Шәуеттің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері

Home » Рефераттар » Шәуеттің құрамы және физикалық-химиялық қасиеттері
Рефераттар Комментариев нет

Шәуеттік плазма негізінен қосалқы жыныс бездерінің секреті болып табылады. Плазма жыныс торшаларын тұрақтандыратын, сұйылтатын, белсендіретін және қоректендіретін орта құрайды. Ол жыныстық торшалардың плазмалық мембранасын тұрақтандырады. Плазма құрамында простагландиндер, андрогендер, акросоманы ерітетін ферменттер, антиагглютининдер (қуық безі секретінде), инозит, фруктоза, аскорбин және лимон қышқылдары болады. Қосалқы бездер секреті аталық жыныс торшаларының қимылдағыш қасиетін арттырады. Қабанның баданалық бездерінен бөлінген секрет қүрамындағы желатин фракциясы жыныс жолдарын тығындап, шэуеттің кері ағып кетуіне мүмкіндік бермейді.

Жыныстық торшалардың да қүрамы күрделі, олардың 25%-ын қүрғақ зат, 75%-ын су қүрайды. Қүрғақ заттың 85 %-ы белоктан, 13,2 %-ы липидтерден және 1,8 %-ы минеральды заттардан тұрады. Спермийлерде көп мөлшерде (2,7% шамасында) фосфор болады, оның концентрациясы торшаның бас бөлігінде 4%-ға жетеді. Сперматозоидтың бас бөлігінде ДНК-мен байланысқан белоктар көп мөлшерде кездеседі. Акросомада мукополисахаридтердің де болатыны анықталған. Сперматозоидтың басқа бөліктері — мойыны, денесі, қүйрығы белоктардан, еркін липидтерден және түздардан құралған. Оның қүрамында торшадағы тотығу проңесін қамтамасыз ететін ферменттер де болады.

Қалыпты спермийлерге сүйық ортада алға қарай, түзу бағытта қимылдайтын қасиет тән. Олардың қимыл мүшесі мойыны мен денесі болып табылады. Қимыл кезінде спермий күйрығы бір жағына жылдам-жылдам майысып, қайта жазылып отырады. Осымен байланысты қасық пішіндес торша басы өз осінде айналады да, сперматозоидтың басқа бөліктерін де бұралуға мәжбүр етеді. Бұл спермийді айналмалы қозғалыстан сақтап, оның алға қарай түзу бағытта қозғалуына мүмкіндік береді. Спермийлердің өміршеңдік қабілеті орта температурасына, өздері жүзген сұйық құрамына байланысты өзгеріп отырады. Дене температурасы жағдайында (37-39°С) олар өте белсенді қозғалады. Температура төмендесе, олардың қимылы баяулап, 00С шамасында спермийлер анабиоз жағдайына көшеді.

Спермийлер ортаның осмостық қысымының ауытқуларына да өте сезімтал. Гипотониялық ерітінділерде олар ісінсе, гипертониялық ерітінділерде бүрісіп қалады. Бұқа мен қошқардың жаңа бөлінген шэуетінің әрекетшіл ортасы бейтарап (рН — 7,0) немесе әлсіз қышқыл (рН 6,7-6,9), ал айғыр мен қабан шэуетінің реакциясы — сілтілік (рН 7,2-7,6). Шәуеттің қышқылдығы аз деңгейге жоғарыласа, спермийлер өлмегенімен, олардың қимылы баяулайды. Қышқылдық тым жоғарылап кетсе, олардың қимылы тоқтап, торша өліп қалады. Шәуеттің сілтілігін жасанды түрде жоғарылатса (мысалы, сода қосу арқылы), алдымен спермийлердің қимылы күшейеді де, соңынан олар өліп қалады. Спермийлер қуатты екі жолмен алады: тыныс алу нәтижесінде және гликолиз бен фруктолиз процесі арқылы. Бұқа мен қошқарда осы екі жол да орын алады. Ал, айғыр мен қабан шәуетінде қанттар жоқтың қасы, сондықтан олардың спермийлері қуатты тыныстық жолмен алады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.