Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу жолдары

Главная » Рефераттар » Сөйлеудің дамуы және оны тәрбиелеу жолдары

Жаңа туған балада дыбысқа ұқсас реакциялар (жылау, іңгәлау) байқалғанымен, оларда әлі де дыбыстық сипат болмайды. Балада түрлі дыбыстар 2-3 айдан кейін байқалады. Мұны оның уілдеуінен жақсы көруге болады. Оларда әуелі былдырлар пайда болады. Бұлар баланың естіген сөздерге, дыбыстарга қайтарған реакциясы. Мы-салы, «мә», «ға», «ге» секілді жеке буындарды 5-6 айда «ма-ма», «па-па» деген екі буыннан келетін жеке сөздерді айтатын күйге жетеді. 8 айлық бала сөздің интонациясын, дауыс ырғағын ажырата алады. Бірақ сөздердің айырмашылығын, олардың мән-мағынасын әлі толық ұға алмайды. Оның алғашқы сөздері «ата», «әке», «әже», «аға» болады. Бірақ олар үш-төрт буыннан тұратын сөздерді айтуға шамасы келмейді. Бала алдымен дауысты дыбыстарды, кейінірек оның қатаң, ұяң түрлерін меңгереді. Балаға ызың дауыссыздар мен ысылдап шығатын дауыссыздарды (ж, ш) ұғыну қиынырақ болады, сондықтан кейбір бала «р, л» дыбыстарын 4-5 жасқа дейін дұрыс айта алмайды. Отбасында ата-ана тарапынан жеткілікті тәрбие алған жас жарымдағы бала 10-15 сөз, екіге келгенде 300, үш жаста мың жарымдай сөзді игереді. Кейде жеткізе алмай жатқан сөздерін ым-ишарамен жеткізеді. Балада сөз нақтылы заттың сигналы ретінде көрініп, ылғи да белгілі нәрсеге деген әрекеті мен нақтылы қажетін өтеуге байланысты туып отырады. Баланың бүл кездегі сөзінде зат есімдер көп болады, олар оның айналадағы заттармен, адамдармен қарым-қатынастарында елеулі рөл атқарады. Кейін уақыт өте келе сөздік қоры етістік, есімдік, тағы басқа сөз таптарымен толығады.
Мектепке дейінгі кезеңде бала тілінің қалыптасуына ересектер-дің дұрыс және мағыналы сөйлеуі үлкен әсер етеді. Өйткені бала-лар оларға үнемі еліктеп, өз бетімен сөз шығаруға талпына бастай-ды. Ол басқа балалардың, тіпті үлкендердің сөздерінде байқалған қателіктерді көргіш келеді, яғни балалардың «тіл сезімі» күшті бо-лады.
Жанүяда баланың сөйлеу әрекетінің дұрыс қалыптасуына жет-кілікті көңіл бөлінсе, ол мектепке келгенде қиналмай жақсы үлгеріп кетеді. Осындай балалардың ана тіліндегі сөздік қоры 4500-ге дейін жетіп отырады. Біз балалардың дүрыс, анық, дәл сөйлей алуына ерекше көңіл бөлуіміз қажет. Мектепке дейінгі балаларды сөйлеуге тәрбиелеу — ата-аналар мен тәрбиешілердің ерекше көңіл бөлетін мәселесі. МектепКе дейінгі баланың сөйлеуі, негізінен, тек қарым-қатынас қызметін атқаратын болса, ал мектепте білім жүйелерін меңгерудің қүралы бола бастайды. Мектеп бала тілінің жүйелі түрде дамуына өте қолайлы жағдай туғызады. Сауат ашу, оқып, жаза алуға үйрену, мектепке дейін стихиялы түрде жүргізілсе, енді бала анатілін арнаулы пән ретінде (фонетикалық, лексикалық, грамматикалық түрғыдан) оқып-үйренеді. Бұл оның тілінің дамуына бүрын-соңды болып көрмеген үлкен өзгерістер енгізеді. Ана тілін жақсы меңгеру арқылы балада тек сөйлеу ерекшеліктері ғана емес, бүкіл жеке басының қасиеттері де жетіліп дами түседі. Жазба сөйлеу — баланың тіл мәдениетінің дамуына ерекше ықпал жасайтын қуатты фактор. Мүны меңгеруге бала мектеп табалдыры-ғын аттағаннан бастап белсене кіріседі. Оны жазуға үйрету бастау-ыш мектептегі оқудың пайызға шаққандағы жарымына жуығын ала-ды. Өйткені жазу техникасын меңгеру — психологиялық түрғыдан өте күрделі процесс. Бастауыш мектеп оқушыларының ауыз-екі сөзі мен жазба сөзін салыстыра зерттеу көптен бері қолға алынып келе жатқан жүмыс. Ертеректе жүргізілген зерттеулердің бірінде 2, 3-сы-нып оқушыларының жазба сөзі ауызша сөйлеуінен сан жағынан да, сана жағынан да көп кейін қалып отырғандығы, оларда зат есім мен етістіктердің көп үшырасатындығы, сөздік қоры жеткілікті дамыған балалардың жазу жүмыстары да жоғары болатындығы байқалған. Соңғы кездегі зерттеулер де осы пікірдің дүрыстығын анықтап отыр. Орфографиялық дағдылармен қатар жазу дағдыларын үйрену — осы жалпы ауызекі сөздің өзін меңгерудің негізгі элементі.
Жазба сөйлеудің дамуы хат тани білуден басталады. Бүл арнаулы жағдайларға машықтануды қажет етеді. Хат тану негізгі үш кезеңнен түрады. Біріншісінде оқушы әріп аттарымен танысады. Бүған қоса сол әріптердің тілдегі дыбысқа қалайша сәйкес келетіндігі, олардың буынға бірігуі, одан сөздің қалайша қүралатындығы да осы кезеңде үйретіледі. Баланың оларды үйрену барысы қиындықтармен жүріп отырады.
Мүның бірнеше психологиялық себептері бар. Біріншіден, бала әріптердің графикалық өрнектерін жөнді ажырата алмайды. Бүл жазу дағдысының қалыптасуына бөгет келтіреді. Екіншіден, білетін эріптерін байланыстырғанда қателіктер жібереді. Өйткені дыбыс пен эріптің арасындағы айырмашылықтар баланың қабылдауына қиындықтар келтіреді. Осының нэтижесінде сөздің элементтерін жинақтау жэне оларды тану қиынға соғады.
Оқу дағдысының бірінші кезеңін психологияда талдау кезеңі деп атайды. Екінші кезеңде оқушы сөздің элементтерін онша қиналмай-ақ бір-біріне жеңіл қоса алатын болады. Бірақ сөйлемнің жеке бөліктерін ежіктеп жатпай, тезірек оқуға тырысады да, қате жіберіп алады. Қатенің көбі осындайда туады.
Оқу дағдысын меңгерудің жинақтау, топтастыру кезеңдері де болады. Ал үшінші кезеңінде бала дүрыс, жүгіртіп оқи алатын болады. Әріптерді тез тану, оларды қоса алу, негізінен, осы кезеңде қалыптасып болады. Осы эдіспен оқытылатын бала ұзамай хатты жақсы танып кетеді. Олар ежіктеуді қойып, бір қалыппен оқитын болады. Сөздің мағынасына түсініп, ойланып оқу күрделі процес-тер (салыстыру, жалпылау, нақтылау) жүйесінің болуын қажет етеді. Өйткені ойдың осы тэсілдері балада бірсыдырғы дамыған болса, ол оқыған нэрсенің мазмүнын дұрыс аңғарады, кітаптағы негізгі, басым ойларды түсінуде көп қиналмайтын болады. Мэтіннің мазмүнын түсініп оқуга бала бірден жетпейді. Мұғалім материал-ды нашар түсіндірсе, онда оларда сөз қоры өте аз болады. Мэтіндегі ойды таба алмай, оның жеке бөліктерінің бір-біріне, мағынасына қарай біріктіруде қиналатындар да болады. Бала оқуының осы ақаулылығын мұғалім дер кезінде көре біліп, оған тиісті шара қолданып отыруы қажет. ¥стаз оқушының сөздік қорын молай-ту жағын да ылғи ойластыруы қажет. Бұл үнін ол баланың сөздік қорының аз-көптігіне, оның білетін сөздерінің мағынасын түсінуіне зер салған жөн. Мұғалім бірге балаға мэтінді түгелдей не жарты-лай оқытып, оның негізгі мазмұнын, ондағы ең негізгі сөздер мен сөйлемдерді тапқызып үйретуі қажет. Оқыған нэрсесінің жоспа-рын жасауды, мэтіннің жеке бөліктеріне тиісті тақырып беруді, осыған аптықпай мэнерлеп оқуға жаттықтыру сияқты тэсілдерді де балаларға жиі қолданып отырмаса болмайды. Ал мэнерлеп оқу мэтіннің логикасын аңғартуға мүмкіндік береді.
Бала мектепке келген күндерден бастап оқу дағдысымен қатар жазу дағдысын да меңгере бастайды. Жазу дағдыларына машықтану да өте күрделі процесс. Мұның да үш кезеңі бар. Бірінші кезеңде баланың бүкіл зейіні жеке элементтеріне, сондай-ақ дэптер мен қаламды ұстап тұру қимылдарына, өзінің партаға отырысына ауа-ды. Екінші кезеңді эріп үйренудің элементтік кезеңі деп атайды. Бұл кезеңде бала эріптің жеке элементтерін жаза білу қабілетіне ие бо-лады. Енді баланың зейіні біртіндеп эріп таңбаларының бейнесіне ауа бастайды, оның эріп жазуға қатысатын қимыл-қозғалыстары шапшаңдай түседі. Осы кезеңде бала жеке эріптерді толық жаза білуге үйренеді. Үшінші кезең -жаза сөйлеудің қалыптасу дэрежесін көрсететін негізгі кезең. Бұл кезеңде олар өз бетінше жеке сөздерді жаза алатын халге жетеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.