Шет тілдерін кредиттік технология бойынша оқыту

Главная » Рефераттар » Шет тілдерін кредиттік технология бойынша оқыту

Мақалада білім беру жүйесінде шет тілін кредиттік технология бойынша оқыту факторлары қарастырылған. Егеменді Қазақстанның əлеуметтік-экономикалық жетістіктері, халықаралық қарым-қатынасының кеңеюі экономиканың қай саласында болсын жұмыс пен қызметті ұйымдастыруды əлемдік талаптармен үйлестіруді қажет етеді. Елімізде жұмыс істейтін көптеген шетелдік жəне отандық компаниялар экономикалық, сауда жəне мəдени қатынастарының ұлғаюы салдарынан шетел тілін еркін меңгеріп, əлемдік стандарттарға сай қызмет көрсете алатын мамандарды қарастырады. Бұл кең етек алып келе жатқан еңбек нарығындағы құбылыстың бір көрінісі. Бұл үздіксіз процесс, оны тоқтату мүмкін емес. Сондықтан білім саласын қоғамның осы ерекшеліктеріне қарай бейімдеу қажет.

Бəсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін ең алдымен еліміздегі білім беру саласына көңіл бөлуіміз керек. Елбасымыздың жолдауында білім саласын əлемдік стандартқа сай дамыту жайы ерекше аталып көрсетілген. Мемлекетімізде бұл мəселе «Қазақстанның 2030 жылдарға дейінгі дамуының президенттік стратегиясында» жəне «Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік білім беруді дамыту бағдарламасында» ерекше айтылып көрсетілген. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – білім беру жүйесінің барлық деңгейінде қоғамның жаңа талаптарына сəйкес келетін білімді, кəсіби біліктілігі жоғары жастарды тəрбиелеуге қол жеткізетін сапалы, бəсекеге қабілетті білім ордаларын қалыптастыру. Осы мақсатқа қол жеткізудің бір жолы əлемнің алдыңғы елдерінде қалыптасқан білім берудің мол тəжірибесін зерттеу арқылы ұтымды жақтарын алу болды. Сол ұтымды жақтардың бірі — оқытудың кредиттік жүйеге көшуі.

ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары Қазақстанда білім берудің кредиттік жүйесі қалыптаса бастады. Мемлекетіміздің даму барысындағы жаңа талаптары, халықаралық қатынастар мен байланыстардың дамуы, əр түрлі саладағы адамның қызметіне байланысты жоғары білімді мамандарды дайындап шығару алдыңғы мақсаттардың бірі болып табылады. Осыған орай техниканың қарыштап дамуына байланысты көптеген жоғары оқу орындары, оның ішінде ҚазБСҚА да, оқу процесінде технологиялық ақпараттардың барлық мүмкіншіліктерін пайдаланып отыр. Қоршаған ортаны тану барысында компьютерлік технологияны жəне оқытудың жаңа тəсілдерін пайдалану өз септігін тигізеді. Қазақстан Республикасының білім беру саясаты жастарға заман талаптары деңгейінде білім беруді қамтамасыз етуге бағытталған. Осы ізгілікті мемлекеттік саясаттың бір айқын көрінісі — елбасы Н. Ə. Назарбаевтың 2005 жылғы Жолдауында білім беруді əлемдік стандарттар деңгейіне көтеру, жастардың рухани дамуын қамтамасыз ету міндеттері қойылған. Қазақстандық қоғамның дамуының жаңа саяси- экономикалық шарттары, экономиканың ғылымдану үдерісіне енуі, өмірдің сан саласындағы интеграциялануы жас ұрпақтын мəдениаралық іскерлік жəне қарым- қатынас құралы ретінде шетел тілдерін де меңгеруін қажет етуде. Елбасы Н. Ə. Назарбаев осы орайда да еліміздің мектептерінде үш тілді-қазақ тілін, орыс тілін, шетел тілін шəкірттерге меңгертуге күш салуды əр кезде ескеріп отыруы да осындай қажеттіліктерден туындаған деп түсінген дұрыс. Оның өзі əлемдік білім кеңістігіндегі көптілдік үрдістерімен үндеседі. Мəселен, Еуропалық Кеңес Еуропа азаматтарына ана тілінен басқа екі шетел тілін жетік меңгеруді ұсынады.

Біз өмір сүріп отырған ортада еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін шет тілін үйренуге көп көңіл бөлуде. Əсіресе, балалар өз тілінен басқа шет тілін білуге, болашақта шет тілі маманы болуға, шет елдерге саяхат жасауға құмар. Бұл көптеген тіл үйренушілердің арманы. Шет тілін оқып үйрену – ден қойып, шын ықыласымен еңбектенгендерге қиын емес. Əрине, ол тіл үйренушілердің қабілеті мен дарынына да байланысты болады. [1;36] Кредиттік жүйе — білім алудың жаңаша бір əдісі. Мақсаты — студенттің білім сапасының жоғары болуы. Бұл – студенттің өз мамандығын толық игеруіне мүмкіндік беретін батыстық демократиялық жүйе. Əсілі, еліміздегі оқу орындары осынау батыстық технология, яғни кредиттік жүйемен білім беру ісіне көшкеніне де біраз жыл болды.

Жалпы білім беру жүйесінде кредиттік технология бойынша негізінен алға қойылатын мақсат — студенттер мен оқушыларды белгілі бір мамандықта оқытып шығарудың тиімді жақтарын қарастыру. Кредиттік технология жүйесінің тиімділігі — белгілі бір пəнді оқытудағы жұмыс бағдарламасының, активті үлестірмелі материалдардың, студенттердің (оқушылардың) өз бетінше орындайтын жұмыстарының, оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстардың (СРСП) тапсырмаларының тиянақтылығымен, мазмұнымен, көлемімен ерекшеленеді. Білім берудің кредиттік жүйесіндегі шет тілі сабағындағы өтілетін тақырыптар оқушыларды сөйлету мақсатында құрылады. Өтілетін сабақтардың мазмұны ауызекі сөйлеуге арналған лексикалық тақырыптардан тұрады. Сағаттың 60 пайыздан астамы оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына арналғандықтан, аудиториялы сабақта оқушыларға таратылып берілетін активті үлестірмелі материалдарда лексикалық тақырып бойынша мəтіннің мазмұны, мəтін бойынша тапсырмалар беріледі. Əрбір өтілетін жаңа тақырып бойынша төрт тілдік элемент (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) қамтылады. Оқушылардың орындайтын жұмыстары оқушылардың шет тілін білу деңгейіне байланысты болады. Оқушыларға арналған оқу бағдарламасында деңгейлік тақырыптардың мазмұны көрсетіледі. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын байыту, кез келген тақырып бойынша өз ойын толық жеткізе білуге үйрету. Ал оқытушының жетекшілігімен орындалатын өздік жұмыстың (СРСП) мақсаты – оқушыларды өз бетінше ізденуге, берілген тапсырмаларды мұқият орындауға, тақырыптар бойынша пікір айта білуге, жазба жұмыстары арқылы өздерінің сауаттылығын арттыру, дұрыс жаза білуге үйрету болып табылады. Оқушыларға таратылып берілетін активті үлестірмелі материалдардың соңында тақырып бойынша пайдаланылатын əдебиеттер тізімі беріледі, сонымен қатар өз бетінше орындайтын жұмыстардың тапсырылатын уақыты, бақылау формасы белгіленеді.

Шет тілі пəні бойынша оқушылардың өз бетінше орындайтын жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Өздігінен орындалатын жұмыстың мақсаты – студенттердің ой белсенділігін арттыру. Өздік жұмыстың мазмұны да оқу бағдарламасында қамтылады. Өздік жұмыстың тапсырмаларын оқушылар ауызша жəне жазбаша орындайды. Өздік жұмыс тапсырудың мақсаты – оқулықтан өзіне қажетті материалды іздеп, таба білуге міндеттеу, оның эстетикалық жəне дүниетанымдық ізденістерін қолдау, ой қорыта білуге, реферат жазып оны қорғай білуге үйрету болып табылады. Əрбір сабақта өтілетін белгілі бір тақырыптың видеопрезентациясы оқушылардың оқуға деген қызуғушылығын арттырады.

Оқытушы оқушылардың білімін, дағдысын, сөйлеу əрекетін белгілі бір жүйемен бағалайды. Білім берудің кредиттік жүйесінің негізгі принципі – оқушының алған білімі мен дағдысын еңбегіне қарай бағалау. Тілді үйретудегі деңгей бастапқы, орташадан төмен, орташа, жоғары, тереңдетілген болып бөлінеді. Оқушылардың қазақ тілін меңгеруге байланысты деңгейлері анықталынып, осыған сəйкес берілетін тапсырмалар да оңайдан қиынға қарай сатыланып күрделене береді. Білім берудің кредиттік жүйесінің арқасында оқушылрдың білімді меңгерудегі өзіндік ерекшеліктері қалыптасады. Білімгердің оқу жылы бойы əр пəн бойынша меңгеретін оқу жүктемесінің көлемі кредиттермен өлшенеді. Əр пəн бойынша студент оқу жұмысының көлемі 1-ден 6-ға дейінгі кредитті құрайды. Тəртіп бойынша əр пəн бір семестр бойы оқытылады. Білімгер өзінің білім бағдарламасын жеке оқу жоспары — ЖОЖ түрінде өз бетімен құрастырады. Басты міндеті студенттің оқу траекториясын таңдауына жəрдем көрсету болып табылатын ЖОЖ эдвайзердің көмегімен əрбір академиялық кезеңге арналып құрылады. ЖОЖ — ды құрастыру кезінде білімгерді тіркеу мен алдын ала тіркеудің белгіленген мерзімін сақтауға тиіс.

Білімгердің білімін бағалау балдық — рейтингтік əріптік жүйе бойынша жүзеге асырылады. Ол білімді бағалау межесінің дəстүрлі жүйесімен сəйкес келеді. Білімгердің оқудағы жетістіктерін бақылау ағымдық, аралық жəне қорытынды бақылау болып үшке бөлінеді. Ағымдық бақылау – Білімгердің мұғаліммен өткізген сабақтардағы оқу жетістіктерін жүйелі тексеру. Аралық бақылау — семестрдің бірінші жəне екінші жартысында жүзеге асырылатын бақылау. Аралық бақылау міндетті болып табылады. Білімгердің білімін аралық (рейтингтік) бақылау əр семестрдің 7-ші (Р1) жəне 15-ші (Р2) апталарында өткізіледі. Студент емтиханға екі аралық бақылау рейтингінің əрқайсысы бойынша шектік мəнді алғанда ғана жіберіледі: Р1≥ 50, Р2≥ 50. Қорытынды бақылау – пəнді оқып аяқтағаннан кейін өткізілетін білімгердің оқудағы жетістіктерін тексеру ( емтихан сессиясы). Ағылшын тілінде сөйлеуді қалыптастырудың маңызы Тіл – қарым-қатынас құралы. Тіл сөйлеу арқылы жүзеге асады, сөйлеу арқылы ғана дамып, өмір сүреді. Біз шет тілін оқыту туралы айтқанда, оны ең алдымен қатынас құралы ретінде оқимыз. Оқытушының міндеті – оқушыларға тілдік дағдыларды меңгеруге көмектесу. Жаңа ақпаратты білім беру технологияларына (интернет, электронды пошта, электронды оқулықтар) көп көңіл бөлген орынды. Технологияның жаңа мүмкіндіктері оқушының ой-өрісі кеңеюіне, жан-жақты білім алуына зор ықпалын тигізеді. Кредиттік білім беру жүйесі оқушылар мен оқытушылардан көп ізденуді талап етеді. Соған сəйкес тілді үйренушіге қойылатын талап – тілге қызығушылық болса, оқытушыға қойылатын талап – тілді үйретуге деген шығармашылық қызығушылық болып табылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.