Сәбит Дөнентайұлы өмірбаяны

Home » Рефераттар » Сәбит Дөнентайұлы өмірбаяны
Рефераттар Комментариев нет

Сәбит Дөнентайұлы 1894 жылы бұрынғы Семей губерниясы, Кереку уезі, Ақсу болысының төртінші ауылында (казіргі Павлодар облысы, Аксу ауданы, Құркөл ауылы) туған. Алғашқы білімді ел арасында Дөнен молда атанған, мұсылманша сауатты болған әкесінен алады. Анасынан жеті жасында жетім қалған Сәбит әке тәлім-тәрбиесінде болады. Әкесі ауыл молдасынан хат танытып, білім алу жолын нұскайды. 1907-1908 жылдары Маралдыдағы болыстық медреседе Троицкідегі Уазифа медресесін бітірген Нұрғали молдадан білімін ұштайды. Жәдитше оқытуды ұстанған Нұрғали молда Сәбиттің түрлі пәндерді (тарих, жаратылыстану) игеруіне, көркем әдебиеттермен танысуына ыкпал етеді. Болыстық мектепті аяқтаған сон 1910-1911 жылдары Павлодарға жакын жердегі Мұхамедсадық медресесінде окиды. Білімін жетілдіре жүріп әрі сол медреседе екі жылдай төте окумен бала окытады. 1912 жылы Павлодар каласының жанындағы Қасым кажы Ертісбаевтың медресесінде ғылым-білімін тереңдетеді. Жәдитше білім алып, өзіндік ізденістерге бет бұрады. Қазақ, татар тілдеріндегі газет-журналдарды окып («Айқап», «Қазақ», «Шора», «Уақыт»), көркем әдебиет үлгілерімен танысады. Қолы бос уакытында Павлодар қаласына барып орысша да оқиды. Оку-білімге, акындык өнерге деген ынта-жігері артып, ұлттык сөз өнерінің асыл үлгілерінен, Абай мұрасынан нәр алады. Шығыс, орыс-татар классикалық әдебиетінің шығармаларымен танысады. Акындық танымы, эстетикалық талғамы ұшталып, алғашкы өлеңдерін жазады. Шығармалары «Айқап», «Қазақ» басылымдарында жарияланады. 1915 жылы Сәбит Дөнентайұлының Уфа каласында Қасым қажы Ертісбаевтың каржылай көмегімен «Уақ-түйек» атты өлең жинағы жарық көреді.
1913-1916 жылдар аралығында Павлодар уезінің Ұрық болысы мектебінде сабақ береді. Жазғы демалыс кездерінде Омбы, Павлодар калалары мен төнірегіндегі елді мекендерді аралайды. Ақын әлеумет тұрмысымен етене танысады, халық өмірінің тыныс-тіршілігін шынайы ұғынады. Бұл жылдар акын омірінде өзіндік із калдырды. Атап айтканда, 1916 жылы Сәбит Екібастұз өндірісіне келіп, қара жұмыс істейді. Екі айдай жұмыс істеген соң зауыттан шығып, Павлодарға келеді. Жамантұздағы пошта кызметіне орналасады. Тамыздан казан айына дейін Павлодар — Баян арасында почта айдаушы болады. Қазан айында майданның кара жұмысына алынады.
1917 жылы Латвиянын Рига қаласында кұрылыста бір жылдай жұмыс істеген соң туған жеріне оралады. Осы жылы Семейдегі мұғалімдік курста оқиды, 1917 жылғы Акпан төңкерісін акын халыктың ғасырлар бойғы отарлық езгіден кұтылып, шын мәніндегі азаттыққа жеткен күні деп біледі. «Азаттык күні» («Бостандык») өлеңі сол бір тарихи кезенде жазылған еді.
Сәбит Дөнентайұлы Алаш кайраткерлерінің ұлт азаттығы және жеке автономия алу жолындағы саясатын колдап, «Сарыарка анамызға!», «Адаспасбыз» өлендерімен мұрат-мақсат бірлігін танытты. 1917-1918 жылдары Сәбит «Абай», «Сарыарқа» газет-журналдарының ісіне белсене араласады. «Сарыарқа» газетінде экспедитор қызметін аткарады. «Абай» журналында «Бозторғай», «Абайға» өлендері, «Қазақ әйелдері туралы» макаласы жарык көрсе, «Сарыарка» газетінде «Қаулы», «Сарыарка анамызға», «Той» өлендері басылды. Ал «Алаш» газетінде «Азаттық күні» («Бостандык» ) өлеңі жарияланды. «Жас азамат» (1918-1919) газетінде «Кәрі батырға» өлеңі жарык көрді. 1919-1920 жылдар аралығында Сәбит оку-ағарту, коғамдык жұмыстарға араласып, Ақсу болысында мұғалім, 1920-1922 жылдары Қаныш Сәтбаевпен бірге Баянауылда халық соты болып кызмет аткарады. 1922 жылы губерниялык «Қазак тілі» газеті редакциясының шакыруымен Семей каласына барады. Газет жұмысының жандануына Ж. Аймауытұлы, тағы баска қаламгерлер қатарында өзіндік үлес қосады. Газеттегі қызметіне косымша Семейдегі Қазакстанды зерттеу қоғамы мен қазақтың пролетариат жазушылары ұйымынын бөлімшесіне мүше болып, коғамдык істерді де катар жүргізеді.
Ақын 1926 жылы 26 мамырда «Қазак тілі» газеті тілшілерінің слетіне катысып, «Ауыл тілшілері және олардың алдағы міндеті» деген такырыпта баяндама жасайды. 1929 жылы КдзАПП ұйымына мүше болып қабылданып, Қазақстан жазушылар ұйымымын Семейдегі облыстық бөлімшесіне басшылық етеді. Денсаулығының нашарлауына байланысты 1930 жылдың мамырында газеттен қол үзіп, Бескарағай ауданының орталығы Беген ауылында мұғалімдік кызметке кіріседі. 1931 жылы Семей каласына қайта келіп, «Қазақ тілі» — «Жаңа ауыл» газетінде кызмет атқарады.
Сәбит Дөнентайұлы 1933 жылы 23 мамырда Семей қаласында ауырып кайтыс болды. 

Сәбит Дөнентайұлының өмірі мен шығармашылығын қарастыру, зерттеудегі алғашкы ізденіс «Абай» журналында жарияланған М.Әуезов пен Ж. Аймауытовтың («Екеу») «Абайдан сонғы ақындар» макаласынан (1918) бастау алады. Олар Абай дәстүріндегі ұлттык поэзияның такырыптық-идеялық, көркемдік-эстетикалық үрдісіне тән басты сипаттарды өкшеп, сол тұстағы қазақ ақындарын бірнеше жікте саралайды. Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығын халықтық (народник) ақындар катарында карастырып, поэзиясынын негізгі ерекшелігі мен шеберлік кырларына катысты: «Халыкшыл акындардың ішіндегі алдыңғы катардағы Сәбит. Сәбиттің өлені кыска, дәмді, аз сөзге кеп мағына сыйғызғыш. Сөзді ойына кұл кылған, тілі тәтті, дәл келеді. Сәбит өлеңінде көнілге шақ еткізе түсіретін тапқыштық, салыстырғыш, сыншылдық, аса терең болмаса да төрт тағандап түсетін нығыздық бар. Мысалы: «Әр жан, әр түрде», «Той», «Азаттық күні», «Жана жылға» әм басқалары сыкылды. Өлендері сұлулығы, ұғымдылығы, тілге жеңілдігі, тәттілігімен кандай надан адамның болсын көңіліне қона кетеді. Сөзге еркін, бай екендігіне хаттап тізген өлеңі дәлел» деген пікір білдіреді. 1919 жылы «Трудовая Сибирь» (Омбы) журналында басылған «Киргизская литература» макаласында С.Садуақасов акын шығармашылығы туралы: «…Из числа четырех последних резко выделяется поэт-народник С. Донентаев. Стихи его чисто киргизского духа и в них чувствуется сильная национальная струя. По стройности рифмы и гармоничности слога, по своему глубокому содержанию и, наконец, по поразительной меткости стихи Донентаева находят себе равных только в произведениях отца народной поэзии Байтурсунова и нежного лирика Жумабаева» деп өлеңдерінің ұлттык силатын баса көрсетеді.

XX ғасырдың 20 — 30 жылдары әдеби мұраны игеруде және ақын-жазушылар шығармашылығын тануда маркстік-лениндік әдіснама талабынан туындаған кате теориялар орын алды. Көркем шьтғарма қүндылығьт суреткердің ұстанған саяси бағытьшен, таптык танымының партиялык кағидаға каншалықты ұйлесуімен бағаланды, ұлт әдебиетін танудағы мұндай тұрпайы социологиялық талдау үрдісінен Сәбит шығармашылығы да тыс калмады. А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытұлы, М.Жұмабайұлы, Ғ.Қараш, С.Торайғырұлы, М.Әуезұлы, Б.Күлейұлы сынды алашшыл калам қайраткерлері катарында С.Дөнентайұлы шығармашылығы да «ұлтшылдык» әдебиет өкілі тұрғысынан карастырылды.
Акын өлендері 1930 жылдан бастап мектеп оқулыктарына, хрестоматияларға енгізілді. С.Мұкановтың кіріспе макаласымен Қазакстанньщ 10 жылдығына арналған жинакта Сәбит өлеңдері де басылды (1930), М.Әуезов құрастырған, орта мектептің 6-сыныбына арналған әдебиет хрестоматиясьшда (1937) «Замандастар», «Драмашыға», «Біздің колхоз бәйге алды», «Ерікті Айша», «Бай мен комсомол» өлеңдері жарияланды, Сонымен қатар Е.Ысмайыловтын 9-сыныпқа арналған казак әдебиеті хрестоматиясында (1942), Т.Әбдірахманов пен Қ.Жармағанбетовтің жоғары оку орындарының студенттеріне арнап кұрастырылған XX ғасыр басындағы казак әдебиеті хрестоматиясында (1959), XX ғасыр басындағы казак акындарының шығармалар жинағыңда (1963) С.Дөнентайұлыныңшығармалары берілді. Ақын өлендері орыс тіліне де аударылыл, 1958 жылы Мәскеуде жарық көрген «Антология казахской поэзии» атты жинакка енді. Осы жылы орыс тілінде таңдамалы жинағы жарық көрді. Сондай-ақ «Бес ғасыр жырлайды» (1989), «Ай, заман-ай, заман-ай.,» (1991), «Қазак поэзиясының антологиясы» (1993) жинактарында бірсьшыра өлеңдері қамтылған.
С.Дөнентайұлынын 1915 жылы Уфа қаласында «Уак-түйек» атты алғашкы өлен жинағы жарық көргені жоғарыда айтылды. Содан кейін, 1935 жылы акын жинағьт «С.Дөнентаев өлендері» деген атпен Қазақ көркем әдебиет баспасынан шыкса, араға он бес жыл салып, 1950 жылы өлеңдер жинағы жарияланды.
1957 жылы ғалым Е.Ысмайыловтын «Сәбит Дөнентаев» атты көлемді зерттеу макаласымен ақынның толық шығармалар жинағы жарык көрді. Мұнда акын мұрасы жан-жакты камтылып, өлендері мен әңгіме, очерк, фельетон, макаладарына түсініктемелер берілді. Соңғы жылдары Сәбит Дөнентайұлының «Бозторғай» (1989), «Ұрпағыма айтарым» (1989) деген атаулармен жинактары жеке кітап болып шықты. Ақын мұрасын, шығармашылығын арнайы зерттеу мәселесін алғаш ғылыми негіздеген Е. Ысмайылов болды. Әдебиетшінің «XX ғасырдын басындағы қазақ әдебиеті» атты окулығында (1941, 1943, 1946 ) күрделі кезен әдебиетінің даму үрдісі жүйелі карастырылды. Ғалым XX ғасыр басындағы казак әдебиетін «Сыншыл реализм» және «Демократияшыл әдебиет» деп жіктеу аркылы белгілі ақын-жазушылар шығармашылығын жан-жакты саралап, олардын әдеби мүрасын дұрыс бағалауда кұнды пікір білдірді. Еңбекте С. Дөнентайұлы шығармашылығына жеке тарау арналыл, тольтк өмірбаяны жазылды. Поэзиясының басты сипаты, акындык даралығы,казакәдебиетінде алар орны айкындалды.
Көрнекті ғалым Б.Кенжебаев та Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығын зерттеуге өзіндік үлесін косты. «Қазақ халқының XX ғасыр басындағы демократ жазушылары» (1958) деген еңбегінде Сәбит мұрасын ағартушы-демократ акын-жазушьшар катарында талдап, әдебиет тарихында аяар манызын негіздеді. С.Денентайүлы өлендерін жариялау ісіне акынныңтуған кызы Сәулет Сәбиткызы да хал-кадерінше үлес косты. Атап айтканда, «Ұрпағыма айтарым» (1989) атты акын жинағын кұрастырып, баспаға әзірлеген болатын. Ақын есімін ұрпақ зердесінде калдыру максатында туған ауылы Құркөл орта мектебіне Сәбит Дөнентайұлы аты берілді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.