Сөйлеу кезіндегі кемшіліктер

Home » Рефераттар » Сөйлеу кезіндегі кемшіліктер
Рефераттар Комментариев нет

Шешен сөзге қанша ыждақатпен дайындалса да кездейсоқ сәтсіздіктерден қашып құтыла алмайды. Бірақ әккі шешен әр түрлі кемшіліктерге дер кезінде көңіл аударып, оларды жоюға шара қолдана алады. Мысалға, шеніен сөйлеп тұрып, сөз желісінен жаңылып қалды дейік. Сөздің ортасында мүлт тоқтап, ары қарай не істерін білмей, мелшиіп түрып қалды. Кейбіреулер сөзін осымен доғарып тынар еді. Бірақ тәжірибелі шешен бүдан да жол тауып шыға алады. Біріншіден, ол абыржымайды, асып-саспайды. Ол есін жиып, соңғы айтқан сөзін қайталайды: «Мен тағы да баса айтқым келеді», «Тағы да қайталап айтамын,\ Егер бұл да көмек бермесе, уақытты ұзартуға тырысу керек. Мысалы, соңғы тіркестің, мағынасын, ойын, екінші тіркестің басына айналдыру керек немесе соңғы тіркеске байланысты бір қызықты жағдайды еске түсіріп, әңгімені жалғастыра беру керек, мүмкін сөздің желісі еске түсер.

Егер тіпті бұл да көмек бермесе, аудиторияға таза логикалық сүрақ беру керек: соңғы айтқан ойдан қандай қорытынды жасауға болады? Бұл қорытындыларды түсіндіру қажет. Болмаған жағдайда, өкінішке орай, сөзді шамамен мынадай түжырыммен доғаруға тура келеді: бүл мәселе бойынша менің айтайын дегенім осы еді. Егер пікір алысу кезінде маған тағы да сөйлеуге мүмкіндік болып жатса, мен өз сөзімді толықтыра түсермін». Тағы бір мысал. Шешен жаңылысып кетті делік. Не істеу керек? «Кешіріңіздер, мен жаңылысып кеттім, ондай-ондай ханның ңызында да болады. Мен әрине, мынаны айтып тұрмын» — деп аудиториядан кешірім сұрау керек пе? Немесе ештеңе болмағандай түр көрсету керек пе? Барлығы да жаңылыс айтылған сөздің мәніне байланысты.

Ең алдымен ол жаңылыс айтылған ойдың мағынасына қайшы келе ме? Сөздің барысында тыңдаушылар шын мәнісінде не айтылу керек екендігін түсіне ала ма? Бұған кейінгі сөздік әрекеттер, міне, осыған байланысты. Болар-болмас жаңылысты түзетіп жатудың қажеттігі жоқ. Кейбір тыңдаушылар оны байқамай қалады, ал байқағандары оны шешенге үлкен күнә есебінде таға қоймайды. Ал жаңылыс салдарынан айтылған ойдың мағынасы бұзылатын болса, онда оны дереу түзету керек. Сөз сөйлеген кезде әрбір шеніен өзінің мақсаты тыңдаушыларды сұлу сөздің сылдырымен қызықтыру емес, жұрттың барлығына түсінікті тілмен оларға өз ойын жеткізіп, тиісті мақсаттарға жету екендігін үмытпағаны жөн. Сөздік қоры бай, әсерлі де әсем сөздерден басқа сүреңсіз, тілі жаттанды, ешқандай ерекшеліктері жоқ сөздерді де, өкінішке орай, жиі естуге тура келеді. Ондай сөздер қайдан шығады? Мүндай сөздердің басты кемшілігі — жаттанды, қалыпты сөздер мен сөз тіркестерінің көптігі, олар қандай да бір болмасын сөздерді сүреңсіздендіріп, кедейлендіріп, өсерсіздендіреді. Көбінесе талғамы нашар шешендер сөйлейтін сөзіне жақсылап дайындалудың, ізденіп, оқудың орнына дайын, басқалар қолданып жүрген, жаттанды үлгілерді жиі пайдаланады. Мысалы, іс-шараларды өрістету, мәселе қою, лайықты деңгейге көтеру, барлық ынта-жігерді алға қойған міндеттерді орындауға жұмсау, т.б.

«Дайын тұрған тіркестер мен қалыпты тіркестердің кемшілігі… олардан қимыл, іс-әрекет, қозғалыс, бейне сезілмейді. Мүндай тілдің сөздері біздің миымыздың күрделі қырларына соқпай, көз алдымыздан елес болып өте шығады» — деп жазды А.Н.Толстой. Көп ңолданылатын сөз қалыптарының бірі — кеңсе сөздері мен сөз тіркестері. Бүл ресми-іскерлік сөздің қалыпты тіркестерін көпшілік алдындағы сөздерге пайдалану, әрине, орынсыз. Мүндай сөздер мен тіркестерді іскерлік хаттарда, есептерде, ресми анықтамалар мен басқа да қүжаттарда қолдану уақыт және орын үнемдейді.
Мүндай қүжаттардағы сөздер мен тіркестердің үштен екісі «Жоғарыда айтылғандарды қорыта келіп» деген сияқты тіркестерден түрады екен. Көбінесе олар егін ішіндегі арамшөп сияқты әсер қалдырады. Мысалы, педагогика мәселелері туралы мынадай баяндамадан не түсінуге болады: «Оқушылардың мінез-құлқында көп орын алып отырған мотивациялық тенденцияларды сипаттауда талас-тартыс ситуациялары өте информативті болып табылады».

Қалыпты сөздердің адам санасында ешқандай ұқсастық сезім тудырмайтынын үмытпаған жөн. Қалыпты түсініктерді «нанша шайнайтын» адамдар тыңдаушыларға ой салып, олардың жан-сезіміне әсер етеді дегенге сенуге болмайды. Соған қарамастан кейбіреулер өз сөздерінде неге осындай сөздер мен тіркестерді жиі қолданады? Оның себебі әр түрлі. Біреулер әдемі, тура айтқысы келеді, екіншілері қозғалып отырған мәселелерге өз көзқарасын білдіргісі келмей, жалпылама сөздермен қүтылып кетеді. Екінші жағынан бүл білімі саяздығынан, тілінің кедейлігінен, дайындықтың жоқтығынан, сөйлеу мәдениетінің төмендігінен, сөздік қорының аздығынан болады. Аталған кемшіліктермен күресуге болады, күресу қажет. Сөйлеуге дейін дайын мәтінді мұқият қарап шығып, оны стиль жағынан түрлендіріп, мазмұнын тереңдете түсу керек. Бірақ қалыпты тіркестерге қарсы күресе отырып, қазіргі заманғы іскерлік өмірде аса қажет «қалып» ұғымына үзілді-кесілді қарсы шығуға болмайды. Көптеген шешендердің тағы бір кемшілігі -көпсөзділік. Артық қажетсіз сөздер оның сөйлеген сөзінің жалпы әсерін төмендетеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.