Сүт бездерінің құрылысы

Home » Рефераттар » Сүт бездерінің құрылысы
Рефераттар Комментариев нет

Сүт бездері сүтқоректілер класына жататын жануарларда тері туындыларына жатады. Олар алдыңғы аяқ пен артқы аяқтар аралығында бірнеше жұп төмпешік ретінде эпидермистен қалыптасады. Малдың түріне қарай бұл төмпешіктер әр түрлі дәрежеде дамиды. Сүт бездері сиырда төрт бөлімді төрт емшекті, биеде төрт бөлімді екі емшекті, қой мен ешкіде екі бөлімді екі емшекті.
Желін сыртынан терімен, оның астында екі қабат-беткей және терең шандырмен қапталған. Бездің іші көптеген бөлшектерге бөлінеді. Бөлшектер қуысында бір-бірімен байланысқан сүт көпіршіктері — альвеолалар болады. Альвеолалар қабырғасын жалаң қабат, текше тәрізді эпителий құрайды. Сөйтіп, сүт безінің паренхимасын альвеолалар жиынтығы түзеді. Альвеолалар аралық дәнекер тін (трабекула), сүт безінің стромасын құрайды. Сүт альвеолалар қабырғасындағы эпителий жасушаларында түзіледі. Альвеола қуысы сүтке толған соң сүт түтікшелеріне барады. Түтікшелер бір-бірімен қосылып, сүт өзекшелерін құрайды. Сүт өзекшелері әрі қарай бір-бірімен қосылып, сүт өзектерін жинайды. Өзектер сүт цистернасына ашылады. Сүт цистернада жиналып, емшек өзегі және үрпі арқылы сыртқа шығады.
Суттену физиологиясы. Сүт құрамы. Сиыр сүтінде орта есеппен алғанда 87% су, 13% қүрғақ зат, ал оның 12% органикалық, 1% бейорганикалың заттар. Әсіресе аңуыз, май, липоидтер, көмірсулар, дәрумендер, минералды заттар, ферменттер мен гормондар болады. Сүт 33% альбумин глобулин ка-зеиноген тәрізді аңуыздан түрады. Май 3-6% , сүт ңанты 4,7% болады. Майлылығы мен (7,5-17%) аңуызы (6-14%) жоғары болатын сүт бүғылар мен буйволдардікі. Төл туғаннан кейін 5-7 күннің ішінде бөлінетін секрет уыз деп аталады. Оның түсі — ақ сарғыш, түзды, әлсіз қышқылзат. Уызда71,6% су, 15-25% аңуыз (альбумин-дер мен глобулиндер) және 2,5% ңант, А,С дәрумендер, иммундық денелер болады.
Суттің пайда болуы. Бүл секреторлың процесс фермента-тивтік ңүбылыстар арңылы желіннің альвеолаларында түзіледі. Сүт ңүрамындағы заттар ңаннан дайын күйінде сүзіліп ауысады, ал басңалары күрделі ферментативтік ңүбылыстар әсерінен желінде пайда болады. Бір литр сүт түзілу үшін желінді бойлап 650 литрға жуық қан ағып өтуі қажет. Желін альвеола эпителийлері сүт ңанты -лактоза, казеин, сүт майын, азықпен түскен заттардан түзілдіртіп шығарады. Желіннің безді тіндерінда көп мөлшерде ферменттер табылған. Сүт бөлу процесі желінде мерокринді түріндегі секреция ретінде өтеді, ал ңүнды-лығы малдың азықтануына байланысты болады.
Сүттің бөлінуі. Сүт бездерінде сүт үнемі бөлініп түра-ды да, сауу аралығында сүт желіннің сыйымдылың жүйесін — альвеолалар миозителит өзектерін, сүт арна-ларын, жолдарымен цистернаны толықтырып отырады. Сүт бөлінген сайын желін ңысымы жоғарлап 60-70 мм.с.б.б.жеткен соң барып бояулайды. Желіндегі сүтті шартты түрде цистеральды, альвеоларлы, ңалдың деп бөледі. Цистеральды-цистерна қуысына жиналған, аль-веоларлы-альвеола өзектеріндегі сүт, ңалдық сүт -қүнарлы, майы көп тек ңолмен сауғанда не окситоцин гормонын еккен уаңытта алынатын сүт.
Сүт бөлу. Күрделі рефлекторлы акт екі кезеңде өтеді: І.Бүл жүйкелік кезең емшек жуып массаж жасаған-да рецепторлары тітіркеніп, қозу жүлынға, сопақша миға, гипоталямустың супрооптикалың ядролары мен ми жарты шар ңыртысына барады, ал жауап гипоталя-мустың жолы арқылы нейрогипофизге, одан әрі желінге барады.
2.Нейтрогуморальдық кезең — гипоталямустың ядроларында окситоцин гормоны бөлінеді де, желін миоэпителийлерін жиырып, сүт бөлінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.