Сақтардың наным — сенімдері

Home » Рефераттар » Сақтардың наным — сенімдері
Рефераттар Комментариев нет

Сақтардың Наным, сенімдері. Сақ аңыздарының мазмұны дінмен байланысты. Орта Азия мен Қазақстан аймағы байырғы замандардан адами қызмет аймағы болған. Мұнан алғашқы қауым адамдарының қалдырған іздерін, магиялық іс-эрекеттерді, күнге табынған деген болжамды айтуға болатын аңыздық бейнелерді көруге болады (Там-галы). Сайын дала түргындары б.д.д. бірінші мыңжылдықта өзіндік ерекшелігімен байқалатын зороастрлық идеялармен біте қайнасқан, қүдайлар патеонына (жиынына) шамандық та қосылған, түтас діни дүниетанымдық көзқарасты үстанған жоғарғы үйымдасқан қоғам ретінде көзге түседі. Осы мэдениеттің зерттеушілері, сақтардың бас киімі талдауынан Ғаламның үш қүрамдас бөліктен түратыны туралы түсініктің болғанына сілтеме жасайды. Олар: жоғарғы, ортаңғы жэне төменгі элемдер.
Тэңіріге, күнге, эруаққа, отқа, суға, жерге, төрт түлік мал иелеріне табыну көшпенді тірліктің дүниетанымдық бағдарын көрсетеді. Ге-родот, Страбон еңбектерінен ежелгі сақтардың күнге табынғанын көреміз. Бүған Томирис патшайымның Кирге «массагеттердің күн құдайымен ант етемін» деген сөзін мысал ретінде келтіруге болады. Сақ тайпаларының бірі — массагеттер күнге, жарық пен жылу көзіне ар-нап ең жүйрік жануар — жылқыны қүрбандыққа шалған. Массагеттер «Күн қүдайы, массагеттердің иесімен» ант берген.
Ежелгі көшпенді тайпалар ортасында отқа табыну рэсімі кең тараған. Оттың зүлым күштерді қуып, тазалайтынына деген сенім көшпенді мал шаруашылығымен айналысқан сақ тайпаларының бэріне ортақ болған. Ортаазиялық сақтар Күн күдайымен қатар, отты да қасиетті санаған. Мысалы, қазба жүмыстары кезінде Жетісу жерінде өмір сүрген сақтардың қүрбандық шалу рэсімінде қолданған қола бұйымдары табылды. Бұдан басқа, қорымдардан оттың құрамдас бөлігі болатын заттар мен хош иісті түтін шығаратын аспаптар табылған. Осындай рэсімдік ырымдар жерлеу кезінде орындалатын шаралар жиынтығына кірген. Сақтардың жерлеу рэсімінде молаға қойылған мэйітпен қоса, жерлеу орыны өртелгені туралы дерек Арал маңында өмір сүрген сақ қорымдарынан белгілі. Дегенмен бұл туралы нақты мэлімет Жетісудан табылған. Бесшатыр қорымында бірінші қорғанның үйген топырағы 94 тас қоршаумен белдеулен-ген. Қазба жұмыстары кезінде осы эрбір қоршау, белдеудің ішінде оттың жанғаны анықталған. Мамандар: осы лаулай жанған үлкен от белдеулерінің ішінде мэйіт о дүниеге, Құдайлар элеміне көтеріледі деген ұғымның болғаны туралы пайымдау жасайды [126].
Диодор сақтардың жерлеу рэсіміне байланысты ұстанымын, Ктесийден жеткен мэліметке сүйеніп береді. Бір кезде сақтардың ержүрек, дана патшайымы болған Зарина туралы «елдің мекен-деген жерінің үлкен бөлігін тэртіпке келтірді. Көптеген қалалар тұрғызды, өз халқына бақытты өмір сыйлады» деп жазады. Ол қайтыс болғаннан кейін алғысын білдірген отандастары, пирамида сияқты үлкен қылып қорым тұрғызады. «Қорым үстіне оның алып мүсінін қойып, оның ата-бабасына істелмеген қүрметті көрсетеді» [127]. Мэтіннен ежелгі сақтардың өз басшыларына үлкен құрмет көрсетіп, қорымдар тұрғызғанын, оның үстіне, бэлкім қымбат металдан, мүсіндер қойғанын түсінуге болады. Мысалы Каспий теңізі маңында өмір сүрген сақтардың тастан жасалған мүсіндері сақталса, Жетісудан сақтардың үлкен қорымдары табылғаны жоғарыда айтылды.
Қорымдар үлкен жер аумағында орналасқан және эртүрлі тайпа мүшелеріне тиесілі болған. Үстіне үлкенді-кішілі үйілген топырақтарына қарай олардың өз ара айырмашылығы да бар. Қорымдарға бір адам, кейде ерлі зайыптылар, үшінші біреулерінде бірнеше адам жерленген. Қорымдар арасында жер үстіне ағаштан түрғызылғандары да бар. Бейітке жақын жерде еске алу үшін ас берілген орындардың ізі де байқалады. Өлген кісінің киімімен жерленуінен, басының астына жастық қойылуынан, моланың ағаш едені болуынан мэйітке деген қамқорлық көрінеді.
Жерленген адамның о дүниелік өміріне керек болуы мүмкін, оған қызмет көрсететін эртүрлі бүйымдар қоса көмілген. Бұлар: түрлі қүрбандықтар, рэсімдік қазандар, ыдыстар, т.б. Ер адамдарға -қару-жарақтар, ал, әйелдерге айна, эртүрлі эшекейлік бүйымдар қойылған. Молалардан эдетте қыш қүмыралар, қола ыдыстар, ат эбзелдері, пышақтар мен біздер кездеседі.
Орта Азияның сақ қорғандарында эсіресе «аң стилінде» жасалған өнер туындылары көп кездеседі. Бүдан сақтар өздері бей-нелеген жануарлардың қимыл-эрекетін жэне тыныш түрған кезін, жүріс-түрыстарын, жыртқыштар мен шөп қоректілер арпалысын жақсы білгенін көрсетеді. Кейде жануарлардың дене қалпы табиғатта болмайтын, мүмкін емес жаңа қырынан көрінеді. Бүл үшін дененің белгілі бір бөлігі эсіреленіп көрсетіледі, тым ерекшеленеді. Мыса-лы жануарлар мен қүстардың түтас денесінің орнына олардың басы немесе тек құс тұмсығы бейнеленеді. Жалпы алғанда, бұл — өзіндік ерекшелігімен, мэнерлігімен, тартымдылығымен көзге түсетін ерек-ше өнер.
Сақ дэуірінің қорғандары өзінің үлкендігімен, құрылымының күрделілігімен таңдандырады. Әдетте бұлар көпке танымал, елге еңбегі сіңген, беделді адамдарға арнап тұрғызылған. Іле өзенінің орта ағысында орналасқан Бесшатыр осындай қорым. Қорымдар ор-тасында үлкені (диаметрі 100 м, ал биіктігі 17 м), орташа және кішісі де бар [128].
Оттың тазартушы күшіне сенген көшпенділер ортасында эруаққа табыну, оған сену де үлкен орын алды. Арнайы эдебиеттер қыстақ маңында рулық қорымдардың болғанынан мэліметтер береді. Қайтыс болғандарды жыл мезгіліне, отырған қоныстарының алыс-жақындығына қарамастан, соған экеліп жерлеген. Жазғы уақытта мэйіттің бүзылмауына ерекше мэн берілген. Сақтардың Дарийге «ата-бабамыздың моласын тауып, соны қорласаң, сонда біздің қалай соғысатынымызды көресің» деген жауабынан өлілердің жатқан жерінің қалай қастерленгенін түсінеміз. Көшпенді тайпалардың діни рэсімдер өткізетін арнайы орындары, ғибадатханалары болмағандықтан, қорымдар қасиетті орын ретінде бағаланған тэрізді. Ежелгі қорымдар қүрылымын, оның ішінен табылған заттар қүрамын зерттеу өлікті жерлеу рэсіміне улкен мэн берілгенін көрсетеді. Әруаққа арналған қүрбандыққа тек жылқы ғана емес (Пазырык қорымынан көптеген жылқы сүйегі табылған), адамдар да шалынған.
Егіншілікпен айналысқан отырықшы сақтар жерді қасиетті күшке ие ана ретінде қастерлеген. Ал көшпенді өмір салтын үстанған сақтар күнге, отқа, ата- баба аруағына сеніп, солардың көмегіне сүйенуге үмтылған. Ата-бабалар рухына табыну қасиетті адамдардың моласына, киелі орындарға зиярат ету, марқүм болған тума-туыстарды еске алатын күндерді қастерлеу рэсімдері арқылы қазіргі діни салт-дэстүрлерге де енген.
Сақтардың рухани өмірінен мэлімет беретін деректер грек жеріне өз елін таныстыру жэне олардың дэстүрлерін, эдет-ғүрыптарын зерттеу үшін келген жэне «Таңқаларлық парасаты мен үстамдылығы үшін элемнің жеті данышпанының бірі деп мойындалған атақты Ана-харсис туралы ежелгі грек саяхатшысы, көп томды «Географияның» авторы Страбонның (б.д.д. 68-23 жж.) еңбегінде кездеседі. Ол өзінің бидайға бай Асиданы қоныстанғанын, тегінің скиф болғанын, «көшпенділер жерінен, эділетті адамдардан» шыққанын, грек еліне олардың эдет-ғүрыптарын, дэстүрлерін зерттеу жэне сонымен қатар өзінің отандастарын таныстыру мақсатында келгенін жазады.
Данышпанның «Крезге» деген №9 хатында: «Менің өз көзіммен көргенім жайлы эңгіме тыңдаңыз. Скифтер жері арқылы Истра деп аталатын үлкен өзен ағады. Бірде саудагерлер өздерінің баркасын (үсті ашық жүк таситын үлкен сүйретпе қайық) қайраңға отырғызып алады жэне өздерінің қасіретіне ешбір амал жасай алмай, жыларман күйде одан алыстай береді. Оларды көрген қарақшылар бос қайықпен келіп, жүкке дереу бас салып, баркадағы барлық қозғауға болатын нэрсені қайықтарына тасымалдап, саудагерлер бақытсыздығын байқаусызда өздеріне көшіреді. Жүктен жеңілдеген барка жүзу мүмкіндігіне ие болып, ал оның жүгін тиеп алған қарақшылардың қайығы бөтеннің мүлкін ұрлаганы салдарынан көп үзамай батып кетті. Бүл эрқашан байлардың басында болып қалуы мүмкін.
Скифтер мүның бэрінен тысқары түрды. Олар біз барлық жер-ге иеміз; оның өз еркімен бергенін аламыз, ал оның жасырғанын қалдырамыз; табындарды жабайы аңдардан қорғап, олардан сүт пен ірімшік аламыз; қаруды басқаларды жаулау үшін емес, керек кезінде өзімізді қорғау үшін қолға аламыз; бірақ ол бүгінге дейін ке-рек болған жоқ, өйткені біз жаулап алушыларға қарсы, жеңіс үшін күресетін боламыз (демек, жеңгендерге біздің өзімізден басқа ала-тын еш нэрсе жоқ) деген үстанымда болды.
Осынау көшпенді елдің бір орталыққа бағынған билік жүйесі қалыптасты. Оның саяси ойының шынайы көрінісі — элеуметтік даму мэселелерінің шешімі туған жер, ел, Отанға деген сүйіспеншілік, оның мүддесін қорғап, болашағы үшін күресу жолдарын жан-жақты көрсетуінде.
Елдімекендерде еңбек қүрал-жабдықтары, егіншілік дэнді дақылдары, мал, тері, жүн, қару-жарақ, ат эбзелдері жэне т.б. бүйымдардың саудасы жүрді. Маңызды сауда орталықтары орналасқан қалалар арқылы өтетін Жібек жолы бойында эртүрлі діни, мэдени ағымдар, түрлі халықтың өзіндік ерекшеліктеріне тэн күрделі таным үрдістері де тоғысып жатты.
Қауымдастық мүшелерінің ғасырлар бойы жинақталған өмірлік тағылымдары, қоғамдық санада қалыптасқан тарихи элеуметтік жүйе қағидалары, ережелері реттеліп отырды. Өмірдің эртүрлі жағдайларында көпті көрген көнелерден ақыл сүрап, үрпақтан-үрпаққа жалғасқан бай тэжірибені есте сақтаған кэріқүлақ қариялардың үлағатты сөздеріне қүлақ асып, дұрыс шешім қабылдау замана түрғысына сай қалыптасқан заңдылық еді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.