Саралап оқыту технологиясы

Home » Рефераттар » Саралап оқыту технологиясы
Рефераттар Комментариев нет

Жалпы саралап оқыту бастауыш мектепті бітіргеннен кейін басталады. Англияның мектептерінде,Германияның нақты училище,гимназия және негізгі мектептерінде, Францияның технологиялық,кәсіби және жалпы білім беретін лицейлерінде,Ресей мен Қазақстанның жалпы орта білім беретін мектеп,лицей,гимназияларында және басқа мемлекеттердің әртүрлі атақты мектептерінде саралап оқытылады.Бұл оқу мекемелердің ерекшелігі – олардың оқу бағдарлама –ларында.Бір мекеменің өз ішінде саралап оқыту,әсіресе Америка мен Жапония мектептерінде кеңінен тараған.Бұлардың жоғары орта мектептері екі түрлі:жалпы білім беретін және арнаулы бағдарламамен жұмыс жүргізеді.
Дж.Конант бастаған педагогикалық топ 50-жылдары «барлығын қамтитын мектеп» моделін ұсынды.Әр түрлі әлеуметтік жағдайдағы балалар үшін олардың қабілеті мен қызығуын ескере отырып әр топқа сәйкес бағдарлама жасады.Конанттың ұсынысы АҚШ мектептерінде саралауды енгнізуде іске асты.
Франция мен АҚШ-та барлық жалпы білім бертін мекемелерде сынптағы оқушыларды топқа бөлу кеңінен тараған.Кейбір пәндерді оқытуда топтарды «жылдамдар»,«ортаншылар»,«баяулар» деп атайды.
Германияда топқа бөлу ЖОТ жүйесінде жүреді.Жоғарғы,орташа,төмен топтарға сәйкес әртүрлі бағдарламалар жасайды.Жапонияның мектептерінде де оқушыларды топқа бөліп оқыту тұрақты орын алған.Топтағы жұмысты сайыс түрінде жүргізеді.Сныптағы топтар сайыс кезінде кім ағылшын сөзін,эроглифтерді,тақпақтарды,т.б. кім біледі деген сұрақтарға жауап береді.Барлық оқушыға баға қойылады.Жапония педагогтерінің арасында топтық оқытуға көзқарастары әр түрлі.
Білімді даралап,саралап берудің басты бір бағыттарының бірі – дарынды,талантты балалар мен жасөспірімдерді оқыту.Кейінгі кезде мұндай өзекті мәселеге әлемдік педагогикалық қызығушылық бары байқалады.Соның бір айғағы ретінде жоғарғы қабілетті Еуропалық ассоциация құрылды.Ассоциацияның басты мақсаты – дарынды балаларды зерттеу,қолдау және мадақтау.Мұндай саясат Қазақстанда да жүріп жатыр.(«Болашақ» бағдарламасы,«Дарын» орталығы.)Ғалымдардың есептеуі бойынша әрбір жас ерекшелігіне байланысты топта 3%-дан 8% -ға дейін өте талантты оқушылар болады.Бірақ,олардың барлығы мадақтала бермейді,АҚШ-та дарынды балалардың 40 %-ы анықталады,ал Францияда олардың 5%-ы жоғары мектепке қабылданбайды.
Англияда дарынды балаларды зерттеу орталығы бар.Мұнда дарынды балалармен жұмыс істейтін мектептер,арнаулы бөлмелер және тездетіп,тереңдетіп оқытатын курстар жетерлік. Ағылшын педагогтерінің дарынды балаларды оқыту әдістемесі бойынша диагностикалық тестілеу тәжірибелері мол.
Германияның Гамбург қаласында 1985 жылдан ерекше қабілетті оқушылармен шұғылданатын қызмет орны жұмыс істейді.
Францияда 80-жылдардың ортасынан бастап кейбір бастауыш оқу мекемелерінде талантты балаларға арналған сыныптар пайда бола бастады.90-шы жылдардың басында Страсбургте ойлау қабілеті өте жоғары балаларға арналған ерекше мектеп ашылды.
Жапонияда дарынды балаларды оқыту мәселесіне салыстырмалы түрде ұстамды бағыт көрсетіледі.Кейбір бағытында диагностикалық тестілеу жүргізіледі.Оларға арнап арнаулы оқулықтар мен оқу құралдары шығарылады.

Ресейде ұлттық қолайлы тобын (элитасын) тәрбиелеу қажеттілігін түсінеді.1989 жылы «Талантливые дети» атты кешенді бағдарлама жасалды,арнаулы «Ресейлік мәдени қор» ұйымдастырылды,қаражат бөлінді.1996 жылы бұл қор 229 дарынды оқушыларға стипендия бөлінді.
Дүние жүзінде болып жатқан мұндай құбылыстан Қазақстан да қалыс қалып отырған жоқ.Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз біліктілігі жоғары мамандар болады,оларға жағдай дасау керек» делінген.
Республикада «Дарынә ғылыми-практикалық орталығы құрылған.Мақсаты – еліміздегі талантты да дарынды балаларды тауып,сапалы білім беру.Көптеген авторлық мектептер ашылуда. Ең таңдаулы жастар шетелге оқуға жіберіліп тұрады.Балаларды саралап оқытуда тестік жүйе кеңінен тарап келеді.
Саралап оқытудың басты бағытының бірі – толықтыра оқыту,яғни үлгерімі төмен оқушыларға қосымша педагогикалық күш жұмсау.Толықтыра оқыту дегеніміз – үлгермеушілікті жою мақсатында өзіндік бағдарламамен оқыту.
Траз қаласындағы №8 гимназияда саралап оқыту идеясы 1991-1992 оқу жылында қолға алынды.
№8 гимназияның басқа инновациялық мектептерден басты ерекшелігі сол,оқушыларға оқу бітіргенше үш рет гимназия сыныптарын таңдап алуға құқық берілген.Біріші кезең – 5-сыныпта, екінші кезең – 8-сыныпта,үшінші кезең – 10-сыныпта.Алдын ала зерттеуге жүгінсек,шамамен оқушылардың 30%-ы гимназия сыныптарын қайта таңдап алатындығы белгілі болып отыр.
Мектепшілік саралап оқытуда елеулі жетістіктерге жету үшін мынандай мақсаттар қою керек:   — нақтылы бағдарлама жасау;
— педагогикалық ұжым білім беру мен оқытуда саралаудың теориясы мен әлем педагогикасының іс-тәжірибесімен қаруланған болуы;
— материалдық базаның жеткілікті болуы.
Қазақстан мектептерінң осы бағытта қандай жетістіктерінің барлығы толық зерттелмегенімен, аз-кем жұмыстар істелініп жатыр деуге толық негіз бар.Сондай-ақ Қазақстанда білім берудің мемлекеттік емес  саласы да кеңейе түсуде.Қазіргі таңда мемлекеттік емес мектептерде 15 мың бала оқып жүр.Білім жөніндегі қызмет рыногы құрылды,кез келген рынок сияқты ло да бәсекелестік заңдарымен дамып келеді.«Білім туралы» жаңа заң,«Білім» атты мемлекеттік бағдарлама,осы көкейкесті мәселе бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.Осы арқылы білім беру жүйесін нарық ұстанымдарының талаптарын ескере отырып дамытуға жаңаша жағдайлар жасалды.
Саралап (дифференциалды) оқытудың тағдыры:
— мектептік оқулықтарға;
— әдістемелік оқу құралдарына;
— ұстаздардың білімі мен шығармашылықпен еңбек етулеріне;
— шәкірттердің даярлықтарына,талаптарына;
— оқыту әдістемесінің жүзеге асырылуына байланысты.
Мектептерде үздік,дарынды оқушылар бар,олардың үміт талабын,бағыт,бағдарын дамытуда саралай оқыту – бүгінгі күннің алға қойған міндетін шешудің негізгі жолы.Саралай оқыту екі кезеңнен тұрады:
1.Дайындық кезеңнің басты міндеттерінің бірі – шәкірттер ішінен талантты,дарындыларды тауып,олардың қабілеттерін дамыту,білімге құштарлығын қанағаттандырып,белсенділіктерін арттыру .
2.Негізгі кезең – оқушыны ынталандырған пәндерді айқындап,ондағы оқуға қажеттіліктерді тереңдете оқытуға назар аудару.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.