Ресейлік әскери-педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы

Home » Рефераттар » Ресейлік әскери-педагогикалық ой-пікірлердің пайда болуы
Рефераттар Комментариев нет

Қазіргі кездегі әскери қызметшілерді тәрбиелеу мен оқытуды жетілдірудің негізгі құралы — әртүрлі тарихи кезеңдегі әскери мамандарды тәрбиелеу мен оқытудың теориясы мен тәжірибесің әскери-педагогикалық пікірлердің дамуының бай тәжірибесін оқу. Ресейде әскери педагогиканың пайда болуы мен дамуы оның армиясы мен флотының барлық тарихымен тікелей байланысты. Оның құрамдас бөлігі ретінде әскери педагогиканың тарихы нақты кезеңдерге бөлінеді:
1) ерте заманнан XVII ғасырға дейін;
2) XVII ғ. алғашқы жартысынан XIX ғ. дейін;
3) XIX ғ. екінші жартысынан XX ғ. басына дейін;
4) кеңестік кезеңдегі әскери педагогиканың дамуы (1917-1991 жж);
5) қазіргі кезеңдегі әскери педагогиканың дамуы (1991 ж. бастап — қазіргі уақытқа дейін).
Әскери тәрбие мен оқытудың тәжірибесінің кеңейтілуі алғашында өте қарқынды болды. Қарулы қақтығыстардан жинақталған тәжірибе, әскери тәрбие мен оқытудың ережесі ұрпақтан-ұрпаққа ауызша, тәжі-рибе арқылы беріліп, мақалдар, батырлар жыры, өлең, аңыз арқылы бекітілді. Бұл туралы ауыз әдебиеті шығармаларында айтылады. Жырдағы батыр бейнесі — орыс қоғамының жауынгері, оның адамдық қасиеті, әскери шеберлігі, әскери қызметке дайындық ерекшеліктері -ресейлік әскери-педагогикалық ой-пікірлердің дамуының басталуымен тікелей байланысты. Батырларды суреттеу және олардың ерліктерін бағалаудың межесіне қызмет етті, соғысқа үлгі болды және дайындалуға бағыттады.
Жазу пайда болғаннан кейін әскери-педагогикалық тәжірибе мен ой-пікірлер шежірелерде, мемлекеттік актілерде, ғибраттарда, өсиеттерде, сосын әскери жарғыларда, бұйрықтарда, тәлімдерде, әскери мәселелер бойынша еңбектерде, сонымен бірге әскери-тарихи және көркем шығармаларда көрінетін болды.
Ұлы князь Владимир Мономахтың (1053-1125) «өсиеті» ұрыстық қимылға дайындалу мен оны жургізудің мазмұнынан тұрады. Онда мынадай ғибраттар бар:
Соғысқа шыққанда жалқауланбаңдар, жанжалдаспаңдар; су ішуге, тамақ жеуге, ұйықтауға ұмтылмаңдар; қарауылдарды өздерің қаруландырыңдар, түнде қарауылдарды жан-жаққа қойып, жауынгерлердің қасына ұйықтаңдар да, ерте тұрыңдар…
«Игоревтің полкы туралы сөзі» (XII ғ) Ежелгі Ресейдегі жауынгерлерді тәрбиелеудің жоғары идеалына куәлік етеді.
Моңғол-татар шапқыншылығы туралы шежірелік повесьте шайқастың алдында және шайқас кезіндегі жауынгерлердің қалпы мен қимылы кең сипатталады, мысалы, Калкада (1223 ж.).
Ары қарай армияны дайындау жарғылар мен нұсқауларда өзіндік формасын тапты. Педагогикалық тұрғыдан көбірек қызығушылығын арттырғандар «Қызметті реттеу туралы» (1556 ж.). «Бекеттікжәне қарауылдық қызмет туралы ақсүйектік үкім» (1571 ж.), «Әскери кітап» (1607 ж.), «Жаяу әскердің қулығы және оқыту» (1674 ж.) және т. б. Олардың негізгі идеялары мемлекетке адал қызмет етуді талап ететің сап пен соғыста өзінің орнын білетің өзінің «денесін» аямайтың «өзінің досы» үшін өмірін қиюға даяр болатын жауынгерлерді үнемі тәрбиелеу мен түрақты оқыту болды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.