Сөйлеу мәдениеті

Home » Рефераттар » Сөйлеу мәдениеті
Рефераттар Комментариев нет

Сөйлеу мәдениеті — кез келген мамандық иелерінің, әсіресе кәсіпкерлердің, заңгерлердің, дикторлардың, журналистердің, саясатшылардың кәсіби деңгейінің ең маңызды көрсеткіші. Сөз мәдениеті, сөйлеу шеберлігі тілдік, сөйлеу қатынастары процесінде маңызды рөл атқарады, сондықтан да ол өз мамандықтарына сай адамдармен жұмыс жасап, олардың қызметтерін ұйымдастыратын және басқаратын, іскерлік келіссөздер жүргізетін, тәрбиелеу, оқыту, емдеу, т.б. түрлі тұрмыстық қызмет корсететін адамдарға ауадай қажет. Адамның қалай сөйлегеніне қарап, оның рухани және парасаттылық өрісін, ішкі мәдениетінің дәрежесін анықтауға болады. Сөйлеу мәдениеті — ауызша және жазба әдеби тілдің қалыптарын (сөздерді дыбыстап айту, екпін, сөз қолдану, грамматика, стилистика ережелерін) меңгеру және тілдің мәнерлеу құралдарын қатынастың әр түрлі жағдайларында олардың мақсаттары мен жағдаяттарына сөйкес қолдану біліктілігі. Сөз сөйлеу мәдениеті деп біз сөздерді сөйлеудің дұрыстығын, қатынастық лайықтылығын, дөлдігін, ойға қонымдылығын, анықтығы мен түсініктілігін, тазалығын, мөнерлілігін, әр түрлілігін, естілуге жағымдылығы мен орындылығын айтамыз.

Міне, сөз мәдениетінің осы белгілерін толық, әрі жая-жаңты қарастырайық. 1. Дүрыстығы — бұл тіл қалыптарын сақтау. Дұрыс деп біз сөздің айтылуын, грамматикалың жазылуын, стилистикалың жағынан алғанда тіл қалыптарына сәйкес келуін айтамыз.
2. Қатынаста ңолданылу лайыңтылығы деп тиісті ңатынастың жағдаяттарда сөздер мен тіркестерді дұрыс пайдалана алу ңажеттілігін айтамыз.
3. Пікірдің дәлдігі — бүл өз ойын аның, қысқа және дәл мағынада айтып, жеткізу біліктігі.
Бұл талаптарды саңтамаған жағдайларда бір-біріне айтылу, естілу жағынан жақын, бірақ мағыналары әр түрлі, паронимдар деп аталатын сөздерді ауыстырып алу қаупі туады.

4. Баяндаудың ойға ңонымдылығы, қисындылығы -заттар мен ңүбылыстардың сипаттарын, олардың байланыстары мен арақатынастарын бейнелеудің дұрыстығы, шындықңа сай келуі.
Пікірдің ойға ңонымдылығының бұзылуын мына мысалдан-аң көруге болады: «Жаңбыр жауып, екі студент келе жатты, біреуі университетке, екіншісі галош киген». Айтылған пікірдің логикалық ойға қонымдылығы жазба мәтінді абзацқа дұрыс бөлмеген жағдайларда да жиі бұзылады.

5. Айтылған ойдың, пікірдің анықтығы мен түсініктілігі сөздің естушіге (адресатқа) түсінікті болуын талап етеді. Ол сөздердің, терминдердің, сөз тіркестерінің, грамматикалың ңүрамдардың, шетел сөздерінің, диалектілердің, жаргондардың, көсіпке байланысты, тарихи, ескі (архаизм) және жаңа сөздердің (неологизмдердің) дәл, әрі бір мағынада ңолданылуымен іске асырылады. Тар аялы сөздерді қолдану міндетті түрде негізді болуы қажет.
Түсініктілік анықтыңты ңажет етеді, бірақ ашық айтылған пікірлердің барлығы бірдей кез келген кісіге түсінікті бола бермейді. Мысалы, аның тілмен оңылған ядролық физика туралы дәріс негізінен мамандарға ғана толық түсінікті.

6. Сөздің тазалығы — оның ішінде артық, арамшөп сөздердің, өнегесіз, былапат сөздердің жоңтығы. Ондай сөздерге сөз арасындағы ойлану, кідірістерде жиі қолданылатын (сонымен, сосын, айтсақ, былайша айтқанда), жалпыға түсініксіз аймақтық сөздер (сым-шалбар дегеннің орнына), қазақ тілінде баламалары бар, шетел, орыс сөздері, жаргондық және былапат сөздер жатады. Арамшөп, паразит сөздердің ешқандай мағыналық жүктемелері, ақпараттық мәндері болмайды. Олар тек сөйлеушінің сөздерін былғап, түсінуді ңиындатады, негізгі пікірдің мағынасынан көңіліңді тысңа бөледі. Артық айтылған, жиі-жиі қайталанған қажетсіз сөздер тыңдаушылардың жүйкесіне жағымсыз өсер етеді, сондықтан да кейбір тыңдаушылар айтушының сөзінде осындай сөздердің қанша рет қайталанғандығын санап отырады. Мүндай арамшөп сөздер тілде сөйлеу кезінде шектен тыс толқудан, жүрт алдында ойланып сөйлей алмаудан, өз ойларын түжырымдауға тиісті сөздерді таба алмағандықтан, сайып келгенде, сөйлеушінің жеке создік қорының кедейлігінен пайда болады. Тіл тазалығына қамқорлық сойлеу өрекетінің сапасын арттырады.

7. Сөздің мәнерлілігі — бұл оның тыңдаушылар мен оңушылардың назарын аударып, қызығушылығын тигізетін қасиеттері. Сөйлеуші тыңдаушылардың тек аңыл-ойына ғана емес, сонымен бірге оның санасезіміне, қиялына да әсер етуі керек. Сөздің бейнелілігі мен сезімдік күші оны жақсы қабылдап, түсінуге, есте сақтауға септеседі, жақсы сөзден тыңдаушылар эстетикалық ләззат алады. Сөздің мәнерлілігі ақпараттық (айтылған ақпарат тыңдаушыларға ңажет болғанда) және сана-сезімдік (тыңдаушыларды сөздің айтылу, сөйлену шеберлігі қызықтырғанда) болып екіге бөлінеді.
8. Пікірді тұжырымдау әдістерінің өр түрлілігіне ,, ауызша, не жазбаша сөзде кеп көлемдегі сөздік қор мен синонимдерді қолдану арңылы жетуге болады.
9. Создің өсемдігі оның құрамында тұрпайы, адамдардың ар-ожданын ңорлайтын жағымсыз сөздердің жоқтығынан білінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.