Сөздік стратегия мен тактика туралы ұғым

Home » Рефераттар » Сөздік стратегия мен тактика туралы ұғым
Рефераттар Комментариев нет

Қатынас барысында пайда болатын мәселелер ашық пікір алысу, жемісті диалог пен ынтымақтастық жағдайында ғана шешімін табуы мүмкін.
Кез келген мәселені білгірлікпен және жемісті талқылау, дәлелдеу және үгіттеу, сендіру, өз көзқарасын дәлелді түрде қорғау, қарсы жақтың пікірін теріске шығару біліктігі әрбір іскер адамның ажырамас қасиеті болуы керек. Қатынас барысында табысқа жету үшін үш анықтаушы категорияны: логиканы, психологияны және сөзді меңгеру керек. Соңғысы аса маңызды, себебі барлық ақпарат тыңдаушыға сөз тіл арқылы жеткізіледі. Айтыстартыста барлық уақытта шындық жеңе бермейді, тез арада қарсыласының сөзіне талдау жасап, оған тез көңіл бөліп, өз сөзін тиімді құрастыра алған адам үстем болады. Екінші жағынан біреуді үгіттеу, сендіру үшін оған лайықты, нанымды, қонымды сөздер табуың керек. Мысалы, Сократ өзін-өзі ңорғап, тамаша сөз сөйлегенімен Афинының теңізшілері мен саудагерлерін сендіре алмады, ал олар оны өлім жазасына кесті. Қатынастың әрбір жағдайына сай өз стратегиясын қолдану керек. Бүл жерде стратегия деп жағдайды толығымен түсініп, жалпы мақсатқа жету мақсатында іс-қимылдың үйымдастырылуы мен дамуының жалпы бағытын анықтауды айтамыз.

Қатынас стратегиясы сөз тактикаларының көмегімен іске асады. Сөз тактикасы дегеніміз — ол нақтылы жағдайда қойылған мақсаттарға жеткізетін сөздік тәсілдер болып табылады. Сөздік тактикалардың тұрмыстық қатынастарда бір түрі іскерлік салада, екіншісі іске асырылып жатады. Кейде әр түрлі деңгейдегі сөздік тактикалар бір-бірін толықтырып, кірігіп жатады. Сөздік тактикалардың жан-жақты болмайтындығын ескеріп, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтарына сөз арқылы ықпал жасаған кезде әр түрлі сөздік тактика қолдану керек.

А.П.Чеховтың «Үйде» деген әңгімесінде округтік соттың прокуроры өзінің кәмелетке толмаған баласына «темекі ұрлау жаман, ал оны шегу зиян» деп ұрсып жатады. Ал мұндайда кәсіби заңгер қандай шара қолданған дерсіз. Алдымен әкесі баласының сезіміне әсер етуге әрекет жасайды. «Мен сені жаңсы көрмеймін, сен менің балам емессің?» Бірақ бұл балаға әсер етпейді, себебі ол әкесі екенін біледі және ол мұндай сөздерді бұрын да тым бол-мағанда бір рет естіген болса, оның аса қауіпті емес екендігін біледі. Бұл жағдайда прокурор үйреншікті, сотта пайдаланатын шартты түрде «заң бәрінен де жоға-ры» деп аталатын сөз тактикасына көшеді: «Сен біреудің темекісін алуға ңүңың жоң. Әр адам тек өзіне тиісті нәрселерді ғана пайдалана алады».

Балаға бұл түсініксіз. Сондыңтан бүл сөздер оған әсер ете ңоймайды. Әкесі медицина саласында ңолданылатын сөздерді пайдаланып, моральдың-психологиялық жағы-нан әсер етуге тырысады: «Темекі шегу әсіресе сен сияқты кішкентайларға зиян. Сен әлі жассың». Бұл сөздердің анық, түсінікті және жанашырлың үнмен айтылғанына ңарамастан, әсері аз. Аңырында жағдайды талдай келіп, ол ең дұрыс шешімге келеді. «Тыңда, — деп бастады ол. — Баяғы өткен заманда бір елдекәрі патша өмір сүріпті… Оның жалғыз баласы болыпты, ол темекі шегеді екен. Сол темекіден патша баласы қайтыс болып кетіпті де, кәрі әрі ауру әкесі жалғыз қалыпты». Бұл ертегі балаға күшті әсер етіпті, ол: «Мен енді темекі шекпеймін», — депті. Әрине, бүл жерде әр уақытта осы ертегідегідей тәсілді ңолдану керек деген қорытынды шықпайды. Қандай әдіс-тәсіл қолдану қажеттігін логика мен психология айтып береді, әрі бар тәжірибеге сүйенген жөн. Диалогтың қатынас кезінде сөздік тактикаларды пайдаланудың қиындығы сол, оның барысында әңгімелесуші адам-ның тілдік мінез-қүлқын алдын-ала жоспарлауға болмайды.

Әрбір маман үшін сөздік тактикаларды диалогтік әңгімелесу кезінде пайдалана алу дағдысы аса қажет. Бейтаныс адаммен, тапсырыс берушімен немесе әріптес-пен әңгімеге кірісерде сіздің олар туралы ешқандай мәліметтеріңіз жоқ. Әңгімені қалай мағыналы ету керек? Біріншіден, әр түрлі және қажетті сөздік тактика-ларды қолдану қажет, екіншіден әңгімелесуші адамның сөздік тактикаларын тез үғынып, оған жауап қайтара білу керек.
Мінез-қүлық тактикасы көбірек нәтиже беретін іскерлік қатынас тәсілдері мен амалдарын қолдануды талап етеді. Оларға мыналар жатады:
— іскерлік әңгімелер мен коммерциялық келіссөздер кезінде жағымды жағдайлар жасау;
— өзі туралы жағымды әсер туғызу;
— әдепсіз әңгімелесушілер мен әріптестеріңізден қорғану;
— сүрақ қою және оған жауап беру;
— өз сөздерін негіздеп, дәлелдей алу;
— қарсы жақтың дәлелдерін теріске шығару;
— дау-дамайлы жағдайларда әрекет жасай алу біліктілігі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.