Саяси қозғалыс

Главная » Рефераттар » Саяси қозғалыс

Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды өзгертуге немесе үкіметке ыкпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.

Саяси қозғалыстардың пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп болады: 1) жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады; 2) экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады. Мысалы, Жаңа Өзендегі (1989) әлеуметтік жағдайға наразылықтан онда “Бірлік” деген ұйым құрылды, ал Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында сол уақытта “Парасат” деген ұйым дүниеге келді; 3) ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда “Азат”, “Желтоқсан” партиялары солай туған болатын.

Мәселен, Қазақстанның азаматтық “Азат” қозғалысы қоғамдық-саяси ұйым ретінде 1990 жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын “Халықаралық, Одақтық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа қоғамдастық шеңберінде Қазақстанның шынайы мемлекетгік егемендігіне қол жеткізу” деп біледі. Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм зардаптарынан арылту үшін қажетті зандардың қабылдануы, олардың дұрыс орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз ұсыныстарын жасады, “Желтоқсан”, “ Алаш” партияларымен бірге сепаратистік пиғылдағы ұйымдарға (славяндық “Лад”, “Русская община”, казактар бірлестіктері) олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс беруге белсене кірісті.

Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірыңғай бағдарламасы, басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, оның әділеттілік, бостандық, қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы ортаны қорғау т.с.с. жалпыхалықтық, адамзаттық талаптарға негізделген басты мақсаты қалыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып, бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық таптарды да біріктіруі мүмкін. Қөбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда болады.

Қоғамдық құрылысқа қатынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік, реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. (Олар жөнінде біз партиялардың жіктелуінде айтқан болатынбыз, сондықтан қазір тоқталмаймыз).

Саяси қозғалыс бір қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады: қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы. Қоғамдық ұйымдарға халыктың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп, қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде мүшелікке кірген, оған материалдық көмек көрсететін, өзін-өзі басқаратын адамдардың бірлестігі жатады.

Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардьщ мүдделерін іске асырудың құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен қозғалыстар өте көп. Ол қоғамның саяси өміріне қатысушы адамдардың мақсаттары мен қарым-қатынастарының әр алуандығын білдіреді.

Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпымемлекетгік, аймақтық, ұлттық, жергілікті көлем-де ресми және бейресми сипатіағы одактарға, халықаралық ұйым-дарға бірігуі мүмкін. Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық (творчествалық) одақтар, әр түрлі ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту, спорттық, қор-ғаныс және т.б.) жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиовда-ған адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.

Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Қоғамдык-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.

2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.

3. Таптық белгісіне сай ұйымдар (кәсіподақтар, шаруалар одағы).

4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар (ғылыми-техникалық, оқу-ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, қорғаныс, діни, т.б.).

Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар. Кәсіподақ—бір мамандықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек етегін адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің әкелген аяусыз қанауына төтеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп, ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды. Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық және әлеуметгік мүдделерін қорғайды. Олар жеке адамның өмір сүруіне қажет ілімдер, ережелер мен айлықтар жүйесін меңгеруге, еңбекшілер мен олардың отбасы мүшелерінің мәдени деңгейін көтеруге көмектеседі.

Кәсіподақтар өз қызметінде жұмысшы табына сүйенген саяси партиялармен тығыз ынтымақтастықта болып, солармен бірлесе жұмыс істеген елдерде ең үлкен рөл атқарады. Кәсіподақтар мен партиялар арасында мұндай келісе қимылдау, әсіресе, Ұлыбритания, Г ермания, Скандинавия елдеріне тән. Бұл елдерде жұмысшы табының арасында социал-демократтардың ықпалы жоғары. Олар кәсіподақтарға айтарлықтай идеологиялық және саяси әсер етеді. Кәсіподақтар қамқоршы партияны күшейте түсуге және олардын өкімет басында ұзағырақ болуына мүмкіндік жасауға тырысады. Бұл үшін олар жұмыс берушілермен ымыраға келіп, еңбек нарқында тыныштықты сақтауға күш салады. Осының нәтижесінде олар капиталистік жүйемен біршама экономи-калық одакка кіргендей болады. Мұндайларды “жауапты” кәсіпорындардеп атайды.

Сонымен қатар үкіметке қарсы күрес жүргізуші партиялармен сыбайласқан кәсіподақтар да болады. Олар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына тікелей әсер етпейді. (Мысалы, Италияда). Мемлекет тарапынан олардың күресіне көмек жасалмайды. Сондықтан олар өкіметке қаймықпай карсы тұрып, өз жақтастарын батыл шараларға шақыруы мүмкін. Мұндайларды “жауапсыз” кәсіподақтар дейді.

Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдык істерді шешуге араласады. Еңбекшілердің еңбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту, олардың материалдық және мәдени дәрежесін артгыруға басты көңіл бөледі. Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін зандар мен каулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника қауіпсіздігінің ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.

Кәсіподақтар өз міндеттерін үш түрлі жолмен шешеді. Біріншісі—жұмысшылардың экономикалық, әлеуметтік тұрмыс жағдайын түзетуде өкіметтен жекелеген жеңілдіктерге жетуі. Бірақ бұл жолдан үлкен өзгерістер күтуге болмайды. Екіншісі — үздіксіз ереуілге шығып, өкіметке күшпен кысым жасау. Бірақ бұдан экономикаға нұқсан келеді. Үшіншісі — кәсіподақтардың өз көзқарасын өкіметтің саяса-тымен сәйкестендіріп, мемлекет, кәсіпкерлердің өкілдерімен бірлесе отырып, өзара тиімді шешім іздестіру.

Аталған үш жолдың ішінде қазірп кезде пайдалысы үшінші жол деп жүр. Мұны, әсіресе, өкімет басыңца социал-демократтар отырған елдерде кеңінен қолданады. Қоғамдық бірлестіктердің көпшілігі саяси өмірде белсенділік танытканымен, тікелей саясатка араласа қоймайды. Шетелдерде солардың ішінде белдісіне қысымшы топтар (группы давления) жатады. Іс жүзінде олар парламент пен үкіметке кеңес беру және оларды арнаулы нормативтік кызмет мәселелері бойынша тиісті ақпараттармен қамтамасыз ету үшін кұрылады. Қысымшы топтар өз аттарынан сайлауға катынаспайды. Олар мемлекеттік органдарға идеологиялық ықпал жасаудан бастап, сатып алуға дейінгі қысым көрсетудің алуан түрлерін пайдаланады. АҚШ-та бұларды лоббистік ұйымдар, мүдделі топтар деп атайды. ¥лыбританияда оларды парламент агенттері дейді. Олар көбінесе мүдцелерінің ортақтығы негізінде және бұл топ пен билік органдарының арасында байланыс болғанда пайда болады.

Қоғамдық қозғалыстардың ішінде кең тарағанының бірі — “Халық майдандары”. Оларға жалпы қоғамға катысы бар, әлеу-меттік таптардың барлығының немесе көпшілігінің мүдцесін кам-титын мәселелерді шешуге бағытталған бірлестіктер жатады. Олар жалпыдемократиялық принциптердің негізінде құралады және жұмыс істейді. Онда катал айқындалған ұйымның түрі мен мүшелігі болмайды. Оның құрамына калың бұқара халықтың мүдцесін көздейтін саяси партиялар, кәсіпорындар, жастар және т.б. ұйымдар да кіруі мүмкін. Халык майдандарының мынадай түрлері болады:

1. Қоғамда терең батыл өзгерістер кезінде саяси күштер дүние-ге келіп, калыптасады. Сол саяси күштерден пайда болған халык майдаңцары. Бұған мысал ретінде Африка, Азия елдерінде ұлтгық азатгық алу барысыңда пайда болған хапық майдаңцарын келтіруге болады. Олардан кейін әлеуметтік топтардың бөлшектенуі және саяси партиялардың мақсатының өзгеру барысында басқа қозға-лыстар шығуы мүмкін.

2. Өздерінің саяси ықпалы жетіспегенде маңызды мақсатқа жету, саяси билікті алу үшін саяси партиялардың немесе олардың көсемдерінің бастауымен құрылған халық майдандары. Мысалы, оған 80 жылдары КСРО-да пайда болған халық майданда-рын жаткызуға болады.

3. Соғысқа, фашизмге қарсы, демократияны қорғау үшін интернационалдық негізде калыптаскан халық майдандары. Олар осы ғасырдың 30 жылдарында капиталистік елдерде пайда болып, соғыс алдындағы жылдары фашизмге қарсы күресті басқарады. Мысалы, Франциэда халық майдандары 1936 жылдың көктемінде парламент сайлауында және оған сүйенген үкімет бұл елде фашизмнің дамуына жол бермеді. 1936—39 жылдары Испаниада халық майдандары бұқара халықты топтастырып, оларды фашизм мен реакцияға қарсы күреске жұмылдырды. Жалпы екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында фашизм мен реакцияға қарсы күресте көптеген елдердің халық майдандары асқан зор рөл атқарды. Халық майдандарының ерлігі 1991 жылы тамыз айында Ресейде төңкеріс жасауға тырысқан бүлікшілерден демократияны қорғауда да айқын көріңді.

Бейресми бірлестіктер жастардың, студенттердің арасында да кең орын алады. Олар алдына қойған мақсаты мен түрі, іс-әрекеті мен тұрақтылығы, оған қатысушылардың жасы мен жынысы жағынан әр алуан. Олардың ішінде қоғамдық-саяси, экологиялық, экономикалық, әлеуметгік, діни, спорттық т.б. мәселелермен айналысатындары да бар. Бірақ көбі мәдени-шығармашылық және бос уақыттарын қалай өткізуге арналады. Оған әуесқой ән шығарушылар, орындаушылар клубтары, өнер, театр, кино, би және т.с.с. төңірегіндегі шығармашылық бірлестіктер, кейбір орындаушылар мен спорт клубының жанкүйерлерінің бірлестігі жатады.

Белгілі жастар қозғалысына “металлистер”, “фанаттар”, “панкілер”, “хиппилер”, “рокерлер”, “брейкерлер”, “пацифистер” және т.с.с. жатады. Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға болады:

1) экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: “Невада — Семей” қозғалысы, “ Арал — Азия — Қазақстан” халықаралық қоғамдық комитеті, “Табиғат” комитеті және т.б.;

2) ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның “Азат” азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық“Лад” қозғалысы, “Русская община”, “Единство” қоғамдық бірлестігі, республикадағы казактар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет орталықтары;

3) тарихи-ағартушылық қоғамдар: “Мемориал”, “Әділет”, “Ақиқат” және т.с.с.;

4) әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: “Атамекен”, “Алтын бесік”, “Жерұйық”, “Шаңырақ” және т.б.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.