Шанхай қаласы

Главная » Рефераттар » Шанхай қаласы

«Шанхай » Қытайдағы көлемі жағынан бірінші үлкен қала. Мемлекетке төте қарасты төрт қаланың бірі. Қытайдың экономикасы, техникасы, сауда өнер кәсібінің орталығы. Шаңхай Қытайдағы екі үлкен дариясының бірі Шаң – Жиаң дариясының басталар аузында орналасқан. Жер көлемі 6340 км 2, жан 23 млн, мемлекет бойынша бірінші, дүниежүзі бойынша алдыңғы орында тұрады. Шанхай 2000 жылдық тарихы бар, патшалықтардың өзгеруіне байланысты қаланың аты тұрақтанбады. Тек «үш патша» дәуірінде Шанхай деген атқа ие болып, дами бастады. Шыңғыс ұрпағы «Хубылай» «Батыс – Цуң» патшалығын отарлағаннан кейін Шанхайды дара қалашық ретінде жекелендіреді. Сол күні қаласының құрылған күні болады. Содан бері 700 жылдан астам уақыт өтті. Экономикасының дамуы: Шанхай халықаралық екінші, Қытайда бірінші үлкен сауда орталығы,екінші үлкен кристалл сауда орталығы және алтынға баға қою орындарының бірі. Жылдық кірісі бойынша бірінші орында тұрып, бүкіл мемлекеттің жылдық кірісінің 50% құрайды. Шанхай халықаралық стандартқа жеткен дене тәрбие орталығы, халықаралық ең жоғары дәрежелі дене тәрбие жарыстар F1, жеңілатлетика, АТР 1000 тор доп, СНОК (билиярд) – бұлардың өзі Азияның мақтанышы болуға әбден жетеді. Діни – наным. Қазіргі кезде Шанхайда басқа қалаларға ұқсас даосизм, будда, ислам, христиан төрт түрлі діни сенім өмір сүреді. Діни – нанымға сенетін адамдар саны 394 мың, оларға бөлінетін жылдық қаржы 40 млн – нан астам. Заманауи құрылыстар. «Шығыс мервет телестанция мұнарасы». Шанхай халықаралық хабарлар тікелей тарату орталығы. 1991 жылдан бастап 1994 жылға дейін 3 жыл уақытта салынған. Жалпы қаржы 8 миллиард қытай июәні. Биіктігі 467,9. Азияда 3-ші, халықаралық дәрежеде 5 – орында тұратын биік мұнара. «Жиң Мау Шапар» үлкен сауда орталығы, биіктігі 420,5 м. 2008 жылы тамыз айына дейінгі санаққа қарағанда Қытай мемлекеті бойынша 3-ші, дүниежүзі бойынша 8- шғимарат. «Шанхай халықаралық ақша қатынас орталығы» қазіргі кездегі Қытайдағы 2–ші биік, дүние жүзінде 3-ші биік ғимарат, дүниеде ең биік төртбұрыш формасындағы ғимарат, биіктігі 492 м, 101 қабат. «Шанхай халықаралық қазына орталығы» 250 м және 260 м – ден тұратын 70 қабаттық қос мұнара. Әйгілі көркем өңірлері. «Уай – тан» Шанхай қаласының орталығындағы Хуаң – пу районындағы Хуаң – пу дариясының жағалауында орналасқан. Ол Шанхайдың көрікті орындарының бірі. Айналасында шығыс мерветі, Жиң – мау шиһар сынды әйгілі көріністер бар. Ал Шанхайға келген әрбір саяхатының сөзсіз баруға тиісті жері болып саналады. Хайтанның батыс жағында готикалық, рим стилінде Қытай мен шетелдіктердің мәдениеттерін ұштастыра отырып әр стилде салынған 52 классикалық ғимараттан құрылған көне Шанхай кезіндегі сауда айналым орталығы, сыртқы сауда органдарының шоғырланған жері болды. Сондықтан бұл жерге мың елдің құрылыс көргізбесі деген атақ берілді. «Шанхай Цин – тен – ди» шанхайдың тарихи мәдениетін аңғартатын саяхат орны, ал Шанхайдың өзгеше көне құрылыстарын негіз етіп тағам, сауда, сауық мәдениетін өз бойына жинап салынған шаяулама көше. Бұл көше тарихи мәдениеті мен қазіргі заман тұрмысын сезіне алатын ең лайықты орын. «Халық алаңы» «қаланың жасыл өкпесі» деп аталатын халық алаңы қаланың ортасында орналасқан. Әкімшілік, мәдениет, қатынастар және бизнестер тоғысқан бау –бақшалы алаң. Алаңның екі жағы 17 м айналасы жасылданған, көлемі 80 мың2, алаңның жалпы көлемі 140 мың м 2 . 1 млн 200 мың адам тұра алатын толымды саяхат орны деуге де болады. «Шанхай дене тәрбие алаңы» қазіргі заман ең озық техникасымен салынған. Шетелдермен байланысты арттыруға өзіндік ролін атқарған. 500 – ден астам төрағалар мінбесі, 300 – ден астам тілшілерге арналған орындар және 100 – ден астам ерекше қонақтар бөлмесі, 56 мың адам бір жолда жарысты тамашалай алады. Шанхай метросы дүниедегі ең ұзақ. Қазіргі кезде орбитаның қатынасы ІІ жолдың торабы болды. 266 бекет, жалпы жолы 410 км. ХХІ ғасырға қадам басқан Шаңқай қаласы Қытай Халық Республикасының дүниежүзіне танымал болуының басты көрінісі. Ол арадағы халықтардың мейірімділігі сізді таң қалдырады әрі бар ықыласымен сізді құшақ жая қарсы алады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.