Шетелдегі қазақ балалары

Home » Рефераттар » Шетелдегі қазақ балалары
Рефераттар Комментариев нет

kazak-balalaryЖесірін қаңғыртпаған, жетімін жылатпаған ел едік… Алайда, Соңғы кездері шекара асып кетіп жатқан жетімдердің тағдыры жүректі сыздатады… Фотодағы балалар Европа елдері азаматтары асырап алған өз бауырларымыз. Интернеттен көшірілген емес, журналист өзі түсірген суреттер. Талай бала шетелдік асырап алушылардан зорлық-зомбылықтың «көкесін» көруде. Қызылжарлық ағайындылардың АҚШ-та 9 жыл тартқан азабын естіп-біліп жағамызды ұстадық. Бұл – бір ғана мысал. Алайда, шетелде бұдан басқа 8 806 жетім бала бар екен. 6 мыңнан астамы – АҚШ-та. 725-і Испанияда, 426-сы Бельгияда… Барлығы 30 елге өз қолымызбен аттандырыппыз бауырларымызды. Африка елдерінде де бірнеше қазақ баласы жүр.

Әлемдегі ең қонақжай, ең мейірбан халық бізбіз дейміз. Сөйте тұра қаны бір бауырларымызды қалай жаттың асырауына бердік? «Қазақстан» Ұлттық арнасының тілшілері шетелдіктер асырап алған, жат жерде, жат ортада жүрген қазақтың өндірдей ұл-қыздарының талайлы тағдырын көзімен көріп келді. Сол зерттеулер «Шетелдегі қазақ балалары» (Жанар Байсемізованың зерттеуі) атты арнайы жобада ұсынылуда. Бұл тақырып Қазақстанда алғаш рет дәл осындай кең көлемде қамтылып отыр.

Бағдарламаның мақсаты — шет мемлекеттерге кеткен қазақтың бір бөлшегін көрсету. Хабарда олардың қазіргі өмір сүру ортасы, тағдырлары, тұрмыс деңгейі, болмысы жан-жақты баяндалады. Осы бағдарлама арқылы сыртқа ағылған қазақстандық жетім балалар мен Қазақстан арасында байланыс орнату, туған елден жырақ кеткен балалармен қарым-қатынасты үзбеу көзделіп отыр.

Ал шетел қазақтарының өз статистикасы бар. Мәселен, Ресейдің Омбы облысындағы «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының төрайымы Алтынай Жүнісова Ресейдегі халықтың саны 2002 жылы жүргізілген ресми санақ нәтижесі бойынша анықталғандығын айта отырып, Ресейде бүгінгі таңда миллионнан астам қазақ бар деген дерек келтіреді.
– Ресейде жалпы халықтық санақ 2002 жылы жүргізілді. Сол есеп бойынша, Ресейде – 1,2 миллион қазақ болды. Соның ішінде, Омбыда – 81 мың, Самарда – 15 мың, Орынборда – 125 мың, Саратовта – 80 мың қазақ бар, – дейді Алтынай Жүнісова.
Алматыдағы «Жебеу» қоғамдық қорының директорлар кеңесінің төрағасы, Қытайдан қоныс аударған оралман Рахым Айып та осыдан бес жылдай бұрынғы бүкіл қытайлық санақ деректеріне сүйеніп, ондағы қазақтардың саны Ресейдегіден көп екендігін айтады.
– Біздің қолымыздағы ең соңғы дерек – 2005 жылы Қытайда жүргізілген жалпы халықтық санақ. Сол санақ нәтижесі бойынша қазақтар соңғы он жылда 15%-ға өскен екен. Ресми дерек бойынша, Қытайдағы қазақтар – 1миллион 413900 адам болған. Қытайда халық санағы 5 жылда бір рет жүргізіліп тұрады, – дейді Рахым Айып.
Оның айтуынша, 1998 жылдан бері Қытайдан Қазақстанға 100 мыңның шамасында қазақ қоныс аударған.
Еуропа қазақ қоғамдары федерациясының төрағасы Абдулқайым Кесіжі Еуропадағы қазақ мәдени орталықтарының өз есептеріне сүйене отырып, онда 15 мың қазақ бар деп есептейді.
– Біз 1936 жылдан бері топ болып көшіп жүрген жандармыз. Қанша отбасы бар, оларда қанша бала бар – бәріміз бір-бірімізді білеміз. Еуропаның он қаласында 10 қазақ орталығы бар, осы орталықтардың өзінің жеке-жеке статистикасы бойынша, Еуропа көлемінде 15 мың қазақ бар деп есептейміз.
Ал, Түркияда тұратын ғалым, Мимар Синан университетінің профессоры Әбдуақап Қара Еуропа мен Түркия қазақтарының жалпы саны – 20 мыңның айналасында деген дерек айтады.
Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Моңғолияның Баян-Өлгий аймағындағы бөлімшесінің төрағасы Хабсатор Омарұлы былтырғы жылғы Моңғолияның статистикалық деректеріне сүйене отырып, жалпы Моңғолия көлемінде 145 мың қазақтың тұрып жатқандығын жеткізді.
– Моңғолияның былтырғы ресми статистикалық мәліметі бойынша, Моңғолиядағы халықтың саны 2,75 миллион адам болған. Оның –145 мыңы қазақтар.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.