Шаруашылық есептің ұғымы

Главная » Рефераттар » Шаруашылық есептің ұғымы

Қазіргі кезендегі өндіріс екі саладан тұрады, олар бірін бірі толтырады және өзара байланысты: материалды өндіріс. Ол қоғамның дамуының және өмірдің негізі болып табылады. Осы салада түрлі заттай бағалықтар өндіріледі: өнеркәсіпта, құрылыста, ауыл шаруашылығында. Одан басқа, материалдық қызметтер: саудада, көлікте тұрады. Материалды емес өндіріс. Осы сала рухани және басқа бағалықтарды қалыптастыруға міндетті және сейкес қызметтерді көрсетеді (білім беру, денсаулық сақтау). Шаруашылық есептің ұйымдасуы іс жүзіндегі шаруашылық процесстер жөнінде мәліметтерді қажет етумен байланысты. Шаруашылық есептің пайда болуы материалды өндіріспен басқарудың қажетгілігімен белгіленді; Ол басшылықтың функциясының бірі болып табылады: шаруашылық процесстермен басқаруда шаруашылық өмірдің нақты фактілерін анықтап, оларды есептеу жөне өзара салыстыра ала білу керек. Шаруашылық есеп басқару аппаратын ақпаратпен қамтамасыз етуге тиісті. Шаруашылық процесстердің барысы туралы қажетгі ақпарат байқау арқылы жиналады. Шаруашылык есеп — коғамдык және шаруашылық құбылыстардың сан арқылы керсету және сапалы сипаттау. Шаруашылық есеп барлық шаруашылық процесстерді, олардың қорытьшдыларын және өр бір жеке көсіпорында ресурстарды пайдалануды байқау, өлшеу және жүйелі тіркеу арқылы іске асырылады. Шаруашылық қызметгі бақылау және басқару үшін қоғамның дамуының барлық кезендерінде есептің көрсеткіштері пайдаланады. Осы көрсеткіштерді алу үшін, есептелетін құбылыстардың байқауын ұйымдастыру керек. Сонан кейін анықталған құбылыстар өлшенуге тиісті, яғни анықталған мөлшерлер арқылы көрсетіліп, анықталған жүйеде тіркеліп, жинақталуға тиісті. Есепте, шаруашылық қызметті зерттеуге мүмкіндік беретін, экономикалық топтастырулар пайдаланады. Есептің объекттері есептік құжаттарда табиғи, еңбек, ақшалай өлшегіштер арқылы көрсетіледі. Табиғи өлшегіштер жеке заттардың (негізгі күралдардың, материалды бағалықтардың, дайын өнімнің) сан есебі үшін пайдаланады. Оларға мыналарды жатқызуға болады: килограмм, метр, литр және т.б. Табиғи көрсеткіштерді бірдей өлшегіштері бар біркелкі заттар мен жұмыстар бойынша жинақтауға болады. Табиғи өлшегіштер арқылы объекттердің сапалы сипаттамасын да алуға болады. Тәжірибеде табиғи өлшегіштердің пайдалануын шарттық-табиғи өлшегіштердің қолдануы едәуір кеңейтеді, олар мақсаты бойынша біркелкі, бірақ сапалы сипаттамасы бойынша әр түрлі есептік объектерді көрсетү үшін пайдаланады. Еңбек елшегіштер жұмыс уақытын пайдалануды және еңбек шығындарын анықтаудың және бақылаудың әдісі болып табылады. Есептік бірліктерге сағаттар, күндер, адам-сағаттар, адам-күндер жатады (уақыт бірліктерінде (жұмыс күні, сағат) көрсетіледі). Кейбір жағдайларда осы көрсеткіштер табиғи көрсеткіштермен бірге сапалы көрсеткіштерді есептеу үшін пайдаланады (мысалы, еңбек өнімділігінің өсуін немесе төмендеуін анықтағанда, операцияньщ еңбек сиымдылығын есептегенде). Ақшалай (құндық) — өлшегіштер жинақтау бір көрсеткіш ретінде қолданады, олар әр түрлі қаржылар мен бағалықтарды, түрлі сипаттамалы операцияларды есептеуге және оларды ақшалай бағалауда бірыңғай көрсетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық операцияларды объективті бағалау үшін ақшалай өлшегіштер табиғи және еңбек өлшегіштермен бірге қолдана алады (мысалы, ақшалай өлшегіште еңбек ақы төлемінің мөлшері қүн ставкасы және жұмыс істелген күндердің саны арқылы анықталады). Ақшалай өлшегіш кәсіпорынның каржыларьш есептеуге жөне бақылауға, жүмыстардың өзіндік қүнын аньгқтауға, кәсіпорын арасьщцағы есептік операцияларды жүргізуге, жүмысшылардың материаддық ынталандыруын іске асыруға мүмкіндік жасайды. Одан басқа ақшалай өлшегіш мекемелердің несиелік байланыстарьш көрсетү өдісі болып табылады. Қазақстанда ақшалай өлшегіш — теңге. Ақшалай өлшегіш арқылы: шаруашылық субъекттің жүмысьш сипаттайтьш көрсеткіштерді есептейді; кәсіпорынньщ қызметін, оның ішінде жеке бөлімшелердің қаржылық-шаруашыльис, қызметін бақылайды; есептің әр түрлі объекттері туралы жинақтау көрсетқіштерін анықтайды. Түрлі өлшегіштерді жеке немесе түрлі үйлесімдерде пайдалану жеке шаруашылық операцияларды және олардың қорытындыларын толық және дұрыс көрсетүге және бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.