Ришат Абдуллин өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Ришат Абдуллин өмірбаяны

Еліміз егемендік алғалы ұлттық рухымызды асқақтатар талай ір-гелі істер тындырылды. Сондай ел рухани өмірінің сілкінген кезі — ұлы Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы. Бұл мәдени шара дүние жүзі қауымдастығы болып ЮНЕСКО бағдарламасы аясында кеңінен аталынып өтілді. Содан бері де Абай өмірі мен шығармашылыгы туралы талай ғылыми зерттеулер мен соны дерек көздері ашылып жеке монографиялар, арнайы зерттеу мақалалар басылып шықты, кинофильмдер мен сахналық қойылымдар жасалды.
Өз заманның озық ойлы, терең білімді ойшылы болған бүл күрделі тұлғаның үрпақтарына қалдырған асыл мұралары сан алуан. Олар бүгінгі күн тыныс тіршілігімен үндесіп, жаңаша оқылып, бұрын байқамаған жұмбақ қырларымен жарқырай ашылуда. Халқының қамын ойлап, бірде ашынып, бірде күйініп, бірде қамқор болып жүректен тербеген, маржандай терілген өлең жолдары мен тұңғиық терең ойлардың түнбасы гақлия (қара сөздер) сөздерінің салмақты мән-мағынасы бәз-баяғы сиясы кеппеген қалпында бү-гінгі үрпақ өз игілігіне жаратып жатыр. Өзіндік салмақ қүнын жоғалтпаған ойлы пікірлері, көрегендікпен айтылған ақыл сөз-дері араға талай уақыт салып барып та халқымыз сусындайтын сарқылмас мөлдір бүлақ көзі болып қала бермек. Асқар тау алыс-таған биіктей беретіні сияқты ұлы Абай тұлғасы да уақытпен зорайып, уақыт өткен сайын аспандап барады. Бүтіндей бір халықтың рухани азығы болатын баға жетпес қазынасын жасап кеткен ұлы түлға — Абайға жүзімізді бүрып, Абайдан жоғымызды іздеу, ар мен үждан таразысында екшеп отыру бүгінде, мерейтой тұсындағыдай кезекті «науқаншылдық» емес, күнделікті өмірдің үйреншікті дағдысына айналып келеді. Қазақ халқы, оның тілі бар жерде Абайдың ойының тереңдігі мен «жүмбақ» жаны мәңгілік жасап, талай үрпақтың зерттеп үйренетін обьектісі бола бермек. Мұхтар Әуезовтің үлан ғайыр жемісті еңбегі Абайтану ғылымының негізін қалады. Абайды сахнаға алып шығуға да заңғар жазушымыз ерен еңбек сіңірді. Ал Абайдың көркем бейнесін жасауда сахна өнері, сонын ішінде драма және опера театры сахнаға шығарған спектакльдерінің орны бөлек. Біздің зерттеуіміз осы театр сахнасындағы Абай, Абайдың музыкалық театрдағы алғаш рет сомдалған образына арналады.
М. Әуезовтің «Абай» трагедиясы қазақ драма театры рампасына алғаш рет қойылғанда (1940 ж., режиссері А.Тоқпанов), бұл спектакль еліміздің мәдени өмірін дүр сілкіндірген, театр үжымының кезеңдік қойылымы деп танылды. Театрдың белгілі актері К.Қуанышбаевтың сахнада сомдаған Абайын қалың көрермені бір ауыздан ерекше ықыласпен қабылдаған болатын. «… Қуанышбаев Абай роліне енгенде жұртшылық тірі Абайды көргендей әсер алды. Қуанышбаевтың ұлы ақынның ролін ғажап шығарғаны сонша, ол өмір бойы тек қана осы ролді орындап келе жатқан тәрізді боп көрінетін еді», — дейді театр тарихнамасы. Осы әдеби негізде Абайдың өміріне арналған қазақ драма театрларының сахнасына шыққан спектакльдер легі «Қазақ театрының тарихы» (І-ІІ том. Алматы. «Ғылым» 1975 ж.) қос томды еңбегінде, мерзімді баспасөз беттерінде жақсы жазылған.
«Абай» операсының драматургиялық желісі мен шығарманың басты тұлғасы — Абай партиясы осы трагедия негізінде жазылган. Халқымыздың тұңғыш профессионал композиторлары А.Жүбанов және Л.Хамидидің шығармашылық ынтымақтастығында жазылған бұл опера ұлы ақынын 100 жылдық мерейтойына арнап, қазақ опера және балет театырының сахнасына 1944 жылы желтоқсан айында қойылды. Байқап отырсақ ақын мерейтойымен бірге оның тартыс пен драматизмге толы өмір жолының бір кезеңін суреттейтін «Абай» операсы жазылып, театр сахнасының түспей-үзіліссіз жүргеніне де алпыс үш жылға жуық уақыт болыпты. Қазақтың Абай атындағы Мемлекеттік Академиялық опера және балет теа-трының атының Ұлы түлға есімімен аталуы да осы операның сахнаға шығуымен тұспа-түс келеді. Түсауы кесілгелі бері театр маусымын жыл сайын осы операмен бастау, Абайдың өмірі мен шығармашылығына арқау болған туындымен сахна сазын салу бүлжымас дәстүрге айналды.
Жазушы-драматург М.Әуезов опера либреттосын драма театр сахнасына, қойылған өзінің трагедиясы негізінде музыкалық театрдың жанр ерекшеліктерін ескере отырып жазды. Опера шығармасының сәтті жазылуы ұлттық профессионал композиторла-рымыздың музыка өнерінің ең күрделі жанрларының біріне са-налатын операны жазуда нық басқан алғашқы қадамдарымен бірге либретто авторының биік жазу шеберлік деңгейін көрсетеді. Драматургиялық даму желісі ширақ, өте жинақты жазылған М.Әуезов либреттосы композиторларға жүмыс істеу барысында үлкен көмек болды. Сапалы жазылған либретто сахнаға шығар жақсы операның жартылай аяқталуы деген пікірі қазақ операсын жасау барысында өзінің өзектілігінен ажыраған емес. Кейінгі кезде сахнада гүмыры қысқа сәтсіз жазылған туындылар қойылуының жиілеуі, опера драматургиясы — либреттоны жазуға белсенді тар-тылуға тиісті осындай ірі түлғалардың шет қалуы, кезінде болған жақсы бастаманың аяқсыз қалғандығын көрсетеді.
Сонымен, «Абай» операсы сахнаға қалай қойылды және оның алғашқы орындаушысы кім болды? 1940 жылы Қалибек Қуанышбаевтың драма театр сахнасында жасаған Абай бейнесі көрермен жүрегіне жол тапты. Бұл құбылыс Республика көлемінде үлкен мәдени маңызы бар оқиға ретінде аталып өткендігі жайлы жоғарыда айтылды. Осыдан кейін араға бірнеше жыл салып, Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы опера жазып жатқандығы қүлағы түрік жұртшылық көңіліне елең еткізеді. Құлағдар болғандардың не себептен алаң болғаны жайлы белгілі қаламгер Ғ.Мүсірепов: «Абай» операсы сахнаға шығар кез-де көп адамның алдында өлең айтып түрған Абай қалай болар екен деген дүдәмал сүрау жүрді. Болашақ мүңын, ел қамын жеген ойлы Абай ән салынып түрғанда жеңіл көрініп кетпес пе деген заңды сүрау еді» [3], — дейді қылқалам шебері.
Мүндай күдікті ойлардың айтылуьша өзіндік себеп бар болатын. Осы кезге дейін бүл театр сахнасына қойылып келген шығармалар негізінен ұлттық ауыз әдебиеті желісіне негізделіп: «Қыз Жібек», «Ер Тарғын» т.б. батырлық, лиро-әпостық дастандардан бастау алып, махаббат, достық тақырыбын жырлап келеді. Жалбыр секілді ұлт азаттық күресінің кейіпкерлері алғашқы шығармалар қатарында сахнада болса да Абайдай күрделі түлғаны қасиеті мен қүнын түсірмей музыкалық театр сахнасына шығару театрдың өте жауапты сәттерінің бірі болатын. Бүл жүмысқа тапсырыс бе-рушілер мен оны орындаушылар, сахнаға шығарған өнерпаздар тобы өте жауапкершілікпен келген. «Абай» шығармасы үлттық композиторлық мектебінің алғашқы қарылғаштары А.Жүбанов пен Л.Хамидидің опера жанрындағы түңғыш, сонымен бірге тыңнан бастаған соны жолы болатын. Екіншіден, ұлт мақтан етіп пір тұтқан Абайға опера жанрына тән өзіндік шарттылықтармен сахнада ән айтқызып қою ол кезде көрермен үшін әлі үйренісе қоймаған то-сын қүбылыс болғаны анық. Драма театры сахнасындағы Абайға көздері үйренген көрерменге сахнадан әндетіп жүрген Абай ерсілеу көрінуі заңды. Мұндай, алғашқы көрсетілімінде көрермен қаһарына үшыраған фактілер опера театры тарихында жиі болмаса да кездесетін жәйттер. Кезінде: Дж.Верди, Д.Бизе, П.Чайковский т.б. композиторлардың «Травиата», «Кармен», «Евгений Онегин» операларының сахнаға келуінің бүралаң тарихы осының дәлелі. Аталмыш шығармалардың опера сахнасына алғаш рет шығуы бү-рын қоғамда көз көріп күлақ естімеген қарама-қайшы пікірталас тудырып, тұсаукесер қойылымын көрермен мүлдем қабылдамаған болатын.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.