Құран және оның фәлсафа дамуындағы рөлі

Главная » Рефераттар » Құран және оның фәлсафа дамуындағы рөлі

Құран фәлсафаның бастауы және алғышарты. Гректердің бастауды іздестіруі де түпнегізді табумен байланысты болатын. Бірақ ислам интеллектуалдары үшін бастау исламда, Құранның мэтіндерінде еді. Рухани надандық — джахилийа дэуірі түтастықтың, бірліктің болмауымен рекшеленетін. Құрандағы концептуализм бүкіл онтологиялық жэне экзистенциалдық болмысты Таухид (Бірлік) үғымымен белгіледі жэне бүл басты ислами ниетті жэне адамзат тарихының мәнін білдірді.

Құранның түжырымдамасы Мұсылмандық Ортағасыр әлеміндегі элеуметтік, гуманитарлық, саяси, құқықтық, философиялық, этикалық, ғылыми, эстетикалық, теологиялық рефлексияның негізін қалады. Ортағасырлардағы фәлсафа немесе философия тарихты, адамгершілікті, адам онтологиясын түсінудің құрандық парадигмасы аясында дамыды. Құрандық мэтіндердің міндеті адамды Құдайдың баянына үйрету болатын. Құран герменевтикасындағы түсіну шарасы тыңдау ретіндегі түсінуді, сабыр ретіндегі түсінуді, жазмыш туралы, ілім туралы, адамгершілік парыз туралы, қайырымдылық пен адамның дүние мен қоғамдағы адамгершілік рөлі туралы аяттарды зердемен пайымдау ретіндегі түсінуді білдірді.

Құран мәтіндері бойынша адамның міндеті — бұл қайырымдылық пен төзімділік көрсету міндеті. Осы екі нэрсе бүгінгі біздің «постмодернистердің» түсіне де кіріп шықпаған мәндер мен мағыналарға толы. Бүл Ұлы Мәтінді қалай оқу керек, оны қалай пайымдауға болады, Құдайдың Сөзіндегі түсіну шарасын өзара сүхбат шарасына қалай айналдыруға болады? Бүл адамның ақыл-ойын жаулап алған мэселелер. Оның үстіне, біздің зерделі түсінуіміздің шектері қандай? (Бүл Кант заманынан элдеқашан бүрын айтылған). Алдын ала жазылған өмірде өз өміріңнің мәнін қалай айқындауға болады? Барлық осы сүрақтар Құранда қойылды, айтылды. Ортағасырлық мүсылмандықтың барлық рухани, интеллектуалды күштерінің өкілдері аса күрделі сүрақтардың жауабын іздестіре бастады. Адамның үміттері мен күдіктерін іздестірудің, эр алуан дискурстардың кезеңі осы кез болатын.
Сонымен, Құранда Ақиқат айтылды, ендігі жердегі барлық рефлексия соны түсінуге бағытталады. Исламның пайда болуымен философиялық шындықты іздестіру бас-талды. Ортағасырларда басталған аудармалардың ұлы дэуірі ерекше философиялық жэне ғылыми ойдың пайда болуына ықпал етті. Ортағасырлардың мұхылмандық ойы элемдік мэдениетте, рухани қажеттіліктерді жетілдіруге негізделген адамзаттық ойлаудың жаңадан жаңғыртылған бейнесін даярлауда үлкен рөл атқарды.

.

Араб-мұсылман мэдениеті аясындағы адам түлғаретінде екі анықтамаға сәйкес көрінді: 1. Құдайға бағынған адам және 2. Шығармашылық түлға. Бүл екеуі де Жаратушы ретіндегі Құдай тусінігінен бастау алады. Құдайға бағынышты бола отырып, шығармашылық жасауға бола ма? Шығармашылық тұлғаның мәні дэл осы тұста жатыр — Құдіреттің шабыттандыруынсыз шығармашылықпен айналысу мүмкін емес. Мұсылмандық Ортағасырлардағы адамның шығармашылық белсенділігі ерекше қуатты жэне элемдік өркениетте теңцесі жоқ болды. Мұсылмандық мэдениеттің шығармашылық белсенділігін батыстық мэдениеттің өкілдері де объективті түрде мойындап отыр. Мысалы, орыс зерттеушісі ГТ.П. Гнедич былай дейді: «Көптеген араб ғалымдары артына топографика, статистика, философия, фармакопея, химия, хирургия, астрономия бойынша шығармалар қалдырып кетті. Біздің сөздіктердің өзі араб терминдеріне толы, арабша атаулар осы күнге дейін дэріхана саласында өте көп қолданылады, арабтар медициналық практикаға күйдіруші құралдар мен хирургиялық жабдықтарды енгізді.

Еуропада сырқаттанған адам көнеден қалған емдомдарға жүгініп, содан сиқырлы ем күтсе, араб ең алдымен дэрігердің көмегіне сүйенді. Әйелдерге деген нэзік қатынас арнайы эйел-дэрігерлерді оқытуға итермеледі. Бізде арабша деп аталып жүрген цифрларды арабтар үнділіктерден алды, сөйтіп 10 саннан құралған арифметиканы түзді. Рим және грек цифрларымен арифметикалық есептер шығарудың күрделі механизмінен кейін санақтың бұл жүйесі математиканы дамытып жіберді. Сауда істерінде де ол өте қолайлы болды. Ақырында, арабтар алгебраны ойлап тапты, онсыз математикалық талдау мен ғылымның қолданбалы салалары бүгінгі деңгейіне жете алмас еді.

Бүкіл католиктік еуропада жер тегіс беткейлі деп есептеліп, оның шар тәрізділігі діннен ауытқушылық деп саналғанда, арабтар өз мектептерінде глобусты пайдаланды, ал Альмайон Қызыл теңіздің жанындағы градусты өлшеумен жер шарының көлемін анықтады. Арабтар астрономия бойынша өз зерттеулерінде аспан элемінің барлық түкпіріндегі жүлдыздардың атауын жазды. Аспанның глобусына көз салсақ, олардың бұл салада қаншама іс тындырғанын аңғару қиын емес».

Исламның пайда болуымен рухани және материалдық мәдениеттің осыншалықты гүлденуі қалайша жүзеге асты? Діннің пайда болуымен мүлдем ғылым емес, тек адамгершілік нормалар ғана жетілуі тиіс еді ғой. Бұл исламның сенім мен ақылды бір біріне қарсы қоймауымен байланысты.

Христиандық пүтқа табынушы құдіретті Риммен күресте пайда болды, ал Римде «рационалды рухсыздық» үстем еді. Риммен күрес, өз мэнінде, өмір мен сананың тым рационалданған формаларымен күрес болды және Римге сезімдер мен мейірімділік керек еді, Егер христиандық жансыз, рационалды Римді күлату үшін пайда болса, ал ислам тарыдай шашыраңқы пүтқа табынушылық элемді қирату үшін емес, оның бытыраңқылығын жойып, біріктіру үшін пайда болды. Исламға дейінгі наным-сенімдер өмір мен өмір сүру тәртібінің қандай да бір рационалдық түжырымдамасынан ада болатын.

Исламның өкілдері ғылымның, өңердің, философияның дамуы сенімді жояды деп қауіптенбеді. Керісінше, ислам біртүтас мәнді іздеуге ықпал етті, оның үстіне, әр алуан ғылымдардағы ізденістер Жаратушының даналығын тануға ықпал ететін міндеттерді шешуге жағдай жасады. Ғылымдарда ашылған жаңалықтар дінге қарама қарсы қойылған жоқ, керісінше, күдіретті заңдылықты дэлелдеп отырды. Араб халифатының басшысы — халифтың рухани жэне зайырлы билікті бір қолда үстағанын айта кету керек. Зайырлылық пен діндарлылықтың бүл бірлігі илаһи және дүнияуи тірліктің зерделі қосындысын білдіріп Араб халифаты қоғамының өзінің мэнін құрады.

Бүдан біраз уақыт кейін биліктің дағдарысы орын алды, қайшылықтар қоғамдағы осы бірліктің негізін шайқалтты жэне адам тағы да аспан мен жердің арасында шабыла бастайды. Мұның барлығы Ұлы Араб халифатының ыдырап жойылған түсында, халифаттың соңғы тірегі — Гранада құлап, өз сарайын еш бүлдірместен жэне сонысымен христиандарға өз мэрттігі мен сезімталдығын көрсетіп, сүлтан Боабдил Жер бетіндегі жүмақты бейнелейтін атақты Альгам-браның кілтін тапсырған кезде орын алады. Ал оған дейін Тәңірге деген сүйіспеншілігі мен құштарлығын сақтаган, рухани жэне физикалық күшке толы адамдар дүниені, заттар элемі мен рухтар әлемін таниды және құрастырады.

Бүкіл адамзат үшін Құранның маңызы соншалықты зор, даналыққа толы бұл қазынаға деген ризашылық сезімді жеткізе алатындай сөздер табу қиын. Құран Аллаһтың Жәбірейіл періште арқылы Мүхаммед пайғамбарға түсірген аяны болып табылады. Жаратушы тағала өзінің сүйікті пайғамбары арқылы элемге оның өмір сүруінің мәнін аңғартты.

Құран 114 сүреден тұрады, ал эрбір сүре, өз кезегінде, аяттардан (айа — араб тілінен аударғанда аян, сақтандыру, ескерту дегенді білдіреді) қүралады. Сүрелер Мүхаммед пайғамбардың қызметіне қарай екі кезеңге бөлінеді: меккелік жэне мединелік.

Мүхаммед пайғамбардың жеткізген илаһи сөздері адамдардың жүректерін тербеді. Меккеде түскен кейбір сүрелерден үзінділер келтірейік: «Егер жер бетіндегі барлық ағаштар жазылатын қағаздарға айналып кетсе де, жэне мүнан кейін бүл теңіз жазу сиясының жеті теңізіне айналса да Аллаһтың сөздері қайта жазылмайды». Немесе «… Жаратушың сені тастап кетпейді де жек көрмейді де. Сен үшін болашақ бүгінгіңнен жақсы. Раббың сені жарылқайды, және сен рақатқа бөленесің. Ол сені жабыққан жеріңнен тауып, мейіріміне бөлеген жоқ па? Ол сені адасқан жеріңнен тауып, тура жолға салған жоқ па? Ол сені кедейліктен тауып, байытты емес пе? Міне сондықтан жетім-жесірді жәбірлеме, Өзіңнен айқайлап қума, Аллаһ разылығымен мейірім көрсет!».

Құран мүсылман ойының барлық ағымдарына — кәламға, философияға, исламдық мистицизмге, эдебке зор ықпал етті, оған қоса Құрандық білімнің шеңберінде мұсылмандық құқықты білдіретін фыкһ пен Құран мәтіндерін түсіндіру туралы ғылым — ілім-әт-тәфсир (тәпсір) пайда болды. X ғасырдың соңына қарай исламда иджаз деп аталатын Құранның теңдессіздігі және абсолютті кемелдігі туралы классикалық тұжырымдама пайда болды жэне бұл Құ-дайдың абсолютті кемелдігі мен даналығы туралы тұ-жырымдамаға ықпал етті. Мұхаммед пайғамбар мединелік кезеңде нағыз шынайы діннің — Ыбырайым пайғамбардың ұстанған діні екендігін түбегейлі көрсетіп береді. Ыбырайым пайғамбардың өзі негізгі үш келбетімен көрінеді: 1)тірі ханиф дінін ұстанушы;

2)  Қүдайға қүлшылық қылудың үлгісін танытушы; 3) Құдайға деген шексіз сүйіспеншіліктің иесі. Ыбырайым пайғамбардың арасында адамдарға құрбандықтың мәнін алғаш түсіндірген жэне жеке жауапкершіліктің үстынын қалыптастырған пайғамбар еді. Меккелік «Ыбырайым» деп аталатын 14-сүренің барлық 52 аятында исламның негіз құраушы категориялары ретінде «сүйіспеншілік» пен «бағыныштылық» ұғымдары айтылады.

.

Құранның мэні туралы ғылым — ілім-Құран-эт-тэфсирдің көпғасырлық ислам тарихы бойында өмір сүріп келе жатқаны мэлім. Біздің заманымызда да қазіргі тэфсирлер бар. Осыған орай 2000 жылы Каир қаласында араб жэне орыс тілінде жарыққа шыққан (Вакуф министрлігі. Ислам істері жөніндегі Жоғары Кеңесі) «Әл-Мунтахаб фи Тафсир эл-Қүран эл-Карим» — Қасиетті Құранның түсіндірмесін атап өтуге болады. Доктор Мұхаммад Саийд Тантауи мен доктор, профес-сор Махмуд Хамди Закзуктың жазған алғы сөзінде тэфсирдің нақты міндеті — Илаһилық пен адамилықтың көріністерінің алуан түрлілігі мен бірлігі арқылы Құдай мен адам қатынастарының ақиқатын көрсету міндеті айқындалады. Қүрметті доктор Тантауи былай деп атап өтеді: «Тэфсир бұл Қасиетті Құран кәрімдегі қымбат қазына кенінен інжу-маржандарды ашуға мүмкіндік беретін кілт…», «Дұрыс айтылған тэфсирсіз бұл Кітаптың мазмүнын игеру мүмкін емес…». Әсіресе, бұл басылымдағы «Ыбырайым» сүресінің түсіндірмесі маңызды, онда шынайы сенімнің мэнін түсіну айқындалады. Қазіргі уақытта ¥лы Кітаптың мағынасын ашатын анық жэне нақты тәфсирге деген қажеттілік сезіліп отыр жэне Каирде басылып шыққан бүл тәфсир де құран мэтіндерінің терең мәнін ашу үшін ориенталистерге көмек беретін «кілт» болып табылады.

Құранның бүкіл өн бойында өрілетін Ыбырайымның шынайы діні тұжырымдамасы монотеизм мен Тэңірінің еркіне бағыныштылықты білдіріп қана қоймайды, оның мағынасы анағұрлым терең эрі құдіретті. Өз ұлы Ысмайылды құрбандыққа шала отырып, Ыбырайым тек бағыныштылықты көрсетіп қана қоймайды, сенімді де айқын көрсетеді жэне осы сенімінің арқасында жас ұлғайған шағында перзентті болады. Қүранның ең шабыттандырушы идеяларының бірі сенімге ие адам әртүрлі бәле-жалаларға, табиғат апаттарына қарсы, басқа да бақытсыздықтарға қарсы түратын физикалық күшке де, жоғары рухани күшке де ие болады.

.

Ыбырайым жолға шықты жэне шын мэнінде бүл жолды білмеді де, бірақ ол Құдайдың дұрыс жол көрсететініне сенімді еді. Ол үшін қай мекенге бару маңызды емес, ол үшін ішкі сенімі маңызды болатын. Ыбырайым Аллаһқа, Оның мейрімі мен эділдігіне сенді. ЬІбырайым үшін жердлі иелену маңызды емес, осы жерде Тэңіріге деген сүйіспеншілікпен, сеніммен өмір сүрген маңызды. Жаратушы тағала оның сенімін сынайды, оның жаны мен жүрегін азапты жолдардан өткізеді жэне ақырында жаратушының мейірімділігі мен қайырымдылығын түсінуге экеледі.

Бізге ұлы шындықты жеткізген Мұхаммед пайғамбар эрбір адам сезіне алатындай етіп, олардың көкірек көзін ашуға ұмтылды. Адам үшін түсірілген Кұран адамның өзінің мәнін ашты. Құранда адам болмыстық қырынан да, тектік қырынан да, танымдық қырынан да көрінеді. Құран адам мен оның жер бетінде өмір сүруінің мақсаты мен парыздарын анықтап береді. Қүранда адамның танымдық қабілеттері, оның рухани қажеттіліктері де сез болады. Әуелде балшықтан жасалып, рухтың демі үрленген адам кемелдене түсуі тиіс.

Адамды Құдай өзінің жер бетіндегі халифы етіп жа-ратты, жан-жануарлармен салыстырғанда оған рухани элеует беріп, артық қылып жаратты. Және бұл жерде осы рухани элеуетті жүзеге асыру адамның өзінің еркіның қатысы арқылы жүзеге асатынын айта кету керек. Адам жаратушысының дидарын көру мәртебесіне ие болу үшін Жер бетіндегі сынақтан өтуі керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.