Үшарқар ертегісі

Главная » Рефераттар » Үшарқар ертегісі

Үшарқар ертегісінін шығуы

Баданадай үш жұлдыз кісе белбеудің күміс түймелеріндей жылтылдайды. Астрономияда белгілі ескі аңыз бойынша әлгілер Орион деген атақты мергеннің белбеуі. Ал, Шайтантаразы оның беліндегі қанжары. Аспанның сол аймағындағы жұлдыздар (Үлкенарлан, Қоян, Сыңармүйіз…) түгел қатысатын бұл өзі едәуір ұзақ ертегі. Қазақ арасында аспанға зер салушылар әлгі үш жұлдызды шұбырып қашқан арқарларға ұқсатып, Үшарқар ертегісін ойлап шығарды. Бірінің артынан бірі созылып түрған үш ірі жүлдыз шұбап бара жатқан үш арқар, оған көлденең тізіліп тұрған “киқымдай” Шайтантаразы дейтін үш жүлдыз, үш арқарды кезеп атқалы тұрған Көгалдай мергеннің қарулы мылтығы. Оның оң жағындағы көкпеңбек (Ригель) жұлдыз Көгалдай мергеннің “Көкшақпағы”. Шақпақ үлкенірек көк жұлдыз, шақпақ десе, шақпақ. Ол Үшарқардың бүйірін ала тұрады. Үшарқардың аржағындағы үлкен қызғылт (Бетельгейзе) арқарлардан әрі өтіп кеткен мергеннің қызарған оғы (осы жұлдыз өзі түнде атқан мылтықтың оғы сияқты).

Түн қараңғыда манағы құрулы мылтықтың ауыз жағын ала бұрқ еткен түтін тәрізді күңгірттеу теңбіл байқалады. Осы теңбіл мергеннің мылтығының түтінінен пайда болған. Үшарқардың соңғысы кішірек. Оны мекиені (ұрғашысы) дейді. Сөйтіп бұл ертекке Орионның “Белбеуі”, “Қанжары” және Ригель, Бетельгейзе деген Орион шоқжұлдызындағы ірі (жарық) жұлдыздар түгел қатысады. Үшарқарды Мерген Текесүмбіленің жарығымен көріп тұрып атыпты деп айтушылар осы хикаяға Сүмбіле жұлдызын да кірістіреді. Орион жүлдыздарының тұрғысы мен мазмұны өте жақсы қабысатын осы тамаша қисынды ертектің тұздығы татитын жерлері көп. Үшарқар жүлдыздарына қарап тұрғанда, тау беткейімен көсілте жосылтып бара жатқан арқарлар есіне сап ете түседі. Ертектің бір құнды жері мұнда жүлдыздардың саны (Үшарқар) мен түсі (Бетельгейзенің қызыл-сары, Ригельдің көгілдір екендігі) ілтипатқа алынады.

Ертектегі төтенше бір бағалы қасиет, ол бізді әлемдегі тым маңызды деп саналатын Орион түмандығымен (мылтықтың “түтіні” бейнесінде) таныстырады. Ертегі Сүмбіле жұлдызының жарығының күшті екенін елестетеді. Осындай терең білім берерлік шымыр мазмұнын және өзінің ықшам түрін еске алсақ Үшарқар ертегісінің ғылыми маңызы басым деген қорытынды шығарамыз. Орион жүлдыздарын аспаннан көріп тұрып, поэзиялық сарындар аңқыған Үшарқар ертегісін бір тыңдасаңыз, ол жұлдыздарды есте ұмытпассыз. Үшарқар ертегісінің бұдан басқа да, аңшылық әңгімелермен емін-еркін ұласып жататып нұсқалары бар. Ертекті айтушы әдетте жұлдыздың сипатынан бастайды.

— Қарасаң шақшабастанып (шақша қақпағындағы үш шегедей үш жүлдыз жарқырап түп-түзу болып) тұрады. Ол — Үшарқар. Оған қапталдай, таяққа ұқсап тұрған мергеннің құрулы мылтығы. Ортасындағы өзі. Артындағы аты. Аттың шылбырын ол білегіне орап алған. Қолындағы ұшы сүйір садақ оғы. Арқар тобымен жүреді. Басқа арқардың бәрін үйықтатып тастап, үш арқар қарауылда тұрады. Арқарларды Сүрмерген атайын деп аңдиды. Ғайып ирен қырық шілтен деген арқарлардың бақташысы бар. Мерген қарауылды ататын болса, соның қарғысына жолығып, мылтығы қырсығып қалады.

Сүрмерген оқ салғанда

Ғайып ирен қырық шілтен қайырып бер,

Қайырып берсең, үйірінен айырып бер,—

деп ғайып ирен қырық шілтенге сиынып оқ салады. Тілегін береді. Тілек тілеп отырғанда арқарлар өреді. Қарауылда тұрған үшеуі, бұйрықтысын алар, бұйрықсызы қалар деп, алдын бастап қашуға жол береді. Арқарлар қашып жөнелгенде мерген артында шұбатылғандарына оқ жұмсайды. Қарауылды атпайды, атайын десе мергеннің қолы батпайды. Тыныспай деген мерген арқардың қарауылын атып, алты жыл сал болып жатып өлді. Сонда бір “үн” келеді: е, әттеген-ай, тұздан жаңа келіп еді, дейді. Ол қауымына тұз әкеліп берген екен. Сөйтсе, арқасы жауыр екен. Міне, Алатауды мекендеген жұрттардың байырғы аңшылық әңгімелерінің түрі осылай келеді. Үшарқар ертегісін Алатау аймағын, яғни Үлкен Алатау (Тянь-Шань), Алматы Алатауы, Жоңғар Алатауы, Қырғыз Алатауы жүйесін мекендеген рулар айтады. Ауыздан шыққан ертегілердің бәрінің де сарыны бір: арқар аулау. Бірақ мерген кейде біреу, кейде екеу, тіпті үшеу (сап құрып тұрған үш мерген) болып және аңшылық құрал да не мылтық, не садақ, не тазы болып өзгереді. Онан соң бірде мерген қарауылды атпай, артындағыларына оқ жұмсайды, ал енді бірде үш арқарды атады (Қу шоқайлы қу мерген, үш арқар атқан Сүрмерген). Осылай ертегі мазмұны не олай, не бұлай құбылып отырса да, бірақ әрдайым оның айнымайтын желісі, кіндік қазыгы арқар ату болады да, тиянақты бір шарты арқар саны үшеу болып отырады. Яғни Үшарқар аталып, ертегіге ұйытқы болған Орионның үш жұлдызы.

Үшарқар ертегісі қалай шықты

Аңшылық адамзаттың сәбилік дәуірінен бері қанына сіңісті болған байырғы кәсіп. Үй хайуандарын үйретіп алғанша адам перзенттері мындаған ғасырлар бойы аң аулап және жамауқат теріп жеп күнелтті. Үрім-бұтактың есінде сақталып, күні бүгінге шейін ұмытылмай келе жатқан ертегілер (Құла мерген, Жоя мерген, Қара мерген, Таласпай мерген, Даршин мерген, Сұр мерген), өлең, сөз бен күйлер (Ақсаққұлан, Сұр мерген, Ақсақ киік) аңшылық дәуірдің мирасы. Құралайды көзден атқан мергендер өтті. Мерген өнерінің шарапаты қауымына тиіп, мергендік дәріптелінді. Мергендік ертегілердің мәнін халық әлмисақтан бері өздеріне аян болған жұлдыздармен септестірді. Оған орайы келіп Орион (Үшарқар-Таразы) шоқжүлдызы күзден бастап қысқа қарай хайуандардың нағыз жетілетін кездерінде, яғни дәл аңшылық құрар мерзімде, қызыл іңірден таң атқанша гүл-гүл жайнап аспанда көрініп тұрады. Ендеше андыздаған көп жүлдыздардың ішіндегі бесенеден белгілі сұлу жұлдыздардың аңшылық ертегіге арқау болуы әлбетте қисынды нәрсе. Бір жағынан ондай ертегінің тууына Орион жұлдыздарының қарулы мылтықтан үркіп, тізіліп, қашқан арқар сиякты ерекше пішіні де себеп болды. …Жылқы жылының беталысы жақсы: осы жылы шөп жұғымды болып, мал семірді-ақ. Қыстау майларын жасап, ел күзектен қыстауларына қонысты. Шаруа адамдары жұлдызды есептей келіп, қой қоздауын апрельдің 10—15-не келтіріп, күйек алды. Малшылар мен аңшылар байкауынша Үркер таң ата бататын болды. Бұл күннің әбден ұзарғанының белгісі. Жетіамал (күннің токырауы, Қарашаның қайтуы, Үркердің батуы, мұздың қатуы, киіктің матауы, Айдың тоғауы, тоқсанның кіруі…) жаман откен жок. Қыс қандай боларын қайдам… Малмен күн көрген елдің қысқы азық дайындайтын кезі — соғым уакыты енді болды. Осыдан осылай мал арықтамаса семірмейді, ал сақтаған ет бұзылмайды. Жыл он екі ай бойы михнатпен бағып-қағып семірткен малдың қызығын көретін мезгіл жетті. “Бұйырган малға тіс тиеді” деген. Сауырсынынан басып жүріп, малдың ең семізін таңдап, ел қан сасыта соғым сойып жатыр… Қыс күндерінің бәрі бірдей лайсаң емес. Аждаһадай ысқырған бүрқақ күндердің арты, шыңылтыр аязбен ашылады. Күн райы оңалатынының белгісі бұлыңғыр серпіліп, тау қойнауы шөккен шаңғыттан аршылып, шыньщай таза ауада бүйра-бүйра адырлар айдаладан анталап көрініп түрады. Осындайда сарапшын киіп сақтанбаса, ақ қар көзді қарлықтырады. Күнгейдегі малға да, бақташыларға да мүндай шағыл күңдер жағымды-ақ. Аңшылардың да дол осындай жалтыр күндері делебесі қозып, олар бір үйқыдан түрып, тау-тауды кезіп кетеді. Әсіресе қансонарда аңшы жатар ма? …Баламергеннің үйі биыл ірі қарадан жарытып іштеме соя алмады. Соғымға деп үйғарып жүрген тарлан айғырды да аңға мінетін болды. Тақымына басқан қүбақанды күздігүні бір ауылда қонып жатқанда түгін қалдырмай қаскыр жеп кеткен еді. Рас, ол қасқырдың да тауқыметін тартқызды: етке мейлінше сілейіп, қарындары жер сызып, көп үзай алмай Құлжаның қойтасына іліне бере сүлай кеткен бес қасқырды, жаяу ізіне түсіп барып, түгел атып әкелді. Жаралы арлан шауып, мерген білегін шайнатып алды. Бүлінеді деп мылтығын аягі, шапқалы үмтылған қасқырды мылтықпсн ұрмапты. Текебүрқылдақ амалының арты сонармсн ашылатын түрі бар. Осыны күткен мерген де дайындалуда. Ол қоргасыннан оқ құйып, оқшантайға бір-бірлеп санап салды. Құтыға өлшеп дәрі құйды. Шақпақ шағып, қуды түтатып корді. Мезгілінде жүрмесең мерзімді жерге жетпессің. Мерген түн ортасынан оянды. Ол қарсақ жүн қылыгі езген шара аяқ құртқа сары май тастап ішіп, кісесін буынып, шоқайын киіп, жетімшораны (мылтығын) мойнына асып, атына мініп тауға беттеді. Мергеннің түнделетіп жүруі жалғыз бүл емес. Баратын жақ белгілі. Алатаудың үстін ала түратын қатар үш жүлдыз, қашаннан аңшылардың серігі, әрі жолбасшысы. Аңшы тау қолтығына кіріп, тұрғыны маңайлағанша олар да Үркермен бірге көкжиекке еңкейді, таң да кылаң береді. Мерген асығыс. Оның көзі жер мен кокті шарлап, бар ынтасы анда болып келеді. Бірақ тау әзір алыс, жерде ак қардан бөтен көз тоқтарлық ештеме жоқ. Ол таң ата тұрғыға жетіп, иек артпадан арқарларды мылтық кезеп тосып алсам дейді. Оған үлгіре ме, үлгірмей ме? Оны таңның атуы біледі, ал танды жүлдыз біледі. Оның серігі жүлдыз. Үш жұлдыздың ыңғайлы жері, олар дәл баратын бетте, көзінді жұмып отырмасаң, онан қашып құтылмайсың. Оған қарамағанда қайда қарайсың. Зер салып қарай-қарай өзі таңғалды. Япырай мұндай ұқсас болар ма: ана үш жұлдыз, тізіліп қашқан үш арқар, мына бүйірдегілер көлденең күрулы мылтық, оның оң жағындағы көк жүлдыз — көк шақпақ, ал Үшарқардың ту сыртындағы шоқтай қызыл жүлдыз мылтықтың оғы, анау түсаулы ат… Айта берсең, бүрқ етіп мылтық аузынан шыққан түтін де байқалады. Үшарқар ертегісін ол атасы марқүмнан естіген. Бүлар-дың мергендік түқымына дарыған. Атасы асқан балуан, әрі мерген болыпты. Таутеке мүйізінен істеген оның садағын осы күнгі жанның бірде-бірінің қолының күші жетіп тарта алмайды. Алатау ілінген етегінен өр тартады. Кейбір асулардағы ошаған омбы қарды мерген қарулы аттың омырауымен бұзып өтіп келеді. Әккі мерген түн болса да өзіне таныс аңның жымына, құлан ойнақ жатақтарға тура беттейді. Арқар оты да таяу. Ақ қарды шиырлаған іздер тау арасында сайрап жатыр. Бәрі белгілі із. Мынау алшақ-алшақ түскен дөңгелек іздер жорытқан қасқырдікі, ал анау жосылтқан көп із ашылы-тұщылыны іздеп ойға түскен еліктердікі… із көп, мақұлық көп. Жоқтан бар игі. Адал аңның зияны тимес: жері байдың — елі бай деген. Мерген атты бір сайға түсап, ауыр киімді осы арага тастады. Енді әріқарата ат жүре алмайды. Аяқ басуға еп керек — тағы андар саққүлақ. Жалғыз аяқ соқпақ тауып, ол шыңға өрмелеп көп жүрді. Ол Қарақияның күншығы-сындағы түрғыға жеткенде Үркер, Үшарқар, Сүмбілелер қүлдилап етекке барып, таң да сіберлеп келеді екен. Қараңғылық сүйылып, түнық аспан іреңінде тау-тас, әсіресе алып таудың таң жақ шетіндегі заңғар жоталары анық суреттеледі. Жарық молықты, төңірек жанарланды. Мерген жаңа жүздескендей ентелеген тау-таута жүтына қарады. Оның көзі алыс-жақынды барлады. Күн шалған шындарға да, төменде бүлдыраған ауылға да, аты қалған сайға да көзін бір-бір жүгіртіп қойды. Ақыры ол бір тасты даддалап отырып, қойнындағы түрікпені алып сайлады. Осы бүктемелі (суырылмалы) бунақ-бунақ, тоғыз қарыс телескоп (жез түрікпе) оның басынан артық көретін ең бір қымбатты заты. Әкесі Үлкенмерген мүны орта жүздегі нағашысына Алатаудың мүзбалағын апарып беріп, содан әдейі тарту-таралғы салып қалап әкелген еді. Оған түрікпені Петербордан бір досы океп берсе керек. Адам дарынды ойы мен шебер колының арқасында істеп шығарған бір тамаша аспап, шіркін, осы телескоп қой. Түймені түйедей қылып, қырымдағыны көрсетеді-ау. Сүлу әйелді, жақсы атгы жырлаған торізді жақсы телескоп туралы да өз алдына дастан жазуға түрар еді. Ойлап карасам, адам, оттеген-ай, деп қүмартатын арманы жасына қарай әр түрлі болып озГеріп отырады екен. Ал, жақсы телескопқа деген ынта менде бала жасымнан бері өмір бойы бір босеңсімей кетіп бара жатыр. Телескоппен қарағандағы жұлдызы самсаған түпсіз аспан қандай, осіресе стереотрубамен қарағандағы Жер беті қандай! Мерген оңды-солды түрікпе салып қарады. Буалдыр жоқ, ауа ашық, қияндағы көрінеді. Таутекенің тасқа шық-паса тұяғы қышиды деген. Міне, қараңыз: қыржайлаудың төріндегі қорым таста жүрген тау ешкілері шьгғар. Текесі білем жартастан секірді. Айтпақшы, киіктің матауы оте қойған жоқ қой. Әттең, жері шалғай, оған жеткенше бір күн керек. Мал арыстанның аузында, түрікпеннің түбінде деген осы ғой. Оқасы жоқ, ұрымтал жерден де табылар, Алатауда аң аз ба? Е, бәсе, Ойжайлауға баратын асуда жайылып жүрген арқар емес пе? Мүның қүлжасы қайда түр екен? Өзгені қойып, мерген осы арқарларға баруға бел байлады. Жер бес саусағындай таныс. Жиделі сайды көбелеп, Айыршоқының беткейіндегі қалың аршаны паналап, Үйгентасты бетке ұстап барса, арқарлардың дәл ық жағынан шығады. Бұйырса реті келіп-ақ түр, жел де арқарлардың аржағынан екен. Аяғынды аңцып басып, бірде бұқпалап, бірде еңбектеп, найзадай тік қияларға шығып-түсу оңай ма, тосқауылдағы Үйгентасқа жеткенде, қыстыгүні болса да, мерген қара терге түсіпті. Арқарлардың дәл өкпе түсы осы, жүз елу қадамнан аспас, оқ еркін жетеді ғой. Ол мылтықтың сирағын жерге тіреп, қасқырқұлақты қайырып, оған білтені қыстырды (білтені ол бағана жолда шақпақпен түтатып алған). Енді мылтықтың дүмін иығына тірей отырып, қарауылын жөндеп қойып, ептеп бүқпалап қарады. Дәл қарсы алдындағы жартаста алпамсадай құлжа түр. Өзге арқарлар, тасада білем, көрінбейді. Шу дегенде ол өзі сасып та қалды. Арқар сонша жақын деп ойлаған жоқ еді. Шіркін, түздің бір ардагері екен. Мүйіздері дағарадай иір-иір, аяқтары сүмбедей түп-түзу. Серейіп түрған жардай қүлжаға көздемей атса да тиетін. Жанын қинамау үшін бастан, не қос өкгіеден дәл тигізу керек. Жаратылыстың көркі есіл жануар, енді кірпік қаққанша қызыл қанға боялып, өлексе болып қалады-ау, сабаз-ай… Түн ортасы ауа мерген есігін ашып үйіне кірсе, әйелі қазандықтың алдында, бүқар шойнектің бүйірін шоққа көміп қойып, бүктүсіп жантайып жатыр. — Әй, ана қанжығадағыны шешіп алып, аттың айылдарын босатып қоя салшы. — Е, келіп қалып па едің байғүс-ау,- деи ойелі козін сипап, жалма-жан ұшып түрегеліп, далаға шығып келіп: — Бір күн, бір түн жүргендегің осы ма бейбақ,— деп тау қоянын босағаға тастай салды. — Әншейін, қанжығам бос келмесін деіт ата салдым. — Арқар үшырамады ма? Екі бала сен арқар океледі, асығын аламыз деп күтіп отырып-отырып олгінде ғана үйықтады. — Арқар кездесті. Қүлжасы қарауылда түр екен, атпадым. Есік пен тордей-ақ жерде түрды, қүнан өгіздің үлкендігіндей. Оны атқанда қайда, бағана, іңірде оралатын едім. — Е, байғұс-ай, әлде баласы бар ма екен? — Не айтады өзі, баласы болатын жазғытұрым ба. Дардай арқар, өзі семірген-ақ екен. Қарауылды атуға болмайды ғой. — Әдейі барған соң атып-ак әкелмей. — Киесі тисе қайтем. Балаң бар, шағаң бар. — Ойбай қүрысын ендеше, атпағаның жақсы болған екен. Одан басқа арқар кездеспеді ме? — Жоқ, өзгесі менен тасада, күнгей бетте жайылып жүрді. Жел жағынан барғызбайтын болды. Бері шыға ма деп күтіп-күтіп, шықпаған соң дауыстап қашырдым. Қашып бара жатқанда қайсысын болса да атуға болады ғой. Қарсы алдынан айғайлап, сербиіп мен үшып түрегелгенде түрсын ба… өзі де қашқалы түр ма, кім білсін. Осқырып, артқы аяғына бір шоқаң етіп, лақтырған тымақтай көкке ырғып еді. Сайға қалай қирамай түскенін білмеймін. Жүгіріп жотаға шықсам, жеті арқар екен, тізіліп алып, зытып барады, көз үшына барып қалыпты. Жараңдар! Тұрмыстағы күшті өзгерісті сипаттайтын бір жеке дара мысалды осы арада еріксіз ауызға алуға реті келіп отыр. Жүзден астам жылдай ғана бүрын болған білтелі мылтықпен осы күнгінің автоматты мылтықтарын салыстырыңыз. Ал жоне автоматты мылтықтармен бейкүнә хайуандарды қүр ермек үшін қырып тастайтын адамдарға қандай тыйым салу керек екенін тағы ойлап қараңыз. Ондай қатыгездік болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.