Сүттің түзілуі

Home » Рефераттар » Сүттің түзілуі
Рефераттар Комментариев нет

Сүт күрделі процестер нәтижесінде пайда болатын биологиялық сұйық. Бұл процесс бірнеше сатыда өтеді:1) Сүттің өзіне тән құрамаларын түзу; 2) Сүт құрамына енетін заттарды қаннан сүзу; 3) Түзілген заттардың біраз мөлшерін кері copy. Сүттің өзіне тән құрамалары — белоктар, май, қант, төрт сатылы процесс нәтижесінде түзіледі: а) желін альвеолаларының безді торшаларының қан құрамындағы сүт құрамаларының алғы заттарын сіңіруі; б) альвеолалардың секрециялық торшаларында сүттің өзіне тән заттардың түзілуі; в) түзілген заттардың сол торшаның апикальдық бөліктеріне ығысып, жинақталуы; г) олардың без торшаларынан желін альвеолалары қуысына шығарылуы. Альвеолалар эпителийі торшаларының синтездеу қабілеті өте жоғары. Мысалы, сиыр әр минутта 0,6 г. белок, 0,82 г. қант және 0,7 г май түзе алады. Сүт түзу үстінде без торшалары қан құрамындағы кейбір заттарды сіңіріп, жинақтайды да, біраз заттарды өзіне өткізбейді, демек, оларға талғамдылық қасиет тән. Сондықтан сүт құрамалары қан құрамындағы алғы заттардан түзілгенімен, қан мен сүт құрамында көп айырмашылық байқалады. Қан плазмасымен салыстырғанда, сүт құрамында қант 90-95 есе, май — 26, кальций — 14, калий — 9 есе көп те, белоктар — 2 есе, натрий — 7 есе аз. Қан құрамындағы алғы заттар без торшалары мембранасынан не сүзілу жолымен, не белсенді тасымалдану арқылы өтеді.

Сүт құрамына енетін белоктар, майлар, көмірсулар химиялық құрамы мен физикалық-химиялық қасиеттері жағынан қан плазмасы құрамаларымен бірдей емес. Мәселен, қан плазмасында казеин, бета-лактоглобулин, альфа-лактоальбумин, лактоза кездеспейді, ал сүт майы қышқылдық құрамы жағынан плазма мен ұлпа липидтеріне ұқсамайды. Осы баяндалған жайлар сүттің желін бездерінің талғамды әрекетінің нәтижесінде түзілетінінің дэлелі. Сүт түзуде эндоплазмалық тор мен Гольджи торлы кешені маңызды рөл атқарады. Оларда түзілген аралық өнімдер ядро мебранасына ығысады. Бұл процестерді митохондриялар АТФ-ті АТФ-аза ферментімен ыдырату арқылы энергиямен қамтамасыз етеді. АТФ-аза түзілген сүтті альвеола қуысына шығару (экструзиялау) процесіне де қатысады. Без торшаларынан альвеолаларға өткен сүт ферменттер мен гормондар эсерімен альвеолалар қуысында жетіле түседі. Оның қүрамындағы кейбір элементтер ферменттер әсерімен ыдырап, қанға кері сорылады. Бұл құбылыс сүттің әрі қарай түзілуін жандандыра түседі. Малды сауған кезде окситоцин әсерімен реабсорбция үдейді. Желіндегі реабсорбция және секреция процестері бірін-бірі жандандырып отырады. Реабсорбция бүзылса, секреция да жүрмей қалады. Реабсорбция торшалардың апикальдық бөлігіндегі микробүрлер, қуыстар мен шығару өзектерінің кілегейлі қабығындағы бүрлер мен қатпарлар арқылы жүреді. Сүттің әрбір құрамасының түзілу ерекшеліктері бар.

Сүт белоктарының түзілуі. Желінде альфа- және бета-казеин, альфа- және бета-лактоглобулин түзіледі. Белоктарды түзу үшін қан қүрамындағы еркін амин қышқылдар, пептидтер, плазма белоктары пайдаланылады. Сүт күрамындағы белоктардың негізгі бөлігі (76-86%) казеиннен тұрады. Белоктар рибосомаларда, ядрода, митохондрияларда және басқа субторшалық құрылымдарда көптеген ферменттердің қатысуымен синтезделеді. Сүт белогы құрамында барлық алмастырылмайтын жэне алмастырылатын амин қышқылдары болады. Амин қышқылдарының біраз мөлшері трансаминдеу реакциясы арқылы түзіледі. Торшаның эндоплазмалық тор рибосомдарында (полисомдарында) түзілген белоктар секрет түйіршіктері түрінде Гольджи кешеніне түседі. Осы жерде түйіршіктер қабықпен қапталып, көпіршіктер түзіледі, олардың ішінде казеин фосфорланып, мицеллалар (жіпшумақтар) пайда болады. Одан эрі көпіршіктер ішіндегі заттарымен торша күмбезіне қарай ығысады да, мембранамен бірігіп кетеді. Осы жерде тесік пайда болады да, көпіршік ішіндегі заттар альвеола қуысына құйылады. Белоктардың түзілу жэне бөліну мерзімі бір сағатқа жуық уақыт алады. Сүт липидтерін (майын) түзу. Сүт майларының түзілуі желіннің альвеола аралық ұлпасында май қышқылдары мен глицериннің пайда болуымен тығыз байланысты. Май түзу үшін қан қүрамындағы май қышқылдары, липопротеидтер, үшглицеридтер, сірке қышқылы және бета-оксибутарат пайдаланылады. Альвеолалар без торшаларының негіздік бөлігінде, желін үлпасында пайда болған май қышқылдары мен глицериннен, қаннан сіңірілген үшглицеридтердің май қышқылдарынан, сіркe қышқылы және бета-оксибутираттан ұсақ май түйіршіктері түрінде сүт майын түзеді. Желінде майдың түзілуі кезінде қан қүрамындағы стеарин қышқылы олеин қышқылына, қаныққан май қышқылдары қанықпаған май қышқылдарына, сірке қышқылы мен бета-оксибутират кіші молекулалы май қышқылдарына айналады. Ірі молекулалы (С14-С]8) май қышқылдары (миристин, стеарин, пальмитин, олеин) қандағы бета-липопротеидтерден түзіледі. Сүт майының қүрамына аз мөлшерде фосфатидтер, фосфолипидтер, стериндер, холестерин мен оның эфирлері, еркін май қышқылдары, майда еритін дэрмендэрілер, т.б. енеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.