Саяси сана туралы ұғым

Главная » Рефераттар » Саяси сана туралы ұғым

Жалпы саяси сана деп өмірдегі саяси қатынастарды бейнелейтін, оларды түсініп-сезінетін, адамдардың бұл саладағы іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беретін әлеуметтік сезімдер, түсініктер, көзқарастар жиынтығын айтады. Ол мемлекетгің, қоғамның саяси жүйесінің пайда болуымен бірге дүниеге келеді. Әлеуметтік, ұлттық мүдделерді, мемлекет адцындағы мақсатгы жүзеге асырумен байланысты болса, қоғамдық сана саяси мағынаға ие болады. Саяси сананың негізгі мәселесі — мемлекеттік билік, оның қызметі. Мұнда топтардың, таптардың, партиялардың экономикалық мүдцелері мен мақсат-тары, өкімет билігі үшін күресі және оны сақгап қалу міндетгері, бұл жолдағы әрекет, амал, ұмтылыстары өз көріністерін тауып жатады.

Саяси сана әр түрлі қызметтерді атқарады. Олардың ішінде негізгілері мыналар:

1) қоғамдық сананың саяси ғылым, саяси теория сияқгы құрамдас бөліктері арқылы саяси шындықты бейнелеу;

.

2) тұжырымдамалық түрде субъектінің мақсат-мүдцелерін білдіру арқылы оның саясат әлеміндегі іс-әрекеттеріне бағдар беру. Бұл қызметті іс жүзінде идеология атқарады;

3) саяси психологияның әр түрлі көріністері арқылы көңіл-күйді білдіру. Өйткені, әлбетте, адамдарды іс-әрекетке итермелейтін психологиялық себептер.

Саяси сана қарапайым саяси сана және теориялық саяси сана, саяси психология және саяси идеология деген деңгейлерден тұрады. Қарапайым (күнделікті тұрмыстык) саяси сана қалыптасып жүйеге түспеген, күнделікті саяси өмірден туған әдет-ғұрып, дағ-ды, дәстүрлі нанымдар, тағы сол сияқтылардың жиынтығы. Ол күн сайынғы саяси өмір тәжірибесін байқап, пайымдаудан пайда болады. Саясаттыңтереңіне бойламай, себеп-салдарын сараламай, көбіне сыртқы белгілеріне байланысты қорытынды жасайды. Сондықтан ол саяси сананың төменгі сатысына жатады. Теориялық саяси сана жағдайлардың мән-мағынасын анықтап, оларды айтарлықтай жоғары дәрежеде теориялық тұрғыдан жинақтап бейнелейді. Соңдықтан ол тұжырымдамалар мен көзқарастардың жүйесі болып келеді.

Ториялык саяси сана қарапаиым саяси сананың непзінде іши-да болады және олар бір-біріне ықпал етеді. Ол қарапайым саяси сананы өндеп, мәдени өзгертіп отырады. Теориялық саяси сана қарапайым саяси сана сияқты стихиялық түрде тумайды. Оны арнайы дайындығы жоғары саяси сауаты бар теоретик адамдар ойлап шығарады. Саяси психологияға саяси өмір жағдайының ортақтығы негізінде адамдар ұжымдарында, әлеуметтік топтар, таптарда, жеке адамдарда туындайтын сезімдердің, көңіл-күйдің, әдет-ғұрыптардың, мінездің ерекше белгілерінің жиынтығы жатады.

Ол қарапайым саяси сана сияқты саяси өмірдің тікелей тәжірибесінен туады. Бірақ қарапайым саяси санада өмірді та-нып-білуіне, хабардарлығына көңіл бөлінсе, мұнда сол жағдайларда адамның қатынасуына, өмірді бағалауына баса назар аударылады. Қандай болсын саяси идея адамдардың белгілі бір сезімін тудырып, көңіл-күйіне әсер етпей қоймайды. Мұның бәрі саяси психологияға жатады. Қарапайым саяси сана мен саяси психология бір денгейде. Сондыктан олар бір-біріне әсер етіп, байланысып, жымдасып жатады.

Саяси психология, жоғарыда көрсетілгендей әр түрлі іс-әрекеттерге соған сәйкес сезімін оятып, қоғамдық қозғалыстарда маңызды рөл атқарады. Соңдықган саяси бағьгггы жоспарлап, оны жүзеге асырарда халықтың саяси психологиясын ескерудің маңызы зор. Ол үшін адамдардың көңіл-күйін зерттеп, олардың қандай саяси әрекетке қалай жауап берерін болжай білген жөн. Себебі, бұл саладағы қателік қоғамда дау-дамай, шиеленістер, адамдар, ұлттар арасында қырғи қабақтық, тіпті өгес тудыруы мүмкін. Мәселен, Гитлер екінші дүниежүзілік соғысты ашарда неміс халқының санасына басқа халықтармен салыстырғанда олардың ерекшелігін, артықшылығын сіңіргісі келді. Көбі оған сенді де, соңына ерді де. Бұл халықтың психологиялық ерекше-ліктерін қалай пайдалана білгенін байқатады.

Саяси сананың құрамдас бөлігі және өзегі — саяси идеология. “Идеология” деген ұғым гректің идея — бейне және логос — білім деген сөздерінен шыққан. Ғылыми айналымға, әдебиетке фран-цуз ғалымы және фәлсафашысы А.Дестют де Траси (1754—1836) кіргізді. Ол идеологияны идеялар, олардың қалай пайда болатындығы және әрекетететіндігі жөнінде ғылым деп түсіндірді. Кейін келе бұл сөздің мән-мазмұны өзгерді. Қазір идеология деп адамдардың улкен әлеуметтік топтарының іс-әрекетіне бағдар беріп, олардың мақсат — мүдделерін білдіретін және қорғайтын идеялар мен көзқарастар жуйесін айтады.

Идеология әр түрлі — саяси, құқықтык, этикалық, діни, эстетикалық, фәлсафалық болып келеді. Сонымен қатар қандай идеология болсын саясатпен тығыз байланысты және саяси сипаты болады. Саяси идеологияға белгілі бір адамдар тобының қоғам құрылысы және дамуы, ондағы қатынастарды орнықтыруға немесе өзгертуге қызмет ететін тұжырымдамалар мен пікірлердің жиынтығы жатады. Олар билік арқылы немесе оған ықпал ету арқылы өз мақсат-мүдделерін білдіреді және қорғайды. Саяси идеология — жалпы идеологияның да өзегі. Оның ереқшелігі — саяси болмысты түсіндіреді және оны сақтауға немесе өзгертуге іс-әрекетті бағыттайды.

Саяси идеология Ағартушылық дәуірде дүниеге келді. Бұл кезде адамдар өздері қойған мақсатына сәйкес қоғамда саналы тәртіп орнату мүмкіндігі туып, прогресс идеясы алғатартылады. Адамдардың мақсатты түрде іс-әрекет жасау мүмкіндігін негіздеуі идеялар туралы ғылымды талап етеді. Ол үміт етіп, болашақтан күткен қоғам туралы идеалистік түсініктерде білінеді. Қоғам өмірінде идеология маңызды рөлді атқарады. Ол ең алдымен оның төмендегідей қызметгерінен білінеді:

1. Идеологияның танымдық рөлі. Ол саяси жүйені, саяси өмірді суреттеп, түсіндіреді.

2. Бағдарламалық қызметі. Ол қоғам, әлеуметтік прогресс, тұлға және билік және т. с. с. негізгі түсініктер туралы мағлұматтар беріп, адамның іс-әрекетіне бағыт-бағдар көрсетеді.

3. Жұмылдыру, іске тарту. Қоғамның жоғары, құнды идеяларын алға тартып, мақсат-мүдделерді айқындап, саяси идеология саяси іс-әрекетке тікелей түрткі болып, қоғамды, әлеуметтік топтарды оларды іске асыруға жұмылдырады, рухтандырады, шабыт-тандырады.

4. Амортизациялық қызметі. Саяси іс-әрекетгі түсіндіру тәсілі болып, идеология әлеуметтік шиеленістерді бәсендетеді. Ұсынылған мұраттар сәтсіздіктен кейін күш жинап қайта серпілуге шақырады.

.

5. Бағалау қызметі. Идеология халық санасына қоғамның қазіргі және болашақтағы дамуына өлшемдік баға берерлік жағдай жасайды, үстемдік етіп отырған коғамдық тәртіпке белгілі бір көзқарас тудырады.

Саясаттың қандай субъектісіне болсын идеология қажет. Ол — адамдарды рухани біріктіріп, топтастырудың және басшылықтың құралы. Саяси қатынастар саласында олардың іс-әрекетіне бағдар береді, еркін қалыптастырады, саяси қызметке ұмтылдырады, белсенділігін арттырады. Саяси қызметке қатысушылардың іс-әрекетіне мақсаттылық, жүйелілік, дәйектілік енгізеді.

Саяси идеология теориялық тұрғыда топтың, таптың негізгі мүдделерін танытады, оларға мұраттар, ережелер, рухани байлықтар, бағалы бағыттар жүйесін береді. Сол арқылы күрестің нақтылы максаттарын, оларды жүзеге асырудың кұралдары мен жолдарын белгілейді. Саяси идеология арқылы тап өзіндік санаға, жеке тұтастық сезімге ие болады. Көзқарастары бірыңғай қоғамдастықтың мүшесі болып сезіну — әрбір саяси қозғалыстың мүшесін байланыстырып тұратын түйіні. Сонымен қатар идеология — сезім тудыратын нышандар жиынтығы. Олар адамдар мен топтардың іс-әрекеттеріне мән-мағына беріп күшейтеді, асқақтатады. Мысалы, Отан үшін, ұлты үшін, халқы үшін адамдар ғажап ерлік жасап, өзін-өзі құрбан етуге дейін барады.

Жүйеленген түрінде саяси идеология партия бағдарламаларында, декларацияларында, манифестерінде, жарғыларында, сондай-ақ түрлі насихаттық құжаттарда қалыптасады. Сондықтан А. Грамши идеология халықтың ұжымдық еркін оятып, ұйымдастыру үшін қызмет етеді деген. Идеологияны, жоғарыда айтылғандай, саналы түрде қоғамның білімді өкілдері, идеологтер-саясатшылар, фәлсафашылар, әлеуметтанушылар, заңгерлер, экономистер, ақын-жазушылар, т. т. жасап шығарады. Ол ақпарат құралдары арқылы таратылады, халықтың санасына сіндіріледі.

Саяси идеологиялар мазмұны, мақсаты жағынан прогрестік, либералдық, революциялық, консервативтік радикалдық, реакциялық, шовинистік, ұлтшылдық және т. с. с. болып бөлінеді. Кейбір ғалымдар идеологияның ұғымдары мен принциптерін нактылы ғылымдардағы сияқты тәжірибе жүзіңде тексеріп білуге келмейді деп оған күмәнданушылықпен қарайды. Әрине, “еркіндік”, “тендік”, “достық”, “егемеңдік”, “демократия”, “адам құқығы”, “азаматтық қоғам”, “құқықтық мемлекет” сияқты категорияларды мінеки деп тап басып көрсетуге келмейді. Дегенмен, идеология қоғамдық-саяси шындықты бейнелейтініне дау келтіруге болмайды. Сондықтан К. Маркс идеялар халық санасына сіңгенде материалдық күшке айналады деп тегін айтпаған. Ол жоқ жерден бостан-бос пайда болмайды. Жаңа идеялар пісіп-жетілген тарихи міңдеттерді көрсетеді. Адамзат өзінің алдына өзі шеше алатын міндеттерді ғана қояды. Себебі, міндеттің өзі осы шешуге қажетті материалдық жағдайлар болып отырған кезде ғана немесе болуға таянған кезде туады.

XX ғасырдың орта кезінде америкалық саясаттанушы және әлеуметтанушы Д. Белл (1919) “Идеологияның ақыры” деген еңбегінде идеологияның дәуірі өтті деп жазды. Ол ғылыми-техникалық прогресс заманында идеологияның рөлі бірте-бірте өшеді-міс деп пайымдады. Бұл тезис 60 жылдары кең тараған студенттік қозғалыстарға жауап ретінде пайда болған. Бірақ одан өткен Американың атақты әлеуметтанушысы және экономисі У. Ростоу (1916) дүниетаным, көзқарасты, қоғамды дамытатын қозғаушы күш деп санады. Басқа сөзбен айтқаңда, оның ойынша, дүниені билейтін идеялар. Сондықтан ескірген “идеологиясыздандыру” (деидеологизация) тұжырымдамасының орнына “қайтадан идеологиялану” (реидеологизация) ой-тұжырымы алғатартылды. Оның мағынасы саяси және әлеуметтік өмірдін идеологиядан тәуелділігі артып келе жатқандығын білдіреді. Тіпті, “идеологиясыздандыру” теориясының негізін қалаған Д. Беллдің өзі осы ғасырдың 70 жылдары қоғамдық өмірден идеологиялық фактордың жойылмайтындығын, онын қозғаушы күш екенін мойындады. Ол ескі идеологияның әлсіреуі жаңасын қажет етеді деген токтамға келді.

Бүгінгі танда идеологияны тудыратын объективті себептер жойылған жоқ. Керісінше, қазіргідей өтпелі заманда оның маңызы зор. Қоғамда саяси сана, саяси идеологияның деңгейі неғұрлым жоғары болса, солғұрлым саяси қате шешімдер қабылдау ықтималдығы азаяды. Идеологияның әлеуметтік негізі неғұрлым ауқымды болса, ол әлемдік өркениет жетістіктерін, жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына неғұрлым тереңірек сіңірсе, солғұрлым өмір шындығын толығырақ бейнелейді, тарихи процестің зандылықтарын дұрысырақ көрсетеді, ғылымға жақын келеді.

Саяси идеология бұқаралық ақпарат құралдарымен (БАҚ) тығыз байланысты. Оған баспасөз, радио, теледидар, бейнежазу, дыбыс-жазу кіреді. Бүгінгі таңда олар қоғамдық сананы қалыптастыруда шынайы болмыстан кейінгі негізгі құрал болып отыр. Американың саясатшысы Г. Лассуэлл (1902—1978) БАҚ-тың мынандай негізгі төрт қызметін атап көрсетті: 1) әлемдегі болып жатқан жағдай туралы хабарлар жинап тарату; 2) хабарларды “ре-дакциялау”, тандау және түсінік беру; 3) қоғамдық пікір қалыптастыру; 4) мәдениетті тарату. Жоғарыда айтылғандардың қатарына бесінші етіп оның қоғамды саясаттандыруы мен бұқара халықты саяси ағартушылығын қосуға болар еді.

БАҚ азаматтар мен билік органдарына ең маңызды оқиғалар туралы мағлұматтар жинайды, таратады, оларға баға береді. Солардың негізінде тындаушыларды Үкіметтің, Парламенттің, партиялар мен қозғалыстардың іс-әрекеттері, қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмірі туралы пікірлері, көзқарастары қалыптасады.

Демократиялық қоғамда БАҚ қоғамдық пікірлермен қатар заңға сүйенеді. Олар өздері журналистік тергеу жүргізе алады. Тергеу қорытындылары жарық көргеннен кейін кейде арнаулы парламенттік комиссиялар кұрылады, қылмыстық істер ашылады немесе маңызды саяси шешімдер қабылданады.

.

Қазіргі дүниеде БАҚ-қа жол ашу—ықпалды оппозиция қалыптастырудың қажетті шарты. Қоғамдык санаға плюрализм, сөз бостандығы принциптерін сіңірудің маңызы зор. Алайда, мұндай бостандық ауызға не келсе соны айту деген сөз емес. Мысалы, аумақтық тұтастықты, халық топтары арасында алауыздықты тұтандыруға жол берілмеуі керек. Саяси оқиғаларды шынайы бейнелеу, тарату мемлекеттің тұрақтылығын арттырады, қоғамды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Бұкаралық ақпарат құралдары әр түрлі мақсатта пайдаланылуы мүмкін. Олар азаматтардың саяси сауатын көтеруі, өзінің адамгершілігін сезінуі, абыройын жоғары ұстау, еркіндікке, әлеуметтік әділеттікке ұмтылыс, саяси процеске салауатты, білікті қатынасуға мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар жалған хабарлар таратуы, үрей-қоркыныш, сенімсіздік тудыруы мүмкін. Біраз жағдайда саясаткерлер БАҚ-ты халық санасын күңгірттендіріп, өздерінің айла-шарғыларын асырып, қулыктарын білдірмей, жасырын жүргізіп, дегендеріне жетудің кұралы етеді. Оның тәсілдері сан алуан: деректерді бұрмалау, өзіне тиімсіз хабарларды айтпау, өтірік-өсек, лақаптарды тарату, шындықты толық жеткізбеу, т. т.

БАҚ-тың рөлі, әсіресе Президент, Парламент сайлаулары кезінде артады. Олар үгіт-насихат, жарнама, т. т. арқылы саяси серкелер туралы кеңейтілген мағлұматтар беріп, арнайы бейнесін (имидж) жасайды. Мұнда да саяси басшыны қай қырынан көрсетіп, оған каншалықты уақыт бөлудің де маңызы зор. Сондықтан демократиялык қоғамда мұндай келеңсіз жағдайларды болдырмаудың өз жолдарын іздейді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.