РЕНЕССАНС МƏДЕНИЕТI

Главная » Рефераттар » РЕНЕССАНС МƏДЕНИЕТI

Адамзат мəдениетiнiң тарихында Ренессанс (қайта өркендеу) ерекше орын алады. Рухтың дүмпуi, мəдениеттiң адамдық сипаты осы дəуiрде айрықша гүлденедi; адамзат пiсiп-жетiлген мəдениет жемiстерiн өз игiлiгiне толық қолдана алады. Гегель Ренессанс идеясын бүкiл адамзаттың “алтын таңы”, жер жүзi мəдениетiнiң жаңа дəуiрi деп атаған. Қайта дəуiрлеудi барлық өркениеттi халықтар өз басынан өткiзген. Ренессанс тек Батыс Еуропада болды деген еуропаорталықтық көзқарасты тарихи деректер бекреге шығарады. Мысалы, үндiлер Ренессансы ХУ-ХУП ғасырларда болса. Кiндiк Азиядағы бұл өрлеу Х-ХУ ғасырларды қамтиды. Еуропалық Ренессанс Италия жерiнде басталды. Ұлы ақын- “Құдыреттi комедия” атты мəңгiлiк мəдени мұраның авторы Данте Алигерьи ортағасырлардың соңғы жəне Қайта өркендеудiң бiрiншi өкiлi деп есептелiнген. Бүкiл адамзатқа есiмдерi белгiлi Петрарка, Альберти, Рафаэль, Леопардо да Винчи, Пико дело Мирандоло т.б. итальяндық қайта өркендеу кезiнде өздерiнiң өшпес туындыларымен бүкiл əлемдi таң қалдырды.

Егер орта ғасырларда əлемнiң кiндiгi құдай деп есептелiнсе. Қайта өркендеу кезiнде адам құдай деңгейiне көтерiледi. Осы жөнiнде итальян гуманисi Пико делла өзiнiң “Адамның қадыр-қасиетi туралы сөз атты трактатында былай дейдi: “Адамнан басқа жаратылғандардың бейнелерi бiз белгiленген заңдар шектерiмен айқындалады. Ал, сен, Адам, титтей де шектеулi емессiң, сен өз бейнеңдi өзiң табасың. Мен сенi əлемдегiнiң барлығына қожалық етуiң үшiн дүниенiң кiндiгiне қоямын” (История эстетикик. Памятники мировой эстетической мыслиМ.,1962,507) Ренесанстық адам француз жазушы, философ Ж.П. сартардың тiлiмен айтқанда, дүниеге еркiн жiберiлген, ол өзiнiң жəне басқаның алдында жауапты. Орта ғасырлар мəдениетiнiң мəн-мағынасын сəулет өнерi көрсетеiн болса. Қайта өркендеудi живопись (кескiндеме) айқындайды. Əрбiр бояумен салынған сурет өз алдына дербес дүние сияқты ол адамды iзгiлiкке, жан тазалығына шақырғандай. Осы бақыт пен қуанышқа толы өнер өмiрдiң жақсы,жаманын тұтас көрсетiп, адамды рухани қанағаттандырады.

Қайта өркендеу дүниетанмына келсек, атақты Франсуа Рабленiң шығармашылығына назар аудару қажет. Орта ғасырлардағы дiни өктемдiк адамның құндылығын бiршама түсiрiп жiберген едi. Ф.Рабле бойынша, жұлдызды аспан адамның iшкi дүниесiне орналасқан. Адамның денесi- ғарыштың орталығы, тiрi пенде бүкiладамдық идеяға қосылуы арқылы өзiнiң мəңгiлiгiн сезiнедi. Қайта өркендеу заманы жаңа гуманизмдi қалыптастырды адамның ерiктi жəне бақытты болуға, теңдiк, əдiлдiк жəне парасақа ұмтылуына құқығы барлығы жарияланады. Италян гуманисi Марсилио Фичино былай деп мəлiмдейдi: “Адам жер мен аспанды өлшейдi… Оған аспан да оншалықты биiк болып көрiнбейдi, жер кiндiгi де ол үшiн соншалық терең емес.. Егер адам аспан əлемiнiң құрлысын түсiне бiлген болса, онда адамныңкемеңгерлiгi тура сол аспан əлемiн жаратушының данышпандығындай екендiгiне жəне қажеттi құралы мен аспан материалы болса, оның бiршама тұрғыда бұл жарық дүниенi жасай алатындығына кiм күмəн келтiрмек” (Лев Любимов, 93 бет).

.

Қайта өркендеу мəдениетi батыстық адамның уақыт пен кеңiстiктi игеру тəсiлi қызметiн атқарды. Ұлы жағрафиялық жаңалықтар осы адамның əлем туралы түсiнiгiн кеңейттi. Техникалық жетiстiктер тiрщiлiк тербелiсiн тездеттi. Қайта өркендеу философы Никалай Кузанский əлемде қожалық етудiң құралы деп математика мен астрономияны атады. Яғни, осы өзгерiстердiң бəрi кейiнiрек қалыптасқан батыстық мəдениеттiң белсендi əрi өзгертушi сипатын анықтайды. Қазақстан мəдениеттанушысы Бекет Нұржанов та кескiндеу өнерiн Қайта өркендеу заманында қалыптасты деген пiкiрдi қолдайды жəне ол визуалдық (көрiнiстiк) түрде болды дейдi. Шыныда да əлем сезiм арқылы танылады ал көз-сезiмдердiң əмiршiсi.Ренессанстың ұлы өкiлi Леонардо да Винчидiң ойына жүгiнейiк: “Көз-адам денесiнiң терезесi осы терезе арқылы адам өзiнiң жолына қарайды жəне əлемнiң сұлулығына ляззат алады. Соның арқасында адам жаны адамға тəн зыңданда қуанышқа бөленедi онсыз бұл адамдық зындан-азап… Ол астрономияның күмбезi ол космография жасайды ол адамдардың барлық өнерiн басқарады жəне соларды бағыттап отырады. Ол адамды əлемнiң əр түрлi елдерiне елiктiредi… ОЛ архитектура мен перспективаны тудырды тамаша живописьтi де сол жасады Сенiң асқан əдемiлiгiңдi қандай мақтау сөздер жеткiзе айтып бере алар екен Сенiң жетiстiктерiңдi қандай халықтар қандай тiлдер лайықты суреттеп бере алар екен!” (Лев Любимов,138-139 беттер).

.
.

Қайта өркендеу өнерiнiң нағыз ұлы туындыларының ғажайып сұлулығы келесi ғасырларда да асқан таланттар мен ойлы адамдарды шабыттандыра бердi. Ендi осы шығармалардың кейбiрiн еске алып өтейiк: Флоренциядағы Санта Мария дель Кармине шiркеуiндегi Бранкаччи капелласында Мазаччо салған “Жұмақтан қуу” кескiндемесi, Перуджиноның “Бала ұстаған құдай- ана” бейнесi, Леонардо да Винчидiң “Өмiр гүлiн ұстаған құдай-ана”, “Ақ тиын ұстаған əйел”, Мон Лиза (”Джоконда”) кескiндемелерi, Рафаэльдiң “Cикст құдай-анасы”, Джордженiң “Ұйқыдағы Венерасы”,Тицианның “Флорасы” жəне басқалары.

Əрине, Ренессанс дəуiрiн өнердiң бiр түрi ғана өркендеген кез деп қарастыруға болмайды. Ол сонымен қатар əлем мен адамның бүкiл жүйелiк қатынастарын түбегейлi өзгертiп жiбердi. Ренессанс идеясы Батыс Еуропада қай ғасырларда өрiстедi деген сұрақ туу мүмкiн. Америка ғалымдары Э.Райс пен Х.Хайдидiң пiкiрiне назар аударайық : “Егер Петрарканы Рим Лаврымен құттықтаған кезден-1331 жыдың 8 сəуiрi-Бэконның өлген күнiне дейiнгi (1626 жылдың 9 сəуiрi) кезеңдi анықтасақ, онда 285 жылға созылған орта ғасырдан жаңа дəуiрге өткен тарихи кезеңдi табамыз. Оның алғашқысы-классикалық ренессанс немесе гуманизм өрлеуi. Екiншiсiн мен “Контрренессанс” дер едiм, ойткенi ол классикалық Ренессанс пен ортағасырлық схолостика принциптерiне де қарсылық бiлдiрген. Үшiншiсiн айтсақ, Галилей мен Кеплер басқарған ағымды “ғылыми реформа” деп атау бəрiнен де ақылға қонымды болар”. (Теоретические проблемы восточных литератур. М.,1969, 400-бет.)

Тағы бiр Ренессанс типологиясы оны Италия тарихымен тiкелей байланыстырады. Х1У, ХУ, ХУ1 ғасырлар итальян мəдениетiнiң тарихында “треченто” (яғни 300 жылдар), “кватроченто” (яғни 400 жылдар) жəне “чинквеченто” (яғни 500 жылдар) деген итальян терминдерiмен жиi белгiленедi. Кватрочентоның аяққы кезi Ертедегi Қайта Өркендеудiң Жоғары қайта Өркндеуге көшу кезеңi болып табылады. Осы гүлдену дəуiрiне дəл сипаттама берген оқымыстының бiрi И.П. Павлов: “Қайта өркендеу деп бекер аталмаған осы кезең адамзаттың ең жаңа тарихындағы еркiн суреткерлiктiң жəне еркiн зерттеушiлiк ойдың бастапқы кезеңi сұрапыл ынтықтықты туындатты. Осы құмарлыққа берiлу қазiргi суреткерлiк жəне зерттеушiлiк жұмыстар үшiн əрқашан қуатты серпiлiс беретiн болды. Бұл кезеңнiң көркем жəне ғылыми шығармалары əрдайым бүгiнгi ұрпақтың көз алдында болуы тиiс екендiгiнiң сыры да, мiне, осында” (Лев Любимов, 94 бет). Адамның дүниедегi ерекше орны оның жан-жақты дамуына мүмкiндiк ббередi. Бокаччоның пiкiрiнше, нағыз ақын грамматиканы меңгерiп, тарих жəне археология туралы хабардар болуы керек. Ф.Энгельс жазған “Қайта өркендеудiң титандары” осындай нақтылы тарихи жағдайларға байланысты қалыптасты. Атақты Леонардо да Винчидiң əмбебаптылығы аңызға да айналып кеттi. Ренессанс мəдениетiнiң негiзiнде жаңа заманда еуропалық адам қазiргi өркениетке қарай шешушi қадам жасады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.