Сөздің құрылуы

Home » Рефераттар » Сөздің құрылуы
Рефераттар Комментариев нет

Көпшілік алдындағы сөз нәтижелі болуы үшін таңдап алынған таңырып бойынша қажетті әдебиеттерді оқу, нанымды фактілерді, сандарды, мысалдарды жинау жеткіліксіз. Осы материалдарды қалай орналастыру, қандай ретпен баяндау туралы ойлау керек. Шешеннің ойына мұндай өзінен-өзі келеді. Сөзді қалай бастаған жөн, әңгімені қалай өрістету керек, немен аяңтаған дұрыс, тыңдаушылардың назарын өзіне ңалай аударып, оны сөз аяңталғанша қалай ұстап тұру керек? Сондыңтан да сөздің құрылысына баса көңіл аударған жөн. Сөздің құрылысы дегеніміз — ол сөйленетін сөздің қүрылысы, оның жеке бөліктерінің арақатынасы жөне әрбір бөліктің бүкіл сөзге бір түтастық есебіндегі ңатынасы. Сөздің материалдарын үйымдастыру жөне оның құрамды бөліктерін орналастыру шешеннің ойына, сөздің мазмұнына байланысты. Егер бөліктердің араңатынасы бұзылса, шешен алдына қойған мақсатын орындай алмайды, сөздің әсерлілігі төмендейді.

Жоспар — сөз құрылымының негізі. Сөздің құрылымын ойластыра отырып, ең алдымен оның жоспарын, яғни материалдың баяндалу тәртібін анықтау қажет. Алдын-ала жасалған жоспарсыз тізілген сөздердің, әдетте едәуір құрылымдық кемшіліктері болады, себебі жоспарын ойластырмаған шешен көбінесе негізгі таңырыптан ауытқып, берілген уақытта сөзін аяқтап үлгермейді. «Сөз табысты болу үшін, — деп жазды белгілі орыс заңгері және қоғам қайраткері А.Ф.Кони «Лекторларға кеңес» деген мақаласында, — лектордың ойының өрістеуі аса қажет. Егер ой бір заттан екінші затқа секіріп, жайылып кететін болса, егер ең бастысы үнемі боліне берсе, онда мұндай сөзді тыңдау қиын». Сөзді дайындау кезеңінде мақсаты мен атқаратын қызметі әр түрлі жоспарлар жасалады.

Сөз жоспарының түрлері. Алдын-ала жасалған жоспар. Тақырыпты таңдап алғаннан кейін болашақ сөздің алдын-ала жоспарын жасау ұсынылады. Әдетте әрбір тақырып көптеген мәселелерді шешуді талап етеді. Сондық-танда сөз де қандай нақтылы мәселелерді баяндау керек екендігін бірден анықтап алу қажет. Осы анықталған сүрақтардан алғашқы жоспар ңүрылады, ол мақсатты түрде өдебиеттерді қарастыруға, нақтылы материалдар жинастыруға көмектеседі. Мысалы, қоршаған ортаны қорғау тақырыбына баяндама, дөріс жасағанда ауаның, өзен, теңіз, су қоймаларының ластануы, орман-тоғайлардың, өсімдіктердің, жабайы жануарлардың түрлері мен санының азаюы, оларды қорғау шаралары туралы айтқан жөн. Әдебиеттерді оқу, жиналған материалдарды талдау барысында жоспар өзгеруі мүмкін, бірақ ол мақсатты жұмысқа септігін тигізеді.

Жұмыстық жоспар. Тиісті әдебиеттер оқылып, қажетті материалдар жиналып, тақырып ойластырылғаннан кейін жұмыстың жоспар жасалады.
Оны жасар кезде таңдалған тақырыптың мәселелерін белгілеп қана қоймай, сонымен бірге олардың ішінен ең маңызды, ең негізгілерін таңдап алып, оларды қандай ретпен баяндау қажет екендігін аныңтауы керек. Жұмыстық жоспарға жеке мәселелердің тұжырымдамалары келтіріледі, мысалдар көрсетіліп, фактілер тізбектеледі, ңолданылатын цифрлар келтіріледі. Жүмыстың жоспар сездің құрылымын жақсылап ойластыруға көмектеседі. Мұндай жоспар жасалған жағдайда қай бөлімдерінде фактілі материалдар көп, қай бөлімінде жетімсіз, қай мәселелерді алып тастау керек, ңайжерге не қосу керек екендігін аныңтау оңай. Жұмыстың жоспардың бірнеше нұсқасы болуы мүмкін, себебі жүмыс барысында ол өңделіп, толықтырылып, ңысқартылып отырады. Жұмыстың жоспар мен алдын-ала жасалған жоспардың ерекшеліктері сонда, олар тек шешеннің өзіне ғана қажет, сондыңтанда оның бөлімдері тек аяқталған сөйлемдермен қатар, аяңталмаған сөйлемдерден, сөз тіркестерінен және жеке сөздерден құралуы мүмкін.

Негізгі жоспар. Жұмыстық жоспардың негізінде негізгі жоспар жасалады. Онда сөзде қозғалатын мәселелер тізімі келтіріледі. Ондай жоспар шешен үшін емес, тыңдаушыларға тың-дау барысында сөздің мазмұнын қабылдауды жеңілдету маңсатымен жасалады. Негізгі жоспар бөлімдерінің тұжырымдамалары аның, әрі дәл болуы қажет. Бұл жоспар тыңдаушыларға таңырыпты жариялаған соң немесе сөздің мақсатын апіатын кіріспеде хабарланады. Бірақ, мұндай жоспарларды шешендер барлық жағдайларда жариялап отырмайды. Бұл сөздің түріне, аудиторияның құрамы мен пейіліне, шешеннің ниетіне байланысты. Көбінесе жоспар дәріс, баяндама, ғылыми хабарламаларда жарияланады. Тыңдаушылар мүндайда әдетте жазып отырады, ол жоспар оларға материалдың баяндалу желісін бақылап отыруға көмектеседі. Құттықтауларда, рухтандыру, үгіттеу, шақырушы сөздерде жоспар жасау мүлдем орынсыз нәрсе.

Қарапайым және күрделі жоспар. Құрылымы жағынан жоспарлар қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым жоспар тақырыптың негізгі бөліміне қатысты бірнеше бөлімдерден тұрады. Мұндай жоспарды күрделілендіруге болады, ол үшін қарапайым жоспардың бөлімдерін бірнеше бөліктерге болу қажет. Жоспарға қойылатын басты талап ол логикалық жағынан ұстамды, дәйекті, бір бөлімнен екінші пунктке жеңіл өтетіндей болуы керек. Қалыпты, бар таңырып бойынша бірдей жоспарлар болмайды. Әрбір сөйлеуші тақырыпты өзінше баяндайды, сондықтан да өзінше жоспар құрайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.