Шаруашылық есептің жүйесі

Home » Рефераттар » Шаруашылық есептің жүйесі
Рефераттар Комментариев нет

Мәліметтердің сипаттамасына , оларды алу әдістеріне, топтастыру тәсілдеріне қарай шаруашылық есеп статистикалық, оперативтік және бухгалтерлік есепке бөлінеді (шаруашылық есептің үш өзара байланысты түрі).

1. Оперативтік есеп кәсіпорында қандай болса да жүйені қолданусыз, шаруашылық операцияларды оперативті (тез) көрсету үшін қолданады және ақпаратты орындаушыға жеткізү үшін пайдаланады. Оперативтік есеп жеке операцияларға ағымдағы байқау және бақылау жүргізү және оларды іске асыру барысында басқару жүйесі. Оперативтік есептің мәліметтерін көбінесе құжаттамайды, ауызша жеткізеді. Есептің осы түрі шаруашылық операцияларды іске асыру орындарында (кассада, қоймада ж/е т.б.) жүргізіледі. Сондықтан, оперативтік есептің айырмашылықтары болып есептік мәліметтерді қысқаша және жылдам алу табылады. Оперативтік ақпарат мекеменің қызметін ағындағы басқару үшін пайдаланады (мысалы, шарттардың орындалуының есебінде, тауар айналымының жоспарын құрастырғанда).

2. Статистикалык есеп көпшілік қоғамдық құбылыстардың және процесстердің өзара байланыстарын және заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Статистика арқылы кәсіпорындарда, ұйымдарда болып жатқан түрлі көпшілік құбылыстарға байқау жүргізіледі; ол — көпшілік, сапалы біркелкі әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды зерттеу, жинау және тіркеу жүйесі болып табылады. Статистика арқылы кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық қызметінің сан және сапалы көрсеткіштерін анықтайды — еңбек өнімділігін еңбек ақы және т.б., іс жүзінде пайда болатын процесстердің жөне құбылыстардың дамуы зерттеліп, талданады. Статистикалық есеп оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін қолданады. Статистикалық есепте түрлі статистикалық әдістер қолданады: динамика қатарлары, орта мөлшерлер; экономикалық индекстер, топтастырулар. Есептің осы түрі мемлекеттік және аймақтық деңгейлерде басқарулық шешімдерді қабылдау үшін өкімет ұйымдарын акпаратпен қамтамасыз етеді (мысалы, жұмысшылардың саны, табыстар, еңбек ақы туралы).

3. Бухгалтерлік есептің статистикамен салыстырғанда объекттері кеңейтілген. Есептің осы түрінің мәліметтері анық болып табылады. Есептік кезеңнің барысында регистрлерде кәсіпорынның өндірістік және қаржылы; қызметі, ақшаның бар болуы және қозғалысы, қайнар көздердің қозғалысы және ағымдағы шаруашылық операциялар жүйелі және хронологиялы жазылады. Бухгалтерлік есепте есеп беруді қүрастырған кезде ақшалай өлшегіштер ғана қолданылады, бұл кәсіпорынньщ барлық бағалықтарын және шаруашылық операцияларын бірыңғай салыстырмалы ақшалай бағалауда көрсетуге мүмкіндік береді. Бухгалтерлік есеп — бұл барлық шаруашылық операцияларды бірыңғай үздіксіз және құжаттау есебі арқылы кәсіпорындардың мүлігі, міндеттемелері және олардың қозғалысы туралы ақшалай өлшегіште ақпаратты жинау, тіркеу және қорытындылаудың бір тәртіппен жүйелеу.

Бухгалтерлік есеп іс жүзіңде болған шаруашылық операциялар жазылған алғашқы есептік құжаттар негізінде барлық есептік ақпараттың үздіксіз, бірынғай және жүйелі тіркеү аркылы жүргізіледі. Сондықтан бухгалтерлік есеп құжаттық және дәлелдемелік болып табылады, себебі оңың әр бір жеке жазуы сәйкес құжатпен дәлелденеді. Бухгалтерлік есептің растығы және объективті болуы қаржылардың, есеп айырысулардың және баланыстың басқа баптарының кезеңдік түгендеу жүргізу арқылы дәлелденеді. Түгендеудің қорытындылары есептің мәліметтерінің кәсіпорынның қаржыларының іс жүзіндегі жағдайымен және олардың сақталуымен тығыз байланысының бар болуын дәлелдейді. Бухгалтерлік есепте экономикалық ақпаратты өңдеудің ерекше әдістері мен тәсілдері қолданады: бухгалтерлік есептің шоттары, шаруашылық операциялардың екі жақты жазуы, бухгалтерлік баланс. Бухгалтерлік есептің айырмашылық ерекшеліктері: есеп қүжатты және дәлелдемелі болып табылады; үздіксіз (күн сайын) және жүйелі барлық есептік ақпарат тіркеледі; құндық есеп болып табылады (қаржылармен операциялар міндетті түрде құндық көріністе көрсетіледі); есептік мәліметтерді өндеудің мынадай әдістері қолданады: бухгалтерлік шоттар және баланс, екі жақты жазу және түгендеу және т.б.). Сондықтан, бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның жұмысы туралы мәліметтерді алу үшін және оның қызметіне бақылау жүргізу мақсатымен арнайы қүжаттар арқылы анықталған тәртіппен және үздіксіз көрсетілетін қаржылық — шаруашылық қызметке байқау және жинақтау жүйесі.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.