Салауатты өмір салты

Главная » Рефераттар » Салауатты өмір салты
  1. Күнделікті тиімді тамақтану
  2. Жеке бастың тазалығын сақтау
  3. Спортпен шұғылдану
  4. Зиянды әдеттерден аулақ болу

 

  1. Күнделікті тиімді тамақтану. Аз мөлшерде тамақтанудың, тәтті мен майлы ас жеуді азайтудың ұзақ өмір сүруге ықпал ететіні дәлелденген. Егер орта жастағы жылдарда осы ережелердің бәрін сақтағысы келсе, өз рационына тұтас дәнді нан мен кебек нанын, майсыз қышқыл сүт өнімдерін және талшықтарға бай жармаларды арпа, бидай, қарақұмықты енгізгені дұрыс. Дұрыс тамақтану мен күнделікті белсенді қимыл-қозғалыс қартаю процесін бәсеңдетуге әрі тіпті тоқтата тұруға ықпалын тигізеді. Аз мөлшерде тамақтану және күнделікті рационыңыз әр-түрлі болуы – сіздің денсаулығыңыз бен ұзақ өмір сүруіңіздің кепілі.
  2. Жеке бастың тазалығын сақтау. Міндетті түрде жеке және қоғамдық гигиена шараларын сақтаған жөн. Серуеннен кейін, дәретханадан шыққаннан кейін, ас ішер алдында қолды сабындап жуу керек. Аптасына кемінде 2 рет тұрғын бөлмені дымқыл шүберекпен сүртіп, тазалау қажет. Лас ыдыс-аяқты, төсек-жабдықтарын, ойыншықтарды қолданбаған жөн. Пайдаланар алдында жеміс-жидектер мен көкөністерді жуу керек, ішуге тек таза және қайнаған су пайдаланған дұрыс. Өзендердің және басқа ашық су айдындардың суын ішуге, жуынуға, көкөніс, жеміс және т.б. жууға тиым салынады.
  3. Спортпен шұғылдану. Сіздің бос уақытыңыз көп болса, оны таза ауада жаяу жүруге немесе табиғат саясында серуендеуге жұмсаңыз. Салауатты өмір салтын ұстану, спортпен айналысу дене салмағын бақылап отыру сіздің денсаулығыңызды жақсартады. Ашық күн астында және солярийде ұзақ уақыт болудан сақтаныңыз.
  4. Зиянды әдеттерден аулақ болу. Күн сайын адамдар темекі шегуден, ішімдікке салыну мен нашақорлықтан түрлі дертке, бақытсыздыққа шалдығады. Зиянды әдеттер адамның өмір бойы өзін-өзі тұлға ретінде іске асыруына мүмкіндік берместен кедергі жасайды. Зиянды әдеттер арқылы адам өзінің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Жақын адамдарына ауыртпалық түсіріп, қоршаған ортаға зиян келтіреді.

6C4aMhnzgs8 Зиянды әдеттердің денсаулыққа қауіптілігі мынадай:       

  • Адам өзін-өзі бүлдіреді, өзін құрметтеп күтпейді
  • Табиғат берген мүмкіндіктер ашылмайды
  • Өтірік айтуға, ұрлық істеуге, қатыгездікке ұрынады
  • Отбасын қайғы-қасіретке бөлейді
  • Түрлі келеңсіз жағдайларға соқтығады

Нашақорлық салдары:

  • Адам әлсіз әрі еріксіз болады
  • Адамның жаны мен тәні бұзылады
  • Техникасы жұқарып, нашарлайды, өмірлік қуаты мен сезіну қабілеттері азаяды
  • Заң бұзушылық, ұрлық, зомбылыққа жол береді
  • Отбасы бұзылады және өмірлік құндылықтары жоғалады
  • Достарынан айырылады
  • Көптеген аурулар В және С гепатиттері, ЖИТС және адам қанының зарарлануы оры алады
  • Өзін-өзіне қол жұмсауға бейімділгі артады
  • Мезгілсіз қайтыс болуға әкеліп соғады

Адам бұл дүниеге бақытты өмір сүріп, елімізді көркейтуге ат салысамын, артымда дені сау ұрпақ қалдырамын десе салауатты өмір салтын ұстануы керек.

Загрузка...