Шартты рефлекстердің тежелуі

Главная » Рефераттар » Шартты рефлекстердің тежелуі

Организмге берілетін әртүрлі тітіркендіргіштер нерв системасында тек қозуды ғана емес, сонымен бірге тежелуді де туғызады. Сыртқы немесе ішкі ортаның өзгеруінен үлкен жарты шар ми қыртысында жеткілікті түрде қозудың аймағы пайда болады да теріс индукцияның заңдылығына сәйкес оның басқа нерв орталығындағы қозғыштыкты белгілі бір дәрежеге дейін төмендетіп, тежелу процесіне келтіреді. И.П.Павлов көптеген жылдар бойы жануарлардың бас миына зерттеу жұмыстарын жүргізіп, шартты рефлекстердің тежелу заңдылығын ашады. Павлов шартты рефлекстің тежелуін екіге бөлуі ішкі және сыртқы тежелу. Сыртқы тежелуге индукцйялық және шекті тежелу, ал ішкі тежелуге кешігетін, оэнетін және шартты тежелу жатады.
І.Индукциялың тежелу. Егер шартты рефлекске зерттеу жұмысының жүргізілуі кезінде немесе оған дейін орталық нерв системасына тосыннан қосымша тітіркендіргіш берілгенде жануарда болжам . бағдарлау рефлексі іске асады яжи жануардың іс-әрекеті өзгеріп- мойнын бұрып, қүлағын қозғалтып, жан-жаққа қарайды т.б. Осы уақыттағы жасақталған болжам бағдарлау рефлексі бұрынғы жасақталып қалыптасқан шартты рефлексті нашарлатып жойылуға дейін апарады. Оны мысал арқылы түсіндіруге болады: айталық итте бұрын шамның жарығының әсеріне азыктану шартты рефлексі жасақталады делік, рефлекстің көрсеткіші 30. секундта бөлінетін тамшы саны 15-17-ге тең, зерттеу жұмысы жаңа басталып индиферентті тггіркендіргіш -шамды жағу арқылы әсер беруге бірнеше секунд қалғанда күтпеген жерден, тосыннан звонок беріледі звоноктың әсерінен бас миының тиісті нерв орталығында қосымша жаңадан қозу аймағы жасакталады да ол бұрынғы шамның әсеріне қалыптасқан рефлексті тежеліске келтіреді. Осы уақыттағы бас миындағы тежелуді Павлов индукциялық тежелу деп атаған. Индукциялық тежелудің мардымдылығы бұрынғы жасақталып қалыптәсқан шартты рефлекстің беріктілігіне байланысты: егер шартты рефлекс берік жақсы қалыптасса, онда оның тежелуі жай жүреді, ал егер ол нашар жасақталған болса соған сәйкес рефлекстің жойылуы жылдам жүреді. Шартты рефлекстердің тежелуі организмнің Ішкі ортасынан берілетін қозу импульстарының әсерінен де жүреді;-құсу, қуықтың несепке толуы, қабыну реакциясы және басқа процестер шартты рефлекстердің жасақталуын нашарлатуға дейін апарады. Индукциялық тежелудің негізгі ерекшелігінің бірі оған алдын ала әзірлік жұмыстары жүргізілмейді, жұмыстың мақсатына кірмейді, ол тосыннан берілетін тгпркендіргіштің әсерінен пайда болады.

Шекті тежелу. Нерв клеткалары сыртқы және ішкі ортаның өзгеруіне жоғарғы сезімталдығымен ерекшеленеді. Бірқалыпты физиологиялық жағдайдың өзінде нерв клеткаларының қызметінде қозу процесіне қарама-қарсы тежелу жүріп, олардың шаршаудан, жарақаттанудан қорғайды, Берілетін тітіркендіргіштің күші шамадан тыс жоғары болғанда шартты рефлекстің жасақталу жылдамдығының күшеймейтіндігі, керісінше нашарлап жойылуға дейін баратындығы анықталған. Мысалы: Айталық шартты рефлекске зерттеу жүргізілу кезінде индиферентті тітіркендіргіш (звонок) күтпеген жерден қатты жұмысқа қосылып, оның күші шамадан тыс жоғарлайды. Осындай тітіркендіргіштің шамадан тыс күшті күшіне сәйкес итгің бас миының нерв клеткаларында өте күшті қозу пайда болады ца, ол біртіндеп төмендеп тежелумен алмасады. Соның нәтижесінде бұрынғы жасақталып қалыптасқан рефлекс нашарлап жойылуға дейін барады. Павлов осы уақыттағы бас миындағы тежелуді шекті тежелу деп атаған. Бұл жағдайда тітіркендіргіштің күші бас ми қыртысы нерв клеткаларының жұмыс істеу қабілеттілігінен асып кетеді де, нерв клеткалар өзінің белгілі бір шегіне жеткенше қозады да одан әрі ол тежелумен алмасады. Шекті тежелудің мардымдылығы бас ми нерв клеткаларының жағдайына, олардың коректенуіне тәжірибенің жүргізу барысына байланысты. Шекті тежелуді И.П.Павлов организмнің қорғану реакциясы ретінде қарастырды яғни тітіркендіргіштің күші нерв клеткаларының жұмыс істеу қабілеті мүмкіндігінен асып кеткенде бас миында тежелу процесі жүріп, нерв клеткаларының бүлінуінен, жарақаттануынан, шаршаудан сақтайды. Шекті тежелуге алдыңғы индукциялық тежелу сияқты оған тәжірибе барысында алдын-ала әзірлік жұмысы жүргізілмейді, тәжірибе жұмысының мақсатында кірістірілмейді.

.

Кешігетін тежелу. Шартты рефлекстің жасакталуына ең қажетті жағдай индифферентті және шартсыз тітіркендіргіш әсерінің белгілі бір уақыт аралығында бір-бірімен ұштастырылады. Осы екі тітіркендіргіштің арасындағы уақьптың ұзактылығына байланысты жасақталатын шартты рефлекс ізінше немесе кешігелн рефлекс болуы мүмкін. Ол кешігетін шартты рефлекс болады сол уақытта, егер екі тітіркендіргіштің арасындағы уақьпты ұзартып кешіктіретін болсақ. Айталық итке звоноктың әсеріне азықтану шартты рефлексі жасақталынады делік. Екі тітіркендіргіштің арасындағы уақыт 3 минут шартты рефлекстің көрсеткіші 30 секундта бөлінетін тамшы 15-17 ге тең. Тәжірибе кезінде индифферентті тітіркендіргіш звонок берілгеннен бастап 1-4 секунд уақыт өткеннен итте сілекей бөліне бастайды. Енді 3 минут уақытты ұзартып шартсьв тітіркендіргішті яғни 4-6 минутқә дейін, онда бірден бөлінуін сілекей тамшысы бірден азайып, тоқтап қалуға дейін барады. Шартсыз тітіркендіргіштің берілу уақьггы өзгеріп, кешіктіріпуінің салдарынан итгің бас миында тежелу процесі жүреді, оны Павлов кешігетін тежелу деп атаған.

.

Сөнетін тежелу. И.П.Павлов шартты рефлекстің жасакталу механизмін зерттей отырып, индифферентті тітіркендіргіштің әсерін жүйелі шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырмаганда қалыптасқан шартты рефлекстің біртіндеп нашарлап, ақыр аяғында толықтай жойылуға  дейін баратынын анықтаған. Оң шартты рефлекс теріс рефлекске айналады. Мәліметке қарағанда метроном соғысының шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырылмағанда шартты рефлекстің нашарлауы біртіндеп жүре отырып, оның ұштастырылуының жетінші қайталануында толыктай жойылады яғни бөлінетін сілекей тамшы 0-ге тең. Бас миындағы метрономның әсеріне жасақталатын қозу аймағы біртіндеп толықтай тежелу жағдайына келеді. Бұл шартты рефлекстің сөнуі немесе жойылуы деп аталады.

.

Шартты тежелу. Айталық итте метрономның әсеріне азықтану шартты рефлексі қалыптасқан делік, оған енді жаңадан тітіркендіргіш звонок қосылып беріледі. Екі тітіркендіргіштің әсері шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырылмайды, бірнеше қайталағаннан кейін, звонок бұрынғы тітіркендіргіш метроном әсерін теріске шығарады. Сонымен оң шартты тітіркендіргіш (метроном), екінші жаңа индифферентті тітіркендіргіш (звонок) шартсыз
тітіркендіргішпен ұштастырылмастан әсер еткенде тежелу процесі жүреді оны Павлов шартты тежелу деп атаған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.