Шешендік өнер туралы түсінік

Главная » Рефераттар » Шешендік өнер туралы түсінік

Сөйлеп түрған адам өзіне айналасындағылардың назарын аударды. Өмір тәжірибесі көрсеткендей, қатынастың сәтті, не сәтсіз болуы адамның көбінесе қалай сөйлегеніне байланысты. Сөйлеп тұрып шешен өз көзқарасын жақтайды, көтерген мәселелерінің дұрыстығын дәлелдейді, осылар арқылы тыңдаушыларға өсер етіп, олардың бұдан былайғы іс-әрекеттеріне ықпал етеді. «Бір кездерде, әдебиет тек қана ауызша болды, — деп жазды И. Андроников «Жазылған сөз бен айтылған сөз» атты мақаласында, — Содан соң баспа станогін ойлап шығарды да, міне бес жүз жылдай уақыттың ішінде адам баласы өз сөзін ңағаз арқылы беріп келеді. Ұлы әдебиет, ұлы публицистика пайда болды. Небір тамаша ғылыми еңбектер жарық көрді, бірақ оның барлығы да ауызша сөздің, ауызша тілдің қасиеттерін бере алмады. Ал адамдар барлық уақыттарда шешендерді, лекторларды, өңгімешіл адамдарды жоғары бағалап келді. Ұлы жазбаша жанрлар пайда болды, біраң ауызша тірі тіл өз маңызын осы уақытқа дейін жойған жоқ». Ауызша тіл сөздік қатынастың аса күрделі түрі болып саналады. Адам баласының өмірінде аса маңызды рөл атқарған ең алғашңы ғылымдардың бірі — риторика (грек сөзі zhetorike) осы ауызша тілге негізделген. Риторика ұғымы қазаңша шешендік өнері, шешендік деген үғымдарга сөйкес келеді.
Ескі гректер риториканы «сендіру өнері» деп есептеген. Рим өркениетінің кезінде риторика деп «жақсы, шешен сөйлеу өнерін» айтқан. Ортағасырда және қайта өрлеу дәуірінің басында риторика «сөзді әсемдеу өнері» деген атқа ие болған. Жалпы алғанда риторика ықпал жасау өнері. Жұртқа ықпал жасай отырып, шешен оларға қажетті ой, сезім, шешім тауып, олардың сана-сезіміне, жүрегіне, еркіне әсер еткісі келеді.

Грек сөзі риторикаға латын сөзі — ораторлық өнер, орысша красноречие (әсемсөз, көсемсөз), қазақша -шешендік өнер ұғымдары сәйкес келеді.
Сөздік ңатынастардың қазіргі заманғы теориясында шешендік өнер: Көркем, әдемі сөйлеу және шешендік өнердің негізін баяндайтын оқу пэні деп тусініледі. Әрбір әсер, ықпал да іс-әрекет болғандықтан, шешендік өнер де (риторика) әрине, іс-өрекет, қимыл. Шешендік өнерді тек шартты түрде ғана өнер деп атайды, шындап келгенде ол — адамның іс-әрекетінің бір түрі, оны меңгеруге әр адамның шамасы келеді. Әрбір сауатты адам ерінбей, қажымай-талмай еңбектенсе шешендік өнердің негіздерін меңгере алады. Олар — өңгімені түсінікті, ңызыңты жөне сенімді етіп айта білу.
Орыс тілінде оратор деген сөз XVIII ғасырда пайда болды. Ол латынның огаге — «сөйлеу» деген сөзінен шыңқан.
Қазақ тілінде шешен деген сөз көнеден белгілі, шешендік өнер қазақ халқының сонау атам заманғы өмірінен бері қарай оның ажырамас бір бөлігі есебінде өмір сүріп келеді. Сонымен, қорыта айтқанда, шешен деген сөз көп мағыналы. Біз бұл еңбегімізде оны тек «көпшілік алдында сөз сөйлеуші адам» мағынасында қарастырамыз. Шешен деген сөздің сапалық сипаты жоң, сондықтан д а түрлі анықтауыш сездерді қосып айтқанды керек етеді. Жақсы шешен, тамаша шешен, атақты шешен, әйгілі шешен, жалынды шешен, отауыз, орақ тілді шешен. Әрине, әрбір көпшілік алдына шығып сөйлеуші кісі жақсы шешен болуға, сөзі тыңдаушыларға белгілі бір дәрежеде әсер ететіндей болуға тырысуы керек.

Шешендік өнердің тарихы. с. Біраң ол өзінің даму деңгейіне шын мәнісінде антикалық дәуірде жетті. Ежелгі Грекияда б.з.д. ІV-V ғасырларда пайда болып, ІІ-ІІІ ғасырларда жүйелі қалыптасты. Б.з.д. V ғасырда Ежелгі Грекиядағы Афины мемлекеті дүние жүзіндегі ең дамыған, әрі бай құл иеленушілік демократиялық мемлекетке айналды. Мұнда әсіресе үш негізгі мекеме: халың кеңесі, бесжүздің кеңесі және сот болды. Мемлекеттік істерді талқылауға кәмелетке жеткен жеке басы еркін афины азаматтары қатыса алатынды. Соттарда ресми айыптаушылар мен қорғаушылар да болған. Әрбір азамат (құл емес) сотта қажет болған жағдайда әрі айыптаушы, әрі қорғаушы (өзін-өзі) ретінде сөйлей алатын болды. Сондыңтанда бүл елді халың жиналыстарында, соттарда сөйлей алу, өз пікірін дәлелдеп қорғау және қарсыласының дәлелдерін, айыптау сөздерін теріске шығара алу біліктілігі өте жоғары бағаланды. Қорыта айтңанда, шешендік өнерді меңгеру афинылықтар үшін қажеттілікке айналды.

.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.