Шет елдегi сақтандыру

Главная » Рефераттар » Шет елдегi сақтандыру

Қазіргі  әлемде капиталды орталықтандыру және концентрациялау процесi сақтандыру iсiнде де жүрiп жатыр. Экономиканың басқа саласында iс жүргiзетiн, iрi корпорациялармен байланысы бар күштi сақтандыру  монополиялары құрылуда. Олар әлемдiк сақтандыру нарығына бақылау жасап, ондағы сақтандыру сыйлықтарын басқарады. Әсiресе дамыған елдерде осындай акционерлiк сақтандыру қоғамдарың саны көп. Акционерлiк сақтандырудың үлесi сақтандыру операцияларында әртүрлi:әсiресе µлыбритания, Германия, Франция да көп, ал АІШ-та аз, себебi онда iрi акционерлiк сақтандыру компаниялары өзара сақтандыру қоғамы болып қайта құрылған.

Интернационализм процессi Европалық сақтандыру нарығында орын алған.

Сақтандыру нарығында позицияларды жақындастыру, алғашқы кезекте, мүлiктiк сақтандыруда iрi қауiптi жабуға жұмсалады. Шет елдiк клиенттермен сақтандыру келiсiм шартына отыру жағдайлары жақсаруда.

.

Бiрақ сақтандыру нарығын дамытуға жеке кедергiлер де кездеседi. Европалық Экономикалық Қоғамдастық құрылғанға дейiн ақпаратпен алмасу және Европалық Экономикалық Қоғамдастықты ұйымдастыруда қатысушы елдердi таныстыру және дамытуда Европалық Сақтандыру Комитетi құрылды. Алғашында Европалық Сақтандыру Комитетiне 18 елдiң сақтандыру компанияның ұлттық ассоциациясы, сонымен бiрге бақылаушы ретiнде Югославия сақтандыру қоғам ассоциациясы кiрдi. Осы уақыттан бастап үлкен өзгерiстер болды. Бiрiншi жоспарға Европалық Іоғамдастық елдер қызметi шығарылды. Европалық Сақтандыру Комитетi 11жаңа елдер ендi 1993 жылы – Исландия, Кипр және Мальта, кейiн Польша, Венгрия, Чехия және Словакия ассоциациялық мүше ретiнде ендi, ал 1996 жылдан — Словения, Эстония, Литва және Латвия ендi. Қазіргі  таңда Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 29 мүшесi бар.

Европалық Сақтандыру Комитетiнiң 18 салалық комитеттерi бар. Олар әртүрлi сақтандыру түрлерiн өзара кураторлыққа бөлген және жылсайын 200-ге жуық жиналыс өткiзедi. Европалық Сақтандыру Комитетi сақтандыру бойынша кеңестiк қызмет көрсетедi. Жыл сайын отызға жуық, Европалық Сақтандыру проблемасы талқыланатын жиналыстар ұлттық ассоциация iшiнде өткiзiлетiн берiлген тақырыптарға дискуссияның катализаторы болады. Сонымен қатар сақтандырудың техникалық және құқықтық жақтары да қараусыз қалмайды.

Европалық Сақтандыру Комитетi жыл сайын өз қызметi бойынша есеп берiп, Европадағы сақтандыру жетiстiктерiн сипаттайды.  Атап өтетiн жағдай, Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiккен Европалық нарықтан тыс жерлердi де қамтиды. Европалық қоғамдастық ұйымы негiзгi партнер бола тұра, басқа да европалық емес ұйымдар – ОЭСР, Европа кеңесi, ГАТС, халықаралық сауда палатасымен қарым-қатынас жасайды.

Жалпы Европалық сақтандыру ұйғарады:

  • 15 елдi қамтитын Европалық қоғамдастықтың кең жалпы нарығын құрұды аяқтау
  • компания және филиалдарды еркiн құру
  • стандартты заңды құқықтар комплексiн енгiзу

Жалпы нарық қаржылық облыста үш фундаментальды еркiндiкке негiзделген:

  1. Құру еркiндiгi: Бұл еркiндiк кезкелген компанияға басшы конторы мемлекеттiк-қатысушы бола тұра,кез-келген аймақта филиал ашуға құқық бередi.
  2. Іызмет көрсету еркiндiгi: Бұл компанияға басқа аймақта уақытша қызмет көрсетуге құқық бередi.
  3. Капитал қозғалысы еркiндiгi: Іоғамдастық азаматтарына Европалық Сақтандыру аймағында қаржылық келiсiм-шарт жасауға мүмкiндiк бередi.

 

Қазіргі  уақытта Европалық қызмет нарығы төменгi келiсiмдерге тек маңызды деп есептеген уақытта негiзделедi. Бұл тек кәсiпорындар ғана емес, ұлттық заңдылықтарда өзара бәсекелес екенiн бiлдiредi.

.

 

Іызметке қатысты, төменгi келiсiм және өзара мойындау бақылауды елдiң басшыларына беру керек екенiн мойындайды, ол жаңа өнiмнiң енгiзiлуiне және оның диверсификациясына әкеледi, сәйкесiнше тұтынушының қорғалуына кепiлдiк бередi.

Бiрiңғай сақтандыру нарығын құру үш этапта жүргiзiлiп, жиырма жылға созылды.

Бiрiншi этапта құрудың еркiндiк принципi бекiтiлдi, ұқсас жағдайларда басқа мемлекет аумағында сақтандыру компаниясының филиалын ашу деген мағынаны бiлдiредi.

Европалық одақ мемлекеттiк-қатысушылары компанияны құру келiсiмi бiрнеше жылға созылды.

Бiрiңғай сақтандыру нарығы бес принципке негiзделедi:

  • Бiр лицензиялы принцип кез-келген компанияға алғашқы рұқсат негiзiнде Европа аумағына қызмет көрсетуге рұқсат бередi.
  • өз елiнде берiлген рұқсат, европа мемлекеттерiнiң кез-келген аумағында компанияға қызмет көрсетуге рұқсат бередi
  • әртүрлi бақылау органдары қолданатын рұқсат және бақылау жүйесiн өзара мойындау
  • бұрынғы келiсiм және бағалау жағдайын толық ауыстыру және сақтандыру компаниясының төлем төлеу қабiлетiне ауыстыру
  • капиталдың еркiн қозғалысы принципiн iске асыру үшiн ережелердi либерилизациялау

Осы уақытқа дейiн Европалық Сақтандыру Комитетiнiң қызметi Бiрiңғай сақтандыру нарығын құруға бағытталған едi.

Шекараның ашылғанына және сақтандыру қызметiнiң либерализациясына қарамастан, тұтынушылар, Европалық нарықтың қызметiне қанағаттанбайды. Оның негiзгi себебi, алдын-ала берiлген ақпараттардың дұрыс еместiгi.

Европалық Сақтандыру Комитетi, сақтандыру компаниялары қоршаған ортаға көңiл бөлу керек деп ойлайды.

Европалық Комиссия қазiргi уақытта экономикалық жағдайдағы төлем төлеу шегiнiң мүмкiндiктерiн қарастыруда.

Сақтандырудың әр түрлi салалары, өз ерекшелiктерi бола тұра,қазiргi жағдайда жалпы проблема-мемлекеттiк және жеке сақтандыру шекарасын iздеумен кездесуде. Шағымдардың шиеленiсуi, қоршаған ортаны қорғау сұрақтары және азаматтық құқықты сақтандыру бойынша шығынды жабу, мемлекеттiк бағдарламаның өзгеруi-осының барлығы сақтандыру, сақтандырушы, өкiмет арасындағы алшақтық, сәйкесiнше, тәуекел бағасының өсуiне әкеледi. Осылайша, европалық сақтандыру компаниясы маңызды проблемалармен соқтығысуда,ол бизнеске көлеңке түсiруде.

Кооперация Бағдарламасын жасау аяқталуда, ноу-хауға қолдау көрсеткен тиiмдi, ол жаңа қызмет түрі есебiнен кеңейтiледi. Кейбiр түрлерi өмiрде қолданыла бастады:

  • Балтия елдерiмен кооперация
  • Беларусияда TACIS сақтандыру орталығын құру жобасын енгiзу.

Европалық экономикалық қоғамдастық сияқты Азия континентiнде Экономикалық қоғамдастық ұйымы бар. Оған Иран Ислам республикасы, Пакистан Ислам Республикасы және Турция Республикасы кiредi. 1992 жылы  Бұл қоғамдастыққа Орта Азия және Қазақстан елдерi де кiрдi. Осы қоғамдық шекарасында Туркия, Пакистан, Иран сақтандыру ұйымдары қайта сақтандыру компанияларын құрып бiрiктi. Осыған байланысты Бұл елдердiң өкiлдерiнiң ойынша, барлық сақтандыру нарықтары қайта бiрiгуi тиiс. Осыны талқылау мақсатында Азербайжан, Ауғаныстан, Қазақстан ,Өзбекстан және Тұркмения елдерiнiң қатысуымен жиналыс өттi.

Бұл елдерде сақтандыру экономиканың дамуымен қатар жүрдi.

Қайта сақтандыру компаниялары бұрынғы қорға қарағанда мынадай артықшылығы бар:

  • Белгiлi капиталмен қолдау көрсетiлетiн және Экономикалық қоғамдастық ұйымының компаниясы қайта сақтандыру резервтерiн ұзақ мерзiмге аккумуляция жасау қайта сақтандыру көлемiн ұлғайтады.
  • Аймақ төңiрегiнде және тыс жерлерде қайта сақтандыру компанияларын дамытудың үлкен мүмкiндiкткрi бар.
  • қайта сақтандыру компаниясы барлық сақтандыру бизнесiнiң класстарында жұмыс жасай алады. Сонымен қатар авиацияны сақтандыру, адам өмiрiн сақтандыру саласында да жұмыс жасайды.
  • Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру аймақтың экономикалық дамуының инвестициялық қорын құра алады. Бұндай инвестициядан алынатын кiрiс үнемi өсiп, резервтi қаржыландыруға мүмкiндiк бередi.
  • Қайта сақтандыру компаниясы өте дамыған болуы мүмкiн.

Іойылған мiндеттердi ескере отырып, Экономикалық қоғамдастық ұйымы қайта сақтандыру компанияларының негiзгi қызметiн атап өтсек :

  • Экономикалық қоғамдастық ұйымының аумағы және тыс төңiректе барлық сақтандыру түрі бойынша қайта сақтандыру операцияларын жургiзу
  • Қайта сақтандыру компанияларын өз нарығын көбейту мақсатында көбейту
  • Сақтандыру операцияларын жүргiзуде қатысушы-компанияларға өз қызметiн жүргiзуде жағдай жасау
  • Экономикалық қоғамдастық ұйымының төңiрегiнен валютаның ағымын төменгi деңгейге тусiру
  • ұлттық және қайта сақтандыру ұйымдарының iскерлiк қарым-қатынаса әсер ету
  • Іордан Экономикалық қоғамдастық ұйым елдерiнiң экономикалық дамуына әсер ететiндей инвестиция жасау.

       Қазіргі  уақытта сақтандырудың дамуына келесi факторлар әсер етедi: сақтандыру нарығын интернационализациялау, сақтандыру және несие нарығының өсуi, сақтандыру қызметтерiнiң жаңа түрлерiнiң пайда болуы, капиталдың концентрациялануы.

Соңғы жылдары әлемдiк экономика өсу стадиясында болды.

Сақтандыру бизнесiнде маңызды орынды Француз нарығы алады. Ол шет елде өз операцияларының 14тен 20 процентке дейiнгi мөлшерiн жүргiзедi. Франция теңiздiк сақтандыруда үшiншi орын алады және әлемдiк авиациялық тәукелдiң 20 процентiн құрайды.

Францияда қайта сақтандыру әлсiз орындардың бiрi едi, соңғы уақытта операциялар көлемi өсуде.

Жалпы әлемдiк сақтандыру сыйақысы нарығы бойынша Франция әлемде бесiншi орын алады. Тiкелей операциялар бойынша iшкi нарықтың сыйақысын жинаудың 77 процентiн құрайды.

Сақтандыруды интернационализациялау процессiнiң өсуiне байланысты проблемаларда өсуде. Швеция, Швецария, Австрия, Финляндия интеграция процессiне қосылу мүмкiндiгiн жiбергiсi келмейдi.

Швецияның сақтандыру нарығы қызығушылық туғызуда. Швецияда адамға келтiрiлген кез-келген шығын толық төленедi. Шығынды толтырумен сақтандырушыдан бөлек конпенсация қызметi айналысады. Шығынды толтыру заңы барлығына қатысты. Шығынды толтырумен қатар мiндеттеменi сақтандыруда кең көлемде қолдануда. Шығын көлемi жәбiрленушiнiң кiнәсiнiң деңгейiн ескере отырып анықталады.

Мiндеттемелер заңына сәйкес, егер шығын адамдарға әуе транспортында келтiрiлсе, жауапкершiлiк әуе көлiгi иесiне жүктеледi.

Швед мемлекетiнiң транспорт заңына сәйкес автоинспекцияда тiркеуден өткен кез-келген транспорт құралы мiндеттi тұрде сақтандырылады, егер сақтандырылмаса 1 мың крон айып пул төлейдi.

Мынандай транспорт құралдары сақтандырылмайды:

  • алынған, пайдалану құқығымен де,
  • жеткiзуге пайдаланылған
  • жазбаша келiсiм шарт негiзiнде әскери мақсатта журген транспорт құралдары.

Швецияда швед сақтандыруынан өтпесе де, егер ол 1959 жылы 20 сәуiрiнен Европалық конвенцияға тiркелсе, швед сақтандыруынсыз тасымалдауына рұқсат берiлген.

Қазақстан сақтандыру компаниялары Жапонияның сақтандыру нарығымен бизнесiне қызығушылық туғызуда.

19 ғасыр ортасында сақтандыру нарығы Жапония аралдарына да келiп жеттi.

Жапонияның сақтандыру бизнесiнiң негiзiн осындағы шетелдiк кемелер салды. Алғаш рет жағалауды µлыбритандықтар игере бастады. Иокогома портында 240 сақтандыру компаниясы бар едi. Отандық сақтандырушылар 1879 жылдан бастап пайда болды. Алғаш рет ”Токио Марина” сақтандыру компаниясы құрылды, қазiргi таңда елдегi ең iрi компания болып есептелiнедi. Сегiз жылдан кейiн “Ясуда” сақтандыру компаниясы пайда болды. Ол өмiрлiк емес сақтандыру бойынша екiншi орынға көтерiлдi.

1900 Жапонияда сақтандыру жайлы заң қабылданды. Жүз жыл өтсе де Бұл заңға өзгерту екi ақ рет жүргiзiлдi.

1940  жылы сақтандыру компаниясы 48 едi, ол бес жылдан кейiн олар 16 болды, оған дүние жүзiлiк соғыс кiнәлi. Іысқа уақытта экономикалық көрсеткiштерi жағынан әлемде бiрiншi және екiншi орынға көтерiлдi. Сәйкесiнше, сақтандыру да дамыды. 1955 жылы автокөлiктi мiндеттi сақтандыру жайлы заң қабылданды. 1973 жылы теңiздiк сақтандыруды активизациялау енгiзiлдi.

Қазіргі  уақытта Жапонияда өмiрлiк емес сақтандыру бойынша 56 сақтандыру компаниясы бар. 1955 жылмен салыстырғанда сақтандыру төлемдерi 124 есе өстi, жыл сайынғы өсу 13 проценттi құрайды.

Сақтандыру компаниясының қызметiн Жапон қаржы министрлiгi бақылайды. Оның қарамағынан сақтандыру компаниясы ассоциациясы құрылды:

  • өрттен, бақытсыз жағдайлардан өмiрлiк емес сақтандыру
  • автомобильдi сақтандыру

Жапония компаниясы экономикалық тұрақты болғанына қарамастан, шығындарды азайтып, кiрiстi көбейтуге көңiл бөлiп отыр. Жапонияда жүктi сақтандыру орын алған.

.

1997 жылы қыркүйектен “дискриминациялық автокөлiк сақтандырылуы” рұқсат етiлдi, ол сақтандыру төлемдерiн анықтау жұмсақ жүйемен жүргiзiлуге мүмкiндiк бередi. Сақтандыру сыйақыларын ставкасын либерализациялау 1996 жылдан басталып сақтандыру брокерлерiн активизациясын қамтамасыз етуге мүмкiндiк бердi.

Жоғарыда айтылғандардан мынандай қорытынды жасауға болады, шетелдегi сақтандыру ұлттық экономикада маңызды сектор, iшкi жалпы өнiмнiң 8-12 процентiн қайта бөлудi қамтамасыз етедi.

Ақша құралдарын сақтандыру арқылы аккумулизациялау iрi инвестиция көзi болып есептелiнедi. Сақтандыру компанияларының қаржы ағымы көбiнесе мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет етуге бағытталған. Шетелде сақтандыру қызметiн мемлекеттiк реттеу негiзiнен сақтандыру компанияларының жұмысының қаржылық жақтарын бақылауға бағытталған.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.