Седативтік заттар

Главная » Рефераттар » Седативтік заттар

Бромидтер. Медицинада емдік мақсатпен бром тұздарын — бромидтерді қолданады. И.П.Павловтың зерттеулеріне қарағанда бром тұздары, белгілі бір мөлшерде зақымдалған жүйке жүйесінің қызметін қалпына келтіреді және оның жұмысын реттеп отырады. Бромды калий — Kalii bromidum. КВ2; бромды натрий — Natrii bromidum, бромды аммоний-Ammonii bromidum, NH4B2.Yui npeпараттың барлығы да — ақ түсті, кристалдар немесе ақ түсті кристалды ұнтақтар. Суда жақсы ериді. (1:5-7,5). Жергілікті жерге қолданғанда кілегейлі қабықты тітіркендіріп, қан тамырларын кеңейтеді, ал жоғарғы концентрацияларыңца гастроэнтерит құбылысы пайда болады. Оның мұндай әсері қысқа мерзімді болып, онша үлкен қауіп тудырмайды, өйткені бұл препараттар организмге тез сіңіп кетеді. Бромидтер организмнен бүйрек арқылы, ас қорыту жүйесінің бездері және тері арқылы бөлінеді. Бөліну құбылысы сіңірілуіге қарағанда баяу жүретін болғандықтан, препаратты қайта қолданғанда кумуляция құбылысы болатындығын ескерген жөн. Бромидтердің бөліну жолы хлоридтердікі тәріздес. Бромидтердің әсерін күшейту керек болса, ас тұзы аз мөлшерде қолданылады, ал олардың организмнен шығарылуын жылдамдату үшін ас тұзын көбірек береді.

Бромидтердің орталық жүйке жүйесіне резорбтивті әсері өте күрделі. Алғашқы кезде бұл әсерді ұйқы келтіретін заттардың әсеріндей деп келген. Бірақ, И.П.Павловтың еңбектеріне қарағанда, бромидтер тежелу құбылысына тікелей әсер етіп, оны күшейтеді. Олардың қатты қозған орталық жүйке жүйесіне әсері жұмыстан кейінгі демалыс тәрізді болады да, қыртысты торшалардың жұмысын тез арада қайта қалпына келтіреді. Сонымен бірге бромидтер ішкі тежелу құбылыстарын жеңілдетіп, шартты рефлекстердің жойылуын әлсіретеді. Бромидтердің әсері жүйке жүйесінің тұріне, оның қандай жағдайда екендігіне және препараттың мөлшеріне байланысты әртүрлі болып келеді. Жұйке жүйесі бір қалыпты жағдайдағы жануарларға онша әсер ете қоймайды, қалыпқа келтіру құбылысы нашарлаған сайын олардың әсері күшейе бастайды. Жүйке жүйесі әлсіз жануарлар тез уланады.

Бром тұздарының барлығының да әсері бірдей. Тек қана бромды аммоний организмге тез сіңіп, тез бөлінеді жөне өсері де күштілеу болады. Бромды калийдің сіңірілуі баяулау жүреді. Бромды натрий баяу сіңіп, баяу белінетіндіктен, әсер ету уақыты да көпке созылады. Жергілікті жерге бромды натрий әлсіздеу, ал бромды аммоний күштірек өсер етеді. Айырмашылықтары өте аз болғандықтан, бромидтерді бірдей мелшерде, бір мезгілде қолдану жақсы нәтижелер береді. Оларды көп реттерде эклампсия, сіреспе кезінде, мидың қатты қозуы кезінде және бағалы терілі андардың өзін-өзі жұлып жеуіне қарсы зат ретінде қолданылады. Бромидтерді ұнтақ, болюс, ботқа және қоспа дәрі түрінде қолданады. Бромидтердің ішке бергендегі мөлшері: ірі қара малға 15,0-60,0 г, қойларға 5,0-15,0, шошқаларға 5,0-10,0, жылқыларға 10,0-50,0; иттерге 0,5-2,0, тауықтарға 0,1-1,0 г.

Шүйгіншөп тамыры мен тамырсабағы (коневище с корнями валериаиы) — Rhizoma cum radicis Valerianae. Далалық алқаптарда өсетін көп жылдық шөптесін өсімдік. Оның тамыры мен тамыр сабақтарында эфир майлары, терпендер, валериан және изовалериан қышқылдары, валерьиан жөне хитинин тәрізді алкалоидтар болады. Шүйгшшөптің эфирлі майы төмен-гі мөлшерде орталық жүйке жүйесін, тыныс алу және жүрек -тамыр орталықтарын өлсіз қоздырады. Жоғары мөлшерінде ол орталық жүйке жүйесін әлсіретеді, рефлекторлық қозуды төмендетеді және шеттік жүйкелердің сезімталдылығын баяулатады. Сонымен бірге, эфир майлары ішектің бірыңғай салалы еттерінің тонусын төмевдетіп, жүрек-кантамырларын кеңейтеді. Шүйгіншөпті невроздарда, жұйке қозуында, ішек еттерінің жиырылуында қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: ірі қара малға — 50,0-100,0, қойларға 5,0-15,0, жылқыларға 25,0-50,0, шошқаларға 5,0-10,0, иттерге 1,0-5,0 г, тауықтарға 0,2-1,0 г. Көп реттерде шүйгіншөптің қою экстрактысын және валериан тұнбасының камфора мен қоспасын қолданады.

Корвалол-Corvalolum. Сыртқы түріне қарағанда эфирдің иісі бар, түссіз сұйық зат. Седативті және жиырылуға қарсы әсер етеді. Невроздар кезінде, қан тамырлары мен ішектердің спазмаларында қолданылады. Ішке бергендегі мөлшері: шошкаларға 0,8-1,0 мл: иттерге 15-30 тамшы.
Девинкан — Devincanum. Кристалды алкалод. Таблетка (0,005-0,01), үнтақ және ампула түрінде (0,003 %) шығарылады. «Бң тізімі бойынша сақталады. Девинкан гипотензивті және тыныштандырғыш зат ретінде әсер етеді. Шошқаларға бұлшық ет арқылы бергендегі дозасы 0,006-0,008, ал ішке бергендегі мөлшері 0,007-0,01.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.