Шетел тəжірибесіндегі агроөнеркəсіп

Главная » Рефераттар » Шетел тəжірибесіндегі агроөнеркəсіп

Дамыған өркениетті елдерде, экономиканы басқаруда салааралық тəсіл принципі бағдарлама жасаудың алғашқы кезеңінің сипатты ерекшелігі болып табылады. Жапония, ФРГ, Швеция, Франция елдерінде салааралық бағдарламалар экономиканың барлық шешуші салаларын қамтиды. Ал, америка экономиканы басқару органдарының территориялық филиалдары құрылғаннан кейін, аймақаралық комитеттер барлық ұйымдардың мəселелерін шешіп отырады. Халық шаруашылығы мəселелерін шешуде, тиімді кешендік əдіс кейінге ысырылған қазіргі жағдайда, бұл тəжірибе бізге барынша маңызды болары сөзсіз. Сондай-ақ, АҚШ-та ауыл шаруашылығының 10%-ы реттеледі екен. Ауыл шаруашылық Министрлігі фермерлер үшін тек салық дəрежесін анықтап қоймай, баға паритетін бақылау жасайды. Ал төмен кепілді бағаны тауар несие корпорацияларының кепілдік операцичлары арқылы анықтайды. Өзіміз тығыз экономикалық байланыстағы Түркия елінде жоспарлау 1963-1967 жылы бірінші бес жылдық жоспарды жасаудан басталды. Алтыншы бес жылдық (1988-1992) жоспарда рыноктық экономиканың барынша дамыған жағдайы ескерілді.

Ол халық шаруашылығының макроэкономикалық көрсеткіштеріне ден қоюға мүмкіндік бкереді. Ал, Германиядағы экономиканы реттеуде, бəсекелестікті жəне рыноктың қызмет ету шараларын қорғауға, мемлекеттің антимонополиялық қызметінің күшеюіне көп көңіл бөлінеді. Рыноктық қатынастарды дамыту үшін бəсекелестік ортаны жасаудың өкіметтік шараларын Австриялық тəжірибесі жеткілікті тиімділігімен ерекшеленеді. Бұл жерде мəселе ұсақ жəне орта фирмаларды құру жəне ұлттық экономиканың əлемдік шаруашылық процестермен бірге бірігу дəрежесіне шығу шаралары туралы болып отыр. Жаңадан қайта құрылған орта жəне ұсақ фирмаларға мемлекет тарапынан дотация жəне жеңілдікті несиелерді берумен, салық салудың жеңілдігін жасаумен қамтамасыз етіледі. Осындай фирмаларының белсенді қызметінің қөұқықтық негізі тауарларды сату тəртібі, əділеғтсіз бəсекеге қарсы шаралар, жергілікті жабдықтау тағы басқа жөнінде əрекет ететін заңдармен қамтамасыз етіледі. Австрияда ауылшаруашылығы экономика министрлігінің жəне ауыл, орман шаруашылығы министрлігінің сəйкесті бөлімшелерінің бақылауында болады. Рыноктық экономикасы дамыған елдер тəжірибесінде рыноктық қатынастар тек өзіндік реттелуші процестердің сəйкестігін ғана емес, сондай-ақ бағаны мемлекеттік реттеуді де қамтитынын көрсетеді жəне олардың бағаны реттеуді жүзеге асыруда қолданатын механизмдері түрліше алпыс жыл бұрын енгізілген американдық ауыл шаруашылық өніміне баға құру жүйесі, фермерлердің ертеңгі күнге сенімділігін арттырып шаруашылық жүргізудің мүмкін болар нəтижелерін алдын-ала анықтауға мүмкіндік береді. Басқаша айтсақ рынокта бағаның өзгеруі болған жағдайда, фермерге табыстың төменгі дəрежесіне кепілдік беретін кепілдік баға жүйесі жұмыс жасайды. Тауар – несие корпорациялары фермерлерден кепілдік баға бойынша өнімін сатып алады, оларды сəйкес соммада несиемен қамтамасыз етеді. Бұл жүйе Ресейде жұмыс жасауда. Сондай-ақ оны біздің Қазақстан жағдайында да қолдануға болады. Яғни, фермер табысының төменгі дəрежесін кепілдендіретін мақсатты бағаны пайдалануда АҚШ тəжірибесін қолдану қажет болады. Австрияда бағаны реттеу, баға туралы арнайы заң негізінде жүзеге асады.

Осы елден соғыстан кейінгі уақыттарда бастау алған бағаны босатудың алғашқы процесі 30-40 жылға созылды. Бірақ, елде өндірілген тауарларға, импорттық тауарларға баға дəрежесін мемлекеттік реттеу əлі де бар. Атап айтсақ, тауарларды өндіруге қажетті шикізат ресурстарынабағаны төмендету жəне сол елге əкелетін ауыл шаруашылық өнімдеріне кеден салығын төмендетусияқты шаралар. Сонымен қатар, бұл елдің мемлекеттік бақылау қызметтерін күшейту тəжірибесі, əсіресе экономикалық дағдарыстан шығу жағдайында өзін ақтағанын көрсетеді. Жапонияда баға тағайындау мəселелерімен үкіметтік орган баға тағайындау Бюросы айналысады.олар баға динамикасының макроэкономикалық болжауын жасайды жəне төмен баға дəрежесі бойынша салалық министрліктердің ұсыныстарын талқылаудан өткізеді.Швейцарияда бағаны бақылау жөніндегі федералдық мекемелер бар. Мемлекетті қаржыландыратын салаларда, бəрінен бұрын ауыл шаруашылығында, транспортта, білім беруде бағаға реттеу жүргізіледі.

.

Кейбір елдерде баға жөнінде əлеуметтік заң актілері қабылданған. Мысалы АҚШ пен Канада антимонополиялық заң, Австия-баға туралы заң, Данияда баға жəне бəсеке туралы заңдар бар. Барлық əлемдік тəжірибеде бағаны мемлекеттік реттеудің, басты объектісі-ауыл шаруашылық тауарлары болып табылатынын көрсетеді. Осы жағдайдың ғылыми анализі ауыл шаруашылық өндірісінің бірқатар ерекшеліктерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Біріншіден ауыл шаруашылық өндірісі табиғи климаттық жағдайларға тəуелді болғандықтан фермер алдында өзекті мəселе тұрады. Ол мəселені шешуде ауыл шаруашылық өніміне бағаны реттеудің мемлекеттік əдісіне сүйенеді жəне осы механизм арқылы өндіруші еңбегі ынталанады. Екіншіден, халықты азық- түлікпен дер кезінде қамтамасыз етудің шешуші рөлі, ауыл шаруашылығы өнімінің натуралды өңделген түрлеріне беріледі. Сондықтан мемлекет басқарудың сəйкесті органдары, ауыл шаруашылық өнімдеріне баға тағайындау процесіне ауысуына тура келеді жəне де əр елдің құрылымдық ерекшнліктерне қарай əкімшілік, экономикалық, заңды жəне аймақаралық реттеуді де жоққа шығармайды. Үшіншіден, шаруашылық жүргізудің кез келген жүйесінде аграрлық секторға əр уақытта мемлекеттік қолдау қажет. Əсіресе ғылыми-техникалық қызмет көрсету нақты инновациялық, инвестициялық шараларды жүргізуді керек етеді. Европаның экономикалық одақ елдерінде мемлекеттік дотацияның көлемі барлық фермерлер табысының 3/4 бөлігіне жетсе, Канадалық бұ көрсеткіш дəрежесі 40%-і құрайды.

Европалық экономикалық одақ (ЕЭО) елдерінде баға тағайындау саясаты барынша маңызды, оны жүзеге асырумен арнайы органдар-ЕЭО елдерінің Министрлер кеңесі айналысады. «Европалық одақты»біріңғай аграрлық саясаты кепілді бағамен рынокты реттеудің басқада құралдардың жүйесіне, сондай-ақ басқа елдермен саудада кедендік протекционизмге негізделеді. Осы саясатта басты рөл, ауыл шауашылық өніміне баға механизміне беріледі. Бұл елдерде ауыл шаруашылық тауарларына үш түрлі баға тағайындалған: біріңғай бақылау бағасы (жоғарғы дəреже); рыноктың бағасы (сұраныс пен ұсыныс негізінде анықталатын); біріңғай сатып алу бағасы (төменгі дəреже). Егер де ұсыныс сұрсаныстан жоғары болса, онда жиналған запастарды өткізеді. Европалық одақ елдерінде, көп ақша қаражаттары астық рыноктарына жəне сүт өнімдерітауарларына, дəлірек айтқанда азық-түлік рыногының жалпы жағдайымен баға дəрежесін анықтайтын өнмдерге қолдау көрсетуге жұмсалады. Сондай-ақ, жоғарыда айтылған ұлттық мемлекеттік мекемелер ауыл шаруашылық өнімдерін сақтау, өңдеу жəне өткізуге айтарлықтай шығын шығарады.

Экономиканың аграрлықсекторын мемлекеттік реттеудің тқиындықтарына қарамай Батыс Европа елдеріндегіазық-түлік молшылығы, оның тиймділігінің жоғары екендігіне дəлел болады. Өркениетті елдердегі алрарлық реформалардың басты бағыты фермерлік шаруашылықтардың құрылуы мен дамуы болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттік аграрлық, саясатты жасау мен жүзеге асыруда шешуші рөл ауыл шаруашылық кооперативтеріне беріледі екен. Мысалы, Батыс Европалық көптеген елдерде, Канада мен Австрияда фермерлік шаруашылықтардың 80%-тейін, АҚШ-та 60- 80%, Ирландия Солтүстік Европа мен Жапонияда 100%-ін кооперативтер біріктіреді. Кооперативтік құрылымдарға ерікті түрде қатысу мүдделегі қатысушылар материалды- техникалық жабдықтау, өңдеу жəне өнімді өткізу жүйелерінің артықшылықтарын пайдалануға мүмкіндік алады.

.

АҚШ-та өндірілетін тауарлы ауылшаруашылық өнімдерінің 30%-ін рынокта кооперативтер өткізеді. Ал Францияның астық кооперативтері астықты өткізуде басты рөл атқара отырып, асық өніру мен өткізудің 70%-не, экспорттың 50%-не бақыллау жасайды. Жапония, швеция, Финляндия мен Норвегияда үкімет өкілдері мен ауыл шаруашылық кооперативтері арасында келісімдер арқылы аграрлық саясаттың ауылшаруашылық өнімдеріне баға дəрежесін реттеу, ауыл шаруашылығына бюджеттік қаржыландыру мөлшері мен бағыттары, фермерлерге дотация дəрежесі, азық-түлік экспортын субсидиялау сияқты негізгі мəселелер шешіледі. Бірқатар елдерде экологиялық таза өнімдер өндірісін қамтамасыз етуші елдер салықтан босатылады. Данияда кооперативтік кəсіпорындар қызметінің барлық трлеріне пайдаға салық салудың жеңілдіктерін пайдаланады. Егер жеке тұлғаларға пайдаға салық 50%–ті құраса, кооперативтерге -20%. Канадада фермерлік шаруашылықтарда табысы 100-ден 250мың доллларға дейін фетмерлр оның көлеміне қарай жылына 1-ден 2,5 мың долларға, яғни 1%-тей салық төлейді. АҚШ-та жəне Швецияда фермерлік табыстарға бірдүркін салық салу принципі қолданылады. Дамыған елдерде фермерлнр мен ауыл шаруашылық кооперативтерін несиелеудің мықты жүиесі арқылы, ауыл шаруашылық өндірісін реттеу жүзеге асырылады.

Сондай – ақ құрғақшылық, су тасқыны немесе басқада апатты жағдайларда шығындар сақтандыру несиелік ауыл шаруашылық қорларының есебінен жабылады. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығын несиелеудің дамыған секторы дəстүрлі емес секторлары болып табылады олар фермерлер шаруашылықтар үшін ресурстарды жеткізушілер немесе фермерлерге қажетті жабдықтарды өндірушілер. Кредиторлар клиенттерімен жұмыс іздеуде жаңа əдістерді тағайындайды. Кредиттік инспекторлар клиенттерінің фермаларына барады, сонымен бірге клиентпен өз ара əрекет жəне ішкі кеңселік қызметке кететін уақыт шығындарын азайту технологиясын іздеуді жалғастырады.

.

Бірақта елдердегі аграрлық секторды мемлекеттік қолдау əдістерінің айырмашылығына қарамай, жалпы ортақ белгілерін де бөліп көрсетуге болады. Мемлекеттің қолдау дəрежесі ауыл шаруашылық емес қызметтің табыстар көлемі жақын, онда аз қаржылық көмек байқалады. Жапония мен Скандинавия елдерінде аграрлық секторда жұмысшы өнімінен 3 есе аз құн өндіреді, сондықтан да ауыл шаруашылығын қолдау жəрежесі барынша жоғары. Сондай – ақ мемлекеттік қолдау, сол елдің агроөнімінің таза экспортеры болуының дəрежесіне де байланысты. Əдетте əлемдік сальдосы бар (импорттың көбеюі) мемлекеттер ауыл шаруашылық өнімінің таза экспортерларына қарағанда аграрлық секторға үлкен қолдау көрсетеді. Сондай – ақ, аграрлық тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдаудың жалпы көлемінде рыноктық баға дотацияның үлесі сол елдің аграрлық өнімінің таза экспортеры ретінде нығаюына қарай төмендейді. Мысалы, Жаңа Зеландия эканомикасы көбіне ауыл шаруашылық өнімінің экспортымен анықталады. Сондықтан аграрлық секторға мемлекеттік қолдаудың дəрежесі төмен. Ал Жапония ауыл шаруашылық өнімінің импортеры, аграрлық секторға мемлекеттік қолдау дəрежесі жоғары.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.