкталды. Мысалы, емшек рагі, предстательдік және жатыр бездері (яичник) ісіктері гормональдық дәрілермен емдесе, ұлғаймайды. Лимфо-грануломатозды (без ісігін) және миэлойдтық лейке-мияны (қан өндіретін органдарда өскен ісігін) депон дәрісімен, ал тұқымдық (яичка) бездің қатерлі ісігін жә-не саркомалық ісіктерден сарколизин дәрісімен адамдар жақсы емделе басгады. Ал тері рагін омаин дәрісімен емдейтін болды. Бұған қарағанда рактың түрлері қанша көп болса, олардан ауырған адамдарды емдейтін дәрі түрлері де сонша болуға тиіс. Барлық орган рактарын бір-екі дәрімен емдеу мүмкін емес. Бірақ ракті химиялық әдіспен емдеудің болашағы жоқ деп, күдер үзуге болмайды. Ғылымның рак ауруын келешекте жеңіп шығатынында күмән жоқ.

Қазіргі ғылым тұрғысынан қарағанда ракты хирур-гиялық әдіспен тамырымен қоса сылып тастаған жақсы нәтиже береді. Біз рак ауруына операция жасатып, жазылған бір адамды сөз етпекпіз. Жұмыс күні аяқталған кез ‘еді. Орта жасқа келген бір адам жымия күліп келді де, бізге қол беріп аман-дасты. Өңінде мейірбандық, шексіз қуаныштың реңі бар. Танысып та қалдық. Бұл адам өткен жылы қатерлі ауруға душар болыпты. Қою тамақ өңешінен жұрмей қалыпты. Дәл осы халінде ол клиникаға түскен. Қылта-мақ екен, дереу операция жасалды. Аз күннен кейін, ол айығып, колхозына қайтты. Бұл жолы клиника дәрігерлеріне рахмет айта келген көрінеді. Қазір еш жері ауырмайды, көңілі шат, оған бәріміз де қуанып қалдық. Мұның өзі кейбір жерлерде қылтамақты емдеуге болмайды деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Асқындырмай, мезгілінде емдесе ракты жазуға әбден болады. Бі-рақ асқындырмай келу науқастар арасында әзірге сирек кездесіп жүр. Ісік сыртқа теуіп, ауру жанға батқанда ғана операциялауға келу көбінесе кештік етеді. Асқын-ғанда рак ауруының тұқымы қан арқылы бойға тара-лады, операциялаудың қиындьіғы міне осында.

Соңғы кезде ракты сәулелік әдіспен емдеу өріс алды. Бұл әдіс, әсіресе теріге шыққан рак пен тері астындағы ағзалардағы ісікті емдеуге өте қолайлы. Тері рагінде сәуле күшімен емделгендердің 90 процентіне дейіні жазылған. Ішкі органдарда пайда болған рак ауруына сәуле күшін пайдалану қиын, өйткені оларға жіберілген сәуле жолындағы сау тканьдарды бұзып, күйдіріп жіберуі де мүмкін. Органдағы ракты асқындырмау үшін төмендегілерге көңіл бөлінсін. Егер тамақ жұтқыншақта кідірсе, немесе жұтқанда адам түйілетін болса, өңеш рагіне күдік. Ондай адам дәрігерге тоқтаусыз көрініп, тексертуі қажет. Адам ұстамалы түрде оқтын-оқтын құрғақ жөтелсе, кейде қан қақырса, ентіксе, бүл белгілер ұзаққа созылса, өкпе рагіне күдік туады. Онда уақыт өткізбей, дәрігерге қаралып, аурудың себебін тез анықтату керек.

Қарын рагінің 60—70 проценті 40 пен 59 жас арасындағы, 15 проценті — 60 және одан жоғарғы жастағы адамдарда кездеседі, ал 30 бен 40 жас арасындағы адамдарда аз болады. Адамдардың орта жастан асқан-да ас қорытуы бүзылып, емдегенде тез жазылмаса, оның үстіне жүдеп, қаны аз-айса, дәрігерге мұқият тексерілуге тиіс. Әсіресе, қарында немесе ұлтабарда ескіден келе жатқан ойық жаралы ауруы (язвенная болезнь) бар адам өте сақ болуға тиіс.

Ішек қызметінің ұдайы бұзылуы яки іш қуысында томпайған түйін (ісік) байқалуы, үлкен дәретке қан араласуы және адамның себепсіз қаны азаюы, тоқ ішек рагі емес пе екен деген ой тудыруға тиіс. Адамның несеп жолынан, жыныстық жүйелерінен бұрын болмаған заттар көріне бастаса және қан ақса, рак емес пе деген күдік тууы заңды.

Ерлі-зайыпты адам жақындасқаннан кейін қан келсе, не етеккір мезгілсіз басталса, тіпті әйелдің климактериялық (45 жастан асқан соң етеккір бітуін) кезінде келсе, жыныстық жолынан бөгде заттар бөлінсе, кідірмей әбден тексерілуі керек. Сол секілді несеп жолынан да күтпеген жерден несепке қан араласып (гематурия) шықса және бұл қанның көрінуіне өзге себептер болмаса, рак емес пе деген күдік туады. Ондай адам кідірмей уролог маманға көрінуге тиіс.

.

Дененің қай жеріне шықса да жазылмай ұзаққа созылған ойық жаралар; қажалып, түсі мен көлемі тез өзгере түскен сүйел немесе қал; емшек безінде, тілде және басқа жұмсақ тканьдардың ішінде, сол сияқты дененің өзге мүшелерінде өскен, бірақ жанға батпай немесе сәл ғана ауыратын түйіндердің болуы ракқа күдіктендіруге тиіс.

Академик И. П. Павлов адамның әрбір мүшесінің әрекетін билеп отыратын нервтер, оның орталығы ми шеңбері екенін дәлелдегенді. Егер адамның миы тынымсыз ауыр жұмыс істесе, қатты қайғы-қасіретке ұшыраса, нерв жүйелері қызметін атқара алмайды. Мұның өзі түрлі аурулардың, әсіресе рак ауруының пайда болуына мүмкіндік туғызады. Сондай болып өлгеіғ адамды қазақ күйіктен өлді дейді, Сондықтан адам нерв жүйелерін күтуі керек. Оның үшін күнделікті еңбегіміз, жұмыстан. кейін тынығуымыз, адамның мәдени тілектері, дене шынықтыру істері белгілі тәртіппен ұйымдастырылса, орта-лық нерв жүйесін зақымдардан сақтауға болады.

Сөйтіп советтік медицинаның соңғы табыстары адам өміріне аса қауіпті — рак ауруын жоюға болады дейді. Мұның негізін, яғни рактан алдын ала сақтануға болатынын көрнекті ғалым, Социалистік Еңбек Ері Н. Н. Петров айтқан еді. Медицина ғылымының соңғы жылдардағы табыстары профессор Гіетровтың жорамалдарын іс жүзінде дәлелдеп отыр.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.