Шешеннің сөйлеу мәнері

Главная » Рефераттар » Шешеннің сөйлеу мәнері

Әрбір шешеннің өзіне тән, ерекше сөйлеу мәнері болады. Шешеннің сөйлеу кезіндегі мінез-құлқы дегеніміз — ол тыңдаушылар алдында не естісе соның
бәрі, ол тыңдаушылар көзқарасынша, шешен сөйлеген кезде көргендері, естігендері, сезінгендері. Сөйлеу мөнері әр түрлі элементтерді біріктіреді, олардың сипаты сейлеушінің жеке ерекшеліктеріне байланысты. Бірақ барлың жағдайларда да сөйлеу стиліне кіретін барлық құрылымдардың тыңдаушыларға жағымды әсер еткені абзал.

1. Сыртқы пішіні Шешен сахнаға шыға келгеннен бастап-ақ, тыңдаушылар оны сынап үлгереді, бір-бірімен пікір алысып, ескертпелерін жасап жатады. Сөйлеушінің киімі сөз сөйлейтін жағдайға сай таза, әрі жинақы болуы керек. А.Ф.Кони лекторларға былай деп кеңес берген. «Қарапайым, бірақ өдемі киіну керек. Кір, күтілмеген костюм жүртңа жагымсыз әсер етеді. Мүны есте мықтап үстау қажет. Себебі жиналғандарға психологиялық әсер сөз бастағанға дейін, лектордың жүрт алдында шыққан кезінен басталады». Шешеннің киімі жеңіл, денесіне еркін киілетін, қол, иық, аяқ қимылдарына бөгет жасалмайтындай болуы керек. Ер кісілер жақсылап сақал-мұртын қырып, тарануы керек. Қалталарында қампайып тұратын артық зат болмағаны абзал. Әйелдерге аса жарқырап тұатын алқа, сырға, білезік тақпауға кеңес беріледі. Жүрттан бөлек, аса қымбат, жылтырауық киімдер мен әшекейлер тың-даушылардың назарын сөз бен оның мазмүнынан басқа жаңқа аударып жібереді. Шешеннің шашы тараулы, қолы таза, тырнағы алынған, аяқ киімі сүртілген болуы керек. «Киіміне ңарап қарсы алып, ақылына ңарап шығарып салады» деген халық нақылын үмытпаған жөн.

2. Сөйлеу кезіндегі мінез-құлқы
Шешеннің сыртқы түрінен гөрі сахнадағы мінез-қүлқы, өзін-өзі ұстауы көп мәселеге өсер етеді. Аудитория шешеннің сөз сөйлеу кезіндегі өзін-өзі ұстауын, жүріс-тұрысын мүқият қадағалап отырады. Ал ол мүны-мен санасуы керек. Егер ол өзін жасқаншақ, немқұрайлы ұстаса, «Мен сіздердің уақыттарыңызды алдым, сол үшін ұялып тұрмын» дегендей сыңай танытса, аудитория түңілуі мүмкін. Шешен тыңдаушылармен екі арада жылы шырайлы, әрі іскерлік қатынас орнатуы керек. Ол кішіпейіл, сыпайы, сонымен бірге өз сенімімен рухтанған болуы қажет. Жақсы шешендік мәнердің белгілері — еркіндік, өзіне-өзі сенімділік, жігерлену және жылышырайлылық.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.