Сал ауру (паралич ауруы) – полиомиелит

Главная » Рефераттар » Сал ауру (паралич ауруы) – полиомиелит

  paralych2 Сал ауру – паралич – полиомиелит – өту жұқпалы ауру. Бұл, әсіресе , төрт – бес жасқа дейінгі балаларға көбірек жабысады. Мектеп жасындағы балалар да, кейде ересек адамдар да паралич ауруымен ауырады.

Сал жайыла келе көптеген балаларды қазаға ұшыратады. Жазылғандардың ішінде де мүгедек болып қалатындарда аз емес. Әңгіме ауруды мезгілінде біліп, тез емдеуде.    Ел ішінде сал болып ауырған балаларды «пері соқты» , «жын ұрды» деп жоритындар әлі де болса кездеседі. Бұл мүлде теріс ұғым, ескіліктің зиянды қалдықтарының бірі.

Дұрысында, бұл аурудың арнаулы микробы бар. Оны вирус деп атайды. Сол ауруының вирусы, өзге аурулар микробтарымен салыстырғанда, өте майда, оны жай көз түгіл , кәдімгі микроскоппен де байқауға болмайды. Тек ғылымның соңғы кездегі ірі табыстары арқасында жасалған электронды микроскоп арқылы ғана бұл вирусты көруге, оның сырларын ашуға мүмкіндік туды.

.

Сал ауруының вирусы өте жансебіл келеді. Олар ауыз суларында , азық – түлікте ұзақ өмір сүреді. Вирустың үйдегі суда 100 күнге , ал сүт пен сары майда 90 күнге дейін өлмейтінін ғылым анықтап отыр.    Вирус ыстықты сүймейді. Егер вирус түскен суды 50 – 60 градусқа дейін ысытсақ, ол тез қырылады. Ол күн көзін де шыдамайды. Ғалымдар баланың денесіне вирустың екі жолмен енетінін тапты. Бірі – тағам , екіншісі – ауа.

Балаларға арналған азық – түліктер таза күтілмесе, сәбіз , қияр , қызанақ (помидор) секілді жеміс – жидектер жеу алдында қайнаған сумен әбден тазаланып жуылмаса , сүт пісірілмей , су қайнатылмай ішкізілсе , вирус баланың асқазанына түседі. Содан кейін ас бойға сіңгенде микробтар қан арқылы жалпы денеге , алдымен нерв тамырларын қуып миға және жұлынға жетеді. Осыдан ми мен жұлын ісініп ауырады. Вирус адамның негізгі тіршілік органдары – ми мен эұлынға жабысқандықтан , оны ерте заманнан – ақ полиомиелит (латынша полио – көп , миелит – жұлын тамырларының ісінуі деген сөз ) деп атайды.

Ауыл – селолық жерлерде нашар дәретханалардың ласы маңындағы құдықтарға түсуі мүмкін. Осындай былғаныш су тамақ пісіруге, ыдыс – аяқ , беті – қол жууға пайдаланылса , ол жердегі халық арасында полиомиелит басталуы мүмкін. Алдымен бұл індет , әрине , жас балаларды қамтиды.

Паралич вирусы сау адамға ауа арқылы да жұғады. Ауру адам сөйлегенде , түшкіргенде , жөтелгенде вирустар сілекей шашырандысымен не шаң – тозаң арқылы ауаға жайылып отырады. Осындай ауамен дем алған соң адамдар параличпен сөзсіз ауырады.

Параличтің қозатын маусымы бар екені ғылым жолымен анықталып отыр. Балалар параличті  июль, август , сентябрь айларында жиі кездестіреді. Вирус денеге енісімен ауру бірден біліне қоймайды. Ауру вирус ағзаға жайылғансоң , 7 – 10 , кейде 20 күннен кейін барық білініп жатады. Бұл кезде бұрын сап – сау , ойнап күліп жүрген бала кенеттен жығылады. Дене қызуы 39 – 40 градусқа дейін көтеріледі, көзі жасаурайды, басы көтертпей ауырады, кейде тұмау тәрізді түшкіреді, мұрыны бітеді немесе тынбай танаудан су ағады, жөтеледі. Кейбір балалардың іші өтеді. құсады. Аурудың алғашқы күндерінде бала мең – зең , ұйқыщыл келеді, кейде күйгеліктік ашушаңдық пайда болады. Ондай бала бетіне түскен  күн және шам сәулелерінен қашады, төңірегіндегілердің  сөздерін естігісі келмейді. Кейбіреулері қатты жығылып , сана –сезімінен айырылады. әке – шешесін танымайды , сандырақтай  бастайды. Есейіп қалған балалар аяқ – қоладырының , арқа , мойын омыртқалаларының ауыратынын бірден айтады. Денелеріне қол , киім – кешек тисе , тітіркеніп жақтырмайды. Параличпен ауырған баланың денесі , әсіресе, желкесі қатты терлейді.

Жас балалар ауырған жерлерін айта алмайды. Бірақ ауыра бастағанда – ақ мазасызданады.   Қол – аяқтарын немесе басқа мүшелері қозғалған сайын бақырып жылайды, қимылдаудан қашып, кейде дәретке де шықпайды. Осы халде 4 – 5 күн өткен соң бала оңала бастайды. Дене қызуы төмендейді, ұйқысы түзеліп , тамаққа тәбеті тартады. Сөйтіп баланығ беті енді бері қарады – ау деп тұрғанда бала ойламаған жерден қолын не аяғын қозғалта алмай қалады немесе отыра алмай, жығыла береді,кейде басын тік ұстай алмайтын болады. Мұнің себебі: қол – аяқты және өзге мүшелерді тізгіндеп , билеп отырған және оларды қозғалтып , жүргізетін денедегі бұлшық еттердің істен қалуы . Өйткені бұлшық еттерді мидан , жұлыннан келетін нервтік тамырлар билейді. Сал ауруда (параличте) сол қозғағыш нервтер орталығы зақымданғандықтан бұлшық еттерді билейтін нерв бұтақшалары да өз міндеттерін атқара алмайды, кейде шала атқарады. Осы нерв бұтақшалары өз қызметінен мүлде немесе шала жансар болып қалса , адамның қол – аяғы тіпті қозғалмай , сал болып қалады , ал жеңіл түрінде аяқ – қол сәл жыбырлап қана қозғалады , оны «парез» дейді.

Кеуде бұлшық еттері адамның тыныс жолдарының дұрыс істеуіне зор себепші. Сондықтан кеуде еттері істен қалса , баланың тынысы тарылады. Кейде тіпті тұншығып , өліп те кетуі әбден мүмкін.  Көбінесе мұндай балалар өкпе қабынунына тез шалдығады. Кейде баланы қауіп – қатерден сақтау үшін операция жасауға да тура келеді.  Мойын бұлшық еттері істен қалса , бала басын көтеріп ұстай алмайды , мойын бір жағына қисайып  кетеді,  иегі бір жағына қисаяды, басы төмен салбырап кетеді.

Арқа бұлшық етттері жансыздана , бала отырудан қалады. Кейде тіпті паралич тіл мен көмекей еттерін соғады. Ондай бала тамақ іше алмай қалады , тіпті сілекейін де жинай алмайды.

Жансызданып , қимылсыз қалған аяқ – қол тағы басқа мүшелер кейде екі – үш ай ішінде қалпына келіп , жазылып кетеді. Бірақ cал ауру (паралич) соққан мүшелер сау кездегі қалпына жету үшін бір жарым  — екі жылдай , кейде одан да ұзақ уақыт керек етеді. Кейде тіпті екі аяғынан айырылған балалар бөкселерімен жылжиды немесе еңбектейді. Екі аяғы сал болған балалар кейде екі қолымен ғана жүреді. Сол болған кейбір балалардың омыртқалары , кеуде сүйектері қисаяды , аяқтары тырысып  қалады , мойыны қыңыраяды , аяғының басы салбырап қалады.

Ғылымның соңғы кездегі табыстарына қарағанда балаларды сал ауруынан аман алып қалуға болатынын көрінеді. Мезгілінде емделген балалар жоғарыда көрсетілген , сымбат бұзатын ақсақ , қисық , қыңыр  сияқты жарым – жандылықтан құтылатыны даусыз. Әрине , балаларды бәрінен бұрын параличтен сақтай білу керек. Ол үшін баланы бірден ауруханаға апарып , басқа балаларға жолатпау керек.

.

Науқасты ауруханаға жатқызғанша сау балаларға cал ауруды (параличті) жұқтырмау үшін түрліше сақтық шараларын істеуге болады. Мысалы , науқасты жеке бөлмеге , ал мүмкіндігі болмаса , бөлменің бір бұрышына жатқызып, төсек алдын шымылдықпен қоршап қою керек , оған күтушіден басқа ешкімді қатыстырмау керек. Ауру адамның ыдыс – аяқтары, киімі және тағы басқа да заттары бөлек болуы тиіс. Ауру адамның үлкен дәретін төгер алдында хлорлы әк ерітіндісімен дезинфекциялау керек. Ас ішкен ыдыстарын тамақтан кейін 20 минут бойы суда қайнатылады. Одан кейін 0,2 процентті хлорлы әк ерітіндісіне жарты сағаттай малынуға тиіс. Бұдан соң ыдысты таза суға шайқап , әбден кептіру керек. Ыдыстарға жұққан вирус сонда ғана жойылады деуге болады.

.

Ауру баланы күтуші үстіне таза халат киюі керек. Оны тек баланы күткенде ғана киіп , бала жатқан бөлмеден шығарда шешіп қалдыру керек. Күтуші өз басының тазалығын да сақтауға міндетті . Ол үшін тамақ алдында, тысқа шығып келгеннен кейін қолын қол щеткасымен сабындап жууға тиіс. Әрдайым ауызын жылы сумен шайып отыруы керек. Ауру бала жатқан бөлмеге шыбын жолатпау үшін терезелерге темір тор немесе дәке тартып қою керек. Үйдегі шыбындарды шыбын жабысқыш қағаздармен немесе ДДТ дәрісін сеуіп қоюға болады. Науқасты ауруханаға орналастырғаннан кейін , науқас жатқан бөлмені , төсек – орынды , киім – кешекті , ойыншықтарды дәрілейді. Кейбір ата – аналардың балалардың заттарын дәрілеуден жасыратыны бар. Әрине ол түсінбегендіктен. Дәрілеуден ешбір зат бұзылмайды, тек ондағы паралич вирусы жойылады.

Параличпен ауырған адамды күтуге қатысқан адамдар 20 күнге дейін медицина қызметкерінің бақылауында болады. Егер бір қалада, ауыл – селода паралич індеті басталса, ата – аналар өз балаларын сақтауға тиісті. Мұндай жағдайда халық көп жиналатын базар, кітапхана дүкендер, кино сияқты орындарға балаларды жібермей үйде ұстау керек. Сөйтіп індеттің жайылып кетпеуіне халықтың өзі жәрдем беруі керек. Ол үшін тұрғын үйлерді, қора – қопсыларды түрлі қоқсық сыпырындылардан, жауындылардан күнделікті тазартып оларды белгілі бір орынға үйе төгіп тастау керек. Балаларды лас суға, кір шайқайтын тайыз суға шомылдырмау керек.

Денсаулық сақтау орындарының түрліше жұқпалы ауруларды, оның ішінде өмірге қауіпті паралич халық белсене қатысқанда ғана толық жоюына мүмкіндік болады. Советтік медицина ғылымының ірі табыстарының бірі полиомиелиттен (паралич) сақтайтын вакцинашығарғандағы болып отыр. Жаңа вакцина соңғы жылдары көп адамға (балалар мен ересектерге) егіледі. Соның нәтижесінде елімізде полиомиелиттен ауырғандар саны әбден азайып жатыр. Бұған қарағанда, таяу жылдарда балалардың сал ауруы біржолата жойылады деген үміт зор.