Сөйлеу нормасы

Home » Рефераттар » Сөйлеу нормасы
Рефераттар Комментариев нет

Әдеби тілдің негізгі белгісі — оның ауызша да, жазбаша да түрлеріне тән нормалығы. Норма — тіл элементтерінің (сөздердің, сөз тіркестерінің, сөйлемдердің) біркелкі, үлгілі, жалпыға бірдей қолданылуы, сөздік құралдардың пайдаланылу ерекшеліктері. Әдеби тіл нормаларының төмендегідей ерекшеліктері бар: — салыстырмалы тұрақтылығы; -таралымы; — жалпылама қолданылуы; — жалпыға бірдей міндеттілігі. Тіл нормалары ғалымдар ойдан шығарған мәселе емес. Олар тілде өтіп жатқан заңды процестер мен құбылыстарды бейнелейді жөне сөйлеу тәжірибесінде қолдау табады. Тілдік нормалардың негізгі көздері — олар классик және қазіргі заманғы жазушылардың шығармалары, көпшілік ақпарат қүралдары, тілші-ғалымдардың ғылыми-зерттеулері.

Бұл нормалар әдеби тілге өзінің тұтастығы мен жалпыға түсініктілігін сақтап қалуға көмектеседі, әдеби тілді түрлі диалектілер мен жаргондардың тасқынынан қорғайды. Тілдік нормалар — тарихи құбылыс. Олар қоғамда болып жатқан құбылыстардың өсерінен өзгеріске үшырап отырады. Өткен ғасырда, тіпті осыдан 15-20 жыл норма болған нөрсе қазір одан ауыртқушылық деп қабылданылуы мүмкін. Мысалға Қазан революциясына дейін орыс жазуында дауыссызға біткен сөздердің аяғына ъ әрпі жазылатын болған. Мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Кейбір сөздердің қолданылу нормалары да өзгерді. Мысалы, 30-40 жылдары (XX ғ.) орта мектепті бітіргендерді де, жоғары оқу орындарына түскендерді де «абитуриент» деп атаған. Соғыстан (Ұлы Отан) кейінгі жылдары орта мектепті бітіргендерді «бітіруші» деп атап, «абитуриент» сөзі бұл мағынада қолданылмайтын болды да, «абитуриент» деп жоғары және орта арнаулы оқу орындарына түсу үшін емтихан тапсыратындарды атайтын болды. Қазір енді оларды «талапкер» деп атау енгізілді.

Әдеби тілді өзгерту көздері:
— күнделікті қарым-қатынас тілі;
— жергілікті говорлар;
— қарапайым тіл;
— кәсіби жаргондар;
— басқа тілдер.

Норма нұсқалары қазіргі заманғы түрлі бағыттағы әдеби тіл сөздіктерінде көрініс табады. Нормалаудың үш дәрежесі бар: 1.дәрежедегі норма — қатал, нұсқаларды мойындамайды. 2 дәрежедегі норма — бейтарап, тең мағыналы нұсқаларды қолдануға болады. 3 дәрежелі норма — жылжымалы, қарапайым және ескірген нүсқаларды да пайдалануға рүқсат етеді. Өдеби тілдің нормаларының тарихи ауысулары — заңды, ешкімнің еркіне, көңіліне байланыссыз, объективтік қүбылыс. Қоғамның дамуы, өмірдің әлеуметтік қалпының өзгеруі, жаңа дәстүрлердің пайдаболуы, адамдар арасындағы байланыстардың дамып-жетілуі, әдебиет пен көркем өнердің өсері — міне, мүның барлығы әдеби тіл мен оның қалыптарының жаңаруына әкеліп соғады. Әдеби тілдің нормаларын қандай да болмасын бұзушылықты тыңдаушылар тез байқайды және оған қарсы шығады. Сонымен, маман көпшілік алдында сөз сөйлеуге байланысы бар әрбір кісі тілдік қалыптарды бұлжытпай сақтауы қажет.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.