Сатылай кешенді талдау технологиясы

Главная » Рефераттар » Сатылай кешенді талдау технологиясы

Сатылай кешенді талдау  — қазақ тілін оқыту технологиясы болып табылады. 1 Сатылай кешенді талдау технологиясының теориялық негізі ретінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауыто, Т.Шонанов т.б. ғалымдардың ғылыми-әдістемелік тұжырымдарын басшылыққа алады; 2 Ыбырай, Абай, Шоқан т.б ағартушылық ұстанымдарын негіз етеді; теория мен практиканы ұштастыруда ғалым-әдіскер Ф.Ш.Оразбаеваның тілдік қатынас (оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым, тілдесім) теориясына негізделеді; 3 Ұрпақтың тілін дамытуда ұлттық құндылықтарды бағалай білуге, құрметтеу ге үйрету үшін ауыз әдебиетінің бай мұрасынан бастап бүгінгі күнгі сөз зергерлерінің әдеби ой-толғамдарын жаттату, ьәтін, тіл дамытуі тіл ұстарту жаттығуларына материал етіп пайдаланылады; 4 Педагог-ғалым Г.К. Селевко ұсынған педагогикалық технологияларды талаптарына сүйенеді. Сатылай кешенді талдау технологиясының авторы — белгілі ғалым Н.А.Оразханова. Н.А.Оразханованың пікірінше, сатылай кешенді технологиясы дегеніміз — оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері, өзіндік ерекшелігі бар және оқушыларға білімді ғылыми негізде сатылай, жүйелі, кешенді меңгертіп, оларға ұлттық  құндылықтарды бағалай, қолдана білуге машықтандыра оқыту. Сатылай кешенді талдау оқушыларға қазақ тілі ғылымының  мазмұны мен жұйесін, оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылысын, сөйлеу тілінің байлығын және әдеби тіл нормасын үйретіп, дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдысын қалыптастырады. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты қағидаларының бірі — жоғары қиындықта оқыту. Сатылай кешенді талдау технологиясының басты ерекшелігі төмендегілей болып сараланады: оқу материалының жүйелігі, бірізділігі; табиғилығы; білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі; оқушыға өз деңгейін таңдауға ерік беру; оқушыларға барілетін білімнің саралануы; оқушылардың өз мүмкіндігіне қарай тек міндетті деңгейден кем емес білім алуға еріктілігі; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; ұлттық құндылыққа ерекше орын берілуі.

Сатылай кешенді талдау технологиясының мақсаты: Тілдік материалдарды оқушының жас ерекшелігін ескере отырып ғылыми негізде меңгерту; Әр сөйлемнің, сөздің, дыбыстың табиғатын таныту арқылы сөзді таңдап-талдап қолдана білуге дағдыландыру; Қазақ тілінің сөз байлығын терең игерту арқылы, әр сөздің ішкі мағынасы мен қолданыстағы ерекшелігін сөз сырына бойлату арқылы оқушының танымдық дүниесін қалыптастыру; Кез келген шаршы топта өз ойын шешен де шебер жеткізе бңлуге машықтандыру. Сол арқылы әр оқушының өз ана тілінің құдыретін басқаларға таныта , бағалай білуге баулу; Жазба жұмыстарын сауатты, жоғары деңгейде, шығармашылықпен орындай білуге төселдіру; Өз ана тілінің грамматикалық ерекшклігін өзге тілді үйренуде тірек етіп алуымен қатар, салысьтыруға, ерекшелігін сауатты түрде ажырата білуге үйрету; Қазақ тілі өзге пәндердің негізін түсініп; терең меңгепуге басты құрал екенін саналы түрде түсінуге бағыт-бағдар беру; 8 Түрлі шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушыларды іскерлікке, тапқырлыққа баулу; Талдау деңгейңн рет-ретімен жүргізе отырып, сатылай кешенді талдауды түрлі амал-тәсілдерін меңгерту; Компьютерлік талдау арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникациялық сауаттылығын жетілдіру. Сатылай кешенді талдау технологиясы — дамыта оқыту идеясына негізделген. Ғалым Н.Оразханова зерттеуіне сүйенсек, сатылай кешенді талдау технологиясы төмендегідей ұстанымдарға негізделген:

1 Ғылымилық ұстаным дегеніміз-жеке пәндер бойынша мектепте оқытылатын ғылымды фактілер, ұғым және заңдылық жүйесі ретінде пайдалану болып табылады және ең алдымен оқу материалын таңдап алу мен оқыту әдістерін қалап алуда көрінеді.

2 Жүйелілік ұстанымы. Ұлттық білім беру жүйесінің басты мақсаты-оқушыға терең , мазмұнды, тиянақты, жүйелі білім беру. Сатылай кешенді талдауда мазмұнды, тиянақты, жүйелібілім берудің басты мақсаты-адамды ғылыми ойлауға, болмысты тануға, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін жетік білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттіліктер туғызу. Осының нәтижесінде оқушы бір ғана салалық білім алумен шектелмей, жан-жақты білім алуға, өзін қоршаған дүниенің зандылықтарын тұтастықта қабылдауға қалыптасады.

3 Деңгейлік ұстаным-сатылай кешенді талдау технологиясының деңгейлік ұстанымы он деңгейден тұрады:

Бірінші деңгей-тілдік материалдарды толық жазылым бойынша сатылай кешенді талдау. Бұл деңгейде мұғалім тіл салаларының әртүріне негіз етіп алынатын сызбаларды басшылыққа ала отырып, тілдік анықтамаларды оқушының ұғымына сай, түсінігіне жеңіл дәлелдемелер түрінде қатесіз жазбаша түрде ұсынады.

Екінші деңгей-тілдік материалдарды қысқаша жазылым бойынша талдап, айтылым бойынша толық ауызша сатылай кешенді талдау.

4 Саналылық ұстанымы-талдауға берілген материалды оқушының құрғақ жаттамай, терең түсініп, саналы меңгеруі,Саналылық ұстанымы оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істеу мүмкіншілігімен тығыз байланысты.

5 Белсенділік ұстанымы оқытудың жаңа әдістемелік жүйесінің бірі-оқушылардың іс-әрекеттерін белсендіру мен білім алуға құштарлығын арттыру. Белсенділік ұстанымының негізгі бір үдерісі-есте сақтау.

6 Сабақтастық ұстанымында сатылай кешенді талдау тіл білімінің барлық салаларымен сабақтаса жүргізіледі.Сабақтастық -үздіксіз білім берудің көпдеңгейлі сипаттамасы болып табылады.Сатылай кешенді талдаудағы сабақтастық-оқушылардың сатылай кешенді талдауды біртұтас қабылдауы.

7 Шығармашылық ойлауды қалыптастыру ұстанымы-бүгінгі таңда білім саласының алдында жүйелі дайындалып берген білімді, дағдыны меңгңртіп, қайталайтын ғана емес, шығармашылық бағытта жұмыс істейтін, тың жаналықтар ашатын, біртума қабілетімен ерекшкленетін жеке тұлға қалыптастыру ұстанымы.

8 Тәрбиелік ұстаным. Талдаудың лексикалық бөліміне ұлы ғұламалар сөздері мен нақыл сқздер, осы заманға әйгілі адамдар өмірі мен істеріне арналған тәрбиелі сөздер алынады. Мұндай даналық сөздер оқушыларды халқының өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып сараптай білуге жетелейді.

Ғалым Н.А.Оразханова сатылай кешенді талдаудың төмендегідей ерекшеліктерін атап өтеді: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Білімді жүйелеу. Жекелеп оқыту. Ынтымақтастық қарым-қатынас. Жаңа тақырып бойынша. Талдаудың түрлерін, ерекшелігін білуге ұмтылады, талдаудың қызықтығы, еркіндігі, аясының кеңдігі оқушының білім алуға деген ұмтылысын ұлғайтады. Тіл байлығы, ғылыми ойлау қабілеті артады. Тілдің көркемдегіш құралдарын орынды пайдалана білуге үйренеді. Оқушылардың жазуға деген қызығушылығын арттыру. Пәнаралық байланыс — орын алады. Көрнекілік және техникалық құралдарды пайдалану. Сатылай кешенді талдаудың өзегі — тірек — сызбалар. Тіл білімінің барлық салаларынан өтілетін материалдардың негізгілері, ең басты теориялық мағлұматтар сызбаға жүйелеп орналастырылған. Әр саты бір — бірімен үндесіп, бір — біріне сілтеме жасап, бір — бірін толықтырып, тұтас кешенді береді. Сатылай кешенді талдау технологиясы тек қана білімді белгілі бір көлемде беріп, қажетті шеберлік пен дағдыны қалыптастырумен ғана шектелмейтін, сонымен қатар, баланың жалпы тұлғалық даьуына, ойлау, есте сақтау, қиялдау, елестету сияқты басқа да танымдық қасиеттерінің жан — жақты дамуына бағытталатын оқытудың түрі. Оқушы — білім алуда негізгі психологиялық үдерістерді басынын кешуші субъект. Қазіргі кезеңде педагогика — психологияның өзекті мәселелері қатарында оқу — танымдық қызмет жүйесінің маңызды екі компоненті — мұғалім мен оқушының «субъект — субъектілік » қарым — қатынасы мәселесі қойылып отыр. Оқу үдерісінде оқушының жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуға ерекше орын беріледі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.