Сақтандыру нарығының жалпы түсiнiгi

Главная » Рефераттар » Сақтандыру нарығының жалпы түсiнiгi

Сақтандыру нарығы — сұраныс пен ұсыныс қалыптасатын, сату-сатып алу обьектiсi ретiнде сақтандыру қорғауы есептелетiн, экономикалық қатынастың арнайы саласы, ерекше әлеуметтiк-экономикалық сала. Сақтандыру    нарығының дамуының обьективтi негiзi-алдын-ала ойламаған жағдайлардан зардап шеккендерге ақшалай көмек көрсетуi жолымен өндiрiс процессiн үздiксiз қамтамасыз ету. Сақтандыру нарығы сақтандыру қоры қалыптасып және бөлiнетiн қоғамды сақтандыру арқылы қорғаудың ақшалай қатынастар ұйымдастыру түрі.

Сақтандыру нарығының мiндеттi шарты сақтандыру қызметiне қоғамдық тұтыну және оны қанағаттандыратын сақтандырушылардың болуы. Отандық экономиканың  нарыққа көшуi сақтандырушының экономикалық қатынастар жүйесiндегi орнын және маңызын өзгертедi. Сақтандыру компаниялары шаруашылық өмiрдiң тең құқылы субьектiлерiне айналады.

Реттеушi сақтандыру нарығы әртүрлi құрылымдық бөлiмдерден тұратын күрделi, интеграциялық жүйе. Сақтандыру нарығының алғашқы звеносы-сақтандыру қоғамы немесе сақтандыру компаниясы. Осы жерде сақтандыру қорының қалыптасуы және қолданылуы, экономикалық қатынастардың қалыптасуы, жеке, топталған, коллективтi ойлардың байланысы жүргiзiлдi.

.

Сақтандыру компаниясы — сақтандыру келiсiм шарты және оған қызмет көрсету жөнiнде шешiм қабылдайтын, тарихи анықталған сақтандыру қорының қоғамдық түрі. Сақтандыру компаниясына техникалық-ұйымдастырылуының жеке даралығы тән. Сақтандыру компаниясының экономикалық ерекшелiгi оның ресурстарының толық   даралығымен   сипатталады. Сақтандыру компаниялар басқа сақтандырушылармен қайта сақтандыру арқылы қарым-қатынас жасайды.

Нарықтық экономика өз азаматтарын ерiктi тұрде таңдауға негiзделген. Әркiм өз қалауымен шешедi. Адам өз кiрiсiн еркiмен жұмсауға болады, бiр бөлiгiн  тұтынуға, қаншасын жинақтауға бағыттауға құқылы. Адамдарға  өз еркiмен кiммен келiсем деседе еркiндiк берiлген. Осының барлығын сақтандыру нарығы, кең көлемде сақтандыру қызметiн ұсына отырып ескередi.

Нарықтық экономикадағы сұраныс пен ұсыныстың еркiн ойыны потенциалды сақтандырушыға қажеттi сақтандыру қызметiнiң шығуына әкеледi. Сақтандырушылар арасында сақтандыру қызметiне қойылатын баға еркiн бағаның қалыптасуына бәсекелестiк туғызады. Экономикалық бәкелестiкте сақтандыру нарығы реттеушi қызмет атқарады. Бiрақ бәсекелестiк сақтандыру нарығында табысқа әкелмейдi.

Андеррайтер сақтандыру полисiн толтыра отырып қабылдайтын шешiм, қоғамдық тәжiрибемен бекiтiлiп, күтуге негiзделген. Нарықтық экономикада сақтандырушы өз сақтандыру қорындағы ресурстарды пайдалануға тiкелей байланысты. Сақтандырушы кәсiпкер ролiнде шыға отырып, жауапты тұлға болып есептеледi, себебi кәсiпорынның iсiне жауап беретiн болғандықтан, заңға сәйкес жауапкершiлiк жүктеледi.

Кең көлемде сақтандыру нарығы  сақтандыру өнiмiн сату-сатып алумен айналысатын экономикалық қарым-қатынас жиынтығы. Нарық сақтандырушы мен сақтаушы арасында органикалық байланысты қамтамасыз етедi. Бұл жерде сақтандыру қызметiн қоғамдық тану жүргiзiледi. Сақтандыру нарығы тауар шаруашылығында  қалыптасады және оның бөлiнбейтiн маңызды элементi болып есептеледi. Оның шығу шарты қоғамдық еңбектi бөлу және әртүрлi меншiк иелерiнiң болуы. Берiлген шарттар-нарықтық қатынастар дамуының дәрежесiн анықтайды Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардың субьектiлерiнiң өз бетiнше болуын қалайды, олар сақтандыру қызметiнiң сату-сатып алу партнерларын тең, көлденең және тiкелей байланыстардың жуйелерiнiң дамуын қамтамасыз етедi.

Сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу элементi келiсiм, келiсiлген жағдайларды және бәсекелестiктi шектеу мақсатында сақтандыру компанияларының нарықты бөлу әрекеттерiн тоқтату.

Сақтандыру нарығы құрылымы институционалды және территориалды аспектiлердi сипаттайды.

Институционалды аспектi акционерлi, корпоративтi, өзара және мемлекеттiк сақтандыру компаниялары түрінде көрсетiледi. Территориалды аспектi жергiлiктi сақтандыру нарығы, ұлттық және әлемдiк сақтандырунарығы болып бөлiнедi. Нарықтық қатынастардың дамуы аймақтық шектеулердi қоғамдық – экономикалық прогресс жолында болдырмау, интеграциялық прогресстi күшейту ұлттық сақтандыру нарығын әлемдiк деңгейге көтеруге әкеледi. Осындай итеграция мысалы ретiнде жалпы-европалық сақтандыру нарығының құрылуын айтуға болады.

Сұраныс пен ұсыныс көлемiне қарай сақтандыру қызметiн iшкi, сыртқы және халықаралық сақтандыру нарығы деп бөлуге болады

Lшкi сақтандыру нарығы – белгiлi сақтандырушыны қанағаттандыруға бағытталған сақтандыру қызметiне сұраныс бар жергiлiклi нарық .

Сыртқы сақтандыру нарығы – iшкi нарықтың сыртында орналасқан аралас сақтандыру компанияларына қызмет көрсететiн нарық.

Әлемдiк сақтандыру нарығы – әлемдiк шаруашылыққа қызмет көрсететiн сұраныс пен ұсыныс.

Салалық бiр белгiсiне қарай нарық: жеке сақтандыру, мүлiктiк сақтандыру жауапкершiлiктi   сақтандыру,   экономикалық тәуекелдiлiктi сақтандыру болып бөлiнедi.

Сақтандыру нарығының қатысушылары болып сатушылар, сатып алушылар және делдалдар, ассоциациялар есептеледi. Сатушылар категориясын сақтандыру компаниялары құрайды. Сатып алушылар ретiнде сақтандырушы-жеке және заңды тұлғалар шыға алады. Сатушы мен сатып алушы арасында делдал ретiнде сақтандыру агенттерi және сақтандыру брокерлерi шыға алады.

Сақтандыру нарығының арнайы тауары – сақтандыру қызметi. Олкелiсiм шарт негiзiнде заңды немесе жеке тұлғаға ұсынылуы мүмкiн. Егер қоғамдық позициядан  сақтандыру арқылы қорғау қажет болса, сақтандыру мiндеттi тұрде болады

Қазіргі  таңда сақтандыру қызметiнде электронды және автоматтандырулардың сақтандыру саласына кең қолдануына байланысты өзгерiстер болуда.

Әлемдiк тәжiрибеде сақтандыру екi бағытқа: арнайы және универсалды қызмет болып дамуда.

Қоршаған ортаның диалектикалық бiрiгуi. lшкi орта сақтанушы жағынан басқарылады. Сыртқы жүйе сақтану жағынан басқарылмайтын элементтерден тұрады. Сыртқы орта iшкi ортаны қоршап және шектеп тұрады.

Lшкi жүйеге сақтандыру компаниялардың нарыктық  жүйе ядросын кұрайтын  басқарылатын айнымалылар жатады. Осы сақтандыру компаниялармен басқарылатын айнымалылардың негiзгiлерi: сақтандыру өнiмдерi, сақтандыру полюстерiн сатуды ұйымдастыру жүйесi, сұраныстың қалыптасуы, тарифтер жүйесiнiң икемдiлiгi, сақтандырушының жеке инфраструктурасы.

Сонымен бiрге iшкi жүйеге нарықты жаулап алу мақсатына жетуге бағытталған сақтандырушымен басқарылатын айнымалылар нарықтық жүйе ядросына кiрмейтiндер де нарықта белгiлi сақтандырушының жағдайын бiлдiретiн материалдық, қаржылық және сақтандыру компанияның адамдық ресурстары жатады. Сақтандыру қоғамдарында қаржылық жағдай маңызды орын алады. Көп жағдайда сақтандыру қоғамының басшысының бiлгiрлiгiне де байланысты.

Осы факторлардың жиынтығы нарықта сақтандыру компаниясының саясатын анықтайды.

Жоғарыда айтылған басқару компоненттерi бiр-бiрiмен байланысты. Бас менеджер тиiмдi вариантты таңдай бiлуi тиiс.

Сақтандыру өнiмi, сақтандырушы нарыққа алып шығатын басқару факторларының бiрi. Бұл жеке және мүлiктiк сақтандыру түрінiң шарты. Нарыққа байланысты сақтандыру компаниясының басшысы жаңа сақтандыру қажет па екенiн шешедi.

Тарифтiң жұмсақ жүйесi сақтандырушы басқаратын iшкi нарық жүйесiнiң негiзiн құрайды. Сақтандыру компаниясының басшысы мақсатты бағытталған тарифтiк саясат таңдауы тиiс.

Нарықтың сыртқы қоршаған ортасы өз-ара байланысқан күштер жүйесi, ол нарықтың iшкi жүйесiн қоршап және оған әсер етiп отырады. Сақтанушы өзiнiң коммерциялық жұмысын сыртқы орта жағдайында жоспарлап жүргiзiп отырады.

Нарық — жабық жүйе емес, себебi оны қоршаған әлемдiк сақтандыру нарығы оқшауланбаған .

Жоғарыда атап өтiлгендей негiзгi элементтерге нарықтық сұраныс, бәсекелестiк, сақтандыру қызметiндегi ноу-хау, сақтандырушының инфрақұрылымы жатады.

Потенциалды сақтандырушы шешiмi келесi экономикалық және психологиялық  алғы шарттарға байланысты:

адам өз сақтандыру қызығушылығын жоғары деңгейде қанағаттандырғысы келедi.

сақтандырушы әрқашанда тиiмдi жұмыс жасайды.

   Кез-келген сақтандыру компаниясының қызметi сақтандыру қорының тарихи анықталған ұйымдастыру формасы. Ол экономикалық ортамен тығыз байланыста. Экономикалық ортадағы сақтандыру компанияларының қызметiне қарай жинақталуы  сақтандыру жүйесiн құрайды. Нарықтық экономикада сақтандыру жүйесiнiң негiзгi мiндеттерi сақтандыру және консультациялық қызмет көрсету, жеке клиенттерге — күнделiктi және сенiмдi сақтандыру қызметiн көрсету.

Дамыған елдерде сақтандыру компаниялары жиi кездесетiн проблемаларды атап өтуге болады:

—сақтандыру бизнесiн интернационализация жасау

—iрi сақтандыру топтарының шығуы

—құнды қағаздарға инвестиция салу

—клиентура жағынан сұраныстың өсуi

—қаржылық алдаулар

—көп елдердегi саяси жағдайлардың өзгеруi

—персоналдың тең емес жастық құрылым

—жаңа ақпараттық технологиялардың пайда болуы

—сақтандыру жұмысшыларының жеке қауiрсiздiгiн

қамтамасыз ету

Шет елде бөлiмдерi бар немесе еншiлес компаниялары  бар сақтандыру компаниялары  халықаралық саясатқа сезiмтал. Сақтандыру компанияларына әлеуметтiк сала үлкен әсер етедi, персоналдарға клиенттер сұранысы тығыз байланысты. Сақтандыру компания клиенттерi елдегi индустриалды өсуге байланысты қызмет көрсетуден жоғары стандарттар талап ете бастады.

Жаңа ақпараттық технологиялар Батыстың сақтандыру компанияларын қаруландыруға кiрiсiп, түпкiлiктi жолмен сақтандырушының қызметiнде жаппай стереотип ұғымын өзгерттi. Сақтандыру ақпараттарын компьютерлеу еңбек өнiмдiлiгiн арттырып, оперативтi шешiмдер қабылдауға мүмкiндiк бердi.  Жұмыс көп бөлiгiн аз жұмысшылар жасайды. Бiрақ электронды жүйе жұмысына бағдарламашылар, компьютер инженерлерi қабылданды.

Жаңа ақпараттар технологиясы ақпаратқа жол ашып, сақтандыру қызметiнде несие карточкаларын  енгiзуге себепкер болды. Сақтандыру компаниялары мен коммерциялық банктер арасында бәсекелестiк күшейе түстi.

Соңғы 10 жылдықта банк тәжiрибесiнде ”банкассюранс” терминi кең орын ала бастады, аударғанда ”банктiк сақтандыру” деген мағынада.

Коммерциялық банктердiң сақтандыру iсiне енгiзiлуiнiң бiр формасы сақтандыру трастарының құрылуы. Бұл клиенттермен келiсiлетiн сенiмдi коммерциялық банктердiң операциялары.

Егер клиент коммерциялықбанкке мүлiк берсе, сақтандыру сыйақыларын алу үшiн, онда ол –  фундирленген сақтандыру трасты.

Дамыған Батыс елдерiндегi қазiргi таңдағы сақтандыру нарығының даму деңгейi сақтандыру iсiн монополизациялауды күшейтедi. Осыған байланысты оны төрт түрлi ұйымдастырушылық формасына бөлуге болады.

.

Көлденең интеграция—аз iрi сақтандыру компаниялардың қолына сақтандыру қызметiн бiрiктiру.

Тiгiнен интеграция – сақтандыру компаниялардың басқа сфераға өтуi.

µлтаралық сақтандыру компаниясы сақтандыру iсiнде кең тараған жоқ.

Диверсификация—сақтандырушының әртүрлi кәсiпорын салаларында қызметтерiнiң кеңеюi.

Батыстың индустриалды дамыған елдерiне сақтандыру нарығында диверсификацияның келесi негiзгi типтерi бар.

сақтандыру компаниясы концерннiң бiр бөлiгi болады.

сақтандыру компаниялары кәсiпорын иесiне айналады.

сақтандыру компаниялары қаржы-несие саласында еншiлес компаниялар құрайды.

Сақтандыру компаниялары сақтандыру нарығының индустриалды құрылымының негiзiн құрайды. Мысалы АІШ-та сақтандыру компанияларының қаржы ресурстарына 50 процентке жуық ұзақ мерзiмдi несиелерден келедi.

Сақтандыру компаниялары бөлiнедi:

иелiгiне қарай: жеке және құқықтық, акционерлiк, өзара, мемлекеттiк және өкiметтiк.

жасалатын операция сипатына қарай: мамандандырылған, универсалды және қайта сақтандыру.

 

қызмет көрсету аймағына қарай: жергiлiктi, аймақтық, ұлттық және халықаралық.

Жарғылық капитал көлемiне және сақтандыру көлемiнiң түсу көлемiне қарай: iрi, орташа және ұсақ

Акционерлiк сақтандыру қоғамы — акция сату арқылы ақша құралдарын орталықтандыру негiзiнде сақтандыру қорын ұйымдастыру түрі.

Ашық және жабық акционерлiк қоғамдар түрі бар.

Акционерлiк сақтандыру қоғамы – өз қаржысы бар, мақсаттары анықталған заңды тұлға. Акционерлiк сақтандыру қорының жоғарғы органы акционерлердiң жалпы жиналысы. Жиналыс жылына бiр рет өтедi, ал ағымдағы iстерiмен директорлар кеңесi айналысады. Акционерлiк қоғамның оперативтi-қаржылық қызметiн тексерумен сайланған тексеру  комиссиясы айналысады. Тексеру комиссиясы жұмысының нәтижесi акционерлер жиналысында оқылады.

Сақтандыру компаниясының орындаушы органы дирекция болып есептеледi, ол басқару қызметiмен айналысады. Дирекция компетенциясы жалпы жиналыста анықталып, жарғыда бекiтiледi.

Акционерлiк сақтандыру қорының жарғылық капиталы акция көмегiмен құрылады.

Сақтандыру компаниясының өкiметтiлiгi ақпарат жинаумен, жарнамамен, клиенттер iздеумен айналысады, бiрақ коммерциялық қызметпен айналыспайды.

Сақтандыру компаниясы агенттiгiне өкiлеттiлiктiң барлық қызметiмен айналысуға рұқсат берiлген.

Сақтандыру компаниялары филиалы заңды тұлға құқықсыз ерекше сақтандырушының бөлiмi.

Аффилиривтi сақтандыру компаниясы — бақылау акцияларынан пакет  акциясы аз акционерлiк сақтандыру компаниясы.

Өзара сақтандыру қоғамы – мүшелерiнiң қатысуы үлестiк орталықтандырылған құралдар негiзiнде ұйымдасқан сақтандыру қоры. Іоғам қатысушылары сақтанушы және сақтандырушы ретiнде  шыға алады. Сақтандырушы қоғам мүшесi болып, жылдық қызмет нәтижесiн кiрiс немесе шығынды бөлуге қатысады.

Өзара сақтандыру қоғамының жоғары органы мүшелерiнiң жалпы жиналысы.

Индустриалды дамыған елдерде қазiргi таңда өзара сақтандыру қоғамының қызметi жеке сақтандыру төңiрегiнде концентрацияланады.  Pridental Insuranse kompany of Amerika —АІШ төңiрегiнде iрi өзара сақтандыру қоғамы. Өзара сақтандыру қоғамының   шығындарынан кiрiсi көбейсе резервтiк қорды толтыруға жұмсалады.Іалғаны дивидент төлеуге бөлiнедi. Сақтандыру нарығындағы Өзара сақтандыру қоғамының  маңызы өсуде. Жапонияда өзара сақтандыру қоғамы жеке сақтандырудың алдынғы үлгiсi. Өзара сақтандыру қоғамының қызметi акционерлiк сақтандырушы сияқты құқықтық нормаларға бағынады. Кей жерлерде  Өзара сақтандыру қоғамының қызметi жайлы заң қабылданған.

Өкiметтiк сақтандыру ұйымы — қызметi субсидированияға негiзделген коммерциялық емес компания.

Мемлекеттiк сақтандыру компаниясы — мемлекетке негiзделген құқықтық ұйымдасқан сақтандыру қоры.

Жеке сақтандыру компаниясы бiр семьяға немесе бiр адамға бағынады. Жан-жақты формадағы жеке сақтандыру компаниясына мысал ретiнде ағылшынның «Ллоидта” төрт негiзгi сақтандыру қызметi қамтылған: теңiз, теңiздiк емес, авиациялық және автомобильдiк тәуекелдер.

.

Кэптив — тұтас корпоративтi құрылтайшылардың сақтандыру көзқарасына қызмет ететiн акционерлiк сақтандыру компаниясы. Кэптив еншiлес сақтандыру компаниясы болуы мүмкiн.

Ресей Федерациясында кэптив мысалы ретiнде «Лукоил   “сақтандыру компаниясын айтуға болады, ол мұнай компаниясы «Лукоилдың”  жүйесiне қызмет етедi.

Мемлекеттiк емес зейнет ақы қоры – сақтандырушылар анықталған жасқа жеткенде төленетiн ерекше ұйымдастырылған жеке сақтандыру.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.