Сарыбай би Айдосұлы

Главная » Рефераттар » Сарыбай би Айдосұлы

Сарыбай Айдосұлы 1821 жылы қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданындағы Қайназар өзенінің бойында туған. Сарыбайдың әкесі Айдос, оның әкесі Пірімқұл да, Ыстыбай да (Жамбылдың арғы бабасы) бәрі шетінен ел қорғаған батыр, әрі шешен би боп өткен. Осы шежірені әрмен дамытсаң, ол былай боп жалғасады: Шапыраштының Екейінен (бәйбішесінен) Бәйімбет, одан Дербіс, Пірімкүл, Ыстыбай. Пірімқүлдан Дйдос. Айдостан Мейірман, Саржан — Сарықұл, Сарыбай туады. Сарыбайдың Жанбала, Оймақ, Бүби, Ақбөпе Деген төрт әйелі бопты. Жанбаладан Ысқақ, Ахмет, оймақтан екі қыз, Бүбиден Қисыбай, Бисібай, Изенбай,Жусанбай, Ақбөпеден Смағүл — одан менің әкем Халық туыпты дейді 70 жасгағы Қасымбек ақсақал.

«Әке көрген оқ жонады, шеше көрген тон пішеді» дегендей, Сарыбай жастайынан Екей елінің ел басшы биі Айдос әкесінің жанында жүріп, ел жағдайын, оның салт-санасын, батырлық дәстүрін, әдебиеті, мәдениетін үга береді. Шешендік билік сайыстың, ән мен жыр айтыстың қайнаған ортасында жүріп есейеді. Ер жете келе Саурық, Сүраншы батырлардың жасағында сарбаз боп жүреді. Оның ат құлағында ойнайтын әбжілдігі, садақ тартқандағы мергендігі, сөз сайысына түскендегі шешендік алғырлығы, әсіресе, Сұраншы батырға қатты ұнапты. Сондықтан да Сұраншы Сарыбай інісін өзіне сенімді серік етіп, қасынан тастамаған. Ағайынды екі батыр тізе қоса жүріп, Ұзынағаш пен Сайрам аралығындағы қала, далада болған соғыс, шайқастарға басшылық етіп, қоқандық дұшпандарды ысыра қуып, елімізді, жерімізді жау қыспағынан азат еткен. Сұраншы, Саурық, Сарыбай сынды батырлардың сондағы ерліктерін Сүйінбай мен Жамбыл асқақтата жырлаған.

«… Лашын құстай түйіліл,

.
.

Ақ түйғындай шүйіліп,

Сұраншы батыр бастаған,

Үш мың кісі жиылып…

Күртіде бастап ұрысты,

Жүз шақырым шамасы «Өтегенге» жеткенше,

Жау сықасып тұрысты, Он мың қолдан қаймықпай, Суырды, найза, қылышты, таң сарғайып атқанда,

Қалың жауды қашырды Алдына салып қуалап,

Шоқпардан әрі асырды…» Бұл Сүйінбай жырынан үзінді.

Сарыбайдың өзі де, ата-бабалары да тегін адам болмаған. Жазушы Нағашбеқ Қапалбекүлы Сарыбай бабасына бағыштаған мақаласында («Жетісу», 26 қыркүйек 1992) киелі қызыл шұбар жолбарысгың шапырашты батыры Қарасайға, одан Тале биге, Сұраншы батырға, одан Сары биге, Сүйінбайға, Жамбылға қалай ауысқанын, сөйтіп олардың басына қызыр-аруақ қонғанын жүйе-жүйесімен жазыпты. «… Киелі қызыл жолба-рыс содан Сарыбай биге ауысыпты. Қызыл жолбарыс босағасына келісімен-ақ Сарекеңнің абырой-даңқы аспандап жүріп беріпті. Шапыраштының бас биі болып, аға сүлтан сайланып-ты. Оң жақ тізесіңде дулығалы батырлары отыратын Жетісу елінің қадірлі сөз ұстары атаныпты…»

Сонымен Сарыбай би атқа қонысымен-ақ жан-жаққа тоз-тоз боп, әр елге сіңісіп кеткен Екей ағайындарын жинастыра бастайды. «Бір күні Жәкеңнің ауылына қазақ халқына белгілі, атақты Сүйінбай ақын келеді. Оның келуіне себеп: осы кезде Екей руынан Айдос баласы Сарыбай деген шығып, бытыраған Екейді жинауға кіріседі. Жетісу елін патша өкіметі XIX ғасырдың 50-60 жылдары басып алған ғой. Осы жорықты бастаған гене-рал Колпаковскийге Сарыбай жәрдемші болып, біраз елді жан-жалсыз бағындырған екен. Сол себепті Колпаковскиймен жақын болыпты. Осы жақындығына сүйеніп, Сарыбай бытыраған руы — Екейді жинайды да, қазіргі (зынағыш пен Қарақыстақтың екі арасынан, ол араны б9рын мекендеген Есқожа руын ығыстырып, қоныс алады. Есқожа жерін бергісі келмегенімен Колпаковскийге сүйенген Сарыбай белдесіп келгенде, шыдатпай жеңе береді. «Алты қасқыр андай шабады, ақсақ қасқыр жандай шабады» деген мақал осы кезде шығады. Алты қасқыр — Есқожаның ру басы — алты адамы болса керек. Ақсақ қасқ-ыр — Сарыбай еді, деседі. Сарыбайдың оң аяғы ақсақ екен…» (С. Мүқанов. Жамбылдың толық жинағына жазған аяғы сөзі-нен). Үлкен жазушымыз Сәбит Мүқанов айтқандай, Сарыбай би мұнымен шектеліп қалмайды, Жоңғар-қалмақ шапқыншылығы кезінде қалмақ пен ұйғырға кеткендерді Құлжа маңынан, Дүйсен балаларын Іле бойынан, Сәдібек пен Тілеуметті — Әулиеата, Шымкент жақтан, Әлти, Қарасайды — Ташкент түбінен, Ізбасар, Ботқара, Жанұзақты — Қапал, Алтынемел, кей-бірін Алакөл маңынан, Морға, Қарамерген, Ақетті — Ыстық-келдің арғы бетінен іздестіріп тауып, беделі мен батырлығының арқасында, Алатауға әкеп қоныстандырған. Атақты Қыбырай, Күртібай, Ноғайбай, Кекебай сияқты аузы дуалы билерді қасына ертіп жүріп, тек қана Екей ғана емес, Арқаға ауып кеткен көшектерді, Қарасайдың ұранымен кетіп қалған жылғар мен тайторлардьі да сарттараншылардың арасынан еліне әкеледі.

Шапыраштының бас биі, аға сұлтан бола жүріп, Екей елінің басын қүрап, шөбі шүйгін, өрісі кең Жетісудың қақ төрінен қоныстандырады. Еліне Қарақия, Майтөбе, Көктөбе, Аспанқора секілді жайлауларды, Ақтайлақ,Тікенді, Шірікбай, Шотай сияқты қыстауларды, Қарасаз, Құтырған, Қайназар, Шортанбай, Қарасу, Итбай, Тәуке деген күздеу-көктеулерді кесіп береді. Қарақыстық, Шотай, Тәуке, Құтырған өзендерінің бойына егін салдырып, отырықшылдыққа үйрете бастайды. Диқандық кәсіпті үйретуге өзбектен арнайы адам алдыртып, Қайназар бойына соқа салдыртып, көк-сөк, тары еккізеді, жеміс ағаштарын отырғызады». Сарыбай би елін өнер, білімге, мәдениетке шақырады. Мешіт-медресе салдырып, ауыл балаларын оқуға тартады. Халық арасынан қайнап шыққан ерекше талант иелеріне қамқорлық көрсетеді. Жамбылдың жас кезінде домбыра үйреніп, ақындық өнерге бой ұра бастағанын әкесі Жабай жақтырмай, оған тоқтам сала беріпті деген сөз бар. Әкесі: «Екейде елу бақсы, сексен ақын, Жаратып мінеді екен ерттеп атын, Қобызы, домбырасы үнін қосып Жын қаққандай болады кешке жақын», деген сөз аз ба, сен сексен бірінші ақын болмай-ақ қой» депті. Әкесінің осы Қарсылығына бой бермей жүрген жас Жамбыл бір күні ел ағасы Сарыбайға барады. «Әкем өлең айтқанымды жақтырмайды, домбырамды сындырып тастай береді Осыған арашашы болсаңыз екен, маған бата беріңіз» деген өтінішін білдіреді. Сөйтеді де бала Жамбыл би ағасына мынау өлеңді айтыпты:

Сареке, салдым бір сөз сыныңызға,

Сіздің сын таразы ғой сырымызға;

Қолыма домбыра алып талап қылдым,

Бересіз қалай баға ұлыңызға?

Жаманның көңілі көкте, жерде басы,

Алыс қой, аңғарғанға екі арасы,

Жақсының өзі кішік, ойы биік,

Бірдей ме екеуінің мәртебесі?

Біреулер малмен бәрін бөктрріп жүр,

Айтқанды ақыл, нұсқа жеқ көріп жүр.

Көтеріп дүниенің көң-қоқырын,

Апарып қай шүқырға төккелі жүр?

Біреулер «қайтемін» деп қалтаңдап жүр,

Әркімнің аузына бір жалтаңдап жүр,

Біреулер біліп тұрып жете алмайды,

Аяғын қандай нәрсе арқандап жүр?

Көңілі кейбіреулердің бүлтта жүр,

Ұстауға күн мен айды жуықтап жүр.

Біреулер қара сөзді қамшы қылып,

Қуды мініп, құланды құрықтап жүр.

Қайсысын маған соның еп көресіз?

Әкетсем, өзім таңдап өкпелерсіз.

.

Сүйекемнің сүйегін ойласаңыз,

Өлең болсын серігің деп берерсіз!

Жамбылдың бұл өлеңі Сарыбайға ұнапты. Ол Жабайға бір кездескенде: «балаңның жақсы ақын болатын түрі бар, бетінен қақпа, қайта қамқор бол» деп ақыл беріпті. Сол-сол екен тұсау кесілген жас Жамбыл өлеңді үдете бастапты. Ол енді бірде жарапазан айтып жүріп, Сүйінбай ағасынан да барып бата алады. Сарыбай би мен Сүйінбай ақын екеуі үнемі бірге жүріп, ел қамын ойлаған. Халқының жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған. Сарыбай Сүйінбайдың аса жүйрік алғыр ақын екенін жоғары бағаласа, Сүйінбай Сарыбай бидің адамгершілік қамқорлығын, адалдық, ерлік істерін, қара қылды қақ жара сөйлейтін шешендік әділдігін жырлаған. Сондықтан да Сүйінбай: Көсемім — Сарыбайым ел құраған, Заманның дөңгелегін тең бұраған. Екейден бір дана адам шықса деп ем, Құдайым тілегімді берді маған. — деп Сарыбайды өл-өлгенше жырлап, дәріптеп өткен. Сарыбай би өз уақытысында соғыс, жорық кезінде болсын, ағайындарын жинастырып қоныстандырған шақта болсын, ел дауы, жер, дауын шешер кезде болсын, өзі тұтас белгілі, белді кісілермен үзеңгілес бірге жүрген. Олардың көбісімен дос-сыйлас боп кетқен. Бүған Сұраншы, Саурық батырларды, Сүйінбай, Ноғайбай, Кененбай сынды ақын, шешен ділмарларды, Сыздық төре, қырғыз Шәбден манап тағы сондай беделді ел басшылармен оның қарым-қатынасын атасақ та жеткілікті.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.