Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі

Home » Рефераттар » Шартты рефлекстердің қалыптасу механизмі
Рефераттар Комментариев нет

Шартты рефлекстер шартсыз рефлекстер негізінде пайда болады дедік. Шартты рефлексті қалыптастыру үшін шартты (бейтарап), көзделген реакцияны өздігінен тудырмайтын тітіркендіргіштер әсері шартсыз, нақтылы әрекетті (шартсыз рефлекстік процесті) тудыратын тітіркендіргіштердің алдын алу керек. Мысалы, алдымен шам жағып, ізінше тамақ беру қажет. Егер әсер керісінше, болса (алдымен шартсыз, соңынан шартты тітіркендіргіш әсер етсе), шартты рефлекс қалыптаспайды.

Шартты рефлекстің қалыптасуы екі сатыда жүреді. Оның алғашқысы — жайылу (генерализация), екіншісі — накыштану сатысы. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет қосарлана қайталанса, алдымен малда бағдарлау, байыптау әрекеті, И. П. Павловтың айтуынша «бұл не?» реакциясы, байқалады. Бұл кезде малдың қимыл-әрекеті тежеліп, ол басын тітіркендіргіш көзі орналасқан жаққа бұрып, қүлағын тікірейтеді, оның тынысы мен жүрегінің қағысы өзгереді. Ал рефлекс қалыптаса, беки келе аталған реакциялар элсірей бастайды да, жойылып кетеді. Шартты рефлекстің қалыптасуының алғашқы сатысында байыптау әрекеттерінің маңызы зор болады, олар орталық жүйке жүйесі торшаларының белсенділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді. Шартты және шартсыз тітіркендіргіштер бірнеше рет тіркес эсер еткеннен кейін сигналға алғашқы жауаптар байқала бастайды. Бұл кезде рефлекс тиянақты болмайды. Реакция тек шартты тітіркендіргішке ғана емес, оған ұқсас тітіркендіргіштерге де туындай береді (жайылу сатысы). Тітіркендіргіштер әсері тіркес қайталанып отырса, шартты рефлекс бекіп, нығайып, тек шартты сигналға ғана жауап қайтарылады (нацыштану сатысы). Шартты рефлекс ми қыртысындағы катар қозған екі орталықтың — шартты және шартсыз тітіркендіргіштер орталықтарының арасында уақытша байланыстың пайда болуы нәтижесінде қалыптасады.

Шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексін қалыптастыру қүшін тәжірибені мына тәртіппен жүргізеді. Алдымен шам жағылады да, 10-15 секундтан кейін итке тамақ береді. Шартты, бейтарап тітіркендіргіш — шамның жарығы, көз рецеп-торын қоздырады да, қозу импульсі афферентік жолмен қыртыс асты орталықтар арқылы ми қыртысының шүйде бөлігіндегі көру орталығына беріледі. Көру орталығымен қатар ізінше ми қыртысындағы шартсыз тітіркендіргіш эсерін қабылдаған ас қорыту орталығы да қозады. Оның себебі шартсыз тітіркендіргіш (азық) эсерімен ауыз қуысындағы сезімтал жүйке үштары (2) тітіркеніп, импульс сопақша мида орналасқан сілекей бөлу орталығына беріледі де, одан орталықтан тепкіш жүйкелер арқылы сілекей бездеріне бағытталып, сілекей бөлінеді, шартсыз сілекей бөлу рефлексі атқарылады. Бұл рефлекс атқарылғанда қозу толқыны тек сопақша миды ғана қамтып қоймай, өрлеу жолымен ми қыртысына дейін көтеріледі де, ондағы жоғары ас қорыту орталығы да қозады. Сонымен үлкен жарты шарлар қыртысында бір мезгілде екі орталық — көру жэне ас қорыту, қатар қозады. Тағы бір жайт, шартсыз тітіркендіргіш (азық) шартты сигнал — шам жарығымен салыстырғанда, күштірек қозу ошағын тудырады. Күшті қозған орталық әлсіздеу қозған орталықтан қозуды өзіне тартады да, соқпақтану процесі жүріп, екі орталық арасында байланыс пайда болады.

Егер шартты және шартсыз тітіркендіргіштер әсері бірнеше рет тіркес қайталанса, қозу импульсі көру орталығынан ас қорыту орталығына жақсырақ өте бастайды. Бір бағытта өткен қозу орталықтар арасында із қалдырады. Ақырында шам жағылғаннан кейін ит сілекей бөле бастайды. Бұл шамның жарығына шартты сілекей бөлу рефлексінің қалыптасқанының белгісі. Енді торлы қабық рецепторларынан көру орталығына бағытталған көру импульсі даңғыл жол мен ас қорыту орталығына беріледі де, одан төмендеу жолы арқылы сопақша мидағы сілекей бөлу орталығына тарайды. Бұл орталықтан қозу импульсі сілекей бездеріне бағытталып, олар сілекей бөледі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.