Саңырауқұлақтардың биологиясы

Главная » Рефераттар » Саңырауқұлақтардың биологиясы

Саңырауқұлақтардың биологиясы.

Саңырауқұлақ жасушасының морфологиясы.

.

Микроскопиялық саңырауқұлақтардың клеткалар мөлшері, көлемі бойынша әртүрлі, бірақ құрылымдық элементтері ортақ болып келеді. Осыған байланысты саңырауқұлақтар клеткалық қабырғасынан, цитоплазмалық мембранасы бар цитоплазмадан және эндоплазматикалық тордан, митохондриялардан, рибосомалардан, қосындылар мен вакуольдар, ядро немесе бірнеше ядролардан тұрады. Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы көпқабатты және әртүрлі электрондық тығыздықты құрайтын 9-10 қабаттан тұрады. Аморфты матрикске кіретін микрофибриллалар жүйесін құрайды. Фибриллалар түр ерекшелігіне қарай целлюлозадан, глюкон, хитиннен тұруы мүмкін. Басқа полисахаридтер, ақуызда, пигменттер, липидтер құрылыстық қызметін атқарып, жасуша қабырғасының микрофибриллярлы бөлігімен химиялық байланыстар құрайды. Мұндай комплекстер кей заттардың өткізгіштігіне әсер етіп, басқа қосылыстарға блокада болып табылады. Жасуша қабырғасының тіректік миофибриллалар және оның матриксі құрылу мен биосинтезі бойынша ерекшеленеді. Фибрилл мен матрикс құрылуы синхрондық емес, ең алдымен фибриллярлық арқау регенерацияланады. Бұл екі бөлік жасуша қабырғаларының биосинтезі ферменттер қатысында жүреді. Жасушалық қабырғалар екі жолмен құрылады: жаңа материал қабырғаға поляризациялық жолмен қосылуы мүмкін, не оның беткейіне біркелкі жайылуы мүмкін. Бірінші жағдайда  цилиндірлі жасушалар құрылуы, ал екіншісінде – сферикалық құрылуы байқалады. Жасушалық қабырға қорғаныштық қызмет атқарып, саңырауқұлақ жасушаларын сыртқы орта факторларынан қорғайды. Мысалы осмостық барьер ретінде кей заттардың өткізгіштігіне жауап береді. Жасушалық қабырға вегетативті клеткаларға гиф пен жыныс мүшелеріне қалыпты формасын қалыптастырады. Маңызды фактор болып жасушалық қабырғасындағы беткейінде және цитоплазматикалық мембранада ферменттер орналасқандығы. Олар сіңірілмейтін клеткаларды (суда ерімейтін) полимерлерді мономерге дейін өзгертеді.  Саңырауқұлақтардың жасушалық қабырғасы лизистің нәтижесінде басқа жасушалардан құралатын және саңырауқұлақтың өзінде түзілетін ферменттер әсерімен бұзылуы мүмкін. Саңырауқұлақ жасушалық қабырғасының негізгі элементтері болып – хитин, глюкандар, ақуыз, майлар жатады. Азоты бар және азотсыз полисахаридтер еритін және ерімейтін комплекстерді құрастырады. Жасушалық қабырға негізін 4-6 моносахаридтер құрайды. Әртүрлі саңырауқұлартарды олардың үлестік қатысының әртүрлігі біршама мөлшерді ғана ерекшеленді. Полисахаридті фракциялар құрамына глюкозамин, манноза, глюкоза, ксилоза, т.б. кіреді. Бір саңырауқұлақтың әртүрлі клеткалары жасушалық қабығының құрамы бірдей емес екендігін айта кету керек. Протопласт – жасушалық қабырғасына кіретін саңырауқұлақ жасушасының құрамы. Цитоплазматикалық мембранасы, эндоплазматикалық ретикулум, бір немесе бірнеше ядрошығы бар ядродан, митохондриялардан, РНҚ-сы бар рибосомадан, лизосомадан, Гольджи аппаратынан, вакуольдерден, қатпарлы комплекстен, безді гранулдардан және басқа да құрылымдық қосынлардан құралған. Цитоплазматикалық мембрана – үшқабатты, жасушалық қабырға астында орналасқан және цитоплазмадан бөліп тұрады. Цитоплазматикалық мембрана негізге қасиеті болып жасушаға кіретін және одан шығатын кейбір заттардың өткізгіштігі саналады. Цитоплазматикалық мембрана 40% липидтерден және 38% ақуыздардан құралған. Цитоплазматикалық мембрананың әртүрлі формалы шектеулері мен инвагинациясы мезосомалар деп аталады. Цитоплазматикалық мембрананың негізгі функционалдық міндеті болып жасушаға әртүрлі заттардың өтуі, ферментативті өндіру мен метаболизм өнімдерін шығару саналады. Цитоплазмалық мембранада өндірілген өнімдер жасуша протопластына өтіп, зат алмасуға қатысады. Эндоплазмалық ретикулум нәрлі заттар депосы ретінде көпіршіктерден, каналдар мен вакуольдерден құралған. Митохондриялар – көп мөлшерлі, қозғалмалы, эллипстік формадағы оқшау құрылымдар, бір не екі қабатпен жабылған болып келеді. Митохондриялар репродукцияға қабілетті сақиналы құрылымды өзіндік ДНҚ болатынын айтады. Митохондриялар мембранамен қоршалған, мұнда ферменттер локализациясы жүреді: пируватоксидаза, сукциндегидрогеназа, сілті және қышқыл фосфатаза, пероксидаза және т.б. митохондриялар жасушаның энергия генераторлар рөлін атқарады. Культивирлеу мен физиологиялық жағдайына сай жасушадағы митохондрийлер көлемі мен саны әрдайым өзгеріп отырады. Рибосомалар – рибонуклеидті дөңгелек дән тәріздес, жасуша ақуызын синтездеуге қатысады. Саңырауқұлақтардың түрлеріне қарай және сыртқы орта факторларынан, жасынан, культурасы бойынша рибосомалар саны өзгереді.  Гольджи аппараты – кіші диаметрлі (0,000002-0,00001 мкм) көпіршіктер тобы ретінде немесе параллельді жатқан диск тәрізді пластинкалар ретінде байқалады. Бұл органоид рибосомадан бос клетка учаскесінде орналасады. Лизосомалар – Гольджи аппаратының туындысы, клетка қабырғасы мен цитоплазматикалық мембрана арасында орналасады. Дәнді түзілімдер ретінде бірқабатты липоротеидті мембранамен қоршалған болып келеді. Лизосомада ақуызды гидролиздейтін ферменті бар. Жасушаны экзо- және эндогендік токсикалық заттардан, қолайсыз шарттардан қорғау функциясын атқарады. Липосомалар – майлы заттар тамшылары, бірқатты мембранамен қоршалған. Ядро – жасуша ортасында не полюстарында орналасады. Саңырауқұлақтық жасушаларда бір немесе бірнеше ядролар кездесуі мүмкін. Олар тұқым қуалаушылық функцияларына жауапты. Ядролар көлемі дөңгелек не ұзынша келген. Хромосома құрамында ДНҚ-сы болады. Ядро анастомоздары арқылы бір клеткадан екіншісіне ауысып отыруы мүмкін.  Саңырауқұлақтық жасушаларында көптеген волютиндер, гликоген, липид, пигменттер және басқалар қосылымдар кездеседі. Гликоген эндогенді тыныс алуға, волютин энергетикалық процесстерге қатысатын қосымша нәрлі зат ретінде қызмет атқарады деп саналады. Сонымен қатар протоплазмада миелоидты құрылымдар, органикалық қышқыл тұздары, аминқышқылдар және басқа қосылымдар кездесуі мүмкін. Микроскопиялық саңырауқұлақтардың морфологиялық элементтерінің барлығы 2 топқа бөлінеді: мицелий мен споралар. Мицелий мен споралар әртүрлі формада болуы мүмкін. Мицелий мен споралар морфологиялық ерекшеліктері саңырауқұлақтардың түрін анықтауда маңызды дифференциалдық белгісі болып саналады.

.

Саңырауқұлақтардың көбеюі.

.

Саңырауқұлақтардың көбеюі жыныстық және жыныссыз жолдармен жүреді. Бұл белгісіне қарап олардың дифференциациясы айқындалады, жетілген жыныстық жолмен, ал жетілмеген түрлері жыныссыз жолмен көбейеді. Жыныстық жолмен көбейгенде жасушалар (гаметалар) екі гифтен біріге өсіп кетеді де, жаңа клетка (зигота) пайда болады. Зиготада клетка ядролары бірігеді. Келесі редукциялық бөлінуде хромосомалар саны сақталуы жүреді, гамета санына тең болады. Бұндай көбею белгілерінің комбинирленген жаңа ұрпақтар пайда болуына септігін тигізеді. Зигота гифтердің бір талломасынан (гомоталлды) немесе екі талломасынан (гетероталлды) құрылуы мүмкін. Саңырауқұлақтардың жыныстық көбеюі сан алуан түрлі, бірақ та мұндай типті микроорганизмдер жыныстық процесі әртүрлі ауытқулармен редуцирленетіні айтылады. Жыныстық көбеюдің үш формасы ажыратылады: гаметогамия, соматогамия және гаментангиогамия. Жыныссыз көбею ядролардың және сәйкес хромосомалардың митотикалық өзгерісіне негізделген. Ол бес стадияда өтеді: 1) интерфаза – тыныштық сатысы. Хромосома саны екі еселенген ядро; 2) профаза – ядро бөлінуінің алғашқы дайындалу сатысы. Хромосомалар екі жіңішке спираль түрінде; 3) метафаза – хромосомалар экваторға жақындаған; 4) анафаза – хромосомалар полюске ажыраған, жаңа ядролар құрылады, аналық клеткасына сай хромосомдар саны сақталады; 5) телофаза – интерфаза сатысына көшу. Хромосомалар спираль тәріздес, ядро қабығының құрылуы жүреді. Жыныссыз көбею саңырауқұлақтар тіршілігінде маңызды рөл атқарады және де микроорганизмдер тобының ерекшеліктерінің бірі болып саналады. Жыныссыз көбею түрлеріне вегетативті (арнайы немесе аз дифференцияланған мүшелер көмегінсіз жүргізіледі) және репродуктивті (көбею мен түр сақталуына қажет дифференциалды клеткалары бар арнайы органдар пайда болуы арқылы) болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.