Россияның әскери экспансиясы кезіндегі Қазақстан мемлекеті

Главная » Рефераттар » Россияның әскери экспансиясы кезіндегі Қазақстан мемлекеті

Россияның әскери экспансиясы кезіндегі Қазақстан мемлекеті мен құқығы (1822-1865 жж.)

Батыс Сібір ведомствосының отарлық әкімшілік-құқықтық шаралары

Қазақ хандығының ХІХ ғ. басындағы әлсіреуі бірнеше әкім­шілік-құқықтық реформа жасауға жағдай жасады. Ол негізінен россиялық басқару жүйесін енгізуге бағытталған. Алайда өкімет билігі жергілікті ақсүйектердің қолында болды, олар орыс чинов­никтеріне айналды. Қазақстанның әртүрлі аймақтарында отарлық ведомстволар өткізген реформалардың өзіндік ерекшеліктері болды.

Бөкей мен Уали хандардың өлімі, Орта жүздегі саяси дағдарыс және сұлтандардың бір тобының Россия мақсаттарын қорғауы ХІХ ғ. 20-жылдарында Қазақстанның Солтүстік-Батысы мен Орталығында хан өкіметін жою мәселесі көтеріледі. 1821 ж. хан болып сайланған Ғұбайдулланы (әкесі Уали өлгеннен кейін) патша үкіметі бекітпеді.

Сібір қырғыздары туралы Устав. 1822 ж. Батыс Сібір губернаторы М. М. Сперанский «Сібір қырғыздары туралы Устав­ты» дайындайды. Есіл мен Ертіс даласының қазақтарының жері сібір облысының қырғыздары атағын алып, Омбы облысының құрамына беріледі.

Қазақ даласы округтарға бөлінді – ішкі округ, Россия империясының құрамында, сыртқы округ – империя жерінен тыс орналасқан. Округтар 15-20 волосқа, ал әр волость 10-12 ауылға, әр ауыл 50-70 үйден (шаруашылық) тұрған. Округтар мен волостар әкімшілік- территориялық принцип бойынша құрылған. Бір округтен екінші округке өту үшін шекаралық өкіметтің ұлықсаты керек болған.

Басқару жүйесі. Жоғарғы облыстық басшылық Омбы генерал-губернаторының қолында болды. Сыртқы округтарды аға сұлтандар мен округтік приказдар басқарды. Аға сұлтан үш жылға сайланатын қазақ сұлтандарының ортасынан, майор чині болды, егерде он жыл қызмет етсе дворян атағы берілетін. Аға сұлтан әкімшілік және қызметтік функцияны атқарды.Округты басқару округтік приказға жүктелген, оның құрамында: аға сұлтан – председатель және төрт заседатель болған. Екі заседатель қазақтардан екі жылға сайланатын, ал қалған екеуін, яғни орыс заседателдерін, облыстық бастық тағайындайтын. Сонымен қоса приказдың мәжілісіне қазақ отрядының командирі қатыса алатын. Приказдың құрамына канцелярия басқарушысы мен тілмәш-аударшыда қатысатын.

Волосты сұлтан-управитель басқаратын, ол өмірлік сайланатын. Оны «құрметті қазақ» сұлтандар сайлайтын. Волостық управительдер қызметі мұрагерлікпен беруге жататын, ол үшін оның управительге ең жақын туыс болуы қажет. Сұлтан-правительді облыстық басқарушы бекітетін. Ауылды старшина басқарды, оны ауылдастары үш жылға сайлайтын. Оларда чин болмаған, Россия басқару жүйесі бойынша ол селолық басшы болып саналатын.

Басқару органдарының функциясы. Аға сұлтан мен округтік приказ кең көлемді әкімшілік жұмыс атқарған. Приказ­дың міндеттері:

  1. салық жинауды бақылау және қоғамдық жұмыстардың өтуін қадағалау;
  2. қарамағына қарайтын жерде халықтың санын анықтау, жайылым және жыртылатын жерді белгілеу, малдың санын білу, сауданың жәйі туралы мағлұматының болуы;
  3. жоғарғы инстанцияға округті басқару туралы есеп дайындау;
  4. Россия өкіметін танымайтын ауылдарға жазалау отрядтарын жіберу;
  5. Округ көлемінде тәртіпті қорғау.

Сот және сот процесі. «Устав» қазақтардың құқық жүйесіне елеулі өзгерістер енгізді. Билер өкілеттігі таралтылды, әдеттегі құқықтың жұмысы барынша шектелді. Құқықтық дәрежесіне қарай қазақтар Россия тұрғындарымен теңестірілді, оларға «Көшпелі бұратана халықтар туралы Устав» ережелері де қолданылды.

Қазақ қауымының құқықтық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Алдымен, қылмыстық істер мен азаматтық құқық бұзылуына шек қойылды. Қылмысты істерге мыналар жатқызыл­ды: мемлекетке сатқындық жасау, өлтіру, тонау, барымта, өкімет­ке бағынбау, қызметтік қылмыстар, кредит қағаздар мен монеталарды қолдан жасау, өрт қою, қылмысты істерді қарағанда берілген жалған ант, т. б.

Тексеруді округтік приказ жүргізетін, ол сол сияқты сот инстанциясы болып есептелінді, ол қылмысты істерді жалпы империялық заңдар тұрғысында қарайтын. Бақылаушы инстан­ция болып, қылмысты істерде, облыстық сот саналатын.

Талап ету және ұрлық билер сотында қаралды. 2 мың рубль көлеміндегі даулы мәселені округтік сот, 5 мың рубль көлеміндегіні – Шекара басқармасы, 5 мың рубльден жоғарыны – үкіметтік Сенат шешетін. Билер сотының шешіміне қанағаттанбағандар округтік және облыстық начальствоға шағым жасай алатын. Сөйтіп, 1822 ж. «Устав» белгілеген әкімшілік және сот шешімдері қазақ жерінің отарлық жағдайын бекіте түсті, қазақтарға империя заңдары қолданылатын болды, қоғамның жоғарғы бөлігінің біразын россия чиновниктеріне айналдырды. Бұл процесс ХІХ ғ. 30-50 жылдарында жалғасын тапты.

ХІХ ғ. 30-50 жылдарындағы әкімшілік және сот реформалары. 1838 ж. «Сібір қырғыздарын жеке басқару туралы Ереже» қабылданады. Осыған орай Шекара басқармасы құрылады, оны Шекара начальнигі басқарады, оның төрағасы  және төрт кеңесшісі (біреуі қазақ) болған Шекара начальнигін және Шекара басқармасының председателін патша тағайындайтын, ал кеңес­шілерді, ерекше тапсырмалар бойынша чиновникті және секретарын Батыс Сібірдің генерал-губернаторы тағайындайтын.

Шекара начальнигінің көп салалы өкілеттігі болды. Ол көрші мемлекеттер өкілімен келіссөздер жүргізе алатын (генерал-губернатордың келісімімен), әскердің (облыс жеріндегі) начальнигі және әкімшілік басшысы қызметін атқарды. Билікті осылайша бір қолға жинақтау (концентрациялау) қазақтардың отарлыққа қарсы қозғалысын басып-жаншуға қажет болды. ХІХ ғ. ортасында россиялық әкімшілік жаңа құқықтық жүйені Қазақстанға одан әрі ендіруді қолға алады. 1852 ж. Указ бойынша кісі өлтіру, тонау және барымта әскери соттың қарауына беріледі.

Талап қоюшылық істер бойынша билер штраф салудан басқа, дене жазасын беруге, жеті күн, бір айлық мерзімге дейін түрмеге кесе алатын. Би бола алатын адамдар саны азайтылды. Сөйтіп, Россия қазақ даласына жалпыимпериялық басқару­ды енгізуге дайындық жасады. 1854 ж. «Сібір қазақтарына империяның жалпы заңдарын қолдану» туралы заң бойынша империя соттары қарайтын қылмыс түрлерінің хаттамасы (тізімі) кеңейтілді.

1855 ж. аға сұлтандарды сайлау жүйесі өзгертіледі. Енді бұл қызметке тек шыңғыс тұқымынан шыққандар ғана емес, отарлық аппаратта 9 жыл жұмыс атқарған, «құрметті» қазақтар да сайлана алатын. Сонымен қоса выборщиктер (таңдаушы) саны көбейтілді. Бұл тізімде сұлтандардан басқа барлық билер және әр волостан 20 депутаттан болған.

Генерал-губернатордың ұсынысы бойынша кейбір аға сұлтандар орнына офицерлер құрамынан орыс чиновниктері тағайындау практикасы енгізілді. Осылай Қазақстанды толық отарға айналдыру саясаты қолға алынды. 1861 ж. «Қырғыз даласы мен Семей облысында волост басшыларын сайлаудың ережелеріне өзгеріс енгізу туралы Ереже» қабылданды. Ол бойынша шыңғыс тұқымынан басқалар да сайлана алатын болды бұл қызметке. Выборщиктер құрамына әр ауылдан 5 өкіл қатысатын. 1866 ж. управительдердің өкілеттігі үш жылмен шектелді. Осы реформлардың нәтижесінде ескі қазақ ақ сүйектерімен қоса орыс отарлық әкімшілігінің құқығы анағұрлым кеңейтілге­нін байқаймыз.

Орынбор ведомствосының отарлық әкімшілік-құқықтық шаралары

1821 ж. Арынғазының саяси аренадан қуылуы Батыс Қазақ­станды Россия отарына айналдыратын реформаларға себеп болды.

«Орынбор қырғыздары туралы Устав». 1822 ж. Орын­бор генерал-губернаторы П. К. Эссен сыртқы істер Министрлігінің Азиялық комитетіне «Орынбор қырғыздары туралы Устав» жобасын ұсынады, ол тек 1824 ж. ғана бекітілген. Указ бойынша Орынбор шекаралық линиясы 12 дистанцияға бөлінеді, Бөкей ордасы ішкі округ статусын алды, үш сыртқы (Оралдан әрі орналасқан) округ құрылады, оларды аға сұлтандар басқарған.

Бірақ, 1825 ж. оған біраз өзгерістер енгізіледі. Орынбор облысының қазақтары үшке – Шығыс, Орта және Батыс болып бөлшектенеді. Шығыс бөлікке Обаған өзені мен Степной қамалы, Үлкен хобда өзенінің жоғарғы ағысы, одан әрі оңтүстікке қарай Шу мен Сырдарияның төменгі ағысына дейінгі аралықты қамтитын жер қосылған.

Батыс бөлік солтүстік пен батысында Жайық өзенімен, оңтүстігінде Каспий және Арал теңізінің арасындағы мойнақпен шектеледі. Орта бөлік Жайық өзенінің жоғарғы ағысы мен Степной қа­малы және Илек пен Үлкен Хобда өзендерінің аралығын солтүс­тікте, Арал теңізіне дейінгі аралықты оңтүстігінде, алып жатты.

Дистанциялар. Бұл 1831 ж. бастап пайда болған. Дистанция жерлерге немесе старшинстваға бөлінген. Орта есеппен алғанда старшинствода 600 шаруашлық, ал дистанцияда 2000 шаруа­шылық болған. 1831 және 1841 жж. аралығында шекаралық линия бойында және Кіші Жүздің далалық бөлігінде 31 дистанция, 1857 ж. олардың саны 57-ге (32 және 25) жетеді.

Басқару жүйесі. Басқару органы жоғарғы, жалпы және жеке болып бөлінген. Жоғарғы басқару сыртқы істер Министрлігінде жинақталған. Жалпы басшылықты Орынбор шекаралық комис­сиясы жасайтын. Оның құрамында председатель, орынбасар, төрт кеңесшісі, төрт қазақ – заседателі, ерекше тапсырмалар чинов­нигі, канцелярия, т. б. болған. Председательды-император, ал қалған қызмет адамдарын генерал-губернатор тағайындайтын.

Жеке басшылықты сұлтан-правитель атқарды. Олар Әбіл­хайыр тұқымынан болатын. Оның көмекшілері, дистанциялық және ауылдық начальниктері (старшиндері) болған. Жеке басқа­ру органдары әрі шекара комиссиясына, әрі линиялық әскери командованиенің бастығына бағынатын. Жеке басқару орган­дарының қызметкерлерін Орынбордың әскери губернаторы тағайындайтын.

Басқару органдарының функциясы. Шекара комиссиясы­ның функциялары: 1) қазақтарға полициялық бақылау жасау; 2) жеке басқару органдарына кадрлар іріктеу; 3) олардың жұмы­сын бақылау; 4) сот қызметтін атқару.

Сұлтан-правительдер мен дистанция начальниктерінің міндеттері: 1) дистанция халқын басқару; 2) тәртіпті бұзуды болдырмау; 3) салықтар жинау;  4) ішкі миграцияны бақылау; 5) өз иелігі жерінен өкіметке қарсыларды қуу.

1844 ж. Ереже. Осы жылдың маусым айында «Орынбор қырғыздарын басқару туралы ереже» қабылданды. Мұнда ірі өзгерістер болмаған, қамқоршы институты енгізілген. Ол қазақ­тар мен шекара тұрғындары арасындағы дау-жанжалды шешетін орыс офицері болатын. Сонымен қоса попечитель қазақ старшиндары үстінен бақылау жасайтын, тексеру жүргізетін. Барлығы алты попечитель – Гурьевте, Оралда, Орынборда, Орскіде, Троицкіде және Михайловскіде қызмет жасаған.

Сот және сот процессі. ХІХ ғ. 20-40 жылдарында қазақ қоғамының құқықтық жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілген, ол өзгерістер жалпы империялық заңдарды Батыс Қазақстанда пайдалануды тездету мақсатында жасалған. Қылмысты істер арасы шектелген, әр түрлі категориядағы істер әр түрлі дистанциядағы соттарға берілуі тиіс болған.

Әскери соттар – мемлекетке опасыздық жасауды, кісі өлтіруді, тонауды, барымтаны, россия азаматтарын пленге алғандарды, үкіметке қарсы әрекеттерді қараған. Шекара комиссиясының қылмысты істерді қарайтын комиссиясының бөлімшесі ұрлыққа, алаяқ залымның жиырма күміс рубль жоғары тұратын ісін, мемлекеттің шарапқа байланысты монополиясын бұзу, шекаралық линиядан жасырын өту сияқты мәселені қарайтын. Шекара комиссиясының азаматтық істерді қарайтын бөлімшесі елу рубльден артық искіні (талапты) қарайтын. Осы категориядағы соттардың барлығы өз жұмысын жалпы империя­лық заңдарға сәйкес ұйымдастыратын. Билер соты елу рубльге дейін құны бар азаматтық істерді қарайтын. Билер мәселені әдеттегі құқық негізінде шешкенімен, оларға тұрмеге жапқызуға, полиция бақылауына жіберуге, зиянды төлеуге, қамшымен жазалауға үкім шығаруға рұқсат етілген. Бұл жазалар қазақтың әдеттегі құқығында болмаған. Ауызша бітістіруші сот шекара комиссияның қарамағында жұмыс атқарған, ол билер сотының шешіміне түскен шағымдар­ды қарайтын. Оның құрамында заседатель – қазақ, екі судья – посредник қатысатын, оларды екі жақ таңдайтын. Ауызша бітістіруші соттың шешімі ақырғы дистанция болып есептелді.

Хива мен Қоқан хандықтарының қол астындағы Оңтүстік Қазақстан

Қазақстан мемлекетінің әлсіреуі және Россияның батыс, солтүстік, солтүстік-шығыс аудандарына экспансиясы елдің қорғаныс потенциалын әлсіретті. Осы жағдайда Қазақстанның көршілері Хива және Қоқан хандықтары күшейіп, ХІХ ғ. басында олардың оңтүстік қазақ жеріне экспансиялық саясаты үдей түседі, әсіресе Сырдария және Жетісу жеріне.

Қоқан хандығы қол астындағы қазақтар. XVIII ғ. Аяғын­да Ташкент пен Түркістан аралығындағы жерлер Қазақ хандығы­ның қол астында болмаған. Мұнда Юнусхожа бекінген, ол агрессивті соғыс жүргізуге кірісті Қоқан хандығына қарсы. Бірақ жеңіліс табады. 1808 ж. Ташкентті қоқандықтар жаулап алады, ал 1809 ж. олардың Алим ханы Шымкент пен Сайрамды бағынды­рады. Жетісудың сұлтаны Әділ қоқандықтар үстемдігін таниды. 1814 ж. Әулие-Атаны алады.

ХІХ ғ. алғашқы екі жылдығында Сырдария бойының Арал теңізіне дейінгі аралығы, Жетісудың Іле өзеніне дейінгі жері Қоқандықтарға қараған. Бұл жерде шамамен 750-900 мың қазақ­тар тұрған. ХІХ ғ. 20-40 жж. Сырдария, Шу және Сарысу бойында қоқандықтар бірнеше қамалдар салған, мысалы, Яниқұрған, Шымқорған, Тоқмақ, Пішпек т.б. ХІХ ғ. 40-50 жж. орыс армиясы жаулап алу саясатын жүр­гізді. 1853 ж. олар Ақмешітті бағындырады. Осының нәтижесінде Сырдарияның бүкіл төменгі ағысы Россияның қол астына көшеді. 1864 ж. орыс армиясы Ұзынағашта қоқандықтарды талқандайды, сол жылы Әулие-Ата мен Түркістанды, Шымкентті бағынды­рады.

1865 ж. көп күндер бойы қоршаудан және соғыстан кейін Ташкентті орыс армиясы өз қолына алады. Сөйтіп, бұрын қоқандықтардың қол астында болып келген Оңтүстік Қазақстан жері Россия империясының бақылауына көшеді. Қоқандықтар үстемдік жасап тұрған кезде оңтүстікті билеуші болып беклербек есептелді. Жергілікті билік хакимдер мен билердің қолында болды, оны хан тағайындайтын.

Құқық жүйесі. Құқықтың негізгі көзі шариғат болған. Ең жоғарғы сот билігі муфтидің қолында болатын. Мухтасиб тұрғындардың тәртібіне және саудаға жауап берді. Құрбашы полиция ролін атқарды. Сот ісі қазилар қолында болған. Қазилар екі жақты тыңдаған соң бірден үкім шығаратын. Жазалау ретінде штраф, түрмеге жабу, таяқпен ұру, ұрлық жасаса саусағын немесе бақайын кесу қолданылған. Ханның рұқсатымен өлім жазасында бере алатын.

Қазақ қауымдастықтарында (қоқандықтарға бағынышты) сот билігі билердің және ақсалдар қолында сақталған. Салық жүйесі, қоқандықтар орнатқан салық жүйесі қатаң болды. Негізгі салық хараджы (өнімнің 10 %), зекет (мемлекеттік салық – заттың 1/40 бөлігі). Мысалы 40 қойдан бір қой, бір түйеден екі теңге, ат пен ірі қараның әр басынан бір теңге алынған. Отырықшы халық огороды мен бау бақшасынан танаба салығын төлейтін. Худояр хан (1845-1875) тұсында салық тіпті көбейді: отын жинағаны, қамыс дайындағаны, балық аулағаны, жеміс ағаштарын өсіргені, шөп дайындағаны, көмірге т.б. салықтар – 2,5 есе өскен.

Хива хандығының қол астындағы қазақтар. Сырдария­ның  төменгі ағысы, Жаңадария бойы ежелден Хивамен байла­нысты болатын. Мұнда  бүкіл XVIII ғ. бойында қазақ хандары билік жүргізген. Бірақ ғасырдың аяғында билік жергілікті династияға көшеді, оның негізін қалаған Мұхаммед-Эмин еді. 1780 ж. оның қол астына шөмекей руы қарайды. ХІХ ғ. 30 жылдарында Хива Үстіртті, Маңғыстауды да иеленеді. Экспан­сиясын нығайту үшін хивалықтар бірнеше қалалар салған.

1847 ж. орыс армиясы Сырдарияның төменгі ағысына келеді. Раим, форт-қазалы т.б. қорған – қалалар салады. 1873 ж. Хиваны орыс армиясы басып алады. Хивада ханнан кейінгі орында күштегі болды. Отырықшы (жерге) халықты михтар басқарған. Қалаларды жүзбасылар, округтерді кадхуда – старостылар билеген. Ауыл – селолық жердегі барлық, жұмысты ақсақалдар басқарды. Суармалы жерге су бөлуді айрықша чиновник – мираб басқаратын.

Барлық қазақ тұрғындары (Хивадағы) ханға бағынған, оны Хива басшылары анықтайтын. 1870 ж. ақырғы хан Кенесарының баласы Сыздық болған. Мұнда округтерді Раис басқарды, полициялық жұмысты миршаб атқарған. Салық жүйесі: салық – барлық жер өңдеушілерден үш категория бойынша алынған, оны линькадар деп атаған: 1) 10 танап (шамамен 4 га) үш тилля алтын (10 руб.); 2) 5 пен 10 танап жері бар – 2 тилля, 3) 5 танаптан төмен – 1 тилля. Танаптық салықтан басқа харадж және зекет салықтары алынатын. Бұдан басқа қазу – плотина мен дамбы салу, бегар – жол, көпір, қамал салу повинносты болды.

Қоқан жән Хива хандықтары Қазақстанның оңтүстігінде бекіп, халықты тонау саясатын жүргізді, иеліктерін кеңейтуді мақсат етті. Осының барлығы қазақтардың орыстарды қуаттауына апарды.

Кенесары Қасымұлы тұсындағы Қазақ хандығының мемлекеті мен құқығы

Кенесары 1841 ж. қыркүйегінде үш жүздің өкілдері қатысуымен хан болып сайланады. 1847 ж. қырғыздармен соғыста қаза болған.

Басқару жүйесі. Хан, хан кеңесі, финансы жұмысы, дипломатия ведомствосы, әскери Советі, жасаулдары болған.

Сот және сот процесі. Хан жоғарғы соттың ісін атқарды, билерге ерекше тапсырма беретін.

Салық – зекет, жермен шұғылданатын ұшыр (10 %) төлеген, ауылдық  салық бір ат, бір шапан (армия үшін) болып белгіленді.

Армия. 8 ден 20 мыңға дейін армияда жауынгерлер болған. Жүзбасы, мыңбасы, сардар, мергенбасы – әскердің командалық басқарушы құрамы.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.