Сақтар

Сақтар туралы. «Біз білетін барлық халықтар ішінде, тек скифтер ғана адам өміріне қажетті ең маңызды өнерді иеленген. Олар еліне басқыншылық жасап келген жауының бірде-бірінің тірі кетуіне мүмкіндік бермейді; егер өздері мүмкіндік бермесе, оларды ешкім қуып та жете алмайды. Скифтердің қалалары, бекіністері де жоқ. Үйлерін өздерімен бірге алып жүреді» (Геродот).
ІV-мыңжылдық соңы мен III-мыңжылдық басында Ұлы Дала тұрғындарының шаруашылық-экономикалық өмірі өзгерістерге ұшырайды. Осы кезде мал шаруашылығымен айналысқан далатұрғындарының қоныстарын қазақ даласының кез келген аймағынан кездестіруге болады. Тұрақ орындары ауқымының кішілігіне қарап, оқымыстылар киіз үй орындары болуы мүмкін деген түжырым жасайды.
Б.д. д. III — II мыңжылдықтар шамасында тас құрал-жабдықтар орнын мыс, қола бүйымдар басады. Тарихи дэуірде далалық аймақтардың бэрін мал шаруашылығымен айналысқан көшпенділер жайлайды. Әлеуметтік даму-дың жоғарғы сатыларына көтерілген сайын көшпенділердің өзара мэдени жэне эконо-микалық байланыстары нығая түседі.
Қола дэуірінде үлкен аймаққа бақылау жасаған, мэдени, рухани үстанымдары бір, ірі тайпалық бірлестіктер өмірге келеді. Ең ежелгі жазба деректерден Каспий теңізі төңірегін жайлаған, Қара теңіз төңірегінде өмір сүрген, скифтермен туыстас, жауынгер сармат тайпасы туралы там-тұм білуге бола-ды. Археологтардың жүргізген қазба жұмыстары ежелгі түрактар, қамалдар, шеберханалар туралы мэліметтер береді. Б.д.д. IV-Ш-ғасырлардағы сармат қорымдарынан жақсы сақталған қару-жарақтарды, саздан жасалған ыдыс-аяқтарды, қола айналарды, арзан тастар мен эйнектен жасалған моншақтарды көруге болады [117].
XXI ғасыр басында Оңтүстік Сібірде біріккен ресей-герман мамандарының жүргізген жүмыстары сақтардың Еуропаға дейінгі өмірі туралы мэліметтерді табады. Қазба жүмыстары Минусинск ойпаты мен Моңғол шекарасына жақын Аржаан-2 аталған қорғанда жүргізіледі. Аржаан-2 қорғанында жүргізілген қазба орны Экспедицияның ғылыми жетекшісі Константин Чугунов табылған жэдігерлер тарихшылардың назарын өзіне аударады деп есептейді: «Тувада жүргізілген қазіргі қазба жүмыстары кезінде б.д.д. VIII-VII ғасырларға жататын ескерткіштер табылды. Бүлар Геродоттың болжамын растай түседі. Өйткені, бүл кезде археологиялық қазба жұмыстары Қара теңіз жағалауында скифтер болмағанын көрсетеді. Аржаан-2 қорғанынан табылған жэдігерлерге барабар ескерткіштер жоқ. Сақтартриадасы (сақтар өнерінің үш түрлі бірлігі) бейнелерінің жоғары дамығаны сонша, оларды біз б.д.д. VI ғасырдан ерте жасалған деп ойлаған жоқпыз. Бүл Азия көшпенділерінің, сақтар өнерінің пайда болуы мен дамуы туралы түсінікті түпкілікті өзгертеді. Оның даму деңгейі сол тарихи дэуірде өмір сүрген көне Грек өнерінен әлдеқайда жоғары болды… Табылған жэдігерлердің көнелігі Қара теңіз жағалауларына сақтардың Орталық Азиядан келгенін білдіреді», — дейді. Осы айтылған пікірдің кезінде Геродоттың скиф-тер Орталық Азиядан келді деген ойын дэлелдей түсетіні айғақ [187].
Еуразия көшпенділері өмірін зерттеуші мамандар иран тілді далалықтарды өзара ажырату жэне басқа тайпалардан бөлектеу үшін «скифтер триадасы» ұғымын өмірге енгізген. Бұл, біріншіден, қару-жарақ ерекшеліктерін, екіншіден, ат эбзелдерін сипаттайтын, үшіншіден, «аң стилі» аталатын қолданбалы өнер туындыларын көрсетуді білдіреді.
Бағзы замандардан қазіргі Қазақстан аймағы бостандық сүйгіш, қайталанбас өзіндік мемлекеттігі мен мэдениетін құрған, эртүрлі көшпенді, жартылай көшпенді, отырықшы ру-тайпалардың Отаны болған. «Сақ бірлестіктері туралы мэліметтер кездесетін негізгі жазба деректер екі топтан тұрады: 1) Антика дэуірінің авторлары (гректер) — Геродот (б.д.д. V ғ.), Ксенофонт (б.д.д. УІ-У ғғ.), Птоло-мей (б.з.б. II ғ.) жэне т.б. жазба деректері; 2) Ахемен эулетінен (көне парсы) қалған сына жазулар (Бехистун сына жазуы жэне т.б.). Қытай деректерінде де «се» тайпалары аталады» [118].
Көшпенділер киіз үйлерде, қам кесектен немесе ағаштан тұрғызылған үйлерде тұрған. Сайын даланы мекендеген халық шығыс ирандық тілде немесе диалектіде сөйлеген. Антрополог ғалымдар мэліметінше, олар еуропоидтық нэсілге жатқан. Кейін Шығыстан моңғолдық (монголоид) тайпалардың енуіне байланы-сты, морфологиялық өзгерістерге үшыраған.
Б.д.д. I мыңжылдық ортасы ежелгі Түран жерінің айтулы кезеңі болады. Мысалы сицилийялық Диодор, бастапқыда сақтардың азғана жерге иелік еткен талайсыз тағдырынан мэлімет берсе, кейін олардың көбейіп, өздерінің батылдығы мен ер жүректігі арқасында үлкен жерлерді мекендеп, даңққа бөленгенін, үстемдікке ие болғанын паш етеді [119]. Осы кездегі шаруашылық көшпенді, жартылай көшпенді өмір салтымен байланысты. Бүл, бір жағынан, далалықтар еңбегінің өнімділігін көрсетсе, екіншіден басы артық, қосымша табыстың да негізін қүрайды. Шаруашылықта қой мен жылқы өсіру басымдыққа ие болады. Жылқы байырғы заманның күнге табынған сенімімен байланысты. Ол күн қүдайының бөлінбейтін бөлшегі ретінде көзге түседі. Көшпенділер өмірінде жылқының алатын орны үлкен болғанын археологиялық материалдар да дэлелдейді. Сақ жауынгерлері мен беделді адамдарының молалары орнында жүргізген қазба жүмыстары кезінде қазанат, жылқы сүйектері қоса табылған.
Мал, мал шаруашылығы өнімі отырықшы халықтармен арадағы экономикалық қатынастарды түрақтандырады, «…түйелі керуен-дер үнді және вавилон тауарларымен сауда жасады, оларды армян-дар мен мидиялықтарда айырбастап алды; өздерінің дэулеттілігіне сэйкес алтын эшекейлер тағатын» [120. 232 б.].
Сақтардың қолөнері де жоғары дэрежеде дамыған. Олар дөңгелекті арба көліктер, тері жэне ағаштан жасалған ыдыстар, са-уыттар, қысқа қанжар — акинактар, пышақтар жэне т.б. тұрмыстық керек-жарақты жасаған. Осыған байланысты Геродот: «…ат үстінде де, жаяу да соғыса береді. Оларда садақ, найза жэне соғыс айбал-талары бар. Барлық заты алтын мен мыстан жасалған. Найзаның, оқтың жэне айбалтаның металдан жасалатын жерін мыспен, ал бас киімдерін, белдіктерін жэне бауларын алтынмен эшекейлейді. Сол сияқты, олар атқа мыстан сауыт, кеуделік кигізеді. Аттың жүгенін, ауыздығын жэне жақтаулығын алтынмен аптайды. Темір мен күміс олардың қолданысында мүлдем жоқ, себебі бұл металдарды олардың жерінен кездестірмейсің. Есесіне, алтын мен мыс жетерлік». [120. 43 б.].
Көшпенді өмір салтын үстанған далалықтар өздерінің этномэдени айырмашылықтарына қарамай, сақтар деген ортақ атаумен аталады. Дегенмен, арнайы эдебиеттерде археологиялық қазба жүмыстары нэтижесінде «сақ-скиф-сэ» элемінің бірнеше аймағын ерекшелеуге қол жеткізілгені мэлімделеді. Олардың бір тобы «Жетісу, Алатау, Тарбағатай мен Алтайды мекендеген. Бүлар Парсы деректерінде сақтар — тиграхаудтар немесе гректер мэліметінше скифтер аталады… Осы екі атау да «шошақ бөрік ки-гендер» деген мағына береді. Арал теңізі төңірегінде мекендеген екінші топты гректер массагеттер, даилар десе, парсылар хаома-варг сақтары атаған. Орталық Қазақстанға гректер асседондар мен агриппилерді «орналастырған». Осы жердің мэдениетін археолог-тар тағы «Тасмола мэдениеті» деп ерекшелейді. Батыс Қазақстан мен Орал таулары аймағында савроматтар немесе сарматтар өмір сүрген» [121. 35 б.].
«Қазіргі тарих ғылымында парсы патшалары Кир мен Дарийдің Қазақстан жеріне келген бағыттары элі толық анықталмаған, бірақ олардың сақтар мен массагеттерге қарсы жорық жасағаны, жал-пы алғанда бүл жорықтардың сэтсіз аяқталғаны тарихи шындық деп есептеледі… Зерттеулерге қарағанда, Кир эуелі сақтармен эскери одақта болып, Лидия патшасы Крезбен соғысқан. Одақты өзі бүзған Кир… б.д.д. VI ғ. басында сақ-массагеттер еліне шабуыл жасаған жэне «шошақ бөріктілердің» табан тірескен қарсылығына тап болған» [118].
Кир көшпенділер даласымен арадағы шекарасын нығайтуды, Арал теңізі маңында өмір сүретін көшпенділерді бағындыруды мақсат етеді. Мүның оңтайлы кезін ол массагеттер патшасының қайтыс болып, орнына оның эйелі Томиристің келуінен көрген. Патшайымды эйелдікке аламын деген желеумен, құда түсу үшін елшілер жібереді. Томирис Кирдің массагеттер патшалығын өзіне қосып алуды көздеп отырғанын түсініп, бас тартады. Ай-ламен мақсатына жете алмаған парсылар патшасы ашық соғысқа шығады.
Сырдария бойына дейін келген Кир Томирис патшайымның ержүрек ұлы Спаргаписті қулықпен қолына түсіреді. Намыстанған ханзада өзіне қол жұмсап қаза табады. Баласының тағдырын естіген Томирис: «Қанішер Кир! …Сау түрғанда, еліңді тап… массагеттердің күн қүдайымен ант етемін, сен қаншалықты тойымсыз болсаң да, қанға тойдырамын…» — дейді. Осы соғыс туралы Геродот: «…То-мирис барлық эскерімен парсыларға шабуыл жасайды. Бүл соғыс варварлар арасындағы ең қанды қырғын болды. …Қарсыластар бір-біріне алыста тұрып садақтан атады, …оқтары таусылып, қанжармен найзаласуға көшеді. Ешкім шегінгісі келмей, ұзақ соғысады. Ақыры массагеттер жеңеді. …Парсы эскері соғыс даласында қырылды, Кирдің өзі де өлді. Томирис шарап құятын тері ыдысын адам қанына толтырып, …Кирдің …басын оған тоғытуға бұйырады. Со-дан кейін өлікті қорлап, мынаны айтады: Мен сені соғыста жеңіп, аман қалғаныммен, сен мені жеңдің, себебі айламен баламның көзін құрттың. Сондықтан мен айтқанымдай, сені қанға тойдырамын. Кирдің өлімі туралы… осы шындыққа жанасатын тэрізді», — дейді. [120.42-43 б.].
Бұдан кейін I Дарийдің де б.д.д. 518 ж. сақтарға қарсы соғысқа шыққаны, бірақ жорығының сэтсіз аяқталғаны белгілі. Геродот Дарийдің сақтарға барар жолында «көпір соғуға бұйрық берген жері Византия мен Боспорға кіре берістегі ғибадатхана арасында жа-тыр», — деп көрсетеді. Самостан шыққан грек инженері Мандроклға тұрғызған көпірі үшін риза болып, көп сыйлық береді. Осы көпір арқылы өткен парсылар сақтарды іздеп, Истр өзеніне жетеді. Бұл өзенге де көпір салдырып, эскері өтіп болған соң, иондықтарға көпірді бұзуға бұйрық береді. Сонда Эрксандрдың баласы Кой: «Пат-ша! Сіз жыртылған жері, тұрғызылған қаласы жоқ елге жорыққа келе жатырсыз… Осы көпірді бұзбай, оны салғандарға күзеттір. Бэрі жақсы болса, скифтерді табамыз. Ал таба алмасақ, кері қайтар жо-лымыз дайын тұрады. Мен скифтерден жеңілеміз деп қорықпаймын, біз оларды таппай, адасып өлеміз бе деп қорқамын…» — дейді. Дарий иондықтарға көпірді алпыс күн, өзінің қайта оралатын кезіне дейін күзетуді тапсырып, сақтарды іздеуін одан ары жалғастырады.
Шапқыншылық қаупі төнген сақтар көшпенді тайпалардың же-ке-дара парсыларға қарсы түруы қиын болатынын түсінеді. Дарийдің өздерін бір-бірлеп құртатынын алға тартып, көршілердің күш біріктіруі керек екеніне көздерін жеткізбек болады. Дегенмен, олар ортақ шешімге келе алмайды. Тек өз күшіне сенуге мэжбүр болған сақтар ашық соғысқа бармайды. Шегінген жерінің шөбін өртеп, құдықтарды көміп, парсы эскері алдында бір күндік жерде жүріп отырады. Жорық созылып, нэтижесіз жүріс парсы эскерін аздырады, мініс көліктеріне де азық жетіспейді.
Сақтардың Шығысқа қарай шегінуін жалғастыра беруінен жалыққан Дарий: «…сенің таңдауың болса да, неге қаша бересің? Егер күшің менімен соғысуға жетсе, тоқта, менімен ашық соғыс. Егер элім жетпейді десең, қашуыңды тоқтатып, эміршіңе жер мен суыңды сыйла да, келісімге кел», — дейді.
Бүған сақ патшасы: «Менің жағдайым осы, патша! Мен бүрын да біреуден қорқып қашқан емеспін, сенен де қорқып қашпаймын. Қазір де бейбітшілік кезіндегі эдісімді істеп жатырмын. Сенімен неге соғыспағанымды қазір түсіндіремін. Біздің не қалаларымыз, не айдалған жеріміз жоқ. Біз оны тоналады деп қорықпаймыз, сондықтан бірден соғысқан жоқпыз. Сендер бізбен қайткен күнде де соғысқыларың келсе, бабаларымыздың молалары бар. Соларды та-уып құртып көріңдер, сол кезде білесіңдер, молалар үшін соғысамыз ба, жоқ па?! Оған дейін мүмкіндігінше соғыспаймыз… Әміршім деп Зевс пен скифтер ханшасы Гестияны танимын… Сен өзіңді менің эміршім деп атағаның үшін жауап бересің!» — деп сөз қайтарады [106.76-6.].
Сақтар парсыларды өз жерінде ұзақ уақыт ашықтыруға тыры-сады. Ас іздеп шетке шыққан эскерді аңдиды, түнде шабуылдар жасайды. Геродот сақтардың парсыларға шабуыл жасаған кезде абыржытқан бір оқиғасын: «…скиф жерінде есектер пен қашырлар болған емес. Сондықтан да скиф атты эскерін есектің ақырғаны шошытқан. Парсыларға шабуыл жасағанда скиф аттары есектің ақырғанын естігенде шошып, басын бұрып қашатын. Дегенмен, бұл парсы эскерлеріне сэл ғана көмектесті», — деп келтіреді [106. 76-6.].
Ақыры Дарий қыспаққа түсіп, кейін шегіне бастайды. Сақтар қыспағынан қашқан парсылар иондықтар күзеткен көпірге жетіп, одан аман өтіп кетеді. Бастарына төнген қатерден құтылады…
Б.д.д. 330-327 жылдары Орта Азияның елдімекендерін жаулап алған Александр Македонский отырықшылар мен көшпенділер отаны болған Сырдарияға қарай бет алады. Осы өзеннің сол жағалауында орналасқан бірнеше қаланы өзіне қаратады. ¥лы қолбасшының бұйрығымен Сырдарияда, мемлекеттің солтүстік-шығыс шекарасының тірегі ретінде Александрия Эсхата (Шеткі Александрия) аталатын қала тұрғызылады. Бірақ, Сырдарияның оң жағалауында өмір сүрген көшпенді тайпаларға қарсы жүргізілген жорық сэтсіз болып, Шығыс бағытында жасалған жорық тоқтатылады.
Көшпенді тіршілік эрқашан басқа ел өкілдерімен, мэдениеттер-мен ұштасқан. Дегенмен, арнайы эдебиеттерде сайын дала түр-ғындарының өзіндік элеміне тэн бірегей қалыптасқан мэдениеті болғаны көрсетіледі. Мұның мысалы ретінде археологиялық қазба жүмыстары кезінде табылған олардың материалдық мэдениет жетістіктері мен элі де болса сыры ашылмаған жазу өнерін айтуға болады.
Арнайы эдебиеттер Қазақстанда өмір сүрген ежелгі тұрғындар туралы жазба деректерді бірнеше топқа бөлген. Бірінші топқа ежелгі грек авторларының қалдырған мэліметтері кіреді. Бұлар: Геродоттың «Тарих», Страбонның «География» жэне тарихшы Плинийдің сақтар мен түрік тайпалары туралы қалдырған мэліметтері. Екіншісі: ежелгі Қытай ақпараттық деректерінде де байырғы дала тұрғындары туралы пайдалы мэліметтер беріледі. Бұларға — б.д.д. II ғасырында Жетісуға келген Чжань Цяннің «Ши цзи» («Тарихи қысқа мэлімдеме»); та-рихшы Сыма Цяннің «Цянь Ханыну» («Хань Гудің ежелгі тарихы») еңбектері жэне иран тілді ескерткіштер жатады. Зороастризмнің қасиетті кітабы «Авеста» да осындай ежелгі жазба деректердің бірі. Сонымен қатар, сағым ойнаған сайын даланың байырғы тұрғындары туралы мэліметтер парсылардың сына жазуларынан жэне I Дарийдің «Бехистун» жазбасынан кездеседі.
Ежелгі тарихшы Квинт Курций Руф мэліметінен, Александр Ма-кедонскийге келген сақ елшілерінің, өгіздерге жегетін құралдар мен соқаларды, найзалар мен жебелерді, құмыралар мен тостағандарды өздеріне құдайдың бергені жайлы айтқандары белгілі. Өгіздер мен соқа — тойынуға, тостаған — құдайлардың ішімдіктер ішуіне, най-за мен жебе жаудан қорғану үшін берілген. Осындай аңыздық мэлімет «еуропалық» скифтер туралы да айтылады. Александр Македонскийге келген олар, өздерінің кез келген келісім сөзді киелі тұтатынын, келісім сөзді бұзу, құдайды алдаумен бірдей деп есептелетінін білдіреді…
Сақ тайпаларының қазақ даласы мен Орта Азиядағы өзіндік ерекшелігімен көзге түсетін ескерткіштері: Қуаңдарияның кеуіп қалған арнасында орналасқан, қазба жүмыстары кезінде көптеген түрмыстық заттары табылған тохарлардың бекініспен қоршалған қауымдық үйлері; төменгі Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында орналасқан аугасилер қалашығы; Іңкэрдария арнасында орналасқан сакаравактар елдімекені. Осы аталған орындардан басқа жердегі сақтар мэдениетінің мэліметтері қорымдар кешені арқылы беріледі.
Ежелгі сақтардан жеткен ескерткіштердің басым бөлігі — сақ тайпалары көсемдерінің қорымдары. Жетісу сақтарының Есік қорғанынан табылған «Алтын адамы» — осындай аса қүнды ескерткіштердің бірі. Оны археолог Кемел Ақышев тапқан. Ғалымдардың «Алтын адамды» 17-18 жаста деп белгілеуіне байла-нысты, ол ханзада, тақ мүрагері болуы мүмкін деген болжам жасала-ды. Ол, ежелгі сақтар дэстүрі бойынша, алтын сауытымен жэне қару-жарақтарымен жерленген. Қорымнан 4 000-нан аса алтын бүйым, соның ішінде аса шеберлікпен орындалған аң стиліндегі жалпақ ал-тын тілікшелер, ілгектер мен эшекей заттары табылған.
Жауынгердің сырт киімі шекпен мен шалбардан түрады. Қызыл түсті қысқа тері шекпен түтастай алтын эшекейлермен барыс, бұлан, таутеке, арқар, ат, түрлі құс бейнелерін беретін «хайуанат нақышында» безендірілген. Бас сүйектің сол жағынан жақұт тастар-мен эшекейленген алтын сырға табылды. Бас киімі кейінгі қазақ киімі үлгілеріне үқсас, биік, шошақ төбелі, үзындығы 70 см шамасында. Мойнында дөңгелек жүзік сияқты алтын алқа, іш көйлегі, көкірегінің тұсы, жеңі алтын тоғалармен өрнектелген, саусағында екі алтын жүзік, камзолы құрастырылмалы ауыр белбеумен буылған. Белбе-уге аң бейнелі 16 тоға жапсырылған, оң жағында қызыл қынапты ұзын семсер, сол жағында алтын пластиналы қынға салынған темір қанжар — ақинақ, шалбар балағы да алтын тоғалармен өрнектелген. Археологтар мэліметтеріне қарағанда Есік обасынан алынған бұл адамның б.д.д. У-ІУ ғасырларда өмір сүргені анықталған. Қорымнан мэйітпен қоса, оның тіршілікте ұстаған мүліктерінің бір бөлігі табылған. Осыдан да болар, сақтардың ежелгі қорымдары сол, байырғы замандардың өзінде-ақ, тонауға ұшырағанын қазба жүмыстарының мәліметтері көрсетеді. Дегенмен, осы сақ қорымдары бізге ойламаған күрделі бейнелерді, материалдық мэдениет жетістіктерін де көрсетті.
1999 жылы Атырау жерінің Аралтөбе қорғанында Зайнул-ла Самашевтің басшылығымен жүргізілген қазба жұмысының нэтижесінде сармат тайпасы көсемінің мэйіті табылды. Табылған мэйіттің көсем мүрдесі екеніне археологтардың еш күмэні болған жоқ.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.