Рефлекстердің жіктелуі

Home » Рефераттар » Рефлекстердің жіктелуі
Рефераттар Комментариев нет

Рефлекс алуан түрлі болады. Оны бірнеше принципті негізгі ала отырып жіктеуге болады.
1. Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану, жыныстық, бағдарлау, т.б. болып бөлінеді.
2. Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер экстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жіктеледі. Экстерорецептивтік рефлекстер дененің беткейінде, интерорецептивтік рефлекстер — ішкі ағзаларда, ал проприорецептивтік рефлекстер — ет пен буында орналасқан рецепторлардың тітіркенуінен басталады.
3. Жүйке орталъщтарыныц орналасу орнына царай рефлек-стер жұлындық, булбарлық, мезэнцефальдық, диэнцефальдық жэне қыртыстық болып бөлінеді. Демек, рефлекс күрделілігіне қарай жүлында, сопақша мида, ортаңғы мида, аралық мида не-месе ми қыртысында орналасқан орталықтардың басқаруымен атқарылады. Әрине рефлекстің бүл негізде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ-ің әртүрлі қүрлымдары арасында тығыз морфологиялық жэне функционалдық байланыс болады. Мысалы, ми қыртысы, ОЖЖ-нің ең күрделі жэне ең жоғары бөлімі болғандықтан, мидың әртүрлі бөлімдері мен жұлының қызметін үйлестіріп, бағыттап отырады.
4. Эфференттік бөлімнің сипатына царай рефлекстер тәндік (сомалық) және вегатативтік болып бөлінеді. Сомалық реф-лекстердің эффекторлары дене еттері болса, вегатативтік рефлекстер әртүрлі ішкі ағзалар мен қан тамырларының қызметінің өзгеруімен бейнеленеді.
5. Жауап реакциясының щүріне царай рефлекстер қимыл-эрекет, сөл бөлу, т.б рефлекс болып бөлінеді.
6. Эффекторга әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш жэне тежеуші болып бөлінеді.
7. Барлық рефлекстерді табиғатына қарай шартсыз жэне шартты деп топтастырады.
Шартсыз рефлекстер — туа пайда болған рефлекстер. Олар белгілі бір жануарлар түріне тән, ұрпақтан үрпаққа беріледі. Әрбір шартсыз рефлекс белгілі бір рецептивтік өрістің тітіркенуімен басталады және шартсыз рефлекс доғасы ОЖЖ-нің төменгі бөлімдерінде тұйықталады. Шартты рефлекстер тіршілік барысында жүре пайда болған, жеке дарақтарға ғана тән және үрпақ қуаламайтын рефлекстер. Оның түрақты рефлекстік өрісі болмайды (мысалы, шартты сілекей бөлу рефлексін электр шамына, қоңырауға, терінің эртүрлі бөліктерін тітіркендіруге, т.с.с қалыптастыруға болады). Шарт-ты рефлекстер доғасы үлкен ми жарты шарлары қыртысында түйықталады.
Шартты рефлекс белгілі бір табиғи эрекетті тудыратын үй-реншікті тітіркендіргіштің эсерінен емес, осы тітіркендіргішпен қабаттасқан белгінің — шартты тітіркендіргіштің эсерімен байла-нысты қалыптасады. Демек, кез келген шартты рефлекс шарт-ты тітіркендіргішті цабылдайтын анализатор орталыгы мен шартсыз әрекетті реттейтін орталыц арасында уацытша байланыстың пайда болуыныц нәтижесі болып табылады.
Шартты рефлекстер бір-бірінен шартты және табиғи тітір-кендіргіштердің, организм мен осы тітіркендіргіштер түрінде бейнеленген сыртқы орта қатынастарымен ерекшеленеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.