Рибосома туралы қазақша

Главная » Рефераттар » Рибосома туралы қазақша

Электрондық микроскоптың көмегімен ашылған органоидтардың бірі рибосома — тығыз бөлшектер. Паладтың гранулалары деп аталады. Рибосомалар — прокариоттар мен эукариоттардың клеткаларында болатын диаметрі 15-25 нм өте ұсақ жұмыр бөлшектер. Эукариоттар клеткаларында рибосомалардың екі популяциясы байқалады: гранулалық эндоплазмалықтордың мембраналарының бетіне бекінген және цитоплазмада бос орналасқан. Гранулалық эндоплазмалық торы нашар жетілген клеткаларда (эпидермистің базальдық клеткаларында, көк бауыр мен лимфа бездерінің плазматоциттерінде) көбінесе цитоплазмада бос орналасқан рибосомалар кездеседі. Гранулалық эндоплазмалық торы жақсы жетілген клеткаларда рибосомалар көбінесе мембраналармен байланысты болып келеді. Рибосомалар ядро қабықшасының сыртқы бетіне бекіп тұруы да мүмкін. Ядролық рибосомалар өздерінің физика-химиялық және метаболизмдік ерекшеліктері жағынан цитоплазмалық рибосомалардан өзге. Рибосомалар митохондриялар мен хлоропластларда да болады. Аталған бұл органоидтардағы рибосомалар ұсақ болып келеді және бактериялық клеткалардың рибосомаларына ұқсас болады. Биохимиялық талдау рибосомалардың белок пен РНҚ-дан тұратынын анықтады. Рибосомалық РНҚ клетканың РНҚ-сының 80%-90% құрайды. Түрлі клеткалардың белоктарының аминқышқылдық құрамы ұқсас болады.
Рибосомаларда Мg++ рибонуклеазамен бірге дезоксирибонуклеаза, лейцинаминопептидаза, р-галактозидаза, қышқыл және сілтілі фосфатазалардың болатыны жөнінде мәліметтер де бар. Рибосоманың құрамына кіретін белоктар мен РНҚ магнийдің көмегімен өзара сутегі байланысымен байланысады. Рибосомалардың құрылысы мен сыртқы түрі Мg-дың болуы мен оның концентрациясына тәуелді. Рибосомалар клетка белоктарын еинтездейтін клетканьод компоненті болып саналады. Белокты синтездеу процесінде рибосомалардың бәрі бірдей белсенділік көрсете бермейді. Белокты синтездеу процесіне «белсенді» рибосомалардың 10%~не жуығы бір мезгілде ғана қатысады. Зерттеу-шілердің көпщілігінің мәліметтері бойынша белоктың синтезі жеке рибосомалардан гөрі полирибоеомалар, немесе полисомалар, деп ата-латын рибосомалар тобында көбірек жүреді. Полисомалар өзара мРНҚ-ның молекулаларының жіңішке жіптермен байланысқан 5-70 рибосомалардан тұрады. Рибосомалар ядрошықта түзіледі деп есептеледі. Рибосомалар үлкендігі әр түрлі екі құрылымдық суббірліктен құралған — үлкен және кіші; Рибосомалардың суббірліктері РНҚ мен белоктан түрады. Үлкен суббірлігі эндоплазмалық тордың липопротеидтік мембранасына рибосомалардың бекуіне қатысады. Үлкен бірліктерінің кұрамында 30 жуық түрлі белоктар, ал кіші бірліктерінде 20 жуық белоктар болады. Үсақ бөлшектері өздіктерінен белокты син-тездей алмайды; белокты 703 және 808 — бөліктер ғана синтездейді. Рибосомалар үнемі қозғалыста болады. Рибосомалар митохондриялардың, Гольджи кешенінің мембраналарына, плазмалық мембранаға бекімейді, лизосомалардың мембраналарына да жанаспайды.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.