Сөйлеу аппараты

Главная » Рефераттар » Сөйлеу аппараты

Бір тапқыр адам барлық шешендерді үш топқа бөліпті: «Біреулерін тыңдауға болады, екіншілерін тыңда-мауға болады, ал үшіншілерін тыңдамауға болмайды». Көбінесе, біздерді жүрттың тыңдап, тыңдамауы біздің не айтып тұрғанымызға байланысты. Біраң ауызша сөздің дыбыстың жағы оқу мазмұнынан кем қызмет атқармайды. Тіпті мазмүны жағынан тамаша сөз, егер оны сылбыр, сүреңсіз түрде, түтығып, кекештеніп, қате айтатын болса ешқандай әсері болмайды, дүрысы жаман әсер қалдырады. Дауыс — ол біз және біздің айтарымыз. Жас балалардың көбісінің дауысы ашың, сыңғырлап түрады. Ал көп адамдардың жасы ұлғайған сайын ңандай өзгерістер болады? Көбісінің даусы жалқаулың пен салаңтықтан ңырылдап, сырылдап, не сыбырлап, маңңаланып шығады. Көп адамдардың сөздерінде мағынасын түсініп болмайтын дыбыстар, ескертпелер көбейіп кетеді. Адамдардың көбісінің туа бітті дауыстары жағымсыз болмайды, біраң олар тәрбиелеуді қажет етеді.

Ауызша тіл техникасын меңгеру үшін адамның айту, дыбыстау аппаратының құрылысы, сөз айтылу процесімен және дикция, дауыс, интонация сияқты шешуші ұғымдар туралы жалпы мағлұмат алу керек. Кәсіби қажеттілігі сөйлесу болып табылатын әрбір адам сөйлеу аппаратының құрылысын білуі қажет. Публицист әрі сыншы И.Андроников «Шаляпиннің көмейі» деген әңгімесінде Кіші театрдың атақты артисі М.Остужевтен естіген бір әңгімесін келтіреді. Ол бір күні Шаляпиннің жүтңыншағын көрген екен.
«Жоң, сіз менің не көргенімді білмейсіз. Ол бір керемет еді! Бірақ, табиғат берген керемет емес!
Бүл керемет — көп еңбектің, жүйелі жаттығудың жемісі еді. Шаляпиннің дауысы тамаша, сирек кездесетін желбезектер! Және ңарапайым жүтңыншаң. Біраң, оның алғашңы үстазы…. арнайы жаттығулардың көмегімен оның жоғарғы таңдайын көтеріп, көмейінің ңабырғаларын кеңейткен. Ол Шаляпинге, ңалай айтсам екен, жүтңыншағын дыбыстармен шаюды үйреткен!».

Сөйтіп, әрбір адамның ңажетті жаттығуларды жасай отырып, өзінің тілдік аппаратын жетілдіріп, дамытуға шамасы келеді.
Сөз ңүрауда мынандай ңызмет салалары болады.
— Респирация — … ұйымдастыру;
— Фонация — дауыстың құралуы;
— Артикуляция — дыбыстарды өндіру.

Респирация дегеніміз не? Респирация — (тыныс, дем алу) — өкпе, кеңірдек және дем алу жұтқыншақтарынан (трахеялардан) тұратын дем, тыныс алу аппараты дауыс байламдарының жұмыс істеуі үшін ңажетті қысым жасайды. Дауыс күші және оның үзаңтығы өкпенің көлеміне, оның ңанша ауа сый-дырып, ңанша ауа шығара алатындығына байланысты. Артис Остужеев И.Андрониковңа итальяндың әнші Таманьо туралы былай деген: «Таманьо Үлкен театрда ән салғанда жүрттың білмейтіндерін білетін Мәскеу студенттері галеркаға билет сатып алған емес, олар тегіннен-тегін Петровкада түрып тыңдайтын. Ол батырыңның дауысының күштілігі сондай, ол спектакль алдында, көкірегін толтырып ауа жұтпау үшін денесін арнайы белдікпен таңып тастайды екен. Көшеде оркестр де, хор да естілмейді, ал Таманьоның дауысы шатырдағы ңуыс терезе арңылы өтіп, бүкіл айналаға естіліп түрған. Егер ол кеудесін таңып қоймаса, үлкеннен кішілеу театрлар, ңүдай өзі сақтасын, бытшыт болар ма еді». Әрине, бұған сенуге де, сенбеуге де болады. Бірақ, бір талассыз жайт ол ауаны жүту мен шығарудың тереңдігі мен күшінің дыбыс күшіне әсер ететіндігі. Сөйлеу кезінде демді дүрыс алу үлкен қызмет атқарады. Дұрыс дем ала алмау сөйлеушіні тез шаршатады. Оның бергі жағында қайта-қайта үзіліп, қақалып-шашалып сөйленген сөз тыңдаушыларға әсер етпейтіндігі даусыз шындық.

Фонация дегеніміз не? Дауыстау, дыбыстау аппаратының — өзара бір-бірімен байланысқан — көмей, ауыз қуысы, мұрын қуыстары арқылы жасалады.
Көмей — дыбыс қүралатын мүше. Көмейдің төменгі жағында дауыс желбезектері орналасқан. Олар жиырылып, біріккен кезде өкпеден жоғары қарай шыққан ауа толқыны оларды жылдам-жылдам тербеліске түсіреді де, соның нәтижесінде, тербеліс дыбыс туғызады. Дыбыстау аппаратының қабырғаларының керілуі, олардың ңуыстарының көлемі мен жаттыққандығы шығарылып жатқан дыбыстардың сапасына әжептәуір әсер етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.